1-кесте.
Малдың дене бітімі мен жетілу дәрежесін сипаттайтын негізгі индекстер.
№ п/п
|
Дене бітімі индекстері
|
Дене өлшемдері
|
Сүт -өнімді сиыр
|
Салт мінетін жылқы
|
1.
|
Сирақтылық (Д)
|
Шоқтық биіктігі – кеудесінің тереңдігі
|
46
|
51
|
Шоқтың биіктігі
|
2.
|
Кеуделілік (Г)
|
Кеудесінің енділігі
|
61
|
53
|
Кеудесінің тереңдігі
|
3.
|
Сүйектілік (К)
|
Сирақ орамы
|
15
|
12
|
Шоқтық биіктігі
|
4.
|
Мығымдылық (С)
|
Кеуде орамы
|
118
|
111
|
Тұрқының қиғаш ұзындығы
|
5.
|
Бөкселілік (Т)
|
Кеуде енділігі
|
85
|
90
|
Құйымшақ аралығы
|
6.
|
Еңкіштік (П)
|
Сауырдың биіктігі
|
101
|
100
|
шоқтық биіктігі
|
7.
|
Төртбақтық (Р)
|
Тұрқының қиғаш ұзындығы
|
120
|
100
|
Шоқтық биіктігі
|
Стандарттың есебімен алынатын малдың индекс көрсеткіштерін координаталар жүйесінің горизонталь (x) осінің бойымен алынады; ал вертикаль (у) осінің бойымен масштабпен алынған проценттік өлшемдегі дененің өлшеу көрсеткіштері алынады (ескерту: у-осьтің бойымен оң бағытта, яғни жоғары қарай, оң проценттер, ал осьтің бойымен теріс бағытта, яғни төмен қарай, теріс проценттер белгіленеді). Графиктен малдың қаншалықты артық-кемдігін білуге ыңғайлы.
VI-тапсырма: Әдетте қандай мүшелердің өлшемдері алынады және өлшеу тәсілінде қандай қажетті саймандар қолданылады?
2-кесте.
№п/п
|
Өлшем көрсеткіштері
|
Қай нүктелер аралығы өлшенеді
|
Құрал-саймандары
|
1.
|
Шоқтық биіктігі
|
|
|
2.
|
Кеудесінің тереңдігі
|
|
|
3.
|
Кеудесінің енділігі
|
|
|
4.
|
Тұрқының қиған ұзындығы
|
|
|
5.
|
Кеуде орамы
|
|
|
6.
|
Сирақ орамы
|
|
|
7.
|
Маңдайының ұзындығы
|
|
|
8.
|
Маңдайының жалпақтығы
|
|
|
9.
|
Басның ұзындығы
|
|
|
10.
|
Иығының алшақтығы
|
|
|
11.
|
Құйымшақтың сүйек аралығы
|
|
|
12.
|
Артқы бөлегінің ұзындығы
|
|
|
13.
|
Сауырдың биіктігі
|
|
|
14.
|
Белдің биіктігі
|
|
|
15.
|
Құйымшақтың биіктігі
|
|
|
16.
|
Сербк аралығының енділігі
|
|
|
17.
|
Мықым биіктігі
|
|
|
VII-тапсырма: Төмендегі (3 және 4) естелердегі өлшеулердің көрсеткіштері арқылы дене бітімі индекстерін есептеңдер:
3-кесте.
Холмогор тұқымының тайыншасы мен сиырларының жеке мүшелерінің өлшеуінің жасына байланысты өзгеруі.
Көрсеткіштері, см
|
Жасы, айы
|
Сақа сиырлар
|
1
|
6
|
12
|
18
|
24
|
Шоқтық биіктігі
|
79
|
100
|
114
|
123
|
127
|
132
|
Кеуде тереңдігі
|
30
|
43
|
54
|
58
|
61
|
68
|
Кеуде ені
|
17
|
25
|
32
|
34
|
36
|
39
|
Тұрғының қиғаш ұзындығы
|
74
|
106
|
117
|
137
|
147
|
162
|
Кеуде орамы
|
82
|
114
|
136
|
145
|
166
|
180
|
Сирақ орамы
|
12
|
14
|
15
|
17
|
18
|
19
|
Құйымшақ аралығы
|
28
|
36
|
43
|
45
|
47
|
50
|
Сауырдың биіктігі
|
85
|
106
|
120
|
129
|
133
|
138
|
4-кесте.
Ірі қара мал тұқымының өлшемдері, см.
Тұқым
|
Жасы (жыл)
|
Шоқтық биіктігі
|
Сауырдың биіктігі
|
Кеуде тереңдігі
|
Кеуде ені
|
Құйымшақ аралығы
|
Кеуде орамы
|
Тұрқының қиғаш ұзындығы
|
Сирақ орамы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Симментал
|
3
|
132,8
|
136,1
|
68,7
|
43,1
|
49,5
|
188,0
|
158,0
|
19,7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Қырдың қызылы
|
3
|
126,3
|
131,4
|
66,7
|
39,6
|
48,0
|
182
|
152
|
18,7
|
Холмогор
|
3
|
131,2
|
137,6
|
66,8
|
40,8
|
49,8
|
178,2
|
157,5
|
18,2
|
|
1
|
132,8
|
135,9
|
66,8
|
40,5
|
49,0
|
178,0
|
157,2
|
18,0
|
|
2
|
130,8
|
134,5
|
66,5
|
40,4
|
48,6
|
177,5
|
157,0
|
18,0
|
|
3
|
130,4
|
133,3
|
65,7
|
40,6
|
48,9
|
178,0
|
158,0
|
18,6
|
|
4
|
131,0
|
136,4
|
66,4
|
41,2
|
49,6
|
177,9
|
157,8
|
18,4
|
|
5
|
131,2
|
135,9
|
66,1
|
40,8
|
49,5
|
177,6
|
156,9
|
18,5
|
Симментал
|
1
|
132,0
|
136,0
|
68,0
|
43,0
|
49,0
|
188
|
157
|
19,0
|
|
2
|
130,6
|
135,8
|
66,5
|
41,6
|
49,6
|
187
|
156,8
|
19,5
|
|
3
|
130,8
|
134,9
|
66,4
|
42,9
|
48,9
|
186
|
157,3
|
19,4
|
|
4
|
131,6
|
133,9
|
67,9
|
42,8
|
48,8
|
187,6
|
156,9
|
19,3
|
|
5
|
131,8
|
134,8
|
67,6
|
41,9
|
49,4
|
186,9
|
156,8
|
19,0
|
VIII-тапсырма: Холмогор сиырының 3 жасындағы (4-кесте) өлшем көрсеткіштерін 100%-ке, стандарт есебіне алып координаталар жүйесінің горизонталь (х) осінің бойында көрсетіңдер. Вертьикаль (у) осінде симментал және қырдың қызыл тұқымдарының көрсеткіштерін (3 жасына сәйкес) алыңыз.
Графикалық кескінге қарап, зерттеліп отырған малдың денесін
ің өлшемдерін толығымен жазып алыңыз. Сүтті қара малдың экстерьері мынадай: басы жеңіл, ұзын,мойыны ұзын әрі жіңішке, арқасы түзу, ұзын, ішті, бөксесі кең, құйымшағы ұзын, сирақтары жіңішке, буындары көрініп тұрады, тұяқ бітісі мықты. Сыртқы тұрқысы созыңқы. Сүт бездернің тамырлары өте жақсы жетілген және сүт құдықшасымен жалғасып жатады. Емшектері бірқалыпты орналасқан, пініндері цилиндр тәріздес. Желіндерінің пішіні тостақан тәріздес, желін бөлімдері жақсы жетілген, сауылғаннан кейін көлемі көп кішірейеді. Желіннің терісі жұқа және жұмсақ жүнмен қапталған.
III.Малдың өсуі және жетілуі.
Малды жас уақытында, ерекшеліктеріне байланысты, жиі өлшейді. Сол сияқты тез жетілетін ұсақ малды да (қой, шошқа, қоян, т.б.), қара малға (сиыр, түйе, жылқы) қарағанда, жиі өлшейді. Малдың өсіп-жетілуін бақылау жұмыстары туғаннан бастап бір, екі, үш, алты тоғыз, он екі және он сегіз айлықтарында жүргізіледі. Ал екі жасқа толғаннан кейін - жылына бір рет өлшеу жеикілікті болады.
Малдың өсіп-жетілу динамикасын кем дегенде үш ерекше көрсеткіштері бойынша сипаттау керек: өсу жылдамдығы, өсу ұзақтығы және өсу процесінің даму сипаттары.
Өсу жылдамдығын абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштері арқылы анықтауға болады.
3.1. Абсолюттік қосуды мынадай формула бойынша анықтайды:
мұндағы: A – абсолюттік қосу көрсеткіші; w1 - алғашқы өлшеудің көрсеткіші;
w2 - соңғы өлшеудің көрсеткіші; t1 - алғашқы өлшеу уақыты; t2 - соңғы өлшеу уақыты; абсолюттік қосу көрсеткішінің өлшем бірілігі: г, кг, см, м.
3.2. Тәуелділігіне қосқан салмақты есептеу үшін айдың аяғындағы малдың салмағынан айдың басындағы салмағын алып тастап, сол айырманы (орта есеппен) 30 тәулікке бөледі.
3.3. Өсу интенсивтігін дәлірек сипаттау үшін, салыстырмалы өсім көрсетішін мына формуламен есептеу керек:
мұндағы: Δ - салыстырмалы өсім көрсетіші; w2 – алғашқы өлшеудің көрсеткіші; w1 - соңғы өлшеудің көрсеткіші.
IX – тапсырма: Қара-ала тұқымының бұзаулары әртүрлі мөлшерде азықтандырғанда туғаннан бастап алты айлығына дейін абсолюттік, тәуліктік, салыстырмалы көрсеткіштерін қалай өзгеретінін, 5-кестеге қарап, есептеңіздер.
5-кесте.
Қара-ала тұқымының бұзауларының әртүрлі мөлшерде азықтандыру барысында салмағының өзгеруі.
Жасы (жылы, айы)
|
Үстемелік асықтандыру
|
Төменгі сатыдағы азықтандыру
|
Массасы, кг
|
Абсолют-тік өсімі, кг
|
Тәулік-тік өсімі, г
|
Салыстыр-малы өсімі, %
|
Массасы кг
|
Абсолют-тік өсімі, кг
|
Тәулік-тік өсімі, г
|
Салыстырмалы өсімі, %
|
Туған-нан кейін
|
38
|
|
|
|
32,2
|
|
|
|
1
|
61,1
|
|
|
|
47,3
|
|
|
|
2
|
79,2
|
|
|
|
64,6
|
|
|
|
3
|
102,9
|
|
|
|
83,0
|
|
|
|
4
|
127,2
|
|
|
|
98,5
|
|
|
|
5
|
149,7
|
|
|
|
110,7
|
|
|
|
6
|
168,8
|
|
|
|
126,2
|
|
|
|
X-тапсырма: Бақылауға алынып отырған малдың өсіп-жетілуін график сызу арқылы зерттеу ыңғайлы болады. Графикті 5-кесте бойынша салуға болады; ол үшін горизонталь (х) осінің бойымен - бақылауға алынып отырған малдың жасын (айлар есебінде), ал вертикаль (у) осінің бойымен – 5-кестедегі төрт көрсеткіш алынады да, график сызылады. Содан кейін тапсырма бойынша қорытынды құрастырып жазыңыз.
XI-тапсырма: Бұл тапсырманың орындалуы IX, X-тапсырмаларға ұқсас. Орындау үшін 6-кесте қолданыңыздар.
6-кесте.
Прекос тұқымының тірілей салмағының жасына байланысты өзгеруі.
Жасы (жылы, айы)
|
Тірілей салмағы, кг
|
Туғаннан кейін
|
3,5
|
4 ай
|
25,0
|
12 ай
|
34,5
|
18 ай
|
40,0
|
2 жас
|
48,7
|
Тапсырма бойынша қорытынды құрастырып жазыңыз.
IV. Малдың күйі.
Күй деп сыртқы пішініне байланысты оның қондылығын айтады. Малдың күйі әрқашан да өзгеріп тұрады. Малдың күйінің негізгі төрт түрі болады: заводтық, көрмелік, жұмыстық және бордақылық.
4.1. Заводтық күйге орташа қондылықтағы малдар жатады. Әсіресе бұл күйге асл тұқымды малдар кіреді.
4.2. Көрмелік күй көрмелер үшін дайындалатын малдар жатады.
4.3. Жұмыстық күйге қондылығы орташа малдар кіреді және олардың ерекшелігі – кез-келген жұмысқа икемді, әрі ұзақ жұмыс істей алады.
4.4. Бордақылық күй деп бордақылау нәтижесіне байланысты аталады. Бордақылаудың түрі көп; негізгі мақсаты – малды өте семіз қоңдылыққа жеткізу. Ол үшін өте құнарлы және калориясы көп азықты қолданады, сонда ғана мал денесіне май бітеді. Сонымен қатар малдың семіз болуы оның жасына да байланысты болады.
V. Сиырдың сүт өнімін есептеу және бағалау тәсілдері.
Сүт – сүт бездерінің өнімі. Сүт адам үшін жоғары қоректі, сіңімді тамақ. Сүттен әртүрлі тамақ әзірленеді, мысалы: сиырдың сүтінен - қаймақ, май, ірімшік, айран, т.б., қой сүтінен – құрт, ірімшік, брынза, ал бие сүтінен – қымыз, түйе сүтінен – шұбат дайындалады.
Сүт бездерінің қызметі күрделі. Ғалымдардың анықтауы бойынша 1 литр сүт түзілу үшін сиыр желінінен 400-500 л қан өту қажет.
5.1. Малдың сүттілігін әдетте сауынымен сауылған сүт мөлшерімен анықтайды. Малдың төлдеуінен бастап суалғанға дейінгі уақыты – сауым маусымы (лактация), суалғаннан келесі туғанға дейінгі кезеңі (сухостойный период) деп атайды. Малдың түріне, тұқымына байланысты сауым маусымының ұзақтығы түрліше. Қазіргі уақытта сиырдың негізгі сүттілігін 305-күндік сауым маусымында сауылған сүт мөлшерімен анықтайды.
Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, өзіндік нәсілдік қасиетіне, жасына, бағым-күтіміне тікелей байланысты өзгеріп тұрады. Бір сиырдан сауым маусымында сауылатын сүт көлемі1000 кг-нан 3000 кг дейін барады.
Сиырдың сүттілігіне оның тұқымдық тегі, жеке нәсілдік қасиеті, биологиялық, физиологиялық жағдайы, азықтандыру дәрежесі, бағып-күту жағдайлары, жасы және тағы басқа факторлар әсер етеді.
Біздің еліміздегі (ТМД) 305-күндік сауын рекорды 17517 кг-ға, майлылығы 4,2 % тең, «Волга» деген қара-ала тұқымды сиыр Челябі облысында Россия совхозында 3-ші бұзаулағанда берді.
АҚШ-та 1974 жылы Голштин-фриз сиыры (Бигер) бір жылдық сауын рекордын жасады – 25247 кг.
Ай сайын әр сиырдың сүтін есептеу үшін бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жалпы бір маусым ішінде (305 күнде) сиырдың қанша сүт бергенін анықтау үшін 10 айда алынатын сүтін есептейді. Ол үшін бір тәулік ішінде алынатын сүтке көңіл бөлген жөн. Етті тұқымды сиырларының сүттілігін 6-8 айлық бұзаулардың салмағы бойынша анықтайды. Ол үшін әр тұқымды сиырлардың стандартын пайдаланады.
5.2. Сиыр сүтінің майлылығы мен ьелогін айына бір рет анықтайды. Ал сауу маусымы бойынша майлылығын анықтау үшін 1%-тік сүтке айналдыру қажет. 305 күндегі 1%-тік сүттің қосындысын, осы маусым ішіндегі сауылған әр айлық сүттің қосындысына бөледі. Осы есеп бойынша сүттің орташа майлылығын анықтайды (%).
5.3. Сиырды бағалау үшін сүттің майы да анықталады. Ол үшін бір проценттік сүтті (5 000 кг · 4,0 % = 20 000 кг) 100-ге бөледі, үйткені бір проценттік 100 кг сүттен 1 кг май алуға болады – 20 000 : 100 = 200 кг сүт шығады (кг).
Әр сиырдан сауылған сүтті анықтау үшін, 10 немесе 15 күн сайын асыл тұқымды шаруашылықтарда (айына 3 немесе 2 рет) бақылау сауым өткізеді. Ал товарлық шаруашылықтарда бақылау сауымын 1 рет өткізеді. Айлық сауылған сүттің мөлшерін анықтау үшін бақылау сауымы бойынша тәулік ішінде сауылған сүтті 10-ға үш рет, 15-ке екі рет, 30-ға бір рет көбейтіп, қосындысы алынады. Барлық айларда сауылған сүтті қосып, жылдық немесе сауым маусымындағы сауылған сүтті анықтайды.
Сүттің майлылығы айына бір рет анықталады және ол үшін Гербердің қышқылдық әдісін қолданады. Оқытушы түсінік бергеннен кейін, студенттер төменгі кесте бойынша XII-тапсырмаларды орындайды (а,б,в,г) :
7-кесте.
Қара-ала тұқым сиырларының бақылау сауынының көрсеткіштері.
Сауын маусым айлары
|
Сиырдың аты
|
Айына екі рет бақылау сауын өткізілді (1-ші және 15-ші күндері)
|
Бір рет бақылау сауын өткізілді (айдың 25-де)
|
1-ші сауын
|
Майлы-лығы,%
|
2-ші сауын
|
Майлы-лығы,%
|
Сауын
|
Майлы-лығы,%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Айша Әлия
|
25,0 24,6
|
3,8
3,7
|
26,8 21,4
|
3,6
3,8
|
21,1
21,5
|
3,9
3,8
|
2
|
Айша Әлия
|
25,8 22,2
|
3,7
3,9
|
25,0 22,8
|
3,7
3,7
|
25,4 25,4
|
3,7
3,7
|
3
|
Айша Әлия
|
22,2 23,2
|
3,7
3,7
|
21,4 24,2
|
3,8
3,7
|
23,6 23,1
|
3,8
3,9
|
4
|
Айша Әлия
|
17,6 18,6
|
3,8
3,7
|
19,6 20,0
|
3,8
3,7
|
20,8 19,7
|
4,0
3,9
|
5
|
Айша Әлия
|
22,8 18,6
|
3,6
3,8
|
18,8 18,4
|
3,6
3,7
|
17,2 17,0
|
3,8
3,7
|
6
|
Айша Әлия
|
18,8 18,6
|
3,7
3,6
|
17,2 16,0
|
3,8
3,9
|
15,2 15,2
|
3,9
3,9
|
7
|
Айша Әлия
|
14,0 16,2
|
3,8
3,7
|
14,6 13,2
|
3,8
4,0
|
14,4 14,2
|
3,8
3,8
|
8
|
Айша Әлия
|
15,0 12,6
|
3,9
4,0
|
11,8 12,2
|
4,1
4,0
|
12,6 12,4
|
4,0
4,1
|
9
|
Айша Әлия
|
12,4 10,2
|
4,1
4,2
|
11,6 11,4
|
3,9
4,1
|
11,8 11,4
|
4,0
4,1
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
10
|
Айша Әлия
|
8,8
10,0
|
4,2
4,1
|
5,6
8,0
|
4,2
4,3
|
8,2
8,0
|
4,2
4,3
|
11
|
Айша Әлия
|
2,8
4,8
|
4,5
4,2
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
Сауым маусымындағы сүт мөлшері, кг.
|
Айша
Әлия
|
|
|
|
|
|
|
Абсолюттік айырмашы-лығы, %
|
Айша
Әлия
|
|
|
|
|
|
|
Орташа майлылығы,%
|
Айша
Әлия
|
|
|
|
|
|
|
Абсолюттік малылығы, кг
|
Айша
Әлия
|
|
|
|
|
|
|
XII-тапсырма:
а) Екі сиырдың сауым маусымындағы сүт өнімділігін анықтау үшін бақылау сауындарын қолданыңдар (7-кесте);
b) Айлық сауымдардың сауын маусымындағы мөлшерлерінің өзгеруін график түрінде бейнелеңдер;
c) Екі сиыр сүтінің орташа проценттік және абсолюттік майлылығын түгелдей сауын маусымы бойынша есептеу керек;
d) Екі әдіспен есептелген сүт өнімін салыстырып, оның айырмашылығын (кг., проц.) тауып, қорытынды шығарыңдар.
ХIII-тапсырма: 8, 9, 10 - кестелеріндегі мәліметтерді пайдаланып, ірі қара малдың әртүрлі тұқымының сүтінің орташа проценттік және абсолюттік майлылығын түгелдей сауын маусымы бойынша есептеу керек.
8-кесте.
Симментал тұқымының сиырларының сүт өнімділігі мен майлылығының ай сайын өзнеруі.
Сауын маусымының айлары
|
Жоғары өнімді сиырлар
|
Төменгі өнімді сиырлар
|
Сауынды, кг
|
Майлылығы, %
|
Сауынды, кг
|
Майлылығы, %
|
1
|
670
|
4,06
|
290
|
3,79
|
2
|
690
|
3,96
|
298
|
3,57
|
3
|
677
|
3,75
|
369
|
3,54
|
4
|
665
|
3,75
|
427
|
3,68
|
5
|
599
|
3,80
|
368
|
3,83
|
6
|
545
|
3,80
|
277
|
4,31
|
7
|
501
|
3,88
|
171
|
4,92
|
8
|
470
|
4,18
|
95
|
6,00
|
9
|
370
|
4,40
|
44
|
7,60
|
10
|
250
|
4,50
|
16
|
8,20
|
9-кесте.
Джерсей тұқымы сиырларының сүт өнімділігі мен майлылығының ай сайын өзгеруі.
Көрсеткіштер
|
Сауым маусымы , айлары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Айлық сауындары, кг
|
300
|
316
|
316
|
315
|
298
|
268
|
275
|
268
|
240
|
230
|
Сүт малылығы, %
|
5,73
|
5,56
|
5,85
|
5,78
|
5,81
|
5,9
|
5,9
|
5,96
|
6,27
|
6,75
|
10-кесте.
Қырдың қызыл және қара-ала тұқымды сиырлардың сүттілігі мен майлылығының сауын маусымы бойынмен өзгеруі.
Сауын, айлары
|
Қырдың қызыл тұқымы
|
қара-ала тұқым
|
Сауынды,
кг
|
Майлылығы, %
|
Сауынды,
кг
|
Майлылығы, %
|
1
|
635
|
3,75
|
655
|
3,51
|
2
|
698
|
3,78
|
791
|
3,49
|
3
|
625
|
3,75
|
717
|
3,47
|
4
|
581
|
3,68
|
647
|
3,48
|
5
|
528
|
3,77
|
615
|
3,61
|
6
|
497
|
3,81
|
581
|
3,72
|
7
|
445
|
3,90
|
497
|
3,83
|
8
|
378
|
4,11
|
428
|
3,87
|
9
|
356
|
4,31
|
371
|
4,01
|
10
|
258
|
4,45
|
297
|
4,11
|
VI. Малдың еттілігіне есеп жүргізу және бағалау.
Мал етінің құрамында адам организміне қажетті органикалық заттар түгелдей бар және ол оңай сіңімді күйінде кездеседі.
Малдың еттілігін мына төменгі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірілей салмағы, сыртқы дене пішіні, тәулігіне қосатын салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс салмағы мен оның шығымы, ұшасының салмағы мен шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, сұрпы етінің химиялық және биологиялық құрамы, еттілік коэффициенті, азықты өтеу қабілеті, т.б.
6.1. Малдың нақтылы ет өнімі, негізінен сойғаннан кейінгі алынған ұшасының салмағы мен оның сапалық көрсеткіштері арқылы сипатталады. Ұшаның құрамына қоректік қасиеті әр түрлі ет, май, сүйек және дәнекер тканьдары мен шеміршек, сіңірлері кіреді. Ұшаның құрамында шеміршек пен сүйек аз болса, майлы сүрпы ті көп болса, соғұрлым оның қоректілігі күшті, нәрлілігі мен сіңімділігі жоғары болады.
Малдың еттілік қасиеттерін тірі кезінде және сойғаннан кейін тексеріп, бағалайды. Малдың тірі кезінде еттілік қасиеттерін ауық-ауық слмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды.
Сонымен қатар малдың еттілік қасиетіне, оның сырт пішініне, үлкен-кішілігіне қарап, толық бағалауға болады. Малдың еттілік қасиетімен тығыз байланысты дене биіктігі мен тұрқының ұзындығы, кеуде орамы, жалпақтығы мен кеңдігі, бөксесінің орамы сияқты дене мүшелерінің өлшеулерімен қатар көзбен де бағалау қолданылады.
Малдың еттілік қасиетіне баға бергенде, оның қоңдылығына көп көңіл аударылады. Бұны малдың май жиналатын мүшелерін – құйрықтың түбін, төсті, шабынын, белін, арқасын, мықымын және қабырғасын - қолмен ұстап көріп, бағалайды.
Қазіргі жағдайда малдың тірі кезінде еттілік сапасын, қоңдылығын, май және ет қабатын батарея арқылы жұмыс істейтін лииметр, полномиометр деген құралмен анықтайды. Бұлардың бәрінен де ультрадыбысқа негізделген құралдардың келешегі мол. Қазірдің өзінде «Дон-2», «ТУК-2», «ОУ УКН-5», «УЗБЛ-2» маркалы құралдар жиі қолданылады.
Малдың тірісінде қолданылатын әдістердің барлығы да оның еттілік қасиетін, әсіресе сапасын жобалап қана анықтауға мүмкіншілік береді. Нақтылы деректер арқылы қорытынды шынайы баға тек малды сойғаннан кейін беріледі.
6.2. Сойыс салмағына, сойылған малдың қаны ағызылып, басын терісін құйрығын, өкпе-бауырын, шек-қарнын, сирағын алып тастағаннан кейінгі қалған таза еті (ұшасы) мен майы кіреді. Сойыс салмағының малды сояр алдындағы тірілей салмағына процент есебімен алынған қатынасын сойыс салмақ шығымы деп атайды. Таза етінің сояр алдындағы салмағына қатынасын ет түсімі (шығым) деп атайды. Ұшаның сапасын оның салмағына, түріне, сұрпы етімен сүйек, шеміршек қатынасына, химиялық және биологиялық құрамына қарап, бағалайды.
6.3. Малдың еттілігін сипаттағанда, оның еттілік коэффициентін анықтайды. Ол үшін сұрпы етінің салмағын сүйек пен шеміршектің салмағына бөледі.
Еттілік бағытындағы мал тұқымдарынан, мысалы, сиыр, сойыс салмағының шығымы 68-70%-ке дейін, сүтті-етті тұқымдарынан – 55-60%, таза сүтті тұқымдарынан – 45-60% болады.
6.4. Малдың қосатын салмағының әрбір килограммына сәйкес келетін азық ретінде жұмсалған жем-шөптің өлшемі (к.ед.) мөлшерімен азықты өтеу қабілеті бағаланады.
XIV – тапсырма. Төменде келтірілген 11-кестедегі көрсеткіштерді пайдаланып, қара-ала сиыр тұқымының өгізшелерінің әртүрлі дәрежеде азықтандырылғанда алынатын сойыс салмағын, сойыс шығымын, сұрпы ет-майының шығымын, сүйек пен шеміпшек шығымын, еттілік коэффициентін және азықты өтеу қабілетін анықтау қажет.
Әр дәрежеде азықтандырылғанда қара ала тұқымды өгізшелерді ет өнімін алу үшін ұтымды өсіруін анықтау қажет.
11-кесте.
Қара-ала тұқымының өгізшелерінің әртүрлі дәрежеде азықтандыру барысындағы ет өнімінің өзгеруі.
Көрсеткіштер
|
Көтеріңкі дәрежеде азықтанды-рылған
|
Өзгеріс дәрежеде азықтанды-рылған
|
1
|
2
|
3
|
Сойыс алдындағы салмағы, кг
|
420,5
|
421,0
|
Ұша салмағы, кг
|
221,8
|
222,7
|
Іш майының салмағы, кг
|
18,0
|
18,0
|
Сойыс салмағы, кг
|
…
|
…
|
Сойыс шығымы , %
|
…
|
…
|
1
|
2
|
3
|
Сұрпы ет майының шығымы, %
|
83,5
|
83,0
|
Сүйек пен шеміршек шығымы, %
|
16,5
|
17,0
|
Еттілік коэффициенті, кг
|
…
|
…
|
Бордақылау уақытындағы жем-шөп шығыны, азық өлшемі, кг
|
2580,0
|
2880,0
|
Азықты өтеу қабілеті, азықтың өлшемі, кг
|
…
|
…
|
XV-тапсырма (12-кесте). Кроссбред биязылау жүнді тұқымды еркек және ұрғашы қозыларының (8-айлық) сойыс салмағы мен шығымын және жұмсалған азықты өтеу қабілетін анықтау қажет.
12-кесте.
Сегіз айлық еркек және ұрғашы қозылардың еттілігі.
Топтар
|
Сойыс алдындағы салмағы, кг
|
Ұша салмағы, кг
|
Іш майының самлағы, кг
|
Сойыс салмағы, кг
|
Сойыс шығымы, %
|
Жем-шөп шығымы, кг
|
Азығын өтеу қабілеті, азық өлшемі, кг
|
Еркек қозы
|
44,8
|
23,7
|
3,5
|
|
|
240,7
|
|
Ұрғашы қозы
|
41,5
|
20,9
|
3,75
|
|
|
234,8
|
|
Екі түрлі топтағы қозылардың еттілігін және ұтымды өсіруін анықтап, қорытынды жазыңыз.
XVI-тапсырма. Келесі 13-кестенің көрсеткіштерін пайдаланып, әртүрлі жылқы тұқымдарының құлындарының сойыс салмағын, сойыс шығымын және салыстырмалы алдыңғы, орта, артқы ұшасының бөліктері салмағының айырмашылығын табу қажет. Содан кейін құлындардың еттілігі жөнінде қорытынды жазыңыздар.
13-кесте.
Қазақы, якут және ауыр жүк тартатын кеңес жылқы тұқымдарының будананың еттілігі.
Көрсеткіштер
|
Тұқым
|
Қазақ
|
Якут
|
Булан
|
Сойыс алдындағы салмағы, кг
|
200,0
|
193,5
|
210,0
|
Ұша салмағы, кг
|
116,0
|
108,0
|
123,0
|
Іш майының салмағы, кг
|
1,9
|
3,4
|
1,6
|
Сойыс салмағы, кг
|
|
|
|
Сойыс шығымы , %
|
|
|
|
Ұшасының алдыңғы бөлісінің салмағы, кг
|
43,8
|
37,6
|
45,8
|
Оның салыстырмалы салмағы, %
|
|
|
|
Ұшасының ортаңғы бөлісінің салмағы, кг
|
21,6
|
22,0
|
23,1
|
Оның салыстырмалы салмағы, %
|
|
|
|
Ұшасының артқы бөлісінің салмағы, кг
|
50,6
|
48,4
|
54,1
|
Оның салыстырмалы салмағы, %
|
|
|
|
VII. Жүн өнімділігі.
Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.
Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.
Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді биязы, ал аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микрометрден аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, шайырлы, ақ, тығыз болады. Осындай жүнді алтай, солтүстік, оңтүстік меринос, қазақтың биязы жүнді тұқымдарынан қырқады. Биязылау жүннің диаметрі 25 микрометрден артады, түбіт немесе аралық қылшықтан, олардың аралас қоспасынан тұрады, ұзындығы 8-15 см, кейбір тұқымдарда 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Мұндай жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, кроссбред қырқып алады.
Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ, өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың бір-бірінен айырмашылықтары жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы. Әркелкі жүн қылшық және ұяң деп бөлінеді.
Қылшық жүн қазақы, еділбай, гиссар, қаракөл т.б. қойлардан қырқылады.Ұяң жүн аралық қылшық пен түбіттен тұрады. Одан сапалы кілем, тоқыма бұйымдар жасалынады. Сапалы ұяң жүн сараджа, тәжік, балбас, қарғалы қойларынан алынады. Қойдан жүн алу үшін биязы жүнді қойларды жылына бір рет көктемде, қылшық жүнді қойларды екі рет көктемде және күзде қырқады. Ең көп жүн биязы жүнді қойлардан қырқылады. Дүние жүзілік рекорд ставрополь қойынан 31,7 кг жүн қырқылған.
7.1. Қой қырқу. Қойдан алынатын өнім жүн. Ол өзінің технолгиялық және биологиялық жағынан киім және басқа бұйымдар өндіруге еш теңдесі жоқ шикізатқа жатады. Жүннің сапасы оны уақытында және дұрыс қырқып алынуына байланысты болады. Қылшықты жүнді қойларды жылына екі рет (көктемде, күзде) қырқады, ал биязы және биязылау жүнді қойларды жылына бір рет көктемде қырқады. Ерте қыста немесе көктемде туған қозыларды жазда немесе күзде қырқуға болады.
Қырқу мерзімі ауа-райына, жүннің өсуіне, тұқымға, қыстың ұзақтығына байланысты. Көктемдегі қырқымды күн жылыда, жауын-шашынсыз күндері жылы қорада ұстап бағады. Қырқу мерзімін кешіктірмеу керек, себебі мал өз салмағын ыстық күндері жоғалтады, ал қылшықты құйрықты қой түлей бастайды да, жарты жүні түсіп қалады.
Жоғары қоңдылықтағы қойдың жүні сапалы, тығыз, тез шайырланады, терісі мықты, тез қырқылады. Қойдың жүні құрғақ болу керек. Оны қырыққыш машинамен немесе қол қайшымен қырқады. Алдымен оның үш аяғын байлап, жерге төселген брезентке немесе ағаш еденге жатқызады. Содан кейін басынан бастап, мойнын, кеудесін қырқып, аяғын басатқан соң қарнын қырқады.Қырыққанда қайшыны теріге жақын, бірақ кесіп алмайтындай етіп ұстайды. Бір салған жерге екі рет салмау керек, себебі жүн қиқымы көбейіп кетеді. Аяқ, қарын, құйрық жүндерін және басқа былғанған жерлерін бөлек
қырқып, жинайжы. Жүнді орап, пресске салып, 100-110 кг бума қылып сорттап, жүн жинайтын мекемелерге, агенттерге өткізеді. Жүнді тек кепкен күйінде сақтауға болатынын ескеру қажет!
Егер қойды электр машинкаларымен қырықса, қырқу сапасы жоғарылайды. Өндіріс арнайы фермер қолдану үшін маркасы ЭСА-І Д электр қырыққыш машинкаларын шығарады. Айта кету қажет: бұндай машинкалар электр энергиясын қолданғандықтан, оларды тек қана электр тогы бар шаруашылықтар ғана қолдана алады.
7.2. Қаракөл елтірісін бағалау. Қойдан елтірі алынады. Елтірі дегеніміз 1-3 күдігінде сойылған қаракөл қозысының терісі, жүні бұйра және әдемі болады. Қозы есейген сайын бұйра жайыла береді. Елтірі сапасы қойдың тұқымына қозыны сою мерзіміне, тері сыдыру әдісіне және олардың алғашқы өңделуіне байланысты. Елтірі түсіне қарай қара, көк, қоңыр, қызғылт, ақ және алтын тәріздес түсті (сұр) болады.
Елтірінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге оның түсі, бұйрасының формасы, бұйрасының ұзындығы, биіктігі және жалпақтығы, түгінің жылтырлығы, жібектілік дәрежесі, көлемі мен қалыңдығы және тығыздығы жатады.
7.3. Қойдың жүн, ет өнімділігін бағалау. Қойдың жүн өнімін қырқылған жүнін өлшеу арқылы және оның таза жүн түсімімен анықтайды. Таза жүн түсімін анықтау үшін, әр қойдың жүнінен 200 г алынып, бес түрлі ыдыстардағы мөлшерлері әртүрлі содалы-сабынды суда 38-40о–та 5-6 минут жуады. Жүннің тұрақты құрғақ салмағын айыру үшін ЦС-153-1 және ЦС-182 аппараттары қолдланылады. Бірінші үлгіні ыстық ауамен құрғатып, таза жүнді өлшейді, ал екінші үлгіні сығады. Таза жүннің түсімін мына формуламен анықтауға болады:
Р жүннің тұрақты құрғақ салмағы, (г); Н кондициялық ылғалдың нормасы, оның шамасы жүннің барлық түрлері үшін бірдей болады 17%;
а жуылмаған үлгі үшін алынған жүннің алғашқы салмағы, (г);
х таза жүн түсімі, %.
Мысалы, есеп жүргізу үшін мынадай көрсеткіштерді пайдаланайық: биязы жүннің тұрақты құрғақ салмағы 72,7 г , жуылмаған үлгіден алынған жүннің алғашқы салмағы 200 г деп алсақ, таза жүн түсімі
Орташа есеппен алғанда, биязы жүнді қойлардың таза жүнінің түсімі 40-48% , биязылау қойлар үшін 55-65% , ұяң жүнді қойлар үшін 65-70%, қылшықты жүнді қойлар үшін 60-80% аралығында болады.
XVII-тапсырма. Төмендегі берілген (14-кесте) көрсеткіштерді пайдаланып, таза жүн түсімін х есептеп, биязы, биязылау және қылшықты жүндердің таза түсімін бағалап, қорытынды жазыңыз.
Дүние жүзіндегі барлық елдерде 500-ге жуық қой тұқымы өсіріледі, соның ішінде ТМД-да 60-тан астамы, ал біздің елімізде 13 тұқымы өсіріледі. Оларды, өніміне байланысты, мынадай төрт топқа бөледі:
биязы жүнді тұқымдар: қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-меринос қойы, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, алтай тұқымы, кеңес мериносы жатады;
биязылау жүнді тұқымдар: цигай қойы, дегерес қойы, кроссбред қойы, қазақтың етті-жүнді қойы жатады;
ұяң жүнді: қарғалы қойы жатады;
қылшықты, етті-майлы: еділбай, қаракөл қойы жатады.
Бірінші топтың өнімдік көрсеткіштері әртүрлі болады, мәселен: өнім бағыты биязы жүнді; аналық қошқарлардың тірілей салмағы 55, 100 кг; жүнінің ұзындығы 8,0-10,0 см; жүн түсімі әрбір саулықтан орта есеппен 4,5-5,5 кг, қошқарларының тірілей салмағы 8-12 кг; таза жүнінің шығымы 40-48 %. Орта есеппен алғанда әр 100 саулықтан 130-140 қозы алынады. Жүнінің жіңішкелігі 60-64 сапада. Екінші тұқымдық тобының қошқарының тірілей салмағы 100-120 кг, ал саулықтары 55-65 кг; Жүн талшықтарының жіңішкелігі 50-58 спа деңгейінде, ұзындығы 10-15 см, таза жүн түсімі 55-65%; әрбір қошқардан 8-10 кг жүн қырқылады, саулықтан 4,5-5,0 кг; 100 саулықтан 110-120 қозы алынады.
Үшінші тұқымдық топтың қошқарларының тірілей салмағы орта есеппен 105-110 , саулықтарінікі 60-65 кг, екі рет қырқылады. Қошқардан 4,5-4,8 кг, саулықтан 3,0 кг жүн алынады. Жүнінің ұзындығы 17-22 см, жіңішкелігі 48-56 сапа, жүн түсімі 65-70%, 100 саулықтан 100-110 қозы алынады.
Төртінші тұқымдық тобының қошқарларының тірілей салмағы 100-110 кг, саулықтары 70-75 кг; екі рет қырықаннан кейін қошқардан 3,0-3,5 кг, саулықтардан 2,0-2,5 кг жүн қырқылады, оның ұзындығы 15-20 см, таза жүн түсімі 60-80%, жіңішкелігі 48-56 сапа, 100 саулықтан 110-115 қозы алынады.
14-кесте.
Кеңес, кроссбред және еділбай тұқымдарының жүнінің таза жүн түсімі.
|
Кеңес тұқымы, биязы жүнді
|
Кроссбред тұқымы, биязылау жүнді
|
Еділбай тұқымы, қылшықты жүнді
|
|
А
|
Р
|
х
|
а
|
Р
|
х
|
а
|
Р
|
х
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
200
|
77,5
|
|
198
|
82,6
|
|
200
|
110,6
|
|
|
198
|
72,5
|
|
200
|
88,7
|
|
200
|
111,0
|
|
|
199
|
76,7
|
|
196
|
90,1
|
|
200
|
112,4
|
|
|
195
|
77,8
|
|
196
|
92,0
|
|
201
|
114,5
|
|
|
197
|
70,1
|
|
197
|
90,6
|
|
200
|
118,4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
196
|
73,5
|
|
198
|
92,7
|
|
199
|
120,8
|
|
|
195
|
74,6
|
|
199
|
93,4
|
|
199
|
124,4
|
|
|
199
|
72,0
|
|
201
|
96,7
|
|
198
|
128,0
|
|
|
200
|
72,8
|
|
202
|
99,8
|
|
196
|
138,0
|
|
|
201
|
72,9
|
|
198
|
90,1
|
|
195
|
120,4
|
|
|
200
|
73,0
|
|
199
|
94,5
|
|
200
|
140,1
|
|
|
199
|
71,0
|
|
201
|
96,8
|
|
200
|
132,8
|
|
|
198
|
70,6
|
|
200
|
97,4
|
|
201
|
138,0
|
|
|
196
|
72,8
|
|
198
|
99,9
|
|
200
|
129,7
|
|
|
200
|
77,6
|
|
200
|
98,1
|
|
|
|
|
Орта есеппен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қанша, %
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
XVIII –тапсырма. Жоғарыда сипатталған төрт топтың тұқымдарының орта есеппен алынған өнім көрсеткіштерін төменгі кестеге жазып, қорытынды шығарыңыз.
15-кесте.
Төрт топқа жататын тұқымдарының өнім көрсеткіштері.
Тобы
|
Өнім бағыты
|
Тірілей салмағы, кг
|
Жүн өнімінің салмағы, кг
|
Жүн қасиеттері
|
100 саулықтан қанша қозы алынады
|
Неше рет қырқылады
|
қошқар
|
саулық
|
қошқар
|
саулық
|
Ұзындығы
|
Сапасы
|
Таза жүн түсімі
|
Таза жүн түсімі
|
І
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
IV
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
VIII . Құстың жұмыртқа өнімі.
Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталықөнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар.
Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250 күндігінде сала бастайды. Бір жылда беретін жұмыртқалар саны және орташа салмағы жұмыртқа өнімінің негізгі көрсеткіштері болып есептелінеді. Әдетте, тауықтар өмірінің екінші жылында ең көп жұмыртқа береді. Ал жылына орта есеппен тауық 220-230 жұмыртқа бере алады, әр жұмыртқаның салмағы 55-65 г; үйрек 100-120 (әрқайсысының салмағы 90-100 г) жұмыртқа, қаз 25-30 (әрқайсысының салмағы 110-200 г) жұмыртқа, күркетауық 70-80 (әрқайсысының салмағы 85-110 г) жұмыртқа береді. Тауықтың және күркетауықтың ұрғашысын мекин, еркегін қораз; үйректікін мекин, кежек; қаздікін ана және ата-қаз деп атайды.
Құс ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкес азықтандырылады. Жем құстың ас қорыту жолынан тез өтіп, зат алмасуы жедел жүреді, сондықтан құс құнарлы, энергия мен қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарға бай рационмен азықтандырылады. Құс өнімділігіне, әсіресе азық энергиясы күшті ықпалын тигізеді.Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азықтың энергиясына тәуелді, сонымен қатар азықтың желінуі де энергия деңгейімен шектеледі. Сондықтан азықтың энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.
Құс өнімділігіне энергиядан кейін күшті ықпал ететін екінші көрсеткіш азықтың протені (жалпы өнімділігінің 20-25%-ті соған тәуелді). Оның энергиясымен ара қатынасы 1 кг азытағы 1%-ті протеин үлесіне тиетін алмасу энергиясымен есептелінеді, бұны энергиялық протеиндік қатынас (ЭПҚ) деп атайды. Бұл ара қатынас бұзылып, протеин жетіспесе, ақ зат түзілу барысы қамтамасыз етілмейді де, құстың өсімталдығы менөнімділігі төмендейді; ал керісінше, егер протеин шектен тыс көп болса, ол тиімсіз энергетикалық мақсатқа жұмсалады. Протеиннің аминқышқылдық құрамы құс азығының витаминдік (әсіресе В-тобы витаминдері бойынша) қоректілігіне де ықпал етеді.
Толықтырылған құрама жем жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін жұмыртқалағыш мекиенге тәулігіне 120 г, өндіруі үшін өсірілетін мекиенге 155 г, қоразға 160 г, күркетауық мекиеніне 260 г, қоразына 500 г, үйрекке 240 г, қазға 330 г мөлшерімен азықтандырылады.
Құсқа арналған толық рационды құрастырылған жемнің 60-75%-ті астық және бұршақ тұқымдастар дәнінен, 0-7%-ті бидай кебегінен, 5-25%-ті шроттан, 4-6%-ті жануартектес азықтардан, 3-5%-ті азықтық ашытқыдан, 3-10%-ті шөп ұнынан, 1-5%-ті минералды қоспалардан, 0-3%-ті азықтық майдан құрастырылады. Құрастырылған жемге амин қышқылдарымен қатар микроэлементтер (Әр тоннасына 50 г марганец, 50 г мырыш, 10 г темір, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г йод қосылады.
Ал егер минералды заттар жеткіліксіз болса, құстың өсу процесі баяулайды, жұмыртқасының қабы өте жұқа болады немесе мүлде қабығы болмайды.
Жұмыртқаның товарлық сапасын айыру үшін оның салғанын, салмағанын, сақтау әдісін білу қажет. ГОСТ 1635-55 бойынша жұмыртқаны үш түрге бөледі: диеталық, мұздатқыштық, жаңа табылған жұмыртқа.
Диеталық жұмыртқаның салмағы 40-54 г, қоймада 5 тәуліктен артық сақталмайды, сапасы жақсы, қабығы таза, мықты, ауалық орыны 4 мм-ден аспайды, қозғалмаған сары уызды және жарық өткізетін ақ уыз болуы қажет.
Мұздатқышта бір айдан астам 1-2о температурада, салыстырмалы ылғалдығы 85-88%-те сақталған жұмыртқа жатады.
Жаңа табылған жұмыртқа ауалық орыны 7 мм-ге дейін, сары уызы ортасында, ақ уызы жарық өткізеді, жұмыртқа салмағы 47 г болады. Бұндай көрсеткіштерге сәйкес келмеген жұмыртқаларды стандартсыз деп атайды.
Жұмыртқаны микроорганизмнен сақтау қажет, ол үшін қораны, ұяны,төсеніштерін таза ұстаудың гигиеналық маңызы зор. Жұмыртқа салқындағаннан кейін ауа камерасына сырттан ауа кіреді және сонымен бірге микроорганизмдер кіреді. Жұмыртқаларды 3 аптаға дейін, ал тоңазытқышқа салынса, 3-4 айға дейін сақтауға болады. Жұмыртқаларды тоңазытып сақтауға мүмкіндік жоқ кезде ларды түрлі ерітінділерде сақтауға болады.Ол үшін тұзды су дайындауға болады: 10 л суға 50 г ас тұзын ерітеді, оған 100 жұмыртқа 3-4 ай сақтауға болады. Жұмыртқа қабығын жануар майымен, вазелинмен майлап, 6-8 ай сақтауға болады, ол үшін жұмыртқаны 120о –қа дейін ысытқан майға 5 секундке малып алады.
Құсты етке сойғанда, қанын ағызып, қауырсынын жұлады. Қауырсын түбірін жұмсарту үшін тауық пен күркетауық ұшасын ыстық 51-55о С суға 1-2 минутқа, үйректер ұшасын 3-4 минутқа, қаз ұшасын 5 минутқа батырып алады. Қаз бен үйректер қауырсынын 2-3 сағат салқындатып барып жұлған жеңіл.
ІХ. Мал өнімдерінен дайындалатын тағамдар.
9.1. Мал сою әдісі. Той өткізетін, соғым соятын жанұя ең слдымен сойылатын малды алдын ала іріктеп алады. Өсімтал, сүтті, жүнді, жорға жүйрік сияқты асыл тұқымды малдардың пышаққа ілінбеуін қадағалайды, төлдерге ен салу, еркектерін тарттыру, жылқаға таңба салу кезінде мал иесі әр малдың өнімді-өнімсіздігін, аман-жамандығын байқап, қартайған, қыстан шыға алмайды-ау дегенін, т.с.с. сойып алады. Малды семіртіп сояды.
Қой сойғанда, оны жығып, төрт аяғын мықтап байлап, бауыздайды, терісін сыпырып, бас-сирағын алғаннан кейін, төс етін бөлек сылып алады (жас төстікті тұздап, үйтіп пісіру, бөліп жеу, үлкендерге ауыз тигізу салты бар). Іші жарылған соң өңеші суырылып, өкпе-бауыры бөлек, шек-қарыны бөлек шығарылады да, тазаланады. Шек-қарынды тазалау да өнер, оған жас әйелдерді үйретеді. Қарынды айналдырып, бірнеше қайтара жуып, түктерін пышақпен қырады. Малдың тоқ шегі ( жылқыда – қарны) өте майлы болады. Тоқ шек - өте бағалы тағам. Қартасы сыйлы қонаққа пісіріп, беріледі. Сақа қойлардың ащы шегі 30-40 м болады, сондықтан еріншек әйелдер оны далаға тастайды; шек-қарында адам организміне қажетті бағалы витаминдер өте көп. Шек-қарын мен бауырды қосып, бірге қуырғанда, өте дәмді таптырмайтын ас алуға болады.
Әдетте шек-қарын алынғаннан кейін, кеңірдегі суырылып, өкпе-бауыры, жүрегі тұтас шығарылады; жүректің ішіндегі қаны ағызылып, ұқыптылықпен жуылады. Содан кейін екі бүйрегі алынып, екі жанбастың түйіскен жері, яғни шаты ажыратылып, тік шек пен қуық алынуы керек. Содан кейі сүбе-қабырға сөгіледі, мойын, арқа, бел омыртқалары бұзылады. Қойдың құйрығы бөлек алынады, не болмаса жапбастарға жіберіледі.
Қой мен ешкінің басы жағымен тұтас күйінде үйтіліп, күйесі ыстық сумен жуылады, басынан жағы ажыратылады. Бас әдетте сыйлы қонаққа асылады. Қазақтың дастарқанының дәмді тағамдарының бірі болып ми палау есептелінеді, дастарқан басындағыларға бұл тағам ауыз тигізіледі. Ми палауға бауыр еті, құйрық ұсақталып туралып, оларға қойдың миы, сорпа араластырылады.
Сиыр да, қой, ешкі сияқты сойылады. Түйені сойғанда, терісін арқасынан бастап, іреп сояды, мойынын, ұзын болғандықтан, екі жерден бауыздайды. Мойын терісі бөлек алынып, торсық немесе қамыт тігеді. Түйенің алдымен өркеші, сосын қолдары алынады, қалған жағы сиырдікіндей бұзылады. Жылқының қазысының қалыңдығын әдетте елімен өлшейді (бір, екі, табан, сере елі – деп). Мал сойғанда мүшелеп пышақпен ғана бұзу керек. Адамға зиянды бездер мен тамырларды әддетте союшы алып тастайды.
Малдың етінің түрлі мүшелерінің қазақша аталынатын аттары бар: бас, жақ мойын, бұғана (2 жақта үш талдан 6 тал), қара қабырға (6 тал), сүбе (етегімен алынған алты қабырға), қазы (20 қазы, қабырғасыз да семіз жылқыда), төс (қыз-келіншек, күйеулер үшін), төстік (қойдың төс мүшесі солай аталады), кәрі, жұмыр, асықты, тоқбас жіліктер, жанбас, жая (жылқынікі – сауыр еті), белдеме, мойын, ұзын омыртқалар, жүрек (қыз баланың сыбағасы), бауыр, көк бауыр, бүйрек (балалар сыбағасы), қарта (тоқ шек), ащы шек, қарын өкпе, сирақ.
Қазы-қарта айналдыру, шұжық жасау әдісі ертеден бар.
9.2. Етті сақтау әдістері. Соғым етін солтүстік аймақтарда аязға қатырып сақтайды. Бірақ та әуелі етті салқын жерде сорықтырып, желге, күнге тигізбей, содан кейін ғана аязға қатырады, бұл тәсілмен сақталатын еттің дәмі бұзылмайды. Кейбір аймақтарда малдың етін тұздап, қарынға да салып сақтайды. Сонымен қатар күбіге де, бөшкеге де салып, тұздап сақтайды. Кейде қой, ешкі, торпақ сияқты семіз малдың терісін сыпырмай, шек-қарнын алып, үйту, құйқалау әдісі де ел арасында көп тараған. Егер мүшелеп бұзылған етті пияз, бұрыш пен тұз араластырып, сүрлесе, мал еті ерекше дәмді болады. Сонымен қатар қазы-қарта, шұжық айналдырылады. Мысалы, солтүстік аймақтарда етті сүрлеу үшін ыстайса, оңтүстікте – тек қана тұздап сүрлейді. Сүр ет қалың блмау керек, арасын түтін түгелдей қамту үшін пышақпен қыл тіледі. Жаздыгүні етке шыбын қонбау үшін оған шекілдеуіктің немесе мақтаның майын жағып, қара бұрыш себеді. Сүр етті асарда оны жылы сумен жуады.
9.3. Қазақша ет пісіру әдістері. Етті сумен жуып, қой-ешкінің, бызаудың мүшелері қазанға тұтас салынады. Ірі қараның, жылқының жамбасы, жіліктері қазанға сыйуы үшін, ортасынан бөледі. Етті басынан салқын суға салып, аздап тұздап, пісіреді. Ал отты бірте-бірте күшейту дұрыс болады, себебі, қатты қайнатып пісірген ет қатайып кетеді. Етті бүлкілдетіп қайнатып, өбігін алып тастаған жөн. Ет өте семіз болса, сорпаның бетіндегі майы бір-екі рет қалқып алынады. Ал еттің нанын (қамырын) ет түсірілген соң, сол ыдысқа салынып, пісіріледі. Нан саларда сорпаны күштірек қайнатқан жөн, онда нанның шелпектері бір-бірене жабыспай, піседі. Ал күрішті сорпаға пісіру үшін, оны дорбаға салып, сорпаға салады. Пісуі жеткен нан немесе күріш сорпаның бетіне көтеріледі. Бұл сәтте оларды табаққа түсіреді. Еттің майын және қара етін кесегімен бірде қылып, қиялап, жапырақтап турау керек. Содан кейін үстіне тұздық құяды. Асты бірден жеп алған жөн, себебі кейін дәмі өзгеше, жағымсыздау болады. Бұған байланысты қазақ салтында «Асты телміртпе, дастарханды күттірме» деген қағида мақал айтылуы тегін емес.
Ет түсіруден жарты сағаттай бұрын сарымсақ, лавр жапырағын салған дәмді. Табақ жасау тәсілдері де әртүрлі болады: күйеу-табаққа бір сан-жілік пен төс салынады; келін-табаққа бір сан-жілік пен төс, ұлтабар (сычуг), жүрек түседі; қыздарға – жүрек, бүйрек, жақ пен тіл салынады; құдағиларға және әйелдерге – жамбас, асықты жілік, сүбе, ал бас табаққа – асықты жілік және жамбас, орта табаққа – асықты жілік және жамбас салынады.
Малдың басын ең үлкен, қадірлі адамға арнап, салады. Көбіне сол мал да арнайы сол адам үшін сойылуы мүмкін. Бас-табақтағы адамдар әуелі бас алынбай тұрып, табаққа қол салмайды; алдымен бас ұстаған адам ауыз тиеді.
9.4. Сүт тағамдары. Сүт, төрт түлік малдың түріне қарай, бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті деп аталады. Ал жас малдың алғашқы 1-2 күнгі сүті уыз деп аталады. Тәулігіне: сиыр - 2-3 рет, қой-ешкі - 1 рет (түсте), бие - 1-2 сағат сайын сауылады. Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе құрт, қаймақ дайындалады. Қой-ешкі мамырдан тамыз айына шейін, биелер жыл бойы, сиыр 305 күн сауылады.
9.5. Шұбат. Түйе сүтінен ашытылады. Бұл - әрі сусын, әрі тағам деп есептелінеді, өте майлы, емшілік қасиеттері де мол. Шұбатты ашыту технологиясы, қымыз ашытуға қарағанда, оңай. Өйткені оны бір қорландырып алса, содан кейін ешқандай ашытқысыз аши береді. Оны, қымыз секілді, мезгіл- мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып береде ғана шайқап жіберсе, жеткілікті, сонда шұбаттың көпіршігі жақсы араласады. Шұбат құйылған ыдыстың аузын ашып, оқтын-оқтын газын шығарып отыру керек. Шұбатты ағаш күбіге не торсыққа (түйе не ешкі терісінен) құйып, ашытады. Шұбат өкпе, асқазан, түрлі шек ауруларына бірден бір шипалы сусын
Түйенің екі түрі бар: қос өркешті (бактериандар) түйенің үш тұқымы - қалмақ, моңғол, қазақ; бір өркешті (дромедар) түйенің бір тұқымы - аруана. Бураның салмағы 700 (1200) кг, інгеннің салмағы 600 (950) кг болады. Жеті ай сауғанда 1200 кг сүт береді және 4-6 кг жүн бере алады.
9.6. Қымыз. Бұл тағам туралы Жамбыл атамыз «Ауруға - ем, сауға - қуат, дәрі - қымыз» деген. Бие сауғанда, құлынды ноқталап, көлеңкеде бөлек азықтандырады.
Бие сүтін сүзіп, жылы кезінде күбіге немесе сабаға құйып, 30-40 минут піседі. Бірінші рет сүт ашытқы не қор үстіне құйылады. Қор деп ескі қымызды, сақталған сарқыны айтады. Ашытқыны сүр жаядан, қазының сынық сүйегінен сүтке салып, нан ашытқысын езіп, әзірлейді.
Қымызды көп пісу керек, сонда ғана ол дәмді, сапасы жоғары қымыз болады, жұмсақ, ішуге жұмсақ, сүйкімді болады.
9.7. Қымыздың түрлері. Уыз қымыз деген - уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою ққымыз. Ал сары қымыз - жаздың ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз. Құнан қымыз - үш тәулік бойында ашытылған қымыз. Дөнен қымыз төрт тәулік бойы ашытылады. Бестік қымыз бес тәулік бойы ашытылады. Саумал қымыз баяу ашиды. Қысырдың қымызы деп жазда қысыр қалған биені қыста сауады. Бал қымызға тәтті дәмі болу үшін бал, қант, өрік-мейіз қосып піседі.
Биені батыл, тез сауу керек. Бір биені қолмен сауып алу үшін 60-90 секунд уақыт кетеді. Сауыншы бие сауған кезде бір минутта емшекті 110-160-қа дейін қысады.
9.8. Ешкі өнімдері. Ешкіден сүт, ет, жүн, түбіт, тері өнімдері алынады.
Ешкі сүтінің құрамындағы заттардың мөлшері - 86,9%-ті су, 13,1%-ті - құрғақ зат; оның ішінде сүт майы - 4,1%-ті, сүт қанты - 4,4%-ті, белок - 3,8%-ті, тұз- 0,9%-ті. Ешкі сүтінің құрамы, олардың жасына, сауылу мерзіміне, азқтар құрамына байланысты, біршама өзгеріп тұрады. Құрамы жағынан адам сүтіне жақын болады. Ешкілер 4-10 ай сауылады, ал лақтағаннан кейін 9-10-шы тәуліктен бастап сауа беруге болады. Сауу уқыттары: қыста екі рет, жазда үш рет - сағат 7, 12, 22-де саууға болады.
Азықтандыру нормасы ешкінің жасы мен жынысына, физиологиялық ахуалына, тірілей салмағы мен өнімділігіне сәйкес белгіленеді. Салмағы 50 кг ешкіге, тіршілігін қамтамасыз ету үшін, 0,35-0,4 азық өлшемі, 45-60 г қорытылған протеин беру керек.
9.9. Ешкінің еті мен терісі. Ешкінің еттілігі қойдан төмен, етінің түсі ақшылдау, майы да сондайболады. Бір жасқа келген серкелер салмағы 38-46 кг, ал сойыс өнімі 18-23 кг, ішінен 2,2-3,5 кг май алынады, яғни соыйс шығымы - 50-60%. Күзде сойған ешкілердің терісі бағалы болады, тығыз әрі мықты келеді. Теріні құрғақ немесе ылғал тұздықпен тұздайды, жаздыгүні – көлеңкеде, қыста – жылы бөлмеде кептіреді.
9.10. Ешкінің түбіті мен жүні. Біркелкі бағалы жүнді ангор және советтің жүнді тұқымдарынан қырқуға болады. Бұлардың жүні - ақ түсті, біркелкі, өрімделген, жібектей жылтыр. Ешкі түбіті меринос жүнінен де биязы. Олардан тоқылған бұйыдар әрі жылы, әрі әдемі шығады. Түбіт тамыз айында шығып, күзде жетіледі. Қаңтардың аяғында өсуін тоқтатып, ақпаннан бастап түсе бастайды. Ең сапалы түбітті Орынбор тұқымынан алады. Түбітті тарақпен тарайды. Ол үшін ешкіні машинамен 1-2 рет қырқады, жүні өскенде 11-12 см дейін жетеді.
Х. Нутрия өсіру.
Дербес шаруашылықта өсіруге тиімді де, қызықты жануар - нутрия, қазақта - «саз қамшаты» деп атайды. Ол кеміргіштер отрядына жатады, су мен қамысты мекендейтін жануар. Өсімдікпен қоректеніп, азықтандыру және күруді талғамайды. Терісі андатр терісіне ұқсас, өте құнды, түрлі түсті, бағалы терімен қатар диеталық қасиеттері жоғары қоян етіне тең, дәмді ет өндіреді.
Нутрияның тірідей салмағы 5-7 кг, денесінің ұзындығы 45-60 см.,6-7 жыл тіршілік етеді. Суда да, құрғақта да тіршілік етуге беймделген, алдынғы аяқтары қысқа, бес саусағы бар. Артқы аяғының төрт саусақтарының арасы терімен қосылған, бесінші саусағы бос, жиырма тісі бар. Жүні 90-93% түбіттен тұрады, түсі – қоңыр, ақ-қара, т.б. Мұз қатпайтын суда тіршілік етеді. Қысқы қаңтар, ақпан айларында терісінің сапасы жақсы.
Біздің суық аймақта торға төсеніш салып, жылы қора ішінде орналастырады. Тәулігіне нутрия 20 кг-ға дейін өсімдікті судан алып, жейді. Нутрияға тамыртүйнек жемістер, пішен, асхана қалдықтары, жем, ағаштың жапырақтары, бұтақ, олрдың қабығы беріледі, олар картоп, капуста қалдығын да жейді.
Нутрия ай сайын төлдейді, 6-7 айлықта (4 кг салмақта) ұрықтандырылуға жарайды. Күшіктерін екі айдан соң анасынан айырады. Дұрыс күтсе, 3-4 жыл бойы төлдейді. Нутриялар буаздығы 132 тәулікке созылады, емшектері 4-5 жұп, екі жақ бүйіріне, арқасына орналасқан. Төл саны 1-ден 17-ге дейін, салмағы 80-380 г, орташа 5 (200 г).
Нутрияны 6-7 айлығында союға болады. Сыпырылған терісінің көлденеңі 14-15 см, ұзындығы 75-100 см, қалыңдығы 3 см. Қалың тақтайға жүнін ішіне келтіре, тарта кигізіп, іш жағынан майын пышақпен қырады. Еті - диеталық өнім, салмағы 1,6 – 2,0 кг (6-7 айлық), сойыс шығымы 52%, Тұздап, сүрлеуге де болады. Етін сатушылардың мал дәрігерлік куәліктері болуға тиіс және ұшаларында мал дәрігерлік «нутрия» деген мөрі басылады.
ХІ. Қоян өсіру.
11.1. Қоянның биологиялық ерекшеліктері. Қоян, басқаларымен салыстырғанда, өте өсімтал мал. Сақа қоян 1 жылда 6-9 рет (30 күнде) көжектеп, 40-50 дейін көжек туады. Әр туғанда 6-9-14 –ке дейі көжек табады. Олар 4-5 айлығында шағылысады. Бір ұрғашы үй қоянынан жылына 60-70 ет алуға болады. Еті дәмді, балаға, қарт адамға және бауыры мен асқазаны ауыратын адамдарға пайдалы.
Қояннан тері, түбіт алады. Терісі жеңіл, әдемі, жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма бұйымдар дайындайды. Бір ұрғашы төлдерімен қояннан жылына 1-1,5 кг түбіт алынады. 60 тәулікте, жақсы азықтандырса, салмағын 1 кг-ға дейін көтеруге болады.
11.2. Қояндардың тұқымдары. ТМД-да пайдаланылатын қоян тұқымы: Вена көгілдір үй қояны (венский голубой), шиншилла, Вена ақ қояны (венский белый), шамшань, бельгиялық үй қояны (фландр), «белый великан» үй ақ қояны, т.б.
Қоян түстері әртүрлі болады: көгілдір, сұр, сұрғылт-қара, қара, күміс түсті, қара-қоңыр, қоңырлау, ақ.
Қояндардың тірідеі салмағы 4,5-6,0 кг, дене ұзындығы 57 см, кеуде орамы 36 см. Ұрғашысы орта есеппен 7-8 көже туады, тәулігіне 20-23 кг салмақ қосады. Қоян тағы да басқа тұқымдары бар: советтік шиншилла, сұр үй қояны, сұрғылт-қара үй қояны, қара үй қояны, күміс түсті үй қояны, қара-қоңыр үй қояны, ақ қоян, совет мардері, түбітті ақ қоян, кировтің түбітті ақ қоян, орыстың ақ құлақ қояны.
11.3. Қоянды шағылыстыру және көжектендіру. Қояндарды жылдың кез-келген мезгілінде шағылыстыруға болады, оны ұрықтанғанын тексеру үшін, бес күннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянды маңайына жолатпайды.
Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120 г сүт шығады, туғанда көжектердің салмағы 40-80 г болады; оларды енесінен 45-60 күндігінде айырады. Азықтандыру рационы басқа малдардың рационындай болады. Қоян еті барлық диеталық еттердің ішінде маңызды орын алады. Дәмді, тауық етіне жақын, тез қорытылады.
Мысалы, адам организмінде қоян етіндегі белоктің 90%-ті қорытылып, сіңірілсе, сиыр етінің тек 62%-ті ғана сіңеді. Қоян етінің 1 кг-мында 1384-1820-ға дейін каллорияға дейін болады. Қоянның майы ақ, жұмсақ.
11.4. Қоянды сою және терісін сыпыру. Сақа қояндар әдетте көктемде және күзде түлейді. Сояр алдында қоянның жүнін тарап, тазалайды, 12-16 сағат бойы азықтандырмайды, су да бермейді.
Егер үй қояндарының терілері үлкен, ұшасы семіз болсын десе, соярдың алдында 1 ай бұрын оны бордақылау керек. Терісін бақайдан бастап ағашқа іліп, көзінің айналасын және ауыз тесігінің терісіне дейін сыпырады, құлақтық шеміршегін кеседі. Содан кейін теріде қалған еттерді, сүт бездерін, майын кетіреді. Теріні кептіріп, илейді.
Көжектерден алғашқы рет 2-2,5 айлығында бірінші түлей бастағанға дейін (түбітінің ұзындығы 6 см болғанша), екінші рет 4-4,5, үшіншіде 6-6,5 айлығында алынады.
ХІІ. Ара өсіру және оның биологиясы.
12.1. Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді; бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар. Жұмысшы ара мен аналық ара – ұрғашылары, ал еркектері – трутни деп аталады. Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз уақыт тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады. Еркек аралар жас аналықтарды ұрықтандыру үшін туады.
Омарта (пасека) тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және оны орындайды.
Аналық ара, жұмысшы араға қарағанда екі есе ұзын (25 мм), тірідеі салмағы 260 мг, құрсағы ұзын. Қанаты денесінің жартысын жауып тұрады. Жұмысшы араның қанаты құрсағын толық жауып тұрады, еркек араның қанаты құрсағынан ұзын болады.
Ұрғашы ара күн сайын ұяшығына 1-2 мың ұрықтандырылған жұмыртқа салады. Ұрғашы ара кейде ұрықтандырылмаған да жұмыртқа салады, одан тек еркек аралар ғана шығады. Ұрықтанған жұмырқадан ұрғашы аралар, жұмысшы және аналық аралар шығады. Аналық ара жұмысшы, еркек араның, барлық ара жанұясының анасы болып есептелінеді.
Аналық ара еркек арамен омартада емес, ауада ұшып жүріп, шағылысады, сосын 2-3 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Күтімі жақсы аналық тәулігіне 1500-2000 жұмырқа салады. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді, екі жылда оларды ауыстырып отыру керек, өйткені, тұқым тарту қабілеті азая бастайды.
Еркек араның денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы – 200 мг, аналық араны ұрықтандырғаннан кейін өледі, шығатын піспегі болмайды, тіпті өзін-өзі қорғайда алмайды, қозғалыс-қимылдары шамалы және жұмысшы аралар дайындайтын балмен күн көреді. Еркек ара жұмыртқадан өсіп, жетілуі үшін 24 күн қажет, 12-14 күннен кейін жыныс бездері жетіліп, ұрғашы араларды ұрықтандыруға кіріседі.
Жұмысшы ара омартаның негізін қалайды. Қыстан шыққан жанұядағы жұмысшы араның саны 15 мыңдай болады (80-100 мың бал берген кезде). Жұмысшы араның денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг болады. Әдетте олар екі топқа бөлінеді: ұшпайтындары омартаның ішіндегі жұмыстарды орындайды (14-20 күндік), ал ұшатындары – сақа аралар – күніне бірнеше рет ұшып шығып, гүл тозаңдарын, тәтті шырындарды жинап, бүкіл жанұяны азықпен қамтамасыз етеді.
12.2. Ара тұқымдары. Ара тұқымдары, ТМД елдерінің (бұрынғы Кеңес Одағының) кең-байтақ табиғатына сай, түрлері де алуан-түрлі болады. Әр тұқымы бір-бірінен сыртқы түрімен, мінез-құлқымен, шаруашылыққа пайдалы белгілерімен ажыратылады. Әсіресе кең тараған тұқымдардың бірі – орман арасы – Украина мен авказ арасын мекендейді. Орманда мекендейтін бұл араның түсі қара, балы аппақ болады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарды мекендейді, түсі ақшылдау, ұзын тұмсығы гүл тозаңдарын жинауға ыңғайлы, балы аппақ болады. Оларға жақындағанда түтін немесе арнайы масқа қажет болады. Кавказ арасының түсі сары немесе сұр, тұмсығы ұзын, адамды шақпайды.
Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады
12.3. Ара шаруашылығынан алынатын өнімдер. Араның беретін негізгі өнімі –бал - әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді.
Мөлдір бал жоғары сапасы жоғары болып есептелінеді. Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбіржанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.
ХІІ. Фермерлік шаруашылығындағы зоогигиеналық және мал дәрігерлік шаралары.
13.1. Мал мен құс қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар. Жануарлар қораларына сырттан келетін инфекцияға жол бермес үшін, олардың организмдеріне керекті физиологиялық қажеттерді толығымен қамтамасыз ету керек. Мал мен құстың қоралары олардың түрлеріне, жасына, беретін өніміне, жатып-тұру әдетіне, желдетуге ыңғайлы, жылы болуға тиіс. Тұрғын үй мен қора арасындағы қашықтық 20-30 метрден кем болмауы тиіс. Жылы күндері малды, құсты далаға шығару үшін қоршаулы ашық алаңдар жасайды.
Жарық коэффициенті, яғни, терезелер мен еден көлемдерінің қатынасы -құс қорасында 1:10, қой мен ешкі қораларында 1:20, ірі қара мал қораларында 1:16 болуға тиіс. Малды аурудан сақтау үшін қораны таза ұстап, микроклиматты сақтау қажет. Қой мен ешкі қораларының сәкісі саз-балшықтан, ал ара қара малдікі – тақтайдан жасайды. Тәулігіне ірі қара мал 20 л, ал бұзауы – 2 л зәр шығарады, сондықтан сәкінің зәр ағып шыға алатындай ойыс арығы болуы керек. Қора ішінде зәр мен нәжістен улы булары көтеріледі, тығыз концентрациялы ауыр булар таза ауаның алмасуына бөгет жасайды. Сондықтан улы зәр булары жиналатын жерде қораның төбесіне биіктігі 1 м тақтайдан құбыр орнатады. Қораның ішіндегі микроклиматтың тазалық дәрежесінен мал мен құстың өнім беру қасиеттері 20%-тен 40%-ке дейін кемітеді. Мысалы, қыс кезінде ірі қараның қорасындағы ауа температурасы 8-12о С, құстың қорасында – 13-17о С болу керек; ылғалдылығы 60-70%-ке тең; ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы қыста 0,1-0,2 м/с, жазда 0,3-0,5 м/с тең; көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері ірі қара мал үшін 0,25%, төл үшін 0,2%, құс үшін 0,15-0,18%-тен аспағаны жақсы, аммиактың сақа мал үшін 20 мг/м3, ал төл үшін 10 мг/м3 аспау керек.
Ірі қараны күніне 3 рет, сауынды сиырды 4-5 рет, қой мен ешкіні 1-2 рет, шілдеде 3 рет сауады. Орта есеппен тәулігіне: ірі қара 60-70 л, 6-айлық жас бұзау 10 л, қой мен ешкі 8 л, қозы мен лақ 4 л, қоян – 3 л, ірі тауықтар 0,3 л, күркетауықтар 1 л, ірі үйректер 0,7 л, ірі қаздар 1,2 л, жылқы 80 л, түйе 100 л су ішеді. Түйе жаз айларында 16 тәулік, ал қыста 46 тәуліке дейін су ішпей, жүре береді.
13.2. Мал мен құстарда кездесетін аурулар.
Сапалы өнімдерді – етті, сүтті, жүнді, балды, жұмыртқаны, тері, мүйіз, түбіт шикізаттарды тек дені сау мал мен құстан ғана алуға болады. Мал мен құс өсіруші фермерлер жиі кездесетін аурулар жайлы жалпы, бастапқы түсініктері болуы керек. Мал мен құста кездесетін аурулар шығу себептері, залалдығына және таралуына қарай, бірнеше топқа бөлінеді:
a) жарақаттар;
b) жұқпайтын ішкі аурулар;
c) жұқпалы (инфекцияллық) аурулар – індет;
d) паразиттік (инвазиялық) аурулар.
Бұл топтарға жататын ауруларға толығырақ тоқталайық.
Жарақаттарды жабық және ашық деп екі топқа бөледі.
13.2. Жабық және ашық жарақаттар.
Жабық жарақатқа жататын соғылу жарақаты – терінің астындағы ұлпаның қатты заттарға соғылуынан, мыжылуынан пайда болатын жарақат; пайда болу себептері әртүрлі, мысалы, мал тебіскенде, сүзіскенде, қатты еденге, мұзға, тасқа, бетонға, темірге, құмға, т.б. жерлерге құлауынан, жылқыны ер қажауынан, бақташылардың қатты заттармен соғуынан пайда болады. Малдың жарақат болған жері ісініп тұрады, саусақпен үстінен басса, мал ауырсынады. Сол жері әуелі қызарып, содан кейін көгереді де ісінеді. Жарақаттың үстіндегі жүнін қырқып, йод тұнбасын немесе 5%-тік марганец қышқылды калий ерітіндісін жағады.
Жабық жарақаттың келесі бір түрі – қанталау – малдың соғылған кездегі қан тамырларынан қан ағып, терінің астына жиналады, яғни қанталайды. Сондай жерлерге мұз, қар, т.б. суық заттарды басып, таңғышпен танып тастап, 2-3 күннен кейін жылы компресс басып, жараның бетіне йод жағып тастау керек.
Ашық жарақаттар пайда болатын себептер: пышақтың, шынының, үшкір заттардың (балта, күрек, таяқ, тас) әсерінен. Әуелі қанды тоқтатып, бинтпен қаттылап байлап тастау керек; содан кейін мал дәрегерін шақыртып, кеңесу қажет.
Ашық жарақаттардың тағы да бір түрі – күйік – малдың денесінде жоғары температурадан немесе химиялық күйдіргіш заттардан пайда болады. Күйіктің айналасындағы жүнді қырқып алып, спирт немесе бензинмен сүртіп, тазалайды; содан кейін күйіктің бетіне марганец қышқылды калийдің 3-5%-тік немесе бриллиант жасылының 1-2% спирттегі ерітіндісін, не болмаса 5% йодтың ерітіндісінің бірін жағу керек. Ашық жарақаттардың келесі бір түрі – үсік – төменгі температураның әсерінен пайда болады. Оған көбінесе малдың «перифериялық» жерлері – құлағының ұшы, желіні, еркек малдың қамшысы, құстың айдары, сырғасы немесе яақтары – шалдығуы мүмкін. Бұндай жарақаттар пайда болысымен мал дәрігерін шақыртқан дұрыс.
XIV. Мал шаруашылығын жоспарлайтын анықтама-мөлшерлер көрсеткіштері.
14.1. Шартты мал басына аудару коэффициенттері.
16-кесте.
1. Сиырлар, бұқа, өгіздер
2. Өзге ірі қаралар
3. Шошқа, орташа
4. Қой, ешкі, орташа
5. Сақа жылқы
6. Құс
|
1,0
0,6
0,3
0,1
1,0
0,02
|
14.2. Тірілеі салмағымен шағылысуға түсетін жасы, шаруашылықта пайдалану мерзімі.
17-кесте.
Малдың түрі
|
Шаруашылықта пайдалану мерзімі, жыл
|
Шағылысу жасы, ай
|
Тірілей салмағы, кг
|
Қшарлар
|
8-12
|
18-20
|
280-350
|
Бұқашықтар
|
8-12
|
18-20
|
350-400
|
Шошқалар ұрғашысы
|
5-7
|
9-11
|
100-145
|
Шошқалар еркегі
|
5-7
|
10-12
|
130-180
|
Ұрғашы тоқтылар
|
5-8
|
16-18
|
25-30
|
Еркек тоқтылар
|
5-8
|
16-18
|
35-45
|
Бие
|
18-20
|
36-40
|
350-400
|
Айғыр
|
18-20
|
36-40
|
450-500
|
Үй қояны
|
3-5
|
4-6
|
3,2-3,5
|
Түйе
|
18-25
|
48-60
|
300-500
|
14.3. Малдың құрсақтағы жетілу ұзақтығы, қашыру мерзімі, төлдеуі, оның шығымы, аналық жүктелуі еркек малға.
18-кесте.
Малдың түрі
|
Құрсақтағы жетілу уақыты, күн
|
Төлдегеннен кейін қашыру мерзімі
|
Бір еркек малға жүктелетін аналық бас
|
Бір бас аналық-
қа шаққанда төл шығымы (жылына)
|
Жылына қанша рет төлдейді
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Жылқы
|
340
|
1,5-2 ай
|
35-40
|
0,80
|
1
|
Ірі қара
|
280
|
Бұзаулағаннан соң 60 күннен кейін
|
80-120
|
0,96
|
1
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Қой
|
150
|
Қозы айырғасын, 60 күннен кейін
|
50-60
|
1,1-2,5
|
1-2
|
Шошқа
|
120
|
Торай бөлгесін, 21-күні
|
15-20
|
17-20
|
2,5
|
Түйе
|
390
|
1,5-2 ай
|
15-20
|
0,70
|
0
|
Қоян
|
30
|
2-14 күн
|
50-600
|
45-50
|
7-8
|
14.4. Мал сүтінің химиялық құрамы.
19-кесте.
Малдың түрі
|
Жалпы құрамы
|
Құрғақ затта, %
|
су
|
құрғақ зат
|
белок
|
қант
|
Май
|
күл
|
Сиыр
|
87,2
|
12,8
|
3,5
|
4,8
|
3,8
|
0,7
|
Қой
|
82,7
|
17,8
|
5,8
|
4,6
|
6,7
|
0,7
|
Ешкі
|
86,9
|
13,1
|
3,8
|
4,4
|
4,1
|
0,8
|
Бие
|
89,0
|
11,0
|
2,0
|
6,7
|
2,0
|
0,3
|
Түйе
|
88,2
|
11,8
|
3,6
|
5,0
|
2,5
|
0,7
|
Шошқа
|
82,6
|
17,4
|
5,5
|
4,0
|
7,0
|
0,9
|
14.5. Мал етінің химиялық құрамы.
20-кесте.
Малдың түрі
|
Жалпы құрамы
|
Құрғақ затта, %
|
100 г еттің энергетика-лық бағалануы, кДЖ
|
Су
|
Құрғақ зст
|
белок
|
май
|
күл
|
Ірі қара мал еті, орташа
|
69,4
|
30,6
|
19,5
|
9,7
|
1,4
|
700
|
Шошқа еті, семіз
|
46,8
|
53,2
|
12,8
|
39,4
|
1,0
|
1750
|
Құс еті, орташа
|
65,0
|
35,0
|
20,0
|
14,1
|
0,9
|
850
|
Қой еті, семіз
|
51,2
|
48,8
|
16,9
|
31,0
|
0,9
|
1520
|
Жылқы еті, орташа
|
70,5
|
29,5
|
18,0
|
10,5
|
1,0
|
850
|
Қоян еті, орташа
|
67,5
|
32,5
|
22,0
|
9,8
|
0,7
|
1210
|
Түйе еті, орташа
|
76,0
|
24,0
|
20,0
|
3,5
|
0,5
|
650
|
XV. Малды азықтандыру.
15.1. Ірі қараны азықтандыру. Сиырдың сүттілік дәрежесі оны азықтандыруына байланысты болады. Бір литр сүт түзілуі үшін желін тамырлары арқылы 500 л астам қан өтеді. Егер тәулігінде сиыр 10 л сүт берсе, оның желінінің тамырлары арқылы 5 000 л қан өтеді. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүттің дұрыс түзүлуіне әсерін тигізеді; ол үшін малды толық рационмен, жеткілікті дәрежеде азықтандыру қажет.
21-кесте.
Сиырды азықтандырудың қалыпты мөлшері.
Салмағы, өнімділігі
|
Тәулігіне бір сиырға
|
Азық өлшемі, кг
|
Қорыты-латын протеин, г
|
Ас тұзы
|
Са, г
|
Р, г
|
Каротин, мг
|
Тірілей салмағы –400 кг, тәулігіне 10 кг сүт сауғанда, жылына 3000 кг сүт береді
|
10
|
1090
|
70
|
70
|
45
|
420
|
Бір сиырға орта есеппен жылына 3 центнер жем, 7 центнер пішен, 4 центнер сабан, 60 центнер сүрлеме, 40 центнер жасыл шөп, 5 центнер төсеніш қажет. Жалпы алғанда, 28,5 ц азық мөлшері, 2,6 ц қорытылатын протеин қажет.
22-кесте
Сиырдың рационы.
Азық-тар
|
Тәуліктік мөлшері
|
Олардың құрамында
|
Азық өлшемі, кг
|
Қорыты-латын протеин, г
|
Са, г
|
Р, г
|
Каро-тин , мг
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Пішен
|
8
|
2,5
|
680
|
75
|
14
|
120
|
Арпа сабаны
|
15
|
1,8
|
50
|
20
|
4,5
|
250
|
Қызылша
|
2
|
1,8
|
150
|
6
|
6
|
8
|
Сүрлем
|
10
|
1,8
|
160
|
22
|
6
|
-
|
Жарма
|
2,5
|
2,5
|
230
|
3
|
15
|
50
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Ас тұзы
|
0,08
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Барлығы
|
-
|
10,4
|
1270
|
126
|
45,5
|
428
|
Азықтандыру рационын жасағанда, сиыр неғұрлым сүтті болса, құрамына түрлі қоректік азықтарды соғұрлым мол енгізеді. Бұзаулағаннан кейінгі 100 күн ішінде сиырдан жылдық сүтінің 40-50%, келесі 100 күнде 30-35%, ал соңғы 100 күнде 20-25% шығады. Содан кейін 60 күн суалтылып, сауылмайды да, келесі бұзауын туады.
15.2. Қойды азықтандыру. Тірілей салмағы 50 кг жүнді бағыттағы қой тұқымының саулығына жалғыз қозы емізетін болса, шамамен тәулігіне 1,5-2,0 кг азық өлшемі, ал егі қозы емзетіні – 1,8-2,3 кг азық өошемі қажет. Әр азық өлшемінде 110 г қорытылатын протеин болуға тиіс.
23-кесте.
Саулықты азықтандырудың қалыпты мөлшері.
Салмағы, өнімділігі
|
Тәулігіне бір аналыққа
|
Азық өлшемі, кг
|
Қорыты-латын протеин, г
|
Ас тұзы, г
|
Са, г
|
Р, г
|
Каро-тин, мг
|
Тірілей салмағы 50 кг, 5,0 кг жүн береді
|
2,0
|
220
|
20
|
9
|
6
|
20
|
24-кесте.
Саулықтың рационы.
Азықтар
|
Тәулік-тік мөлшері, кг
|
Олардың құрамында
|
Азық өлшемі, кг
|
Қорыты-латын протеин,г
|
Са, г
|
Р, г
|
Каро-тин, мг
|
Пішен
|
1,5
|
0,6
|
150
|
10
|
2
|
15
|
Сабан
|
0,5
|
0,05
|
15
|
0,2
|
0,03
|
4
|
Сүрлеме
|
4,0
|
0,6
|
40
|
4
|
0,24
|
-
|
Жарма
|
0,8
|
0,75
|
70
|
2
|
5,0
|
10
|
Ас тұзы
|
0,02
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Барлығы
|
-
|
2,0
|
275
|
15,2
|
7,2
|
29
|
Жақсы азықтандырылған саулықтар жақсы күйлеп, ұрықтанып, тез жетілетін ірі қозылар туып, оларды сүтке қарық қылады. Сонымен қатар, олардың сүті жақсы жетіліп, мал жақсы өнім бере алады.
Жылына бір қойға орташа есеппен: 2,5 ц пішен, 0,5 ц жем, 1,0 ц сабан, 6,0 ц сүрлеме, 15 ц жасыл шөп дайындау керек. Жалпы салмағы 548 кг азық өлшемі, 53 кг қорытылатын протеин болады.
15.3. Жылқыны азықтандыру. Жылқының асқазан құрылысы күйіс қайыратын малдың асқазанынан өзгеше болады; айта келгенде, күрек тісі өткір, ірі азықты жақсы шайнап жейді және дайылымда қысқа шөптің өзін жақсы қырқады, шегі қысқа, қарны сиырдың қарнынан 10 есе кіші келеді.
25-кесте.
Сауын биені азықтандырудың қалыпты мөлшері.
Көрсеткіштер
|
Азық өлшемі, кг
|
Қорыты-латын протеин, г
|
Са, г
|
Р, г
|
Каро-тин, мг
|
Тірілей салмағы 500 кг, тәулігіне 10 л сүт береді
|
12
|
1200
|
90
|
52
|
250
|
Сауын биелеріне азық қалыпты мөлшермен беріліп, олардың жасына, тәулігіне қанша сүт беретіндігіне, қанша рет сауылатынына, салмағына, тұқымына байланысты. Бір саын маусымда биеден 2000-3000 л сүт сауып, сонша қымыз, ал тәулігіне 10-15 л алуға болады.
26-кесте.
Биенің рационы.
Азық-тар
|
Тәуліктік мөлшері, кг
|
Олардың құрамында
|
Азық өлшемі, кг
|
Қорыты-латын протеин, г
|
Са, г
|
Р, г
|
Каро-тин, мг
|
Пішен
|
8,0
|
3,2
|
440
|
56
|
16
|
200
|
Сұлы сабаны
|
2,0
|
0,6
|
34
|
7
|
2
|
4
|
Сұлы
|
3,0
|
3,0
|
240
|
14,5
|
10
|
40
|
Арпа
|
1,0
|
1,0
|
85
|
2
|
3,8
|
1
|
Бидай кебегі
|
7,0
|
5,0
|
600
|
14
|
50
|
19
|
Ас тұзы
|
0,04
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Барлығы
|
-
|
12,8
|
1399
|
93,5
|
81,8
|
264
|
Биенің азығы мен суы таза, сапалы болуға тиіс. Өйткені сапасыз, ластанған азық биенің ас қорытылуын бұзып, іш тастауы мүмкін. Ал буаз биені суық сумен суаруға болмайды.
Жылқы организміндегі барлық тіршілік процестерінің барысы азықтандырылуына тікелей байланысты. Жылқының денсаулығы, тұқым тарату қабілеті, тіршілігінің ұзақтығы және өнімінің тұрақтылығы – оны қоректік заттармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты нақты.
Достарыңызбен бөлісу: |