Практикалық сабақ мазмұны: Сабақ мақсатын және онда жүзеге асатын, шешілетін басты-басты мәселелерді ғылыми түрде нақты жоспарлау – мұғалімдер жұмысындағы, оқу процесіндегі ең негізгі, ең күрделі процесс екені белгілі. Сабақ мақсатын кешенді жоспарлау, ең алдымен, өтілгелі отырған оқу материалының мазмұны, тақырып ерекшелігі, солардың негізгі түйінді дәлелінен туындайды. Тақырып мазмұны, сонда қамтылатын негізгі ұғымдар.
№13 практикалық сабақ. Тақырыбы: Поэмаларды оқыту.
Дәріс мазмұны: Батырлар жырын оқыту. «Қобыланды батыр» жырының тарихилығы. Лиро-эпостық поэмаларды оқыту. Психологиялық поэманы оқыту. Сюжетсіз поэманы оқыту. Романтикалық поэманы оқыту. Пәлсапалық лирикалық поэманы оқыту. Поэзиялық шығармалардың тілін талдау.
№14 практикалық сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды модульді оқыту.
Дәріс мазмұны: Модульді оқыту әдісі. Кіріспе. Прозалық шығармаларды оқыту. Прозалық модульді оқыту-педагогика ғылымының бір саласы. Прозалық шығармалардың тақырыбы мен идеясын, композициясын таныту модулі. Проза, поэзияны талдау моделі. Көркем шығармалардың тілін таныту модулі.
№15 практикалық сабақ. Тақырыбы: Сабақ үлгілері мен түрлері.
Дәріс мазмұны: Сабақ түрлері. Өтілетін тақырыптың ерекшелігі. Сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, сабақ мақсаты. Қазіргі сабақтардың тиімді түрлері. Дәріс сабақ. Семинар сабақ. Пәнаралық байланысты оқытуға негізделген үштік сабақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |