Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.
Мақсаты: Курстың жалпы құрылымын, оқу материалдарының мазмұнын түсіндіру. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихынан мағлұмат беру.
Негізгі сұрақатар: 1. Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 2. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; 3. 1928-1938 ж. әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; 4. 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. 5. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 6.1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998).