Ғалым Жұлдыз, КФ-31 тобы Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері 2.1.Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері. Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай кұрмаласуы — қазак тілінде кұрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Құрмалас сөйлемдер ішінде сабактас кұрмаластар аталмыш тәсіл арқылы жасалады. Багыныңкы компонент баяндауышы төменгі формаларда тұрады:
1.Көсемше тұлғасынан;
2.Есімше;
3.Шартты рай және басқа етістік формалары.
4.Жай сөйлемнің көсемше арқылы құрмаласуы. Қимылдың өзін немесе іс-әрекеттің амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі — көсемше. Ол сөйлемде пысықтауыштык жэне баяндауыштық кызмет атқарады. Көсемшелердін кұрмалас сөйлем жасаудағы басты кызметі оның бағынынкы компоненттін баяндауышы болуынан көрінеді. Көсемше — етістіктің тиянаксыз түрі болғандыктан, кұрмалас сөйлемнің баяндауышы болып келген бөлшегін екінші компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастыкта болуын камтамасыз етеді. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, ол морфологиялык жагынан түрленбейді. Яғни, көптік, тәуелдік, септік косымшалары косылмайды, арагідік жіктік жалғаулары ғана жалғанады. Сөйтіп кұрмалас сөйлем компоненттері арасында дәнекерлік қызмет аткарады
2.2.Құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдары. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары төмендегідей: 1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы: Аудан орталығына қоныс аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.
2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.
3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылып тұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп ата бергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.
4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен жасалады: 1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы: Екеуінің мақсаты екі түрлі болса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.
2) шартты райдың болымсыз түрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаны болмаса, жаңбыр жауған жоқ.
3) Көмектес септік тұлғасындағы өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен, жолды болжауға әбден болады.
4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сөзді естігенше, жерге батып жоғалған жақсы еді.
5) -а/е, -й жұрнақты көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Өз көңіліңді білдіре, менің көңіліме демеу сала келгеніңе ризамын.
6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Терімшілер күннің салқындығын елеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.
3-жаттығу. 1.Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай бөлінетін түрлерін ажыратыңыз. 2.Құрмалас сөйлем компоненттерін жеке сөйлем етіп жазыңыз, пайда болған өзгешеліктерді түсіндіріңіз. І нұсқа
1. Дәл осы сәтте ол еш нәрсе ойлаған жоқ еді, дегенмен, әлденеге алаңдағандай көңілі қобалжи берді.(Салалас құрмалас) 2.Төсек орындары, киім-кешектері тағы басқа тұрмыстары жұпыны: уақытында жуылмайды, тамақтары дәмсіз.(Себеп-салдар салалас)3. Біресе терезеден қараңғы түнге қадала қарайды, біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі(Кезектес салалас) (С.М.). 4.Бұлар тау ішіне сүңгіген сайын, Бүркіт жатағының қойнаулары бастарын көтерісіп алғандай үрпиісе қалыпты. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас) 5.Губернатордың Итбайдың үйіне түспей кеткенін Кузнецов Балтабектен естіген еді, сол себепті Асқар мен Балтабекті көңілді кескінмен қарсы алды(Себеп-салдар салалас) (С.М.). 6. Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ(Себеп бағыныңқы сабақтас) (М.Ә.). 7. Қазақ халқы қайта құлдық қамытын кимейді де, Ресей тырысқанмен кигізе алмайды да(Ыңғайлас салалас) (А.К.). 8. Ол ақкемеге мініп сапар шеккісі келеді, не болмаса балыққа айналуды армандайды(Талғаулы салалас) (Ш.А.). 9. Абай келгенге дейін, Ділдә мен Айғыз Әйгерімді азғырып қойған.(Мезгіл бағыныңқы сабақтас)10. Ашуы сабырды басып, Тінібек шүріппені басып қалды(Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас) (М.Ә.).