Қарастырылатын сұрақтар: Проблмалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыстарының өзіндлік көзқарастарының басымдылығы. Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер. Мақсаты: жоғары сыныптардағы әдеби тарихи курстарды оқытудың теориялық негіздерін меңгерту
Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда Х-ХІ сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі. Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі. Ақын-жазушалардың өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны. Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялық формада болуының негізгі себептері. Х-ХІ сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармаларды мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. ХІ сынып білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті туралы толық мәлімет береді. Оның салаларының, жанрларының жан-жақты қамтылуы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары. Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.
№6 дәріс сабақ.
Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.