«Ғажайып математика» 1 – 4-сынып оқушыларына арналған



бет2/18
Дата10.09.2024
өлшемі106,8 Kb.
#204028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Күтізбелік Логика әлемі 1-2-3-4 Ғажайып математика

Бағдарламаның мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар олардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасау. Көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.


Міндеттері:
1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау;
2) оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал тигізетін тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;
3) теориялық материалдарды игеруді және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;
4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
«Ғажайып математика» факультатив сабағы 1 – сынып, сағат саны – 35

1-сынып оқушыларына арналған «Ғажайып математика» факультатив сабағының негізгі мақсаты: оқушының ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін қалыптастыру.


Бағдарламада 10 көлеміндегі сандарды кестелік қосу, азайту, теңдік, теңсіздік, сөз есеп шығару сияқты тақырыптар қамтылған. Берілген жаттығулар оқушының жас ерекшелігі мен қабілетіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар математика сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.
Математика пәні шыдамдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді. Бағдарламадағы берілген оқу материалдары осыны есепке ала отырып әзірленді.
Бағдарлама алты бөлімнен тұрады. Онда мектеп бағдарламасындағы материалдарды тереңдете отырып, логикалық есептерді шығаруға бейімдеу көзделген.
Сиқырлы сандар – баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады.
Жиын - тәрбиелік жағынан алсақ ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, жағымсыз қылықтардан алыс жүруге бейімдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет