Ғылыми техникалық ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар:
Сандық және сапалық толықтық
Маңыздылық
Дәлдік және шынайылық
Пайдалылық (шешім қабылдауға шығынды азайтады)
Орташа тығыздық, яғни ақпараттың саны пайдалы және жалпы мәліметтер аралас болуы керек
Қолжетімді және қабылдануы оңай.
Ақпараттың негізгі жіктелуі:
Тасымалдаушы бойынша (электрондық, заттық және т.б.);
Қозғалу бағыттары бойынша (кіріс және шығыс);
Дереккөз бойынша (сыртқы және ішкі);
Мазмұны бойынша (экономикалық, құқықтық, техникалық және басқа);
Қолдану спектрлеріне қарай (бірмақсатты-бір проблеманы шешуге, көпмақсатты-бірнеше проблеманы шешуге);
Қолдануына байланысты:
оперативтік ақпарат мекеме қызметін түзету үшін;
есептік ақпарат сараптама үшін (статистикалық, белгілі формада стандарттар уақыт аралығында жиналады, статистикалық емес болып бөлінеді).
Сақталу және бекіту мүмкіншіліктеріне қарай:
ақпарат тасымалдаушыда бекіту (шексіз уақытта сақталады, бүлінбеген, айғағы ежелгі тастағы жазулар мен суреттер);
бекітілмеген ақпараттар (адамдардың есінде ұзақ уақыт сақталады, біріншіден өзгеріп жойылады).
Қолдануға дайындығы бойынша:
алғашқы ақпарат жүйеленбеген мәліметтердің дереккөздерден алынуы;
аралық ақпарат, алғашқы өңдеуден өтіп, жүйелендірілген, белгілі бағыттардағы сұрақтар мен оның шешу жолдарын көрсететін мәліметтер;
соңғы ақпарат басқару шешімдерін кепілдендіруге мүмкіншілік береді.
Маңыздылық дәрежсіне қарай:
Толықтығына қарай:
жарым-жартылай ақпарат басқа ақпаратқа қосылып қолданады;
комплекстік ақпарат кез-келген шешімді объективті шешуде толық мәлімет қолданылады.
Арналуы бойынша:
жан-жақты қамтылған барлық проблемаларды шешуге керекті ақпарат;
функциялық;
жетекшілендірілген – нақты проблемаларды шешуге.
Қажеттілік мінездемесі:
тұрақты ақпарат өзгертілмеген формада ұзақ уақытта (құқықтық актілер) берік тасымалдаушыда сақталады;
өзгермелі ақпарат қысқа мерзімде 1 рет қолданылады.
Сенімділік дәрежесі бойынша:
растайтын ақпарат (шындық дәрежесі 80-100%);
мүмкіндік (шындық дәрежесі 80% кем емес);
жалған ақпарат.
Тарату әдістері бойынша (ауызша, жазбаша, аралас ақпарат). Тарату әдістері әртүрлі психологиялық әсер етеді, мысалы ауызша ақпарат, жазбашадан әсерлі.
Ұйымдастыру дәрежесіне қарай:
жүйелендірілген ақпарат (құрамы, көрсеткіші, уақыты, ұзақтығы, формалары);
жүйеленбеген.
Шығарылу әдістері: визуалдық, аудивизуалдық, аудиақпараттық.
Ашықтық дәрежесіне қарай, яғни әртүрлі категориядағы қолданғыштар:
ашық – барлығына арналған;
конфиденциалдық – жоғары бағалы дәрежеде;
құпиялы – яғни аса маңызды мәліметтер, ұйымдардың өмірлік жағдайына байланысты.
Көрсетілу нәтижелеріне байланысты:
бірреттік жазылу немесе сұраныс;
берілген уақыт аралығында;
жіберушінің ынтасына қарай.
Басқару процестері, ұйымдардың кең ақпараттарының қолданылуының стратегиясынсыз мүмкін емес. Бұл ақпарат сыртқы және ішкі дереккөздерден алынған мәліметтерден-құжаттардан (жалпы, қызметтік немесе мамандандырылған) ауызша байланыстардан (интервью, сұқбаттар, баяндамалар).
Ақпарат жинаудың әсерлілігі ғылыми деректерге, жүйелендірілген объективті, нақты қорытындыларға байланысты. Сонымен қатар әртүрлі деректерге сүйеніп, сараптамаларға сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |