Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет21/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
геод

13-лекция
Ғимараттар мен құрылыстарды түбегейлі қадалау Ғимараттар мен құрылыстың негізгі осьтерін жер бетіне қадалаудағы бастапқы берілімдер болып, көбінесе құрылыс торының қосындары алынады. Сондықтан далалық жұмыстардан басталмай-ақ, құрылыс алаңының тəсімдік планы салынып, оған: жақын маңдағы құрылыс торының қосынын немесе басқа да тірек қосындарын, қадаланбақшы ғимараттың негізгі жəне қосалқы осьтерін олардың бұрыштық координаталарымен, құрылыс торына дейінгі қашықтықтарымен, сонымен бірге ғимарат немесе құрылыстың өлшемдерін салады. Мысалы, ғимараттың негізгі осьтерін бекітетін I, II, III жəне IV нүктелерін тік бұрышты координаталар əдісімен, құрылыс торы қосындарынан бастап қадалау ыңғайлы (122-сурет). Сонда Dх жəне Dу қадалау элементтерін абсцисса жəне ордината осьтерінің айырмасы ретінде табады. I нүктесі үшін:

I нүктесін (А-А жəне I-I осьтерінің қиылысу нүктесі) жер бетіне түсіру үшін теодолитті құрылыс торының қосынына орнатады да, оны абсцисса осі бойынша бағдарлап, ∆х1 шамасын салады, сонда М нүктесі пайда болады. Осы М нүктесінен перпендикуляр түсіріп, ордината осінің бағытын анықтайды. М – I бағытымен ∆у1 салып, I нүктесін табады. Осыған ұқсас, жақын маңдағы құрылыс торы қосындарынан II, III жəне IV нүктелерін жер бетіне түсіруге болады. Өлшеу нəтижелерін тексеру үшін, ғимарат қабырғалары ның жəне диагональдарының теңдігін өлшейді. Тексеру қорытындысында жобалық ұзындық шамаларынан ±5 см аспауы керек. Тік бұрыштарында ±60// артық ауытқулары болмауы керек. Алдыңғы параграфта айтылғандай, жоғары дəлдікті өлшеулерге тұғырдан өлшеу арқылы қол жеткізуге болады.
Тұғырды қадалау жəне оған осьтерді түсіру Тұғырды қадалау. Салынып жатқан ғимараттың сыртқы контуры бойымен салынған арнаулы қоршауды тұғыр (обноска) дейді. Тұғыр арқылы сызықтық өлшеу ыңғайлы болғандықтан, жоғары дəлдікті өлшеуге қол жеткізуге болады, яғни осьтерді дəл салуға мүмкіндік береді (осьтер арасындағы алшақтық 1-2 мм). Тұғырды генпланның талаптарын ескере отырып, ғимараттың немесе құрылыстың осьтеріне параллель етіп орналастырады. Тұғыр сызықтарын ағаш діңгектермен бекітеді, мұнда діңгектер дің ешқайсысы ғимарат осьтерінің үстінен шықпауы керек, сонымен бірге жер қазу жұмыстарына кедергі болмағаны жөн. Діңгектерді орнатып болған соң, олардың сыртына көлденең, қалыңдығы 40-50 мм тақтай қағады. Тақтайлардың жоғары жиектері бір деңгейде, бір жазық жазықтықта болуы үшін, геометриялық нивелирлеу жұмысын жүргізеді. Тақтайдың жоғары жақ биіктігін жер бедеріне қарап адам жүруге, ал биіктік шамаларын құрылыс та қолдануға ыңғайлы етіп таңдайды. Автокөлік жəне жер қазу механизмдеріне кедергі болмас үшін тұғырдың үзік тұстары қарас тырылады. Көбінесе тұғыр сызығы үзілмеген, төртбұрыш ретінде салынады. Күрделі пішінді ғимараттардың төртбұрышты тұғырларына оның басқа да бөліктерін қоршап жалғастырады (123-сурет).
Тұрғын үйлерді салу тəжірибесінде тұғырдың жеке тұғыр (инвентарная обноска) деп аталатын түрі кеңінен тараған. Ол жерге 0,7 м тереңдікке қағылған іші қуыс металл жəкірден тұрады (125-сурет). Жəкір тұғырдың қатар сызықтарының үстіне аралары 3-4 м болып орналасады. Жəкірдің тесігіне металл діңгектер орнатылады да, оларға жазық құбыр штанганы бекітеді. Штанга бойымен муфта жылжып тұрады, яғни оны кез келген тұсында бекітуге болады. Жəкірді орналастыру кезінде, діңгектер ғимарат осьтерінің біріне дəл келмеуін қадағалап орнатады. Осьтердің тұғырдағы орналасуларын муфтаны жылжыту арқылы іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет