Аталған тілдердегі барлығында даа үндестік заңы бар;
Барлығында грамматикалық род жоқ;
Барлығында артикль жоқ әрі жалғамалы тілдер;
Барлығында сын, сан есімдерден болған анықтаушылар өз анықтаушыларымен қиыспайды әрі анықтаушылар анықталушыларынан бұрын айтылады;
Барлығында тәуелдік жалғаулар бар;
Еуропалық тілдеріндегі предлог орнына септеуліктер қолданылады;
Зат есім сөйлемде тектік сын мағынасында айтылып анықтауыш болады;
Барлығында сан есімнен кейін келген зат есім көпше түрде айтылмайды;
Барлығында шығыс жалғауы салыстырмалы шырай жасай алады;
Барлығына есімшелі, көсемшелі тіркестер жиі қолданылады;
Бірсыпыра лексикалық бірліктер де бар.
Аталған теорияға қарсылар осының алдында келтірілген тілдік ұқсастықтар ол тілдердің туыстығын емес, типологиялық бірліктерін ғана білдіре алады дейді. Түркі тілдері тарихының маманы Н.А.Баскаков пікірінше, түркі тілі монғол, тұңғыс-манчжұр тілдерімен туыстас, бұлар арасында тек типологиялық қана емес, туыстастық, төркіндестікті білдіретін белгілер олардың фонетика жүйесінен де, негізгі сөздік қорынан да мол кездеседі. Алтай тілі деп аталатындар да осылар дейді. Ал угро-фин тілімен, яғни Орал тілі дегенмен, Алтай тілі арасындағы жақындық туыстық емес, типологиялық, сондықтан угро-фин, самоди тілдерін Алтай тілімен туыстас дерлік дәлел жоқ деп жазады (Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков М..,-1969-с.96)
Ал түрколог А.Н.Кононов түркі, моңғол, тұңғыс-манчжұр тілдері арасында лексикалық та, фонетика-грамматикалық та ұқсастық барлығы даусыз, бірақ ол жақындықтың себебі нақтылы емес, алдағы уақытты белгілі болар деп үміттене қою да қиын, соған қарамастан «алтай тілі» дегендер арасындағы жалпылық сипаттары түркі тілі тарихын зерттегенде пайдалану керек дегенді айтады. (Кононов А.Н Тюркская филология в СССР 1917-1969)
Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірібірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады.
Алтай дәуірі, Алтай тілдері жайындағы пікірлер тыңғылықты шешілген теория емес, ғылыми абстракция, болжам ғана.Сондықтан оны ғылым да гипотеза деп атайды.Гипотеза – грек сөзі, мағынасы болжам, жорамал.
Ғалымдар Алтай дәуірінің аяқ кезін ала бір кездегі біртұтас алтай тілі алдымен түркі-моңғол,тұңғыс-манчжұр тілдері болып екі топқа бөлінеді де, оған кейініректе түркі тілі моңғол тілінен, тұңғыс тілі манчжұр тілінен жекеленеді. Бұл дәуірде қазірде белгілі ру – тайпалар да, халықтық бірлікте қалыптаспаған дейді.
Қазіргі уақытта Алтай тілі теориясы «Алтаистика» деген атпен көптеген елдерге тараған.Оның мақсаты – тіл біліміндегі тарихи салыстырмалы әдісті қолдана отырып Алтай семьясына жататын тілдердің бір – бірімен туыстық жақындықтаарының айқындау.
Алтаистиканың халықаралық комитеті бар. Бұл комитет жыл сайын «Тұрақты интернационалдық алтаисика конференциясы» атты кеңес өткізіп тұрады.
Алтаистика – Алтай тілдерінің және фин – угор, жапон, корей т.б тілдерінің шығу тегін,туыстық қатынасын, даму барысын, байланыс – қатынастылығын кең көлемде зерттейтін жалпы тіл білімінің салыстырмалы дербес саласы. 18 ғасырдан «Орал-Алтай тілдерінің төркіндестігі» туралы алғашқы болжамдар, пікір – ұсыныстар Ф.Ю фон Страленберг, В.Шотт, Ф.Е.Вилеман
Достарыңызбен бөлісу: |