Факультетінің деканы


апта №5 дәріс сабақ. Тақырыбы



бет97/124
Дата05.02.2022
өлшемі1,51 Mb.
#14103
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124
3 апта

5 дәріс сабақ. Тақырыбы: Жоғарғы сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.


Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда Х-ХІ сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі. Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі. Ақын-жазушалардың өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны. Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялық формада болуының негізгі себептері. Х-ХІ сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармаларды мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. ХІ сынып білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті туралы толық мәлімет береді. Оның салаларының, жанрларының жан-жақты қамтылуы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары. Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.


6 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.


Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігі қалыптастыруындағы ролі. Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары Дәстүрлі емес сабақтар: экскурсия, баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар т.б. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарын Олардың педагогикалық-психологиялық, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушылардың жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Мектептік функционалдық қызметінің толықтығының сақталуы, білімді ізгілендіруі, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушы жас ерекшелігіне лайықтығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б. Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет