Факультетінің деканы


Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс. Қарастырылатын сұрақтар



бет96/125
Дата05.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#15534
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125
Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс. Қарастырылатын сұрақтар: Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Мақсаты: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстарының мән-маңызын саралап, меңгерту Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Бұл адамның психикасында өтетеін үрдіс. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу тілі,әдеби тіл бар. Олардың қағидаларын теориялық жағынан білу бір басқа да іс жүзінде орындау қиыншылығы бар. Осы қайшылықты жойып теорияны өмірде, күнделікті оқыту үрдісінде дағдыландырса, оқушының тіл мәдениеті артып шығармашылық жұмысты еркін орындайды. Ол оқушының теориялық білімі мен дағдысына тәуелді. Тіл мәдениеті – жүйелі сөйлеу, жаза біліп, терең мазмұнда ой-толғап, көркем туындыға терең талдау жасай алу.
30 дәріс сабақ. Тақырыбы: Тіл дамыту – шығармашылық жұмыс. Қарастырылатын сұрақтар: Тіл дағдылары – ауызша, жазбаша қалыптасады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тіл дамыту жұмысында ерекше маңызы бар. Әдеби тілде сөйлей алмаған бала, әдеби тілде жаза алмайды. Жаза білмеген балада жүйе, тұжырым, дәлелі жоқ, ойы шашырап жатады. Ауызша да, жазбаша да қатар дамыса, тілдік жаттығуларды жүйелі жүргізгенде ғана мақсатқа жетеді. Мақсаты: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстарының мән-маңызын саралап, меңгерту
Тіл дағдылары – ауызша, жазбаша қалыптасады. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тіл дамыту жұмысында ерекше маңызы бар. Әдеби тілде сөйлей алмаған бала, әдеби тілде жаза алмайды. Жаза білмеген балада жүйе, тұжырым, дәлелі жоқ, ойы шашырап жатады. Ауызша да, жазбаша да қатар дамыса, тілдік жаттығуларды жүйелі жүргізгенде ғана мақсатқа жетеді. Ауызша тіл дамыту – тыңдай білуге, әңгімелей, мазмұндай алуға байланысты. Сабақ үрдісінде екеуін қатар жүргізген жөн. Әдеби тіл – сөз байлығы, сөздің суреттеме, көркемдегіш құралдары, сөздің грамматикасы, лексикасы. Әдеби тілде дұрыс сөйлеп жаза білудің негізі – тілдің лексикасында, фонетикасында, грамматикасында, орфоэфиялық құралдарын терең меңгеруге байланысты. Тілдегі сөздердің қыр-сыры мол. Ғылыми тіл - әдеби тіл қолданысында, тіл дамыту жұмыстарында ғылыми тілді пайдаланады. Тіл дамытудағы грамматиканың рөлі. Оқушылардың сөйлеу тілі мен жазу тілін дамыту. Мәтінді тіл дамыту. Көрнекілік тіл; композициялық тіл; фрозологиялық тіл, сөздік тіл жұмыстары негізінде тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.





Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; 1928-1938 ж. әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998).



1 апта

1,21,3,4,5,7.

2.

Әдеби базалық білім аймағы.



Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшілігіне баса назар аударылатындығы. Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. Пәнаралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі ролі. Жоғарғы сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақстастығы. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі.



2 апта

1,2,3,4,

3

Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.

Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты.

3 апта

1,2,3,4,5.

4.

Көркем шығарманы оқыту.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Аламты) «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат міндеті. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстырмалы талдау.

4 апта

1,2,3,4,5,6

5.

Лириканы оқыту

Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық- көркемдік қуатына сай белгіленетіні; Мәнерлеп оқытудың лириканы оқып-үйренудегі қызметі. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері.

5 апта

1,2,3,4,5,6,7,

6.

Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері



Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманы танытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу;

6 апта

1,2,3,4,5,

7.

Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді) (3 сағат, 6-сынып)



Ерекше сый-қонақ күткен ауыл. Көкшетаудан келген Біржан әнінің зор құдіреті, сырлы сезім сиқыры. Абайдың ән қадірін, ән қасиетін ардақтап, Біржанды қадірлі қонақ етіп, өнер сүйер жастарды жинап, үлгі-өнеге көрсетуі, желекті жас келін Әйгерімнің ән салуына еркіндік беруі, өзі сол ортада болып, басшылық етуі. Өнер мен ескілік салт-сана арасындағы бітіспес күрес. Әдебиет теориясы. Типтік образ туралы. Қосымша оқуға: «Жетім әңгімесі».

7 апта

1,2,3, 4,5,6,

8.

Әдебиет сабағы негізгі міндеттер



Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ талдау мәселелері; а) дидактикалық талдау; ә) психологиялық талдау; б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсаттында жүргізілетіні;

8 апта

1,2,3,4,5,

9

Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқыту.



5-сынып, «Соғыс», «Қызғыш құс», (2 сағат), 7-сынып, Махамбет Өтемісұлы «Тарланым». (1 сағат). 8-сынып, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Бұл дүниенің жүзінде» (2сағат). 9-сынып, 3сағат. 10-сынып, 3-сағат. Махамбет Өтемісұлының өмірі, өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман тілегін жоқтауы. Шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық сарындары. Әдебиет теориясы: Өлең туралы мәліметті кеңейту.

9 апта

1,2,3,4,5,

10.

Абай Құнанбайұлы шығармашылығын оқыту

5-сынып, Абай. «Қыс», «Ғылым таппай мақтан ба»(2 сағат); 6-сынып, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кріп бойды алар», «Әсемпаз болма әр неге», «Отыз бірінші қара сөз» (3 сағат); 7-сынып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жиырма тоғызыншы қара сөз» (4-сағат); 8-сынып, (4сағат); 9-сынып, 5сағат; 10 сынып, (10 сағат); 11-сынып;

10 апта

1,2,3,4,5

11.

Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар түзілісі.



Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар. Сабақ кестесіне сай тақырыптың өтілетін күні, уақының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны.

11 апта

1,2,3,4,5,

12.

Әдебиет сабағында оқу-тәрбие жұмысын үйлестіре жүргізу

Сабақ мақсатын және онда жүзеге асатын, шешілетін басты-басты мәселелерді ғылыми түрде нақты жоспарлау – мұғалімдер жұмысындағы, оқу процесіндегі ең негізгі, ең күрделі процесс екені белгілі. Сабақ мақсатын кешенді жоспарлау, ең алдымен, өтілгелі отырған оқу материалының мазмұны, тақырып ерекшелігі, солардың негізгі түйінді дәлелінен туындайды. Тақырып мазмұны, сонда қамтылатын негізгі ұғымдар.

12 апта

1,2,3,4,5,6

13.

Поэмаларды оқыту.



Батырлар жырын оқыту. «Қобыланды батыр» жырының тарихилығы. Лиро-эпостық поэмаларды оқыту. Психологиялық поэманы оқыту. Сюжетсіз поэманы оқыту. Романтикалық поэманы оқыту. Пәлсапалық лирикалық поэманы оқыту. Поэзиялық шығармалардың тілін талдау.

13 апта

1,2,3,4,5,

14.

Көркем шығармаларды модульді оқыту.



Модульді оқыту әдісі. Кіріспе. Прозалық шығармаларды оқыту. Прозалық модульді оқыту-педагогика ғылымының бір саласы. Прозалық шығармалардың тақырыбы мен идеясын, композициясын таныту модулі. Проза, поэзияны талдау моделі. Көркем шығармалардың тілін таныту модулі.

14 апта

1,2,3,4,

15.

Сабақ үлгілері мен түрлері.

Сабақ түрлері. Өтілетін тақырыптың ерекшелігі. Сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, сабақ мақсаты. Қазіргі сабақтардың тиімді түрлері. Дәріс сабақ. Семинар сабақ. Пәнаралық байланысты оқытуға негізделген үштік сабақтары.

15 апта

1,2,3,4

7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
Осы пән оқыту бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тарауларды мұқият талқылау, пәннің ерекшеліктері бойынша, қолданалатын оқыту әдістер, әдебиет және Интернетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, семинар, СОӨЖ, СӨЖ, практикалық сабақтарының сұрақтарды конспектілеу қажеттілігі бойынша, СӨЖ сұрақтарды міндетті түрде орындалу бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материалдары бойынша нұсқаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет