Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет22/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
геод

14-лекция
Жер бетіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамы Алдағы параграфтар ғимараттың жер асты бөліктерін геодезиялық іспен қамтамасыз ету əдістеріне арналған. Ал бұл тараудағы жұмыс, құрылыс осьтерін жəне биіктік шамаларын салынбақшы құрылыс фундаментінің үстіне шығарумен аяқталады. Геометриялық нивелирлеу арқылы ғимараттың тік тұрғы зылатын бөлігінің нөлдік деңгейі құрылады, бұл деңгей бірінші қабаттың «таза едендік» (чистого пола) деңгейі болып есептелмейді. Таза едендік деңгей ғимараттың тік тұрғызылатын бөлігінен жəне жер асты бөлігін жабу жазықтығынан біршама жоғары орналасады. Сондықтан шартты деңгей биіктігін нивелирмен шығарады, іс жүзінде оны бастапқы деңгей деп атайды да, оның үстіне пландық қадалау торы құрылады. Бұл тордың қосындары ғимаратты тұрғызу кезінде монтаждау қабатына координаталар беру үшін, тірек қосындары ретінде пайдалынылады. Монтаждау қабаты деп монтаждалмақшы құрылым элементтерінің төменгі жақ табанындағы шартты жазықтықты атайды. Пландық тірек қадалау торы тек қана жер асты қабатының төбесінде ғана емес, фундамент блоктарында немесе оның бетондалған тұстарында да құрыла береді. Жер үсті құрылысмонтаждау құрамына келесі негізгі жұмыстар кіреді: - тастан қалау немесе сыртқы жəне ішкі қабырғаларды терезелерін, балкондарын, санитарлық-техникалық, желдет кіш терін жəне есік жақтауларын тұрғыза монтаждау; - қабатаралық төбесін жабу, арасын бөлу, баспалдақтарды салу, сонымен бірге шатырдың, төбесінің құрама элементтерін монтаждау; - лифттерді, санитарлық-техникалық бөліктерді жəне жабдықтарды, қоқыс шығарғышты, газ құбырын, ішкі сумен қамтамасыз ету құбырларын, канализацяны жəне арнаулы істерге арналған құбырларды монтаждау;
- электр сымдарын, төменгі вольтті, радио жəне теле желілерін монтаждау; - ақтап, əрлеу жұмыстары; - территорияны жерұйықтау, уақытша салынған құрылымдарды, жабдықтарды құрылыс машиналарын бұзу, жинау. Ғимараттың қабырғасын көтеру, жер асты бөлігін салудың жалғасы болып саналғанмен, жұмысты бастамас бұрын, негізгі құрылыс осьтерін бекітетін геодезиялық қосындардың сақталуын жəне құрылыс алаңының ішінде орналасқан, ғимараттың жəне құрылымның қабырғасында, фундаментінде жұмыс реперлерінің жағдайын тексеріп, дұрыс сақталғанына көз жеткізеді. § 16.2 Құрылыс нормалары жəне ережелері. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстардың ережелері Құрылыс нормалары жəне ережелері іс жүзінде құрылыс салуда жəне жобалауда тексеріліп, қолдануға əбден болатын, бұлжытпай орындалатын норма жəне ереже талаптарынан тұрады. Олар алдыңғы тəжірибелі құрылыс техникаларын енгі зуге, құрылысты ұйымдастыру жəне механикаландыруға, құрылыс сапасын арттыруға жəне құрылыс өндірісін жобалауда, прогрессивті нормаларды енгізу арқылы бағасын төмендетуге, пəрменді құрылыс материалдарын қолдануға, сонымен бірге неғұрлым зауытта жасалған құрама элементтер мен конструкцияларды пайдалануға бағытталған. Бірақ құрылыстағы геодезияның сұрақтары бүгінгі күнге дейін, «Құрылыс нормалары жəне ережелерінде» кеңінен көрсетілмеген. Бұл кемшілікті кейіннен шыққан СНиП толықтыра алады, дегенмен бұл шығармашылықта да геодезиялық жұмыстардың түбегейлі қаралмағанын байқауға болады. «Құрылыс нормалары жəне ережелері» мəтініне кіретіндер: жалпы түсінік; құрылыс үшін геодезиялық қадалау негізі; құрылыс салу кездеріндегі геодезиялық қадалау жұмыстары; құрылысмонтаждау жұмыстарының дəлдіктерін тексеру; ғимараттардың жəне құрылымдардың отыруын, жылжуын геодезиялық бақылау.

Ескертулер: 


1. Геодезиялық қадалау негіздеріндегі базисті құру дəлдігі арнаулы есептеулермен анықталады. 
2. Кейбір участоктерде, сол нысан үшін (мысалы, құрылыстық өндірістік базалары) өлшеу жəне құру дəлдіктері берілмеген болса, онда төменгі дəлдікті класс шамасын қолдана беруге болады. 
3. Құрылыс нысанында геодезиялық қадалау негіздерін құруды қандай дəлдік класына жатқызу керек екендігін геодезиялық жұмыстарды жүргізу жобасынан қарап анықтау болады.
Геодезиялық қадалау негізін құру жəне ғимараттар мен құрылыстардың отыруын, жылжуын тапсырма беруші атқарады. Сондықтан аталған геодезиялық жұмыстар, құрылыс өндірісінің айырыламас бір бөлігі болып есептелмейтіндіктен толық қарал майды. Геодезиялық қадалау негізінің шектік шамалары 3.4-кестеде берілген. Құрылыс салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар-геодезиялық негізгі тірек қосындарынан жер бетіне (құрылыс алаңына) ғимарат жəне құрылыс элеменеттерінің пландық жəне биіктік орналасу жағдайларын анықтайтын осьтерді жəне биіктік шамаларын беру болып есептеледі. 3.5-кестеде қадалау жұмыстарындағы шектік шамалар берілген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының дəлдігін геодезиялық тексеру дегеніміз – аспаптар жəне құрал-жабдықтардың көмегімен ғимараттар мен құрылымдардың нақтылы пландық жəне биіктік шамаларының жұмыс сызбаларымен дəл келуін тексеру. Мұнда өлшеу қатесі, шектік қатеден 0,3 шамадан аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет