Факультетінің деканы


Тақырыбы: Әдебиет пәні кабинеті Дәріс мазмұны



бет95/125
Дата05.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#15534
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   125
Тақырыбы: Әдебиет пәні кабинеті Дәріс мазмұны: Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдар, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видио таспаларды жинастырып сақтайды. Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәні кабинетін жасақтаудың жолдарын меңгерту, қажетті құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар, схема-таблицалардың жүйесін жасақтату
Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-қатынасы, іскерлік байланыстары. Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында аталған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдар, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видио таспаларды жинастырып сақтайды. Әдебиет кабинетіндегі жұмыстың тиімділігін арттыруда кабинет жабдықтары мен мен техникалық құралдардың елеулі әсері болып келеді. Әдебиет кабинетінің көрнекті жабдықтар: бағдарламаға енгізілген көркемшығарма мәтіндері, оқу құралдары, хрестомаиялар, әдістемелік әдиеттер, сын-зерттеу әдебиеттері, сөздік анықтағыштар, әдеби газет-журналдың қажетті сандары. Плакаттар, альбомдар, иллюстациялық суреттер, экспозициялар, стенділер, ақын-жазушылар портіреті, фотолар, түрлі схемалар, әдеби теориялық ұғымдар үшін жасалған плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар, т.б.

22 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шет ел әдебиет үлгілері. Қарастырылатын сұрақтар: Бесінші – он бірінші сынып оқушыларына қосымша оқуға ұсынылаитын көркем шығармалардың сипаттамасы. Шет елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керекутігі. Қоғамдық орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінезқұлық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар алудағы әдеби көркем шығарманың дерек-көздік, тәлімдік рөлі, әсер-ықпалы. Онда суреттелетін, баяндалатын оқиғалардың, образдың оқушылар ой-санасына шақ, лайықты болатындығы, мысалдары. Мақсаты: Болашақ кәсіби мамандарды қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыландыру және әр тақырыпқа қатысты (мектеп оқулығындағы) материалдарды жинақтау, каталог құруға үйрету Бесінші – он бірінші сынып оқушыларына қосымша оқуға ұсынылаитын көркем шығармалардың сипаттамасы. Шет елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керекутігі. Қоғамдық орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінезқұлық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар алудағы әдеби көркем шығарманың дерек-көздік, тәлімдік рөлі, әсер-ықпалы. Онда суреттелетін, баяндалатын оқиғалардың, образдың оқушылар ой-санасына шақ, лайықты болатындығы, мысалдары. 5-9 сыныптарға арналған әдебиет бағдарламасында 1 блок әлем әдебиеті үлгілері (шетел әдебиеті) беріледі. Оқушылар үшін бұл - өте қажетті дүние. Біріншіден, әлем әдебиеті үлгілерінен хабардар болады, ақын-жазушылардың атын есітіп біледі, сонымен бірге әдебиеттің жаңа жанрларымен таныс болады.


23 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі және әдіскер ғалымдар еңбегі Қарастырылатын сұрақтар: Қ.Бітібаеваның ұстаздық тәжірибесі.Қазіргі технология талаптары. Оқушыны әрбір көркем туындыға, ондағы әдеби тұлғаларға өзінше баға беріп, өзінше ой түюге дағдыландырудың әдіс-тәсілдері туралы. Поэтикалық талдау үлгілері. Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінее қатысты ғылыми еңбектерді саралап, ғалымдардың әдістемелік еңбектеріне пайдалана отырып, өзіндік шығармашылық ізедністерге баулу Қ.Бітібаеваның ұстаздық тәжірибесі.Қазіргі технология талаптары. Оқушыны әрбір көркем туындыға, ондағы әдеби тұлғаларға өзінше баға беріп, өзінше ой түюге дағдыландырудың әдіс-тәсілдері туралы. Поэтикалық талдау үлгілері. Автор туған әдебиеті мен тілінің қадір-қасиетін жете сезіндіре отырып, қазақ ұл-қыздарын отаншылдық рухында тәрбиелеу туралы ой-толғамдарын да ортаға салады. Айтжанова Құттыгүл «Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы» атты оқу құралында қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми заңдылықтарын, проза, поэзия жанрларын, модульді оқыту теорияларын, практикалық жұмыстарда қолдану әдістерін зерттеді. Модульді оқыту, тереңдетіп оқыту, тіл дамыту, шығарма жаздыру жұмыстары – сабақтың түрі, дидактикалық оқыту теориясы психологиялық педагогикалық байланыста эксперименттік қорытындылар талданып, өскелең ғылыми талапқа сай әдебиетті оқытудың әдіснамасы жасады. Сондай-ақ Жұмажанова Т, Ақшолақов, Қ.Мырзағалиев, Қирабаев С, Мақпыров С, Дайырова Ә. Т.б әдіскер ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады.
24 дәріс сабақ. Тақырыбы: М.Әуезов шығармашылығын оқыту Қарастырылатын сұрақтар: 5-сынып, «Ақын қонақтар» (Абай жолы романынан үзінді, 3 сағат); 6-сынып, «Біржан сал Абай ауылында» (Абай жолы үзінді, 3 сағат); «Көксерек» (7-сынып, 5 сағат); 8-сынып, «Қараш-қараш» (3 сағат); 9-сынып (Абай жолы эпопеясы, 5 сағат); 11-сынып, (10 сағат); М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. М.Әуезовтың шығармашылық өмірбаяны. Жазушының әңгімелері. Мақсаты: Студенттерге қазақ әдебиетін оқытуда жекелеген авторлардың туындыларын оқытудаға қатысты мағлұмат беру 5-сынып, «Ақын қонақтар» (Абай жолы романынан үзінді, 3 сағат); 6-сынып, «Біржан сал Абай ауылында» (Абай жолы үзінді, 3 сағат); «Көксерек» (7-сынып, 5 сағат); 8-сынып, «Қараш-қараш» (3 сағат); 9-сынып (Абай жолы эпопеясы, 5 сағат); 11-сынып, (10 сағат); М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі. Проза және драматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. М.Әуезовтың шығармашылық өмірбаяны. Жазушының әңгімелері. М.Әуезовтың өмірі, тағдыры, оның жазушы шығармашылығына әсері. М.Әуезов және оның шығармашылғы туралы қазіргі көзқарас (шындық пен дақпырт). М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері, оның қазақ прозасына әсері. М.Әуезов және әлем әдебиеті. «Абай жолы» эпопеясы. Жазылу тарихы, тағдыры, ол туралы бүгінгі көзқарас. М.Әуезов – дрматург. М.Әуезов және қазақ драмтургиялар өнері, театры. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшлігі трагедия табиғаты. М.Әуезов – ғұлама ғалым. Әуезов және Абай.
25 дәріс сабақ. Тақырыбы: Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді автор ізімін талдау жолдары. Қарастырылатын сұрақтар: Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы міздемесі жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. Мақсаты: Көһркем мәтінді талдаудың авторлық идея тұрғыфсынан талдаудың мәнін түсіндіру Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауға ерекше назар аударады. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы міздемесі жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек. Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мітінді оқыту, оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет мақсаты. Көркем мітінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Әдебиет мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу болып табылады. Оның ең тиімді жолы – үнемі бала пікірін, ойын тыңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарласып, таныстыру емес, алдын-ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту болып табылады. Бұл жұмым төменгі сыныптан, яғни Ү сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Автор ізімен талдау, оның негізгің мақсаттары. Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, тадауға ерекше назар аударады. Бірақ талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды. Мұғалім оқушыларын кейіпкер іс-әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын аңдатуға алып келуі керек.
26 дәріс сабақ. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқытуда дидактикалық ұстанымдар. Қарастырылатын сұрақтар: Оқыту ұстанымдары (принциптері): Оқытудың ғылыми ұстанымы. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымы. Оқытудың саналылық ұстанымы. Оқытудың берік ұстанымы. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқытудың ізгілендіру ұстанымы. Оқытудың тиімді ұстанымы Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытудағы прициптердің ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін саралау Оқыту ұстанымдары (принциптері): Оқытудың ғылыми ұстанымы. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымы. Оқытудың саналылық ұстанымы. Оқытудың берік ұстанымы. Оқытудың теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. Оқытудың ізгілендіру ұстанымы. Оқытудың тиімді ұстанымы. Оқытудың ғылыми ұстанымы – оқушыларға әдеби-ғылыми білім берудің тиімді жолдарын үйрететін оқытудың дидактикалық заңдылықтары. Ғылыми ұстанымға: мәтінге эстетикалық талдау жасау; шығарманың сюжеттік – композициялық негізін талдау; көркем әдебиеттегі тарихи ұстанымның ғылыми ұстанымымен байланысы; әдеби-ғылыми стиль, әдебиеттегі ұлттық ұғымдарды қалыптастыру; Оқытудың жүйелілік ұстанымы – Сабақ өзінің логикасы мен оқу материалын жүйелі меңгертуімен құнды. Ойлауға қойылатын негізгі талаптардың бірі – ойлаудың жүйелі дәйекті болуы. Екінші – ойлаудың ақиқаттығы, шындығы. Үшінші – кез келген ойлаудың бір ізді жүйемен тұжырымды болуы. Сабақ логикасы әдебиет пәнінің бәріне ортақ заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым. Оқытуда материалды дұрыс орналастыру ұстанымы. Әдебиет пәні мектептегі негізгі эстетикалық пән. Әдеби эстетикалық талғампаздықпен шығарманы таңдап алу - әдебиет оқулығының басты шарты. Көркем шығармаларды іріктеу барысында мына талаптар негізге алынады: әдеби шығармалардың туған дәуірі мен қазіргі кезең үшін де мәнділігі; оқушылардың жасына, дүниетанымына үйлесімділігі, шығармалар мазмұны саясат пен эканомика тұтқынынан арылған, жоғары құрылымы. Оқытудың алдын-ала болжау ұстанымының мақсаты – сабақ беруде әдістердің ең маңызды әдістерді материалға байланыстырып, оқушының білімін тереңдетіп, әдекбиетке құшатрлығын оятып, оларға сапалы білім беру жолын табу.
27 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту. Қарастырылатын сұрақтар: Әдеби-тарихи өлкетану деректерін тереңдетіп оқытудың психологиялық негіздері. Көркем шығармаларды тереңдетіп оқытуда әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын сабақта пайдалану арқылы оқушыға терең де жан-жақты пәнаралық байланысты білімді меңгерту-әдебиет пәнін оқытуда ерекше маңызы бар процесс Мақсаты: көркем әдебиетті тереңдетіпр оқытудың әдістемелік жолдарын меңгерту Әдеби-тарихи өлкетану деректерін тереңдетіп оқытудың психологиялық негіздері. Көркем шығармаларды тереңдетіп оқытуда әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын сабақта пайдалану арқылы оқушыға терең де жан-жақты пәнаралық байланысты білімді меңгерту-әдебиет пәнін оқытуда ерекше маңызы бар процесс. Оның үш түрлі арнасы бар. Біріншісі-педагогикалық процесс. Көркем шығарма арқылы оқушыға берілетін тәрбие. Екіншісі - әдебиет әдіснамасы. Әдебиетті оқыту әдістерінің негізгі принциптері. Үшіншісі-психология жетістіктері. Жаңаша оқыту процесінде оқушылардың қабылдау психологиясы. Оқушылардың деректерді жүйелі меңгеруі оқу процесіндегі түрлі әдістерді дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Деректерді оқушыларға меңгертуде әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, өлкетану-мағлұматтарын оқыту әдістерін психология ғылымдарының жетістіктері мен принциптеріне негіздеп іздестіру қажет. Әдеби-тарихи өлкетану дерек мағлұматтарын оқытудың мақсаты.
28 дәріс сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды тереңдетіп оқыту. Қарастырылатын сұрақтар: Тереңдетіп оқыту әдістері. Оқу материалының жоғары теориялық деңгейі – абстракциялы ойлауға бейімі бар балалардың дамуына тереңдетіп оқыту қоллайлы. Тереңдетіп оқыту үшін әр шәкірттің жеке оқу ерекшеліктері туралы дәл анализі керек. Оқушының тақырыпты меңгеру сапасына күн сайын бақылау жүргізіледі. Мақсаты: көркем әдебиетті тереңдетіп оқытудың әдістемелік жолдарын меңгерту
Тереңдетіп оқыту әдістері. Оқу материалының жоғары теориялық деңгейі – абстракциялы ойлауға бейімі бар балалардың дамуына тереңдетіп оқыту қоллайлы. Тереңдетіп оқыту үшін әр шәкірттің жеке оқу ерекшеліктері туралы дәл анализі керек. Оқушының тақырыпты меңгеру сапасына күн сайын бақылау жүргізіледі. Бақылаудың барлық міндеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру – дәстүрлі сабақта жүйеленіп, барлық оқушы жаңа сабақты қабылдай алатындай жоспарда меңгеріледі. Жаңа тақырыпты бір сабақта түсініп, практикамен байланыстырып, жаңа сабақ бекітіледі. Қазақ әдебиетін оқытудың басты проблемасы – Ү-ІХ, Х-ХІ сынып арасындағы сабақтастықты (әдістер жүйесі), шешеді. Жеке (индукциялық) оқыту, ойлау әдістерінен жалпы (дедукциялық) ой қорытындысын қорытуға, практикалық әдістерді шығармашылыққа құрып, нәтижесінде терең білім алады. Терең білім алу ақыл-ой еңбегімен, өзіндік жұмыс істеудің дағдыларына байланысты қалыптасады. Бірінші – кітаппен жұмыс істеу: жаңа тақырыптың теориясын екшеп алу; кітапта берілген мысалдарға сәйкес мысалдар тауып, өз еңбегін тиімді ұйымдастыру. Екінші – шығармашылықө жұмысқа дағдыландыру. Мұғалімдер сабақ үрдісінде оқушыны субъект роліне қойып, олардың өзімен бірге қатар жұмыс істеуін талап етіп, бірте-бірте оқушының өзі басқаратын дәрежеге жеткізеді.
29 дәріс сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет