Ғарыш әлеміне саяхат (Кластан тыс шара, 7D сыныбы) Шарипов Самат Уримбасарович физика пәнінің мұғалімі



Дата31.01.2018
өлшемі330,75 Kb.
Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ғарыш әлеміне саяхат

(Кластан тыс шара, 7D сыныбы)

Шарипов Самат Уримбасарович

физика пәнінің мұғалімі

«Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: оқушылардың физика сабағынан алған білімдерін тиянақтау, теория мен күнделікт іөмірдің байланыс бірлігін көрсету; оқушылардың физикаға деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Жургізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !


Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ғарыш әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
Бүгінгі кешіміз 7 D сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізіледі. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазді анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Енді сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.



  1. Таныстыру. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)

  2. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

  3. «Бұл фокус емес, бұл – Физика!» (Тәжірибе)

  4. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын ашу)

  5. Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты айту.)

  6. «Ойланайық, ойлайық!» (Логикалық есептер)

  7. “Тіл - өнер”

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көресіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер

– деп, әділқазы алқаларымен таныстыру


  1. Таныстыру.

Ал, қанекей сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық, - деп сөз кезегін әр топқа береміз. Жоғары ұпай – 10.


Енді ортаға сайысқа қатысушы екі топты таныстырып өтейін. «Архимед» және «Торричелли» топтарын қошеметпен қол соғып қарсы алайық!

Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.


«Архимед» тобының таныстыруы
Армысыздар, жинаған барша қауым,

Амандасу ежелші ата-салтым.

«Архимед» деп аталған тобымызға

Ғалымдардың игілі жолын берсін.

Сұйыққа батырылған денелерді

Кері итерген күшті де анықтаған.

Архимедтің ғұлама қасиеті.

Ұраны:

Біз Архимед ұландар

Биіктеп ұшқан қырандар.

Алға қарай самғаймыз,

Қиындыққа шыдаймыз!
«Торричелли» тобының таныстыруы
Тобымыз «Торричелли» деп аталады,

Физикадан бар ғылым басталады.

Торричелли салып кеткен көп ілімдер,

Атмосфералық қысымға жол салады.

Білімді сынға салып ақ үмітпен,

Сайысқа шығып тұрмыз тобымызбен.

Бүгінгі қатысушы жүйріктерге,

Тілейміз сәтті қадам жұбымыздан.


Ұраны: Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күнгі ойында біз биікті аламыз.


  1. Өз білімімді көрсетемін биіктен,

Керек десең озып кетермін жүйріктен

Қиын болсын мейлі оңай десе де,

Жаңылмаспын сұрақтарды шешуден,

– демекші келесі «Жорға» атты кезеңімізді бастайық. «Жорға» әні шырқалады. Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.



«Архимед» тобына сұрақ

  1. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 Н/кг)

  2. «Маған Жердің тіреу нүктесін тауып берсеңіз, мен Жерді де көтере аламын»деп айқан кім? (Архимед)

  3. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі (Лайка 3 ноябрь 1957ж.)

  4. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (ғарышқа ең алғашқы адам Гагарин ұшты)

  5. Ауаның қысымын анықтайтын құрал (барометр)

  6. Табиғат жайындағы ілім (Физика)

  7. Қозғалысқа қарсы әрекет ететін күш (үйкеліс күші)

  8. Күшті өлшейтін құрал (динамометр)

  9. Зат құралатын бөлшек (Молекула)

  10. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)


«Торричелли» тобына сұрақ

  1. Дененің көлем бірлігінде массасын анықтайтын физикалық шама (тығыздық)

  2. Қысым айырымын өлшейтін құрал (монометр)

  3. Аспан денлері туралы ғылым (Астрономия)

  4. Дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі (деформация)

  5. 1т алюминий ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)

  6. Бір зат молекулаларының екінші зат молекула аралықтарына ену құбылысы (диффузия)

  7. Ауаның салмағын, атмосфералық қысымды есептеген ғалым (Торричелли)

  8. Дәлелденген формуласы бар, физик, астроном, өзінің ашқан жаңалығына шаттанып, «Эврика», «Эврика» деп айқайлаған ғалым. (Архимед)

  9. Дененің жұмыс жасау қабілетін сипаттайтын шама.(энергия)

  10. Кинетикалық энергия бұл...(қозғалыс энергиясы)


ІІІ – кезең. «Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.
Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі. Қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)

Суға салынған қағаз қыстырғыштарды колымызды суға салмай қалай алуға болады?



IV – кезең. Капитандар сайысы.
2 – капитанға 2 әннің мәтіні немесt әуені беріледі.
Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.

Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)

Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын…(Жұлдызды аспан)
V – кезең. Пантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, топ мүшелері оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.

Деформация (созылу, иілу, бұралу).

Иіндік

VI.«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (Логикалық есептер)


  1. Бір жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?




  1. Тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?




  1. Қос ат 40 км жол жүрді.Әрбір ат неше км жол жүреді?




  1. Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)

  2. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

  3. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))



VII. «Тіл-өнер» сайысы
Бұл сайыста оқушыларға жұмбақтар беріледі. Жауабын дұрыс тапса, қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айтулары керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады.

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр мойнында. (Сызғыш, линейка, ruler)
2.Сипаттайды жұмысты

Тындырады көп істі

Ол көп болса ширақсың

Кімдер әлсіз, кім күшті? (Қуат, мощность, power)

3.Жылдамдықты өзгертеді

Қозғалысты тездетеді

Қарсы шықса қозғалысқа

Тоқтарына көз жетеді. (Күш, сила, force)

4.Күш көбейсе артады

Ауадан артқа тартады

Жүзі жұқа үшкір зат

Одан бірақ қорқады. (Қысым,давление, pressure)

5.Өмірде өлмейді, ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды, тетігін бұрамай. (Сағат, часы, watch)

6.Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Керек қып пайдаланар барлық халық. (Кітап, книга, book)

7.Адам емес тілі бар,

Әрбір үйден табылар.

Үй емес жалғыз тұрағы,

Көшеде де тұрады. ( Радио, радио, radio)

8.Кіп-кішкентай қарашы,

Тұрған жері тамаша.

Бірақ сәтте жер-көкті,

Алады шарлап қараса. (Көз, глаза, eye)

9.Көл көрдім, өзен көрдім,

Сулары жоқ тереңдейтін.

Жер көрдім, қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін. (Карта, карта, map)

10.Бірдей көлемдегі масса, кейде

Аз да кейде көп

Делінеді бұл шама

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық, плотность, density)



Қорытынды

Қазылар орнықтырар әділдікті


Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

– дей келе ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


Жеңген топты марапаттау. Қорытындылау.
Жүргізуші:

Физика – табиғаттың тілі екен ғой,


Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Сондықтан табиғаттың сыры терең,
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем!


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет