Фазалар тепе-тењдігі


Қатты ерітінді түзетін екі компоненттің жүйелердің балқу диаграммасы



бет13/18
Дата05.06.2023
өлшемі2,29 Mb.
#178239
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Лекции № 11-13 Гетерогенді тепе-теңдік термо-сы

Қатты ерітінді түзетін екі компоненттің жүйелердің балқу диаграммасы

Қатты ерітінділер және олардың жіктелуі. Кейбір заттардың қоспаларын қыздырып балқытып, балқыманы суытқан кезде бастапқы заттар таза күйінде кристалға түспей, біртекті (гомогенді) қатты қоспа түрінде кримсталданады. Заттардың осындай гомогенді қатты қоспаларын қатты ерітінділер деп атайды. Мұндай заттар сұйық күйде бір-бірінде еруімен қатар қатты күйде де ериді. Қатты ерітінділер табиғатты өте көп таралған. Жер және тау жыныстарында болатын минералдар (дала шпаты, т.б.), сонымен қатар көптеген металдардың қорытпалары қатты ерітінділер болып табылады. Қатты ерітінді күйіндегі құймалар өте берік, қатты болады. Металдардың мұндай қасиеттері практикада өте қажет қасиет.


Қатты ерітінділер туралы ұғымды ғылымға 19 ғ,асырдың аяғында Вант-Гофф енгізген. Рентгеноструктуралық аналимздің көрсетуі бойынша қатты ерітінділер екі түрлі жолмен түзіледі: орнын басу және ену жолдары. Бір заттың атомдары екінші заттың кристалдық торының түйіндеріндегі аитомдарын алмастырып, олардың орнын басады (40-сурет, а). Немесе бір заттың атомдары екінші заттың кристалдық торына енуі нәтижесінде қатты ерітінділер түзіледі (40-сурет, б). Егер атомдарының көлемдері бірдей болса ондай металдар (не басқа заттар) орнын басу жолымен бір-бірімен қатты ерітінді түзеді. Ал атомдарының көлемдері әр түрлі заттардың қатты ерітінділері ену жолымен түзіледі (көлемі кіші атомдар үлкен атомдардың кристалдық торына енеді). Мысалы, көптеген газдардың металдармен түзетін қатты ерітінділері осы ену жолымен жасалады. Қатты ерітінділердің құрамы тұрақты емес, олар айнымалы (өзгермелі) құрамды фазаға жатады, яғни олардың құрамы өзгергенмен, біртектілігі бұзылмайды.



40-сурет
Заттар бір-бірінде қатты күйде әр түрлі мөлшерде ериді. Олар өзара шекті (аздап), немесе шексіз (толық) еруі мүмкін. Шекті еритін заттардың қатты ерітінділері ену жолымен түзіледі. Бұл кезде бір компоненттің және екінші компоненттегі қаныққан ерітіндісі түзіліп, жүйеде қатты ерітінділердің үзікті қатары пайда болады. Ал бір-бірінде шексіз еритін компоненттердің қатты ерітінділері орнын басу жолымен түзіледі де, қатты ерітінділердің үзіксіз қатары пайда болады.
Сұйықтардың өзара ерігіштігі сияқты, қатты заттардың ьір-бірінде ерігіштігі де сыртқы факторларға, оның ішінде температураға байланысты. Әдетте температура төмендегенде ерігіштік азайып қатты ерітінді екі қаныққан ерітіндіге (бірінші компоненттің екіншісіндегі және екінші компоненттің біріншідегі ерітіндісінде) бөлінеді. Бұл құбылысты қатты ерітінді тұтастығының бұзылуы, немесе қатты ерітіндінің үзікті қатарының түзілуі дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет