ПОСТДЕМОКРАТИЯ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИАБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ РӚЛІ: К. КРАУЧ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ САЯСИ ШЫНДЫҚТАР
Мҧқашев Серікқали
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің Ph.D докторанты
XXI ғасырдың бас кезі саяси ҥдерісте БАҚ-тың (баспалық және электронды) қарқынды дамуымен сипатталады. Сӛз тек дамыған постиндустриалды мемлекеттер жайлы ғана емес, сонымен қатар дағдарыстан кейінгі иерархиялдық әлемде ӛз орнын лайықты табуды кӛздеген дамушы мемлекеттер жайында да болып отыр. БАҚ халықтың саяси мәдениетінің қалыптасуында, сайлау ҥдерістерінде, сайлаушылардың электоратты әдебінің қалыптасуына айтарлықтай, тіпті, теңдесі жоқ қызмет атқаратын болады.
Бҥгінде онсыз заманауи демократияны елестету мҥмкін болмай отырған БАҚ-ты «тӛртінші билік» деп атау сәнге айналды. Алайда, бҧл тҧжырым шындыққа сәйкес пе? Іс жҥзінде заманауи БАҚ қоғамның саяси жҥйесінде демократиялық бастамаларды нығайта ала ма? БАҚ-тың ӛзі демократиялы ма? Танымал британдық әлеуметтанушы Колин Краучтың 2004 жылы енгізген «постдемократия» ҧғымы бҧл тҧрғыда ӛзекті болып есептеледі [1].
«Постдемократия» ұғымының мәні. ХХІ ғасырдың басында демократия парадокс кҥйінде болғанын К. Крауч толығымен әділ де дәлелді атап ӛткен. Бір жағынан алғанда, осы ҧғым ӛз басынан әлемдік-тарихи дамуын ӛткізіп жатыр. Қазіргі кҥні Испания, Португалия, посткеңестік мемлекеттер, Оңтҥстік-Шығыс Азия елдері, Оңтҥстік Африка және Латын Америка елдері қағаз жҥзінде азды-кӛпті болса да еркін және әділ сайлауға кӛшті деуге негіз бар. Осындай демократиялық жҥйесі бар мемлекеттер, бҧдан бҧрынғыларға қарағанда, бҥгінде біршама (88 - 2004 ж.) [2].
Басқа жағынан алғанда, дамыған постиндустриалды мемлекеттердегі (АҚШ, Жапония, Батыс Европа елдері) демократияға қатысты жағдайлар мәз емес. Мәселен, 2000 жылғы АҚШ-та ӛткен президент сайлауы кезінде Флорида штатындағы дауыс беруде кӛптеген бҧрмалаушылық орын алғандығына қарамастан, нәтижесінде штат губернаторының бауыры, кіші-Дж. Буш сайлауда жеңіске жеткендігін еске тҥсірсек те жеткілікті. Осыдан кейін афро-американдықтардың ара-тҧра бас кӛтергендері болмаса, елдегі демократиялық ҥдерістердің бҧрмалануына қатты қарсылық білдіргендер кӛп бола қойған жоқ. К. Краучтың сӛзіне қарағанда, кӛпшілік қауымға сайлаудың қорытындысының қандай болатындығы маңызды болмаған. Олар ҥшін маңыздысы - қор биржасындағы сенімділікті қалпына келтіру және дәл осы мәселе кӛпшіліктің шын мәніндегі шешімінен маңыздырақ болды деген [3].
К. Краучтың пікірінше, қарапайым халық қоғамдық ӛмірде орын алып отырған тҥрлі маңызды шараларға атсалысып, тҥрлі ҧйымдарда ӛтетін басқосуларда ӛз пікірлерін еркін білдіре алған кезде ғана демократия жандана тҥседі. Ал егер мҧндай мҥмкіндіктер болмаған жағдайда, сӛз «постдемократия» жайлы болғаны. Мҧндай жағдайда сайлаудың қалай ӛтетіндігіне, ҥкіметтің ӛзгеру мҥмкіндігіне қарамастан, қоғамдық сайлауалды пікірсайыстар режиссерланған қойылымдар секілді, бәсекелес жақтардың басқаруымен қҧралған білікті топтардың арасында тартысты ойын сияқты болып ӛтіп жатады. Адамды сендіре алу техникасын жетік меңгерген олар ӛз бағдарламаларын белгілі бір проблемалар тӛңірегімен ғана шектеп, кӛзбояушылықпен айналысып кетеді.
Мҧндайда, азаматтардың басым кӛпшілігі сайлауға белсенді тҥрде атсалыспай, тек ӛздеріне ҧсынылған кандидатқа ғана енжарлықпен дауыс бере салады [4]. Бҧл қойылымдардың сыртында ҥкімет пен элита арасында ӛзара қарым-қатынас орнығады да, дауыс берушілердің кӛзіне тҥсе бермейтін саяси ойын жҥре бастайды. Осыдан кейін постдемократиялық жағдай қалыптасады және ол жетекші медиабірлестіктерден қолдау табады.
Осылайша, саясаткерлердің бҧқарамен тікелей араласпай, ӛз әлеміне оқшауланып кететін жҥйені постдемократия дейміз. Мҧндайда саясаткерлердің қоғаммен байланысы тек маркетингтік зерттеулер мен жарнамаға негізделген манипулятивті техниканың кӛмегімен ғана іске асып отырады [5].
К. Крауч саяси ҥдерістердің жалаң және біржақты дамуы себепті демократияның дәл қазіргідей әлсіздікке ҧшырауына оған тікелей әсер ететін медиабірлестіктер жауапты деген тҧжырымға келеді (бҧл, әсіресе, әлі жалғасып келе жатқан қаржылық экономикалық дағдарыс кезінде анық байқала бастады).
БАҚ-тардың коммерциялануы және медиакеңістіктің бірегейленуі. К. Крауч атап кӛрсеткендей, мәселен, баспасӛз, сондай-ақ, кӛбінесе радио мен телевидение қайырымдылық немесе білім беру секторларында болудың орнына қоғамның коммерциялық, яғни ақылы секторына кіреді [6]. Ал, бҧл дегеніңіз, жаңалықтар мен ӛзге де саяси маңызды хабарлар белгілі форматқа сәйкес нарықтағы тауар нарқымен басқарылып отырады. Ал егер медиакомпания бәсекелесінің тҧтынушыларын ӛзіне тартқысы келсе, онда оған оқырманның,
тыңдаушының және кӛрерменнің назарын жаулап алуы қажет. Нәтижесінде, хабар сенсациялық жаңалық ретінде жеңілдеп кетеді де, ол ӛз кезегінде саяси пікірсайыстардың нашарлауы мен азаматтардың біліктілік деңгейінің тӛмендеуіне әкеліп соғады.
К. Краучтің ойынша, шектен тыс жеңілдетілген және сенсацияға қҧрылған жаңалықтар нарық пен коммерцияға да сәйкес келе бермейді: мәселен, сирек кітаптар, спорттық кӛліктер, қымбат шараптар және ӛзге де қажетті заттар нарығы ӛз тҧтынушыларын бағалай біледі және оған кең кӛлемде толық ақпарат беруге тырысады. Әрине, мҧндай нарықтық қатынас БАҚ саласында аз да болса қалыптасқан, олар кҥрделі дҥниелерді еш қиындықсыз қабылдай алатын ақыл-ойы терең адамдарға арналған басылым немесе телебағдарламалар кҥйінде кездеседі.
Алайда, ҧсынылатын тауардың ерекше сипаты мен тҧрақсыздығына байланысты жаңалықтар нарығы қандай да бір салмақты ӛнімдерге жарамсыздық танытады. Нәтижесінде, ӛздері айтқан пікірлерін ҥнемі қадағалап отыратын саясаткерлер сол бір жауыр болған шаблонға жҥгінуге мәжбҥр болады. Ӛйткені, егер саясаткер ой-пікірін жинақтап айту ӛнерін меңгермеген болса, онда журналистер оның шашыратып айтқан ойын қаз-қалпында жаза салады. Ал саясаткерлер болса қашанда ӛздерінің сӛздері мақала тақырыбына айналады деп есептейді емес пе [7].
Ӛз кезегінде, БАҚ-та жҧмыс жасайтын қоғамдық сектордан шыққан қызметкерлер ӛздерінің рейтингілерін жеке сектордағы бәсекелестерінен жоғары ҧстау ҥшін ӛздеріне назар аударту мақсатында кҥресіп бағады. Бҧл ҥдеріс, К. Краучтің тҧжырымдауынша, технологиялық жетістіктер бҧрынғыдай толқынды арналар жетіспеушілігінің орнын толтырған кабельді және цифрлы қызметтер, спутниктік хабар тарату жҥйелері қосылғаннан кейін ерекше қарқын алды. Сонымен қатар, баспалық және хабар таратын бҧқаралық ақпарат қҧралдары бір-біріне бейнесюжеттердің кӛзі ретінде қарай бастады. Алайда, бҧл ҥдеріс те біржақты болып бара жатқандай: баспалық журналистика мен жекеменшік хабар тарату жҥйесінің басымдықтары қоғамдық хабар тарату жҥйесіне еніп отыр. Осы ретте, алғашқы екеуін оқырманның я кӛрерменнің назарын бірден ӛзіне аударатын материалдармен қамтуға қоғамдық хабар тарату жҥйесі дәрменсіздік танытып отыр. Нәтижесінде, коммерциялық модель, басқа әдістерге қарағанда, бірінші орынға шығып кетеді. Саясат және ӛзге де жаңалықтар жылдам ескіретін тҧтыныс қҧралдары ретінде қаралады. Тҧтынушы деген тҥсінік азамат деген тҥсініктен гӛрі жоғары басымдыққа ие болады [8].
БАҚ-қа бақылау жасауды шағын топтың қолына шоғырландыру. Баспасӛз,
радио және телевидениенің саяси коммуникацияны қалыптастыратын рӛліне алаңдаушылық туғызатын екінші маңызды себеп – БАҚ-тардың шағын топтардың қолында екендігі. Бір қызығы, дейді К. Крауч, қаншама дамып жетілсе де, шағын мамандандырылған арналарды қоспағанда, ақпарат тарату жӛніндегі жаңа технологиялар ақпарат берушілер арасында әртҥрліліктің қалыптасуына себеп бола алмады.
Алайда, мәселе жалпы халықтық хабар таратуда қолданылатын технологиялардың тым қымбат болуында болып отыр және оны тек қалтасы қалың, қаражаты жететін ірі компаниялар ғана сатып ала алады. Ҧлыбританиядағы бір ғана компания (News Corporation) спутниктік телевидениені жекешелендіріп алды (BSkyB), The Times және The Sun сияқты басылымдарға иелік етеді және ӛзге де ақпарат кӛздерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сондай-ақ, Италияның премьер-министрі С.Берлускони жекеменшік БАҚ секторында теңдесі жоқ ірі тҧлға болып саналады (бҧдан бӛлек, оның қоғамдық хабар тарату жҥйесінде де беделі артып тҧр). Осынау саяси тҧлғаға қатысты болып жататын кӛптеген дау-дамайларға қарамастан, С. Берлусконидің абыройына кірбің тҥспейтіндігін де сарапшылар осындай себептермен байланыстырады. Мҧндай мысалдарды қажетінше келтіре беруге болады.
Десек те, бәсекелестік әлі де сақталып отырған жерлердің ӛзінде жағдай БАҚ нарығында орын алып отырған экономикалық ахуалды әртараптандыруға қабілетті ме?
Біріншіден, ҧқсас аудиторияларды мейлінше кӛп қамту міндетіне кірмейтін кӛптеген қоғамдық БАҚ-тардан ақпарат берудің басқа да жолдары болатындығын байқауға болады.
Екіншіден, біртекті бҧқара арасынан тҥрлі сегменттегі нарықты ажырата алатын болса, коммерциялық хабар таратушылар тҥрлі тақырыптағы ақпарат ӛнімдерін ҧсына алар еді. Сәйкесінше, олар бӛлек бір сегментті таңдап, оны ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мҧндай жағдайлар ақыл-ойлары озық ат тӛбеліндей оқырмандар тобына арналған «сапалы» басылымдарда болады [9].
Осылайша, К. Крауч былай деп қорытынды шығарады: маңызды демократиялық ресурсы бар саяси маңызға ие хабарлар мен ақпараттарға қадағалау жасау тетігі аз ғана топтың, әсіресе ауқатты адамдардың қолында болады: «Ал ауқатты адамдар бір-бірімен қанша қатты бәсекелес болғанымен де, жазылмаған тәртіпке сай бір ғана саяси кӛзқараста болады және қолда бар ресурстарын ӛз кӛзқарастарының пайдасына жҧмсауға мейлінше кӛңіл бӛледі» [10]. Мҧның барлығы бір партияның екінші бір партияға қарағанда БАҚ-тан ерекше қолдау табатындығын ғана білдірмейді. Партия басшыларының барлығы аталған билікті біледі және ӛз бағдарламаларын қҧруда онымен тығыз байланыста болатындығын тҥсінеді. Әлбетте, егер ҥкімет ӛзінің тікелей араласуымен әртҥрлілік пен бәсекелестіктің болуына септігін тигізуді ойлайтын болса, БАҚ қазіргідей шағын топтардың қолдарына кӛшпес еді.
Қорытындылау мен жиынтықтау. К. Краучтің «постдемократия» тҧжырымдамасы батыстың заманауи демократиясының неғҧрлым кӛп кездесетін кемшіл тҧстарын кӛрсететін нҧсқалардың бірі ғана болып табылатындығы анық. Аталған тҧжырымдама ӛзінің толық аяқталмағандығына қарамастан, ол сол немесе басқа мемлекеттегі демократияның даму деңгейін анықтап қана қоймай, саяси ҥдерістегі БАҚ-тың шынайы орнын кӛрсетуге кӛмектесетін қайталанбас эвристикалық қҧндылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да К.Краучтың бҧл тҧжырымдамасы Ресейде және ӛзге де посткеңестік елдерде жайдан-жай ҥлкен пікірталастардың тақырыбына айналған жоқ (шындығына келгенде, автордың ойлағанынан анағҧрлым терең талқылаулар жиі кездесті) [11].
Сонымен қатар, біздің пікірімізше, К. Крауч медиабірлестіктерді айыптаудың соңына тҥсіп кетіп, санаға билік ететін тетік ат тӛбеліндей топтың қолына шектен тыс шоғырланған кезде жағдайды жӛнге салып отыратын басқарушы элитаның рӛлін бағалай алмағанға ҧқсайды. Сондықтан, ол кӛрсетіп отырған себеп пен салдардың орындарын кей кездері ауыстырған да жӛн болар. Сӛз жоқ, билік басындағылар медиабірлестіктердің неғҧрлым аз болғандығына мҥдделі. Мҧндай жағдайда азаматтық қоғамға бақылау жасау да соғҧрлым жеңілдейді. Ӛйткені, мҧндай жағдайда азаматтық қоғамдастық біртіндеп билікке бағынышты қоғамдастыққа айнала бастайды.
Жалғасып келе жатқан қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде постиндустриалды мемлекеттерде демократияның біртіндеп кері бҧрала бастағандығы байқалады. Әлеуметтік бағдарламалардың қысқаруы және әлеуметтік мемлекеттерге кӛмек кӛрсетуден дамыған батыс елдерінің тҥгелдей дерлік бас тартуы қоғамда келіспеушілік туындатып, наразылық шараларының асқынуына ҧласуда. Осындай жағдайда БАҚ саяси элита ҥшін қоғамды сабырлылық пен ҧстамдылыққа шақыруда маңызды ресурс болып табылады. Әйтпесе, авторитарлық ҥрдістер бҥгінгі кҥннің ӛзінде АҚШ-та, Франция, Италия және ӛзге де мемлекеттердегі «алтын миллиардтар» арқылы белгілі.
Осыған ҧқсас ҥдерістер жас посткеңестік елдердегі кеңістікте де орын алып отыр, соның ішінде, Ресейде бәсекелестігі бар медиаалаң әсіресе басқарушы биліктегі тандем кӛзқарастарының әртараптылығы арқасында сақталып отыр. Оппозициялық партиялар мен қозғалыстар ресейлік БАҚ беттерінен тиісті орын ала алмай отыр, бҧл әсіресе сайлауалды кампаниялар кезінде анық аңғарылып қалады. Ірі медиабірлестіктер (соның ішінде телекомпаниялар) біртіндеп бақылауға алынуда, олардың басшылығына билік ӛкілдеріне жақын немесе оларға тәуелді адамдар тағайындалуда («Петербург – Пятый канал» телеарнасында орын алған жағдайды еске тҥсірсек жеткілікті). Шынайы ақпараттар мен салиқалы сараптамалық материалдар хабар тарату торынан біртіндеп шығарылып, ойын-сауық бағдарламаларына кӛптеп орын беріле бастады.
Ресейлік медиабірлестіктер жҧмысының қҧлдырап кетуі және олардың басқарушы элитаның сілтеуінен шыға алмаулары 2011 жылдың 24 қаңтары кҥні Домодедово әуежайында орын алған лаңкестік оқиға кезінде анық кӛрінді. Ресейлік телеарналар орын алған оқиғаны барынша кешіктіріп бергені аздай, мҧндай азалы кҥні кӛңіл кӛтеретін бағдарламалар мен концерттерді, комедиялық фильмдерді эфирден алып тастау олардың қаперлеріне де кірмеді. Тіпті, оқиға туралы Ресей азаматтарына таратылған ақпараттың ӛзінен нашар бҥркемеленген әбестік пен сенсациялық сарын есіп тҧрды. Әуелі, ресейлік БАҚ сапасының қаншалықты тӛмендеп кеткендігін президент Д.Медведевтің Домодедовода болған жайды «Твиттер арқылы білуге тура келді» деген мәлімдемесіне қарап-ақ пайымдауға болады (айтпақшы, кӛптеген блогшылардың жазуына қарағанда, жағдайдың бҧлайша қҧлдырауына Д.Медведевтің ӛзі кінәлі) [12].
Кӛпшілікке таратылатын телерадиохабарлар мен шынайы ӛзекті де маңызды мәселелердің арасында ҥлкен айырмашылықтың болуы бҥгінде Ресей қоғамын қатты алаңдатып отыр. Тарихта мҧндай жағдайлар аз болмаса да, Ресей батыстың жетілген мықты тҧстарымен қоса (ең алдымен, білімін және жоғары технологиясын), ӛкінішке орай, оның осал дәстҥрін де бойына сіңіріп келе жатыр. Ресей де барлық посткеңестік мемлекеттер секілді, батыстың медиабірлестік моделін алуымен қатар, оның кӛптеген кӛңіл кӛтеретін бағдарламалары мен кӛпіршіген сериалдарының форматын да алып ҥлгерді.
Шектен тыс коммерцияланған БАҚ қазір қоғамды тек қана жеңіл-желпі ақпараттандырып қана қоймай, оны теріс жолға тәрбиелейтін, қоғамды ойсырататын жағына қарай ойысып барады. Ел ішінде келер ҧрпақтың жасайтын ісін мәселе етіп кӛтеріп, жасанды проблемаларды қоғамға кҥштеп таңу ісі жҥргізілуде (мысалы, «Единая Россия» сайтында кӛтерілген Ленинді қайта жерлеу идеясы). Медиакеңістік біртіндеп саяси және идеологиялық тҧрғыдан туыстасып барады. Ал медиакорпорациялар болса, тіпті, Ресейде ешқандай да бір монополияға қарсы заң жоқ секілді, ӛздерін еркін де дӛрекі ҧстайды. Нәтижесінде, қоғамның ойлы топтары біртіндеп әлі де болса еркін интелектуалдық ақпарат алмасылатын, әлемде және ӛзге елдерде болып жатқан тҥрлі жағдайларды талқыға салып, пікір бӛлісуге мҥмкіндігі бар интернет кеңістігіне қарай ығысып барады.
Әдебиеттер 1.К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман;
Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. – 192 бет.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. -16 бет.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. -17 бет.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. -19 бет.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. – 7 бет.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. - 66-67 беттер.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. - 66-67.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. – 69 беттер.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. - 70-71 беттер.
К. Крауч. Постдемократия [Мәтін] /ағылшын тілінен аударған Н.В. Эдельман; Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі. – М.: Мем.ун-т - Жоғары экономика мектебі баспа ҥйі, 2010. -71 бет.
См.: Демократия ӛлді. Постдемократия дәуірі туды ма? //http://www.iarex.ru/interviews/10930.html; А.Ашкеров. Демократия және бейне
//http://www.liberty.ru/layot/set/print/columns/Biopsija-duha/Demok…;
О.Маслов. Постдемократия – Жаңа Ресейде ҥшінші мыңжылдықтағы қалаулы болашақ. //http://www.polit.nnov.ru/2004/07/08/democracy/.; Постдемократия және демократия (салыстырмалы талдау) //http://www.imperija.by/politics3-4034.html. және т.б.
М. Антонова. Жарылыстан кейін ызаланған ресейлік блогшылар басшылықты айыптауда. // http://www.inosmi.ru/social/20110126/165993756.html.
САЯСИ ТӘУЕКЕЛДІКТЕР МЕН ДАҒДАРЫСТАРДЫ БАСҚАРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Муса Р.А. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана
Ғылыми жетекшісі - доктор PhD, аға оқытушы Жолдыбалина А.С.
Саяси және әлеуметтік процесстер экономикалық процесстерден гӛрі әлдеқайда иннерционды. Бҧл процесстердің ажырамас бӛлігі – саяси дағдарыстар[1. 3 б]. Саяси дағдарыс – бҧл, қоғамды саяси басқаруының шайқалуы, яғни билік дағдарысы, әр тҥрлі әлеуметтік таптар мен топтардың мҥдделерін жҥзеге асыру мҥмкінсіздігі. Ӛзінің салдарына байланысты, бҧл, дағдарыс тҥрлерінің ішіндегі ең ауыры, ӛйткені саяси дағдарыс әдеттегідей қоғам ӛмірінің барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, рухани) ықпал етіп, тҧтас саяси жҥйенің кҥйреуіне алып келеді[2. 21 б]. Саяси дағдарыстарды басқару осы кҥнде іргелі мәселеге айналып отыр, ӛйткені дағдарыстық процесстің механизмдері мен технологияларын біле тҧра, оны, деструктивті процесстен конструктивтіге кӛшіру мҥмкін, демек бҥкіл саяси жҥйені тҧрақтандыру мҥмкіншілігі де әбден ықтимал болады[3. 3 б].
«Дағдарыс» және «тәуекелдік» ҧғымдары мазмҧны жӛнінен ӛте тығыз байланысты. Егерде оларды ажыратып тастасақ, онда дағдарысты болжау қабілетінен айырыламыз, бҧдан әрбір қателіктің салдары әлдеқайда ауыр болады[2. 15 б]. Саяси тәуекелдік – бҧл белгілі бір мемлекет аумағында басқару, экономикалық және ӛзге қызмет тҥрлеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал ететін саяси факторлардың пайда болу мҥмкіншілігін айтады[4. 347 б]. Олар саяси ортаның аңықталмау салдарынан және белгілі бір саяси жағдай мен ондағы әрекет ететін субьекттің айырықша қарым-қатынас формасынан пайда болады. Саяси тәуекелділіктер негізінде саяси дағдарыстарды болжай отырып, оларды алдын-алу да мҥмкін.
Белгілі бір жағдайларда саяси тәуекелдіктер саяси дағдарыстарға айналады. Олардың пәні – қажетті билік ресурстарының жеткіліксіздігі. Саяси дағдарыстардың факторларына саяси билік легетимділігінің кҥрт тӛмендеуін, саяси биліктің ӛз негізгі функцияларын атқара алмауын және әлеуметтік шиеленістердің асқындай тҥсуін жатқызуға болады.
Саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстарды нәтижелі басқару ҥшін ҥздіксіз мониторинг ӛткізу және саяси болжам жасау қажет. Саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстар мониторингінің ақпараттық жҥйесінің басты мақсаты – жиналған ақпаратқа сҥйене отырып саяси шешім қабылдау. Бҧл тҧрғыда саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстардың
кӛрсеткіштерін дҧрыс аңықтап алғаны жӛн. Оларға жататындар: мемлекеттік билік органдар қызметінің тиімділік кӛрсеткіштері, қоғамның әлеуметтік жағдайының кӛрсеткіштері, қаржылық-экономикалық дамуының кӛрсеткіштері,техногенді және табиғи сипаттағы тӛтенше жағдайлар санының кӛрсеткіштері.
Саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстардың деңгейлерін бағалау мемлекеттік билік органдарында жҥзеге асырылып отырған басқару шешімдерінің нәтижелігін болжауға мҥмкіндік береді. Демек, қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарының ішінен әрі дҧрыс, әру прогресшіл жолды таңдап алу мҥмкіндігі да туады[1. 3 б].
Осы кҥнге дейін саясаттануда саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстар жӛнінен алуан тҥрлі теориялар мен концепциялар бар: Кондратьевтің дағдарыстардың циклдары теориясынан, Реджерстеромның crisis management концепциясына дейін. Біз, осы ғылыми жҧмыста, бҧл
2007 ж. Мемлекетаралық рейтинг[5].
№
|
Мемлекет
|
Тәуекелділік
|
|
|
деңгейі
|
1
|
Люксембург
|
99,59 %
|
2
|
Норвегия
|
99,51 %
|
3
|
Швейцария
|
99,04 %
|
4
|
Дания
|
95,78 %
|
5
|
Швеция
|
94,92 %
|
58
|
Ресей
|
59,37 %
|
80
|
Украйна
|
46,84 %
|
|
|
|
Тәуекелділік деңгейін аңықтау шкаласы
75-100 %
|
Ӛте тӛмең
|
|
|
67-74 %
|
Тӛмең
|
|
|
45-66 %
|
Орташа
|
|
|
34-44 %
|
Жоғары
|
|
|
26-33 %
|
Шекетен тыс
|
|
|
барлық теориялар мен концепцияларды ескере отырып ең жалпылаған тҥрде саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстарды басқару мен реттеудің теориялық негіздерін ҧсынунын мақсат тҧттық. Бҧл тҧрғыда, саяси тәукелдіктер мен дағдарыстарды зерттеуін шартты тҥрде екі ірі еңбектер тобына – қолданбалы саясаттану жӛнінен еңбектер мен саяси шиеленістану жӛнінен еңбектерге бӛлуге болатындығын айтып кету керек. Осыған сҥйене отырып, біз, саяси тәуекелдіктер мен дағдарыстарды басқару мен реттеу негіздерін бірнеше теорияларға бӛлдік.
Достарыңызбен бөлісу: |