Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



Pdf көрінісі
бет25/53
Дата14.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#68471
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
treatise12053

1849-1867  жылдардағы  Австриялық  империя.  Революцияны  басып 
жаншудан кейін империяда абсолюттік емес тəртіп орнады. Оның басты мəні 
-  алып  буржуазия,  монархия  жəне  ірі  жер  иелері  арасындағы  одақ.  Алайда 
феодалды-абсолюттік  тəртіптің  толық  қайта  орнатылуы,  «ескі  тəртіпке» 
қайту  орын  алған  жоқ.  Ақыры  абсолюттік  емес  тəртіп  1849  жылдың 
наурызында  император  «сыйлаған»  Конституцияның  күші  жойылған  кезде 
1851  жылдың  соңында  қалыптасты.  Басыбайлылық  қайта  орнатылмады.  50-
жылдары шығарылған заңдар жалпы алғанда революциялық реформалардың 
растады,  алайда  олардың  жүзеге  асуы  шаруалар  мүдделеріне  қайшы  келіп, 
үкімет  үлкен  өтемақы  соммаларын  төлеуге  кепіл  берген  помещиктердің 
пайдасында  болды.  Ауылшаруашылығын  капиталистік  бағытқа  ауыстыруы, 
сауданы  шектейтін  тежеулерді  жоюы,  теміржол  жəне    кеме  компаниялрына 
жер телімдерін, кен орындары мен шахталарды сатып алу үшін  жеңілдіктер 
беруі  экономиканың  жандануына  алып  келді.  Кең  теміржол  салу  құрылысы 
басталды.  Нəтижесінде  60-жылдардың  соңына  қарай  олардың  ұзындығы  6 
мың км жетті. 
Алайда  империяның  ішкі  саяси  жəне  халықаралық    алаңдағы  жағдайы 
тұрақсыз  сипатқа  ие  болды.  Кырым  соғысы  кезіндегі  Вена  сарайының 
Ресейге  деген  дұшпандық  көңіл-күйі  салдарынан  Вена  сыртқы  саяси 
оқшаулануға  тап  болды.  1859  жылы  Австрия  Франция  жəне  Пьемонтпен 
соғыста  жеңіліп,  өзінің  ең  бай  провинцияларының  бірі  –  Ломбардиядан 
айырылды.  Осы  жеңілістен  соң  абсолюттік  емес  тəртіптің  ыдырауы  орын 
алған болатын.  


89 
 
Австрия  енді  конституциялық  эксперименттер  жолына  түсті.  Алайда 
1860  жəне  1861  жылдары  жарияланған  конституция  жобалары  («Қазан 
дипломы»,  «Ақпан  патенті»)  тым  ұстамды  болғандықтан  либералды 
буржуазияны  қанағаттандырмады.  Олар  Венгрияда  да  наразылық  туғызған 
болатын.  Ұстамды  саясаткер  Ференц  Деактың  басшылығындағы  венгр 
дворяндығы  «енжар  қарсылықты»  жариялап,  1848  жылғы  Конституцияны 
қайта  орнатуды  талап  етіп,  австриялық  биліктермен  ынтымақтасудан  бас  
тартты.  Австрияны  Германиядан  мəңгілікке  шығуға  мəжбүр  еткен  1866 
жылғы  австро-прусс  соғысынан  кейін  əулет  Деак  орнатқан  ұсыныстар 
негізінде  венгр  оппозициясымен  келіссөздер  жүргізуге  тура  келді.  1867 
жылдың  ақпанында  империяны  ішкі  істерде  дербес  екі  мемлекеті  бар 
дуалистік  Австро-Венгр  монархияға  айналдырған  австро-венгр  келісімі 
жасалды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет