Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі



бет45/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Метилксантиндер.
Теофиллин препараттары әсер ету ұзақтығына қарай бөлінеді:

  1. қысқа әсер ететін препараттар-эуфиллин( жай таблеткалар, енгізуге арналған ерітінді), әсер ету ұзақтығы 4-8 сағат;

  2. ұзақ әсер ететін препараттар (ретардтық таблеткалар, капсулалар) – теопэк, теотард және т.б. әсер ету ұзақтығы 12-24 сағат болып есептеледі.

31) Бронхиттің негізгі белгілер мен синдромдары. Қақырық түсіруші дәрілік заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жағымсыз реакциялар.
Бронхит дегеніміз— бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.
Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококкстрептококк, т.б. микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмаукөкжөтелқызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді. Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады. Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаңулы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік гимнастика жүргізіледі. Науқас C витаминіне және белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет