Қарастырылатын сұрақтар: Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістер мен қатар тиімді жоғары жаңа педагогикалық технологияның түрлерін дамыту; В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Х.С.Сулейменов еңбектеріне шолу; Саралай, дамыта оқыту мәселелері; Нәтижелі оқыту; Модульдік оқыту; Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокқа жіктелетіні; информация блогы; проблмалық тапсырма блогы т.б. Әр модуль бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралуы, модуль бағдарламасы, П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Г.Нұрғалиев т.б. еңбектерімен танысу; Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді меңгерту
Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістер мен қатар тиімділігі жоғары жаңа педагогикалық технологияның түрлерін дамыту; В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Х.С.Сулейменов еңбектеріне шолу; Саралай, дамыта оқыту мәселелері; Нәтижелі оқыту. Модульдік оқыту. Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокқа жіктелетіні; информация блогі, проблемалық тапсырма блогі, қорыту, жинақтау блогы, білім іскерлікті тексеру, бағалау блогы т.б. Әр модуль бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралуы, модуль бағдарламасы, П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Г.Нұрғалиева т.б. еңбектерімен танысу; Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер: ғылыми-зертту сипатындағы әдеби тапсырмалар, Болжам оны дәлелдеу, салыстыру тәжірибе жасау т.б. Білімді толықтыру жаңғырту мақсатындағы өзіндік жұмыстарының ізденушілік, зерттеушілікке бағыттайтындығы;
№9 дәріс сабақ. Тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту. Дәріс мазмұны: Проблмалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыстарының өзіндлік көзқарастарының басымдылығы. Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер. Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнінен эпикалық туындыларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту
Проблмалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыстарының өзіндлік көзқарастарының басымдылығы. Проблемалық сұрақтардың қызметі, проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі, әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау, жүйелеу. Көркем шығарманың ккөркемдік құндылығы жан-жақты шығармашылықпен талдау арқылы ашылатыны. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдары көркем мәтінмен жүргізілетін кіріспе жұмыстар, жай, күрделі, сюжеттік-композициялық, мінездемелік әр түрдегі жоспар құру, әдеби сұрақтар мен тапсырмалар түзу т.б. Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер.
№10 дәріс сабақ. Тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту Қарастырылатын сұрақтар: Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне және заңдылықтарымен таныстыру; Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар; Авторлық идеялық – эстетикалық шешімін табу: Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытуда дрмалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне және заңдылықтарымен таныстыру; Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар; Авторлық идеялық – эстетикалық шешімін табу: Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Драмадағы кейіпкерлердің іс әрекеті, белгілі бір жүйемен, бір арнаға өрбіп дамуы; Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау барысында өткір сюжет, шиеленісті тартыс, қарама-қайшылықтарды драмағ кейіпкерінің табиғатына сай көрсете білу; Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту; Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі. Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер.
№11 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері Қарастырылатын сұрақтар: Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері, кіріспе сабақтар. Ерекшелігі, сабақ процесіндегі алатын орны. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер: Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары; Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ұғынуға қажетті мәліметтердің берілуі. Ақын жазушылардың өмірбаянына байланысты жеке деректер, мәліметтер, тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы. Мақсаты: Қазақ әдебиеті оқытуда стеднттерге көркем шығарма мен жұмыс істеу кезеңдерінің теориялық және практикалық кезеңдерін меңгерту Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері, кіріспе сабақтар. Ерекшелігі, сабақ процесіндегі алатын орны. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер: Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары; Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ұғынуға қажетті мәліметтердің берілуі. Ақын жазушылардың өмірбаянына байланысты жеке деректер, мәліметтер, тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда жан-жақты қарастырылуы. Әдеби материалдарды ұтымды сұрыптап, ең маңызды үлгі-мысалдарды жазушы шығармашылығынад суреттелген кезеңмен байланыстыра қамтып, суреткердің әдебиеттен алатын орнын, азаматтық тұлғасын таныту. Шолу тақырыптарын оқытуда сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттің сабақтастық байланысына сипаттама беру; Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер пайдаланудың тиімділігі; Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыстар, көркем шығармалардың негізгі тақырыптары, идеялық-эстетикалық мазмұны мен маңызы, жанры жайында түсініктердің берілуі; Шолу тақырыптарын өтуде көрнекіліктердің рөлі, теле-сабақтар, мұражайлық сабақтар т.б. шолу тақырыптарын оқыту әдістемесі туралы еңбектерді пайдаланудың жолдары;
№12 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері Қарастырылатын сұрақтар: Шолу тақырыптарын оқытуда сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік жағдайына көркем әдебиеттің сабақтастық байланысына сипаттама беру; Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттер пайдаланудың тиімділігі; Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыстар, көркем шығармалардың негізгі тақырыптары. Мақсаты: Қазақ әдебиеті оқытуда стеднттерге көркем шығарма мен жұмыс істеу кезеңдерінің теориялық және практикалық кезеңдерін меңгерту Әдеби сын зерттеу еңбектерін көркем туындымен бірлікте қарастыру, өзіндік ерекшеліктері, шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерді пайдаланудың қажеттілігі; Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманытанытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертудің әдіс-тәсілдері. Әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста оқытылуы. Көркем шығарманың көркемдік компоненттері, тіл көркемдігі мен сөйлем, стиль ерекшеліктері, өлең құрылысы туралы; Қ.Жұмалиевтың 1938 жылы жарық көрген «Әдебиет теориясы» еңбегінің бүгінгі әдебиеттану ғылымының әдебиет теориясына қатысты еңбектердің дамуына негіз болатындығы; Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу; Көркем мәтімнмен жұмыс түрлері; көркем мәтінді талдау мәселесі; оқыту әдістерінің тлдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіні; Қорытынды сабақтар: Бұл сабақтардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтімен жұмыс кезеңімен тығыз байланысы; қорытынды сабақтардың көркем шығарманы түсініп талдаудың шешуші кезеңі екендігі; Алдынғы сабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні; іздену, зерттеу жұмыстары, шығармашылықпен іске асырылатындығы. Әдеби бағыттар. Бұл бағыттардың дамуы мен қалыптасуындағы тарихи-әлеуметтік себептер; әдеби шығармадағы реализм, романтизм ұғымдарының көрінісі;
№13 дәріс сабақ. Тақырыбы:Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары Қарастырылатын сұрақтар: Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс-жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғапры оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. Мақсаты: Студенттерге қазақ әдебиеті пәні мұғаліәмінің басты құжаттарының құруды үйрету, олардың мән-маңызын меңгерту Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс-жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғапры оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы.
№14 дәріс сабақ. Тақырыбы: Лириканы оқыту Қарастырылатын сұрақтар: Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық көркемдік қуатына сай белгіленетіндігі; Ақынның өзүні, әуезі, барлық поэзияға құмартушылардың үніне айналуы. Мәнерлеп оқудың лириканы оқып-үйренудегі ызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |