Ғалымдаар (М. А. Кастерн, В. В. Бартольд, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский,С. Е. Малов, Б. А. Владимирцов, Г. Й. Рамстедт, В. Л. Котвич, К. Гренбек, А. Жафарруғлы, Н. А. Баскаков, т б)


М.А.Кастрен, Ю.Немет, В.Банг, И.Грунцел, А.Вамбери



бет4/17
Дата07.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#88345
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Алтай тілі

М.А.Кастрен, Ю.Немет, В.Банг, И.Грунцел, А.Вамбери т.б зерттеушілердің еңбектерінде айтыла бастады.Алтай тіл білімінің тиянақталып қалыптасуына түркітану, моңғолтану, тұңғыс-манчжұртану салаларындағы ғылыми іргелі зерттеулер, нақтылы тілдік деректердің жариялануы көп септігін тигізді. Сөйтіп,осы тілдердің материалдарын өзара салыстыра зерттеудің барасында фонеткалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейде сәйкес құбылыстар мен ортақ белгілердің нәтижесінде олардың генеалогиялық тектестігі аңғарылды. Сөйтіп, Алтай тіл білімінің ең негізгі мәселесі «Алтайлық тек тіл теориясы» тиянақталды. Бұл теория бойынша, қазіргі түркі, моңғол, тұңғыс-манчжұр тілдері өте ерте дәуірде бір тілден тарап өрбіген, шығу тегі төркіндес болып есептеледі.Бұл төркіндестікке жапон, корей тілдері де қатыстырылып келеді. Осы теорияны жақтаушы, көрнекті алтайтанушылар Г.Й.Рамстедт, Е.Д.Поливанов, Н.НПоппе, Б.Я.Владимирцов, В.И.Цинциус, О.П.Суник , Л.Г.Герцемберг, Н.А.Сыромятников, Н.А.Баскаков, Б.Базылхан, Ш.Хаттори, Ш.Озава т.б. Бұл теорияны жоққа шығарушы В.Л.Котвич ғалымдар бұл тілдердегі ұқсастықтарды, ортақ белгілерді тілдердің тоғысу, араласу, қосылу үдерістерінің салдары деп түсіндіреді. Сондықтан, Алтайлық тек тіл теориясы тарихи – салыстырмалы және тарихи – типологиялық екі тәсілмен зерттеле келіп, теориялық екі бағытқа айналды. Бірінші бағыт өкілдері – қазіргі түркі, моңғол, жапон, корей тілдерінің о бастағы шығу тегінің ортақтғын дәлелдесе, екінші бағыт өкілдері – осы тілдер о бастан бүгінге дейін жеке – жеке тілдер болды. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл тілдер әуелі «бір негіз тілден» салаланып дамыған деген теориялық тұжырымды дәлелді деп, тарихи – салыстырмалы тәсілдің оң нәтежие беретіндігін, аса мол тілдік деректердің сәйкестігін алға тартады.
Осы тілдердің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылысына қатысы көптеген салыстырмалы деректер жарияланып келеді. Алтай тілдерінің төмендегідей ортақ белгілері анықталған: дыбыс үндестігі заңы, дауыстылар мен дауыссыздар үндестігі, түбір морфема тұрақтылығы, оған жалғанатын қосымша морфемалардың жалғамалы жүйесі, тәуелдік жалғаулары, төл сөздік қордағы кейбір тұрақты атаулар, сұрау шылаулары болатындығы, анықтауыш, анықталушы және сөйлем құрылысының орын тәртібінің сақталатындығы, есімше, көсемше оралымдарының жиі қоданысы, т.б. Ғалымдардың зерттеулерінле осы тірізді құбылыс. Ортақ заңдылықтар туралы сан түрлі ұсыныс, толықтыраулар мен қарама – қарсы пікірлер баршылық.
Араб тіл білімінде жаңа теориялық тұжырымды қазақ ғалымы проф. Б.Базылхан ұсынды. Оның «өзек тілі» деп атаған түркі, моңғол тілдерін және тұңғыс - манчжұр, жапон, корей тілдерін тарихи – салыстырмалы әдіспен зерттеуі нәтежиесі мынандай қорытынды тиянақталды: о баста алтайлық бір текті тіл болды. Осы біртекті тілден қазіргі алтай төркіндес түркі, моңғол, тұңғыс-манчжұр, жапон, корей тілдері эволюциялық дамудың үш дәуірін («ым тілі» дәуірін; «келте сөз» дәуірін; «күрделі сөз» дәуірін) бастан кешіріп, қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. Зерттеуші ғалымдар түркі, моңғол, тұңғыс-манчжұр тілдерінің туыстығын, ортақтығын, жалпы заңдылықтарын тілдің нақтылы фактілерімен айқындап, дәлелдеп келеді. Соның ішінде, әрбір тілдің сөзжасам жүйесіндегі түбір және қосымша морфемалардың сәйкестігі ең өзекті, басты туыстық қатынастардың дәлелі ретінде зерттелді. Ал бұл тілдерге жапон, корей (Э.Г.Азербаев, С.А.Старостин т.б) және фин-угор (М.Рясянен, Х.Паасонен,Б.Коллиндер, Б.Мункачи, Д.Фокох – Фукс, Дж.Г.Киекбаев т.б) тілдерінің, сонымен қатар, америкалық майя, кечуа, сиу т.б тілдердің (С.Викандер, М.Арибжанов, А.Г.Каримуллин т.б) төркіндестігі, туыстығы жайында қызықты да соны дәлелдер, талдаулар жүргізіледі.
Араб тіл білімнің теориялық мәселелері: баба – алтай тілінің құрылымы, тілдердің сараларынып өрбіген хронологиялық кезеңдері, туыстық қатынас дәрежелері, тілдік құрылысы тұтасымен қамтитын ортақ негізгі заңдылыұтары т.б мәселелер толық шешімін тапты деп айту әлі ерте. Сол себептен де, осы тілдер бойынша тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы диахрондық, синхрондық зерттеулерді толығырақ жүргізу қажет.
Араб тіл білімі мәселелері бойынша 1957 жылдан бері жыл сайын өтіп келе жатқан алтайтанушылардың халықаралық конференциясы көп жұмыс атқарды. Қазақстан ҒА-ның Шығыстану орталығының ұйымдастыруымен 1993 жылы маусым айының 2 – 5 күндері Алматы қаласында Араб тіл білімінің кезекті 36- құрылтайы өткізілді. Бұл халықаралық сессияға АҚШ, Ресей, Түркия, Алмания, Жапония, Бельгия, Корея, Моңғолия, Қалмақия, Тува, Қытай, Венгрия, Қырғызстан, Израиль және т.б елдерден 75, Қазақстаннан 25 зерттеуші-ғалымдар қатысып (тарих, мәдениет, философия т.б салалары бойынша), 100-ден астам, баяндамалар талқыланды. Құрылтай барасында Қазақстан ғалымдарының түркітану және қазақ тіл білімі саласындағы іргелі еңбектеріің Араб тәл білімі үшін орасан зор маңызы бар екендігі айқындалды.
Алтай тілдері негізінен Азияда, аздап Шығыс Еуропада таралған. Алтай тілдеріне түркі, монғол, сондай-ақ жапон және корей тілдері жатады. Алтай қоғамдастығын құрайтын тілдердің генетикалық байланысы толық мойындалған емес. Бірақ олардың типологиялық жақындығы дау тудырмайды. Генетикалық жағынан Алтай тілдері екі топқа бөлінеді: біріншісіне – түркі, монғол, тұңғыс-манчжур тілдері жатады (оларды нағыз алтай тілдері деп атайды): екіншісіне корей және жапон тілдері жатады. Осы алтай тілдері жататын әр топтың ішінде топтастырулар бар. Бүгінде олардың қазіргі және ескі тілдермен генетикалық және типологиялық байланыстары анықталған. Ұқсастықтарының көбі қазіргі тілдерден байқалады.

Қаншалықты дәлелді зерттеу болғанына қарамастан Алтай тілі теориясына сенімсіздік білдіретіндері де бар.Академик А.И.Щербак генетикалық байланысы жоқ ұзақ мерзімді қарым – қатынастың ұқсастықтары пайда болған дейді.

Алтай тілі (1948 жылға дейін ойрат тілі деп аталған) негізінен Ресейдің Алтай Республикасында (60 015) тұратын алтай халқының ұлттық, әдеби тілі. Олардың жалпы саны — 71 317 адам (1989). Алтай тілі оңтүстік (алтай, төлеңгіт, телеуіт) және солтүстік (куманды, тува, чалкан) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуында оңтүстік диалектісінің (аптай кижи) үлесі басымырақ болған. Алтай халқы 1928-1938 жылы латын әліпбиін қолданды, ал 1938 жылдан бері орыс графикасына негізделген жазуды пайдаланады. Алтай тілін қырғыз бен қазақ тілінің моңғол тілдік әсерге көп ұшыраған аралық нұсқасы деуге болады. Түркі тілдері, оның ішінде қыпшақ тобындағы қыпшақ-қырғызға жататын тіл. Алтай тілі мен қырғыз тілі шығыс қырғыз-қыпшақ тілдерінің бір тобын құрап, жалпы қасиеттерінде қырғыз тіліне ұқсас болып келеді. Алтай тілі 1948 жылға дейін ойрат тілі деп аталған. Ол тіл негізінен Ресейдің Алтай Республикасында тұратын алтай халқының ұлттық, әдеби тілі. Алтай тілі оңтүстік (алтай, төлеңгіт, телеуіт) және солтүстік (куманды, тува, чалкан) диактілеріне бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуына оңтүстік диалектісінің (алтай кижи) үлесі басымырақ болған. Жалпы, алтай тілінің оңтүстік тармағында алтай <<алтай-кижи>>, төлеңгіт (төлеңгіт-теле,чуя говорларымен) және телеуіт деп аталатын үш диалект топтасқан. Алтайлар - тілі мен тегі жағынан қазаққа жақын халықтың бірі. Ал тарихта олардың оздерінше бірізді атаулары жоқ. Өйткені алтайлықтар құрамында деп саналған кейбір тайпалар өздерін әлі күнге дейін бөтен қауым өкілі деп біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет