4 апта
№7 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері
Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу; оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін меңгеру; Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білу; шығарма әлеміне ену, оны идеялық эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, қабылдай білу мәселелері, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский т.б. ғалымдар ұсынған оқыфту әдістерінің жүйесі, (топтан беру мәселесі) оқытудың ауызекі әдістері; әңгіме, баяндау, лекция, сұхбант т.б.Әдеби білімді бекітудегі ауызша, жазбаша әдеби жаттығулар, баяндама, реценция, реферат қорғау, т.б. рөлі. Оқытудың көрнекілік әдістері, иллюстрация, ауызша әдеби журналдар, телесабақтар, мұражайлық кино – сабақтар т.б. Зерттеу іздендіру бағытындағы проблемалық жүйесі, тапсырмалар қашықтан оқыту, электронды оқулықтарды пайдалану; Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі. Творчестволық оқу-әдісі; түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалы әдіс, Эвристикалық оқу әдісі; Зерттеп оқу әдісі; репродуктивті әдіс, интеграциялап оқыту, т.б. Теориялық білім алуға бағытталған әдістер; ақпаратты беру және алу жолын қамтамасыз ету; информация; Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер;
№8 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері
Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістер мен қатар тиімділігі жоғары жаңа педагогикалық технологияның түрлерін дамыту; В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Х.С.Сулейменов еңбектеріне шолу; Саралай, дамыта оқыту мәселелері; Нәтижелі оқыту. Модульдік оқыту. Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокқа жіктелетіні; информация блогі, проблемалық тапсырма блогі, қорыту, жинақтау блогы, білім іскерлікті тексеру, бағалау блогы т.б. Әр модуль бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралуы, модуль бағдарламасы, П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Г.Нұрғалиева т.б. еңбектерімен танысу; Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер: ғылыми-зертту сипатындағы әдеби тапсырмалар, Болжам оны дәлелдеу, салыстыру тәжірибе жасау т.б. Білімді толықтыру жаңғырту мақсатындағы өзіндік жұмыстарының ізденушілік, зерттеушілікке бағыттайтындығы;
Достарыңызбен бөлісу: |