78
тұратын салыққа деген наразылығы əсер етті. Парижде жəне ірі қалаларда
демократтар көптеген дауыстардан айырылды. Жалпы сайлауда Құрылтай
жиналысының 880 орынның 500 орынға ие болған буржуазиялық
республикашылдар жеңіске жетті. Жиналысқа көбінесе орлаендық монархист
сайланды. Республикашылдардың көбісі жаңа адамдар, бұрын депутат
болмағандар, ал монархистердің ішінде Шілделік монархияда парламент
депутаттары болғандар құрады. Сондықтан жиналыста көптеген орлеандық
жəне клерикальды-легитимді лагерьдің тəжірибелі көшбасшылары болды.
1848 жылы 4 мамырда Құрылтай жиналысы өзінің жұмысын 24 ақпанда
жарияланған республика «Францияның басқару формасы болып қалатыны"
жөнінде салтанатты декларацияны жариялаудан бастады. Əскери министрдің
лауазымын генерал Луи Эжен алды. Ол марқұм болған Шілде
монархиясының атақты республикашыл Годфруа Кавеньяктың ағасы еді.
15 мамырда Парижде Құрылтай жиналысынан көтерілген поляктарды
қолдау жөнінде шешім қабылдауды талап еткен 150 мыңды шеру өтті.
Алайда шеру басылды, ал демократиялық қозғалыстың көшбасшылары
Барбес, Альбер, Распайль, Блаки жəне т.б. ұсталып, клуб жабылды.
Люксембург комиссиясы ресми түрде таратылды. Кавеньяк париж
гарнизондарын нығайтып, астанаға жаңа əскери күштерді шақырды.
Париж
жұмысшыларының
маусымдағы
көтерілісі. Барлық оқиғалар
болуы даусыз жарылысқа алып келді. 22 маусымда Атқарушы комиссияның
Ұлттық шеберханада жұмыс істейтін 18 бен 25 аралығындағы
жұмысшыларға əскерге баруға ұсынатын, ал қалғандарына далада қалуға
немесе провинцияда Солонь атты батпақты жерде жер өңдеуге бару туралы
жарлығы көтеріліске себепші болды. Ал Ұлттық шеберханаларда 117 мыңнан
аса адам жұмыс істеді. Осындай тікелей арандатушылыққа жұмысшылар
көтеріліспен жауап берді.
23 маусым таңертең Париж көшелерінде баррикадалар салынып,
алғашқы мылтықтың даусы шықты. Көтеріліс қаланың демократиялық
шығыс бөлігін қамтыды. Оған шамамен 40-45 мың адам қатысты. Келесі күні
Құрылтай жиналысы Парижді қоршауға алынған қала деп жариялап, толық
билікті Кавеньяктың қолына берді. Өкімет үлкен күштер ара салмағына ие
болды: көтерілісшілерге қарсы 150 мыңдай тұрақты əскер, ұтқыр гвардия,
Ұлттық гвардияның париждік батальоны қойылды; көмекке Ұлттық
гвардияның 53 департаменттен тұратын бөлімшелері асықты. Көтерілісті
басу үшін көтеріліс орталықтарына айналған қала кварталдарын толығымен
жоятын артиллерия қолданылды. Көтерілісшілер төрт күн бойы ортақ
жоспарсыз жəне орталықтанған басқарусыз болды. 26 маусым кешке
көтеріліс басылды. Жұмысшыларға қарсы террордың уақыты келді.
Түрмелер толып кетті, сотсыз жəне тергеусіз атылды.
Маусым көтерілісі Францияда 1848 жылы төңкерістің шұғыл
бұрылысты кезеңі еді, енді ол бəсеңдейтін жолға түсті.
Достарыңызбен бөлісу: