Кеңістікте бағдарлау - математика пәніне деген қызығушылығын арттырады.
Логикалық есептер - логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамытып, дарынды балаларды таныта біледі.
Математикалық мақалдар – оқушылардың тілін ширатып, ойын түйіндейді, ой-өрісін дамытады.
Қызықты тапсырмалар - жас жеткіншектердің тапқырлығы мен дүниетанымын дамытып, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.
Шығармашылық тапсырма - орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның, не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді.
Математикалық ребустар және сөзжұмбақтар – оқушылар ребустар және сөзжұмбақтар құрастыру арқылы ұшқыр ойға, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге бейімделеді.
1-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Сиқырлы сандар»
«Ғажайып математика әлемі», яғни математика пәні және оның оқыту объектісі жайлы қарапайым түсінік беру, сандар жайлы түсінік беру.
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Санау білесің бе?»
Сандар жайлы түсінік беру. Заттарды санату.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Сандармен амалдар орындау» Сандар жайлы түсініктерін тереңдету. Санамақ түрлерімен таныстырып, оларды жаттату.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жиын»
Жиын туралы қарапайым түсінік беру. Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру.
«Бір, аз, көп»ұғымдары.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жиын»
Жиын туралы ұғымдарын одан әрі тереңдету. Әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру. «Бір- көп» ұғымы.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жиын»
Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктеу. Екі немесе одан да көп жиындардың біріктіру және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндеу. «Көп, біреу және бір-бірден» ұғымдары.
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
Заттардың кеңістікте орналасу қалпы (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында). Заттарды жай ғана орналастыра салмай, белгілі бір тәртіппен орналастыруға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |