Қарастырылатын сұрақтар: Сабақтың құрылымындағы өзгерістер оқытудың дамушы және тәрбиелеуші қызметін көрсетуге байланысты зерттеу еңбектеріне шолу; Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары мәнерлеп оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстарының тіл дамытудағы ролі; Шығармашылық, белсенділік өзінділік ізденістердің дамуы; Тақырыптық, бағдарламалық, публиицистикалық шығарма түрлері; Баяндама, мақала сын-пікір, реферат дайындау; Сөйлеудегі тіл мәдениеті т.б. студенттердің өзіндік ой-пікірін ғылыми негізде жүйелі айта білуге, жаза білуге, ұтымды шешен сөйлеуге төселдірудің жолдары; Мақсаты: Әдебиет сабағының жалпы құрылымдық ерекшеліктерін, әр сбақтың өзіндік мақсат-міндеттерінмеңгерту Әдебиет сабағында оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудағы көрнекіліктердің маңызы. Білім мазмұнының толықтырудағы рөлі; Көрнекіліктің түрлері; аудитория және одан тыс пайдалану; Есту арқылы берілген білімнің көру арқылы бекітілуі; кино, телехабар, оқу фильмдері; бейнелеу өнерінің туындылары (мүсін, сәулет, сурет, фото альбом т.б. күй табақтар, үнтаспа, музыка туындылары т.б.). Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялық проблемасы бойынша ғылыми ізденістер; (Білімді тест жүйесімен бағалау т.б.). Сабақты талдау мәселелері: а) дидактикалық талдау (сабақтың мақсатын айқындау, дидактикалық принциптерді, оқу материалдарынан логикасын сақтау, оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдануды қадағалау, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін сақтау принципін жүзеге асыру). ә) психологиялық талдау, б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсатында жүргізілетіні;