7-лекция Жергілікті жердегі нүктелердің биіктіктерін немесе өсімшелерін анықтау мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді нивелирлеу деп атайды. Нивелирлеудің геометриялық, физикалық механикалық, стереофотограмметриялық деген бірнеше әдістері бар.
Геометриялық нивелирлеуде екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығы (биіктік өсімшесі) горизонталь нысналау сәулесінің көмегімен анықтауға негізделген. Мұнда дүрбісі горизонталь орналасқан нивелир деген аспап пен рейка қолданылады.
Тригонометриялық нивелирлеуде биіктік өсімшесін сол екі нүкте арасындағы қашықтық пен көлбеу бұрышты өлшеу арқылы анықтайды. Биіктік өсімшесін тригонометриялық формулаларды қолданып есептейді. Нивелирдеудің бұл әдісі көбіне тахеометриялық түсірісте тахеометр мен рейка қолданылады.
Физикалық нивелирлеу жергілікті жердегі нүкте биіктігі мен атмосфералық қысымға негізделген барометрлік және бір-бірімен жалғасқан екі ыдыстағы сұйық зат деңгейінің тең биіктікке негізделген гидростатикалық нивелирлеулер деген екі түрге бөлінеді.
Механикалық нивелирлеу велосипедке, автокөлікке орнатылған арнайы асаптар көмегімен жүргізіледі. Мұндай аспап жылжығанда, автоматты түрде жүрген жол мен нүктелердің биіктіктері бейнеленген профиль сызылады.
Стереофотограмметрялық нивелирлеу биіктік өсімшесін бір жердің екі қос фотосуреті арқылы анықтауға негізделген.
●Геометриялық нивелирленуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап пен рейкалар арқылы анықталады, нивелир горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі ақылы рейкадан есеп алуға негізделген. Геометриялық нивелирлеудің «ортадан» және «алға» нивелирлеу деген әдісі бар.
Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир-нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады (36, а- сурет).
Содан кейін А және В нүктелерінде тұрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің визир сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері «а» және «b» есептелініп алынады. Егерде А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы деп белгілесек, онда «а» рейкадан алынғанартқы есеп, «в» алдыңғы есеп болады. Содан В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктігінің айырмашылығы былайша анықталады: һ=a-b (71)
мұндағы h- биіктік өсімшесі.