«Ғажайып математика» 1 – 4-сынып оқушыларына арналған



бет18/18
Дата10.09.2024
өлшемі106,8 Kb.
#204028
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Күтізбелік Логика әлемі 1-2-3-4 Ғажайып математика

27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Егер мен кәсіпкер болсам»
Жоба немесе зерттеу жұмысы.
28-сабақ (1-сағат)
Тақырыбы: «Экономикалық мазмұнды есептер шығару»
Экономикалық мазмұнды есептер шығартып, білік, дағдыларын арттыру.
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қызықты сағат» математикалық ойыны.
Топтық сайыс.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық басқатырғыштар»
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Олимпиада есептері»
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Логикалық есептер»
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық КТК»
Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру.
34- сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Біз не үйрендік?»
Жыл бойы алған білімдерін қайталап, тест тапсырмасы арқылы бекіту.
Нормативті бөлім
4- сынып. Жылдық сағат саны – 36



Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Өтікізілу түрі

Білімдік қазына

1

Кіріспе
Математика – ғылымдар патшасы

1

Танымдық сабақ

Математика ғылымы жөнінде мәлімет беру. Деректі фильм көрсету.

2

Әлемге танымал математиктер

1

Танымдық сабақ

Әлемге танымал математиктер жайлы мәлімет беру. Қызықты деректермен таныстыру.

3

Сандар. Сандардың шығу тарихы. Сандар сыры.

1

Танымдық сабақ

Сандар туралы мәлімет. Натурал сандартарихы, сандар мен цифрлар сыры, заңдылық.

4

Сандар сыры

1

Практикалық сабақ

Үлкен сандар. Ұжымдық санау. Көп таңбалы сандармен жаттығу. Разрядтар кестесімен танысу. Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, есептердің шығару жолдарын үйрену.



5

Логикалық тапсырмалар

1

Өзіндік жұмыс

Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, алған білімдерін тереңдету.

6

Таңғажайып шаршы

1

Зерттеу жұмысы

Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, алған білімдерін тереңдету.

7

Олимпиада есептері

1

Практикалық сабақ

Бастауыш сынып оқушылары арасында болатын олимпиада есептерін шығаруға үйрету.



8

Білгірлер сайысы

1

Сайыс сабақ

«Бәйге» ойынын ойнату арқылы математикалық ребустар, сөзжұмбақтар шешу.

9

Жоба жұмысы

1

Зерттеу жұмысы

«Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау.

10

Жоба жұмысы

1

Зерттеу жұмысы

«Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау.

11

Геометрияға байланысты логикалық есептер

1

Практикалық сабақ

Геометрияға байланысты логикалық есептер шығару.



12

Қызықты пирамида

1

Практикалық сабақ

Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру. Соған сәйкес тапсырмалар орындау.

13

Қалаларға саяхат

1

Ойын сабақ

Ойын арқылы ұзындық және оның өлшем бірліктері. Соларға байланысты өзара кері есептер құру, шешу

14

Математикалық эстафета

1

Сайыс сабақ

Масса және оның өлшем бірліктері. Ауырлық өлшеуіштерін өмірде пайдалану.



15

Математикалық эстафета

1

Сайыс сабақ

Ұзындық және оның өлшем бірліктеріне байланысты тапсырмалар орындау, есептер шығару.



16

Математикалық эстафета

1

Сайыс сабақ

Жылдамдық, уақыт және қашықтыққа байланысты есептер шығару, тапсырмалар орындау

17

Әзіл есептер

1

Практикалық сабақ

Қызықты әзіл есептер шығару

18

Ойшыл математик

1

Ойын сабақ

Есептер, ребустар, сөзжұмбақтар шешу.



19

Білгенге маржан

1

Танымдық сабақ

Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтермен таныстыру. Деректі фильм, бейне материалдар көру.

20

Қызықты математикалық тапсырмалар

1

Практикалық сабақ

Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге

21

Математикалық қызықтар

1

Танымдық сабақ

Математикада қаншама еліктіретін деректер мен таңқаларлық жаңалықтардың болатындығы жөнінде мәлімет беру. Интернет желісі арқылы қызықты мәліметтер іздестіру

22

Логикалық есептер

1

Практикалық сабақ

Логикалық есептер шығаруға бейімдеу, өздері есеп құрастырып көруге талпындыру.

23

Экономика ғылымы

1

Практикалық сабақ

Экономика, оның адам өміріндегі маңызы жайлы қарапайым түсінік беру.

24

Ақша дегеніміз не?

1

Практикалық сабақ

Ақша дегеніміз не? Оның шығу тарихы. Ұлттық теңге туралы мәлімет. Ақша жайлы қызықты деректер.

25

«Математик – кәсіпкер» ойыны

1

Ойын сабақ

Логикалық ойлауға және (капитал, құн, қаржы, банк, банкрот) экономикалық ұғымдармен таныстыру. Оқушыларды іскерлікпен дағдыға үйрете отырып, қоғамымыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру.

26

Отбасы – шағын мемлекет

1

Практикалық сабақ

Отбасындағы табыс көзі. Кірістер, шығыстар, отбасы бюджетінің құрылымы.

27

Егер мен кәсіпкер болсам

1

Зерттеу сабағы

Оқушыларды жоба жұмысын жазуға, зерттеумен айналысуға баулу.




Экономикалық мазмұнды есептер шығару

1

Практикалық сабақ

Экономикалық мазмұнды есептер шығартып, білік, дағдыларын арттыру.




Қызықты сағат

1

Ойын сабақ

Ойын арқылы есептер шығаруға, тапсырмалар орындауға үйрету




Математикалық басқатырғыштар

1

Сайыс сабақ

Математикалық сөзжұмбақтар шешуге үйрету. Жылдам ойлауға баулу.




Олимпиада есептері

1

Практикалық сабақ

Бастауыш сынып оқушылары арасында болатын олимпиада есептерін шығаруға үйрету.




Логикалық есептер

1

Практикалық сабақ

Логикалық есептер шығаруға бейімдеу, өздері есеп құрастырып көруге талпындыру.




Математикалық КТК

2

Сайыс сабақ

Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру.




Біз не үйрендік?

2

Тест

Жыл бойы алған білімдерін қайталап, тест тапсырмасы арқылы бекіту.



Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Бағдарламаның мақсатына сәйкесоқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар математикалық газет шығару, математикалық саяхаттар мен сайыстар ұйымдастыру, викториналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, олардың шешімін табуға мүмкіндіктер туғызу арқылы математикалық сауаттылықтарын тереңдету жүзеге асады. Осы бағытта жасалған оқушылардың іс- әрекеті қалыптастырушы бағалау арқылы қолдау тауып отырады.


Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар:өз ойын еркін жеткізіп, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей жүріп ынтымақтастыққа ұмтылады, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді.
Мұндағы қалыптастырушы бағалау:
- тиімді кері байланыс беру,
- түртіп алу арқылы бағалау,
- ауызша және жазбаша бағалау,
- сұрақ қою арқылы бағалау,
- өзін-өзі бағалау,
- өзара бағалау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы жүзіге асырылады.

Мұғалім тарапынан:


• сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін анықтап, оқушыларғаұсыну;
• оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен оқу ортасын құру;
• оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;
• оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру қамтамасыз етілуі қажет.
Пайдаланылған әдебиет

  1. Математикадан тест жинақтары . ­- 2001-2009 ж.ж.

  2. Жанасбаева Ұ.Б. Логикалық және комбиноторикалық есептер. – Алматы, 2017 ж .

  3. А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. -Алматыкітап баспасы, 2012ж.

  4. Ұ.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. – Алматы, 1997 ж.

  5. А.Құралұлы. Ұлттық дүниетаным. – Алматы, 2002 ж.

  6. Б.М.Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. – Алматы, 1998 ж.

  7. «Ойнайық та ойлайық». – Алматы,1996 ж.

  8. Қызықты математика. – Алматыкітап, 1998 ж.

  9. К. Ерешева, Г.Жамалбекова. Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары. – «Өлке» баспасы. – Алматы, 2009 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет