Амброксол препаратының әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жағымсыз реакциялар. Амброксол гидрохлориді - бронхосекретолитикалық, секретомоторлық (қақырық түсіретін) әсері бар муколитикалық дәрі. Сурфактанттың түзілуін көтермелейді, өзгерген бронх-өкпе сөлінісін қалпына келтіреді, қақырықтың реологиялық көрсеткішін жақсартады, оның тұтқырлығын және жабысқақтық қасиетін азайтады, мукоцилиарлық тасымалдануын арттырады, бронхтан қақырықтың шығуын жеңілдетеді.
Қолданылуы
Бронхиальді секрецияның бұзылуы және қақырықтың түсуімен байланысты жедел және созылмалы бронхопульмональді аурулар кезіндегі секретолитикалық емде
-жүрек айну, құсу, диарея, іш қату, гастралгия, эпигастрий аймағындағы жайсыздық, аздап қыжылдау сезімдері
- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, есекжем, жекелеген жағдайларда - жанаспалы дерматит, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, өте сиректері зақымданулары (Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромы) жөнінде мәлімделген
басқалары: әлсіздік, бас ауыру, дизурия, ринорея.
34) Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруын негізгі белгілері мен синдромдары, диагностикалау және фармакотерапия әдістері. Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады. Ойық жара ауруы кезiндегi ауыру сезімі тағам қабылдауымен тығыз байланысты. Асқазанның субкардиалды ойық жарасында тамақ iшiсiмен ауырады, ойық жара асқазан денесiнде болса - тағам қабылдаған соң 30-60 минуттан кейiн пайда болады. Ұлтабардың ойық жарасында - тамақтан соң 2-З сағаттан кейiн, түнде, аш қарынға пайда болган ауыру сезiмi тән. Ауыру сезiмi холинолитиктердi, спазмолитиктердi антацидтердi қабылдағанда, жылумен емдеген кезде бәсендейді.
Диспепсиялық шағымдар – жүрек қыжылдауы мен жүрек айнуы, кекіру, құсу ,нәжістің қатуы ойық жара ауруында жиi кездеседі. Науқас адамдар қатты жүдеуi мүмкін, себебi олар ауыру сезiмiн болдырмас үшін тағам қабылдаудан бас тартады.
Жоғарыда айтылған белгiлер ойық жара ауруы бар барлық науқастарда бiрдей анықталмайды. Кей жағдайларда ауыру сезiмi бiлiнбей, ол тек қана асқыну кезiнде табылуы мүмкін. Ойық жара ауруы бар болса, iштi пальпация жасаған кезде құрсақтың алдыңғы бұлшықеттерінің ауруы және резистенттiлiгi анықталуы мүмкін. Осы тұста перкуссия кезiнде шектелген ауыру аймағы анықталуын "оң " Мендель симптомы деп атайды.
Зертханалық көрсеткiштер өзгермеуі мүмкін, анық немесе жасырын қан кету шағыңда анемия байқалады. Нәжістегі жасырын қанды анықтау (Грегерсон, Вебер реакциялары) ауруды табyға көмектеседi. Асқазанның қышқыл түзгiш кызметі ұлтабардың ойық жарасында көтерiңкi деңгейді көрсетсе, асқазан ойық жараларында калыпты немесе төмендеген керсеткiштер бередi.
Эндоскопиялық зерттеу арқылы ойық жараның бар-жоғын, оның орналасқан жерiн, пiшiнiн, тереңдігін, көлемiн, жан-жағындағы және түбiндегi тіндердің жағдайын анықтауға болады. Рентген әдiсi эндоскопиялық зерттеудi толықтырып, оны қосымша дәлелдейтін белгiлердi (бұлшықеттердің циркулярлы жиырылуы, ойық тұсындағы жиырылымдардың конвергенциясы, т.б.) анықтайды.
Диагнозды анамнез, тексеру нәтижесінде, клиникасына, дифференциалды диагностика, зертханалық және инструментальды зерттеу нәтижесіне негізделіп қойылады.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (Er, Hb, L, лейкоформула, СОЭ).
2. Жалпы зəр анализі.
3. Қырынды.
4. Копрограмма.
5. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
6. Эзофагогастродуоденоскопия.
7. Биоптатты гистологиялық зерттеу.
8. АІЖ жоғарғы бөлімдерінің тəуліктік рН-метриясы (енгізуді қажет етеді).
9. H.pylori нақтамасы (тыныс алу тесті, нəжістегі HpSA, НР-ҒА IgG анықтау, уреазды тест, 1 браш-цитология).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокардиография.
2. Диастазды анықтау.
3. Электроэнцефалография.
4. Реоэнцефалография.
5. Асқазан сөлін зерттеу.
6. Сарысулық Fe анықтау.
7. Невропатолог кеңесі.
8. АІЖ жоғарғы бөлімдерін бариймен рентгенологиялық зерттеу.