4.Иллюстрациялық материалдар: презентация
Әдебиет:
Қорытынды сұрақтар:
Ғылыми-техникалық ақпараттар туралы түсінік.
Басқару ақпараттарының қажеттілігінің негіздері.
Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері.
Ғылыми-техникалық ақпараттарға қойылатын талаптар.
Ақпараттардың классификациясы.
1. Тақырыбы №2. Фармацевтикалық ақпарат жүйелері
2. Мақсаты: студенттерге фармацевтикалық ақпарат туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері:
Ақпараттық жүйелер дегеніміз – технологиялық үрдістердің техникалық бағдарламасы мен басқа қосымша нысандардың ұйымдастырылған құрамдастары және ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыруда белгіленген тақырып аумағында мәліметтерді іздеп, жинап, ақпараттық ресурстарды шығаруда қызметкерлер топтарының функционалдық істері. Ақпараттық жүйелер - өнеркәсіптердің индустриалдық дамуында ақпараттық технологиялардың әр түрлі салаларында ақпараттық мәселелерді шешудің негізгі құралдардың нысандары болып табылады.
Ақпараттық жүйелердің құрылымы
Ақпараттық жүйенің құрамында 3 бағытты белгілеуге болады:
Ұйымдастыру-технологиялық – ақпараттық жүйелердің ақпараттармен қамтылуын, ақпараттардың дереккөздер құрылымын, ұйымдастыру технологиялық тізбектерін, жүйеде ақпараттың толтырылып және терілуін қарастырады. Ақпараттың жиналу жүйесі дұрыс ұйымдастырылмаса, ақпараттық жүйенің жалпы іс-әрекеттерінің сапасы төмендейді.
Таныстыру бағыты – ақпараттық жүйенің негізі болып ақпаратты өңдеу, яғни құрыстырушылардың ақпаратты көрсете білуі мен белгіленген аумақта құрылымдардың жүйелерінің абоненттердің мәліметтерді құрастыру. Ақпараттық жүйелердің таныстыру бағыты –ақпаратты өңдеуде бірден-бір күрделісі болып саналады.
Нормативті-функционалдық бағыт – бұл ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаттарына жету үшін жоспарлардың орындалуына әсер етуге, ақпаратты қолданатын абоненттерді анықтайды.
Ізденіс жүйелерінің негізін көрсеткіштер базасы – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, сипаттамасының жалпы принциптерінің құрылымдарын, сақтауды, көрсеткіштерді өзгерту, тәжірибе бағдарламалары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |