Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді


- сурет. Нивелирлеудің осьтік құрылысы



бет16/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
геод

39- сурет. Нивелирлеудің осьтік құрылысы.

Дөңгелек деңгейді тексеру. Дөңгелек деңгейдің осі нивелирдің айналу осіне параллель болуы тиіс. Көтергіш үш винт арқылы дөңгелек деңгей үлбіреулігі ортасына келтіріледі.
Одан кейін нивелир дүрбісін 1800-қа бұрады да, көпіршіктің орнын тексереді. Егер көпіршік нөл пунктте қалса, онда жоғврғы тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, шарттың орындалмаған жағдайында дөңгелек ұстап тұрған үш түзеткіш бұрандалары арқылы ауытқудың жартысы түзетіледі. Ал қалған жартысы көтергіш бұрандалар әсеріменен түзетіледі.
Жіп торларын тексеру. Жіп торларының горизонталь штрихы нивелирдің айналу осіне перпендикуляр, ал вертикаль штрихы параллельді болуы тиіс. Екі штрихтың бір-біріне перпендикуляр болуына завод кепіл береді, сондықтан бұл ексеруді вертикаль штрихтың көмегімен жасаған дұрыс. Ол үшін нивелирден 20-25 м қашықтық жерге тіктеуіш (отвес) қойылады да, нивелирдің айналу осі тік бағытқа келтіріледі.
Егер дүрбіні тіктеуішке көздеген кезде вертикаль штрих тіктеуіш жібімен қабысып, оның бойымен өтетін болса, онда тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, бұл шарт орындалмаса, онда тордың түзету бұрандаларын босатып, диафрагманы жіптер торымен түзетеді.
Негізгі геометриялық шартты тексеру. Цилиндрлік деңгейдің осі көздеу осіне параллель болуы үшін бір жазықтықта жатуы керек.
Бұл тексеру екі рет нивелирлеу арқылы жүргізіледі, яғни бір қашықтықты екі рет «алға» нивелирлеу арқылы тексеріледі.
Қашықтығы 30-40 м жерге екі қазық А және В қағылып (40, a- сурет), А нүктесіне нивелир, ал В нүктесіне рейка орнатылады. Аспап биіктігі өлшеніп, рейкадан B1 есебі алынады. Егер көздеу осі VV мен деңгей осі vv параллель болмаса, онда B1 есебінің орнына есебі алынып, қате шамасы анықталады. Сонда В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктік өсімшесі мынаған тең болды:
(78)

40- сурет. Нивелирлеудің тексеруі.
Енді нивелир мен рейканың орнын алмастырып, қайтадан аспап биіктігі өлшенеді және А нүктесіне тұрған рейкадан есеп алынады (40, ә- сурет). Екі нүктенің арасы өзгеріссіз қалғандықтан есебіндегі қате шамасы тағы да Х тең болады, яғни:
(79)
(75) және (76) формулалардан х анықтайық:
(80)
Егер мм болса, түзету жүргізілмейді. Керісінше, 4 мм-ден асып кетсе, элевациондық бұранданың көмегімен тордың ортаңғы штрихын түзетілген есепке келтіріледі. Бұл жағдайда цилиндрлік деңгей көпіршігі нөл пункттен ауытқиды, яғни дүрбі ішіндегі көпіршіктің ұштасқан екі шеті алшақтайды. Көпіршіктің ауытқуы цилиндрлік деңгейдің түзеткіш бұрандалары арқылы қалпына келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет