«Ғажайып математика» 1 – 4-сынып оқушыларына арналған



бет10/18
Дата10.09.2024
өлшемі106,8 Kb.
#204028
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Күтізбелік Логика әлемі 1-2-3-4 Ғажайып математика

26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математика сабағындағы ұлттық ойындар»
«Теңге ілу», «Орамал тастау», «Арқан тартыс», «Көкпар», «Бәйге», «Ақсүйек», «Алтын сақа», «Ханталапай» сияқты ойындар арқылы өткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау, бекіту.
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Шамалар және оларды өлшеу»
«Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы уақыт өлшем бірлігі, оны үнемді пайдалана білу туралы тапсырмалар орындау.
28-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Әзіл есептер»
«Әзіл есептер» ойыны арқылы амаларға есеп құрастырып үйрену. Шамалар туралы қызықты есептер шығару.
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Масса, сыйымдылық және оның өлшем бірліктері»
«Бағбанның тапсырмасын орында». Масса жайында түсініктерін тереңдету. Килограмм. Күнделікті өмірде кездесетін заттар және олардың өзара байланысы жайлы түсініктерін кеңейту.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Масса, сыйымдылық және оның өлшем бірліктері»
Сыйымдылық жайында түсінік. Литр. Күнделікті өмірде кездесетін заттар және олардың өзара байланысы жайлы түсініктерін кеңейту.
31-сабақ (1 сағат)
«Ұзындық және оның өлшем бірліктері». Километр.
Ұзындықты өлшеу және оны үнемді пайдалана білу.
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Ойыңды шыңда!»
Логикалық есептерді оңай есептеу жолдары.
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық КТК»
Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру.
34-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Біз не үйрендік?»
Қорытынды сабақ . Тест алу арқылы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау.


Нормативті бөлім
2- сынып. Жылдық сағат саны – 36



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет