Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы (ХОБЛ) - өкпе паренхимасының, тыныс жолдарының дисталды бөлімінің зақымдалуымен және эмфиземаның дамуымен жүретін созылмалы қабыну ауруы, бейспецификалық персистирлеуші қабыну реакциясымен туатын жартылай немесе толық қайтымсыз бронх обструкциясының дамуымен ауа ағымының шектелуімен сипатталады.
Негізгі белгілері: -тыныш қалыптағы немесе физикалық күш түсу кезіндегі ентікпе;
-тітіркендіргіш ықпалдардан ентікпенің күшеюі;
-булықтырып қиналдыратын қақырықсыз жөтел;
-тыныс шығарудың ұзаруы, әсіресе демді күштеп шығарған кезде;
-тыныс шығарудағы ысқырықты сырылдар;
-өкпенің обструкциялық эмфиземасының белгілері.
-Мұрын ауыз цианозы және т.б.
Клиникалық белгілері:
1) Бронх обструкциясы:Экспираторлы ентігу; дем шығару қиындауы мен ұзаруы;
Дистационды сырылдар;локализациясын ауыстыратын, жөтелден кейін жоғалатын құрғақ сырылдар;пирография кезінде дем шығару ұзарады;ОФВ1 азаюы.
2) Гиперинфляция:бөшкетәрізді кеуде қуысы;абырға аралықтарының кеңеюі;
бұғана үсті ойықтар тегістелуі;қораптық дыбыс;тыныс экскурсиясы азаюы;везикулярлы тыныс әлсіреуі;рентгенде өкпе тінінің мөлдірлігі, диафрагма куполы төмен орналасуы;КТ – эмфизематозды ошақ орны анықталады.
3)Тыныс жетіспеушілігі:ентігу;тахипноэ;цианоз;екіншілік эритроцитоз;гипоксемия, гиперкапния, газдық ацидоз.
4) Өкпелік жүрек:өкпе артериясы үстінен 2 тон акценті;мойын веналары кеңеюі;эпигастралды пульсация.
Асқынулары: жедел немесе созылмалы тыныс жеткіліксіздігі, өкпелік гипертензия, өкпелік жүрек, екіншілік полицитемия, жүрек жеткіліксіздігі, пневмония, спонтанды пневмоторакс, пневмомедиастенум.
Фармакотерапиясы:
Симпатомиметиктер (адреностимуляторлар) а) β1, β2-адренорецепторлардың селективті емес стимуляторлары-изопреналин, орципреналин;
б) β2-адренорецепторлардың селективті стимуляторлары:
- қысқа әсер ететін: сальбутамол, фенотерол;
– ұзақ әсер ететін-сальметерол, формотерол.
Симпатомиметиктер тобының препараттарын клиникалық қолдану олардың эффект даму жылдамдығын анықтайтын фармакокинетикалық көрсеткіштерінің ерекшелігімен анықталады. Қысқа әсер ететін препараттар (сальбутамол, фенотерол) бронх демікпесінің ұстамасын тоқтату үшін қолданылады, өйткені олардың әсерінің басталуы-1-3 минуттан кейін, ал әсердің максимумы – 30 минуттан кейін.
Бронхолитикалық препараттар топтарға бөлінеді: симпатомиметиктер (адреностимуляторлар); М-холинолитиктер; теофиллин препараттары (метилксантиндер); аралас препараттар.
Ұзақ әсер ететін симпатомиметиктердің екеуі де (сальметерол, формотерол) фармакологиялық әсер ету ұзақтығы 10-12 сағатқа дейін, сондықтан науқастарда бронх обструкциясын жою мақсатында тұрақты қабылдау үшін қолданылады.