Ғылым методологиясы пәні бойынша магистрлердің емтихан сұрақтары



Дата17.12.2019
өлшемі47 Kb.
#53668
Байланысты:
МетоСұрақтары

Ғылым методологиясы пәні бойынша магистрлердің емтихан сұрақтары:

1.Тарихи үрдіс және таным теориясы пәні.

2.Тарихи үрдіс – тарих философиясының пәні.

3.Пәннің категориялық түйіндері.

4.Тарих методологиясының Германдық мектебі.

5.Тарих философиясының Франциялық мектебі.

6.Анналдар мектебінің негізгі ғылыми ұстанымдары.

Тарихи білім саласына гуманистік мазмұн беру мəселесі тарихшылардың «Анналдар» мектебі өкілдеріне-де тəн еді. Бұл мектептің бастау көзінде тұрған француз ғалымдары — Л.Февр мен М.Блок тарихты қазіргі қоғам өмірімен байланыстыру, ғылыми айналымға бұрын қосылған деректерді жаңаша пайымдап оқу, зерттеулердің дəстүрлі емес əдістерін қолдану мəселелерін көтерді. Олар 1929 жылы негізін қалаған «Анналдар» атты басылым алғашқы санынан-ақ тарихты зерттеуді кең ауқымда жүргізуді, онда қоғамдық пəндер арасындағы байланысты нығайтуға үндеді. «Анналдар мектебінің" ғалымдары тарихтың мазмұндылығын арттыруға, «барлығын қамтитын (жаһандық) тарих» арнасында тарих ғылымының методологиясын жетілдіре түсуге ерекше мəн беріп, өткен дəуірлерді тарихи проблемалар түрінде қарастыруды, деректерге сыни тұрғыда қарауды ұсынып, салыстырмалы-тарихи əдісті зерттеулердегі нəтижелі əдіс ретінде санады [18, 226–227]. «Анналдар» мектебі өкілдерінің ұстанымы ХІХ ғасырдың ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтар арасындағы, ағартушылықтың өрбуіне, білім беру ісінің ерекшеліктерін проблема ретінде қарастырылуына, оның мазмұндылығының артуына, бұрындары бұрмаланып түсіндіріліп келген оқиғалар мен құбылыстардың шынайы тұрғыда жазылуына кең жол аша түседі.



7. Тарихты (Қазақстан тарихын) дәуірлеудің қазіргі замануи ұстанымдары.

8. «Методология және қоғамдық- экономиялық формация» категориясы.

Қоғамдық–экономикалық формация

Қоғамдық-экономикалық формация (лат. Formatio құрылым, түр)қоғамның марксистік теориясындағы  немесе тарихи материализмдегі негізгі ұғым: «... тарихи дамудың белгілі сатысында түратын қоғам». Қоғамдық-экономикалық формация категориясы -адамзат қоғамының тарихи белгілі сатысының тұтас сипаттамасы,  қоғам өмірінің өзара табиғи байланыстағыбарлық жақтарын қамтиды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның тұтастық ретінде дамуының материалдық негізін құрайтын өзінің өндіріс тәсілі, яғни экономикалық базисі және оған сәйкес қондырғысы болады (саясат, кұқық және т.б.).

Қоғамдық-экономикалық формация категориясы адамзат қоғамының дамуының белгілі сатысымен қатар  әлеуметтік организмнің тарихи типін -нақты қоғамды да білдіреді, оның ең маңызды терең мәнділік белгілерін бейнелейді. Осыған сәйкес адамзат тарихында бес формация бөлінген -алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, буржуазиялық (капиталистік) және коммунистік. Олардың әрқайсысының пайда болуы  мен дамуының өз ерекше заңдылықтары бар. Сол сияқты әрбір формацияда дүниежүзілік тарихтың бірыңғай процесін бейнелейтін жалпы заңдар да іс-әрекет жасайды. Бір формациядан басқасына ауысу тек әлеуметтік  революция арқылы ғана жүзеге асады.

Дегенмен, қоғамдық-экономикалық формация туралы марксизмдегі көзқарас қазіргі заманда сынға да алынғанын ескеру керек. Оған қарсы пікір айтушылар адамзат тарихын өрлеу сызығымен дамитын бес формациямен шектелетін эмбебап, монистік және бір сызықтық түтас жаһандық процесс ретінде қарастыруға  болмайтындығына назар аударады.

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдардың басында тарихи таным тарихнамасының басты назарда болуының негізгі себебі, «буржуазиялық» тарихнаманы қатаң сынға алудың кең етек жаюы мен кеңестік тарих ғылымында маркстік-лениндік методологиялық қағидалардың берік орнауы болды. 30-шы жылдардың аяғында қалыптасып 50-ші жылдардың соңына дейін сәтті өмір сүріп, маркстік-лениндік идеологияны бойына сіңдіріп, «мақұлданған және ресми сыналған», қоғамдық-экономикалық формация теориясына негізделген тарихи тұжырым, сол идеологияға сай тарихи деректерді бұрмалауға және оларды қолданыстан алып тастауға, фактілерді тарих дамуының алға басқан обьективті жолына негізделген деп белгілі бір схемаға келтіріп шектеуге жол берген. 

60-шы жылдардың басында ғана тарихи материализмнің ескірген догмаларын жаңарту қажеттілігін ұғыну мен идеологиялық жүгеннің әлсіреуі, шетел әдебиеті мен мұрағат құжаттарына рұқсатқа көбірек мүмкіндіктердің берілуі Кеңестік тарих ғылымында тарихнама проблемаларын қайта ой елегінен өткізу қажеттілігін туындатты. Әйткенмен, 60-шы жылдардағы тарихнама проблемаларын қайта қарауда бір жағынан – қоғамдық-экономикалық формацияның маркстік теориясының тұрпайы өзгешілігін лениндік теория аясында тазарту және тойтарыс беру, екінші жағынан – жалпы марксизмнің жаңаша түсіндірілуіне қарсы талаптардың аясында жүзеге асырылды.

70-ші жылдары марсктік-лениндік тарихи таным теориясына айтарлықтай жаңа көзқарас енгізілген жоқ. Оның негізгі - обьективтілік, партиялық, тарихилық қағидалары тұрақты деп танылып, тарих ғылымының методологиясына қатысты арнайы мәселелерді қарастыру қажеттілігі туралы түрлі пікірлер кесіп тасталынды. Сондықтан, сол жылдары тарихи танымның методологиялық мәселелеріне қызығушылық танытқан көптеген зерттеушілер, партиялық-идеологиялық ықпалы айтарлықтай күшті болмаған деректану саласына кетті.

ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары КСРО тарихтың методологиялық проблемаларына арналған жүздеген мақалалар мен ондаған монографиялар жарияланды. Олардың бірі фундаменталистік-марксистік пайымда болса, басқалары методологиялық жаңалықты мазмұндады.

Тәжірибе жүзінде, бұл марксистік методология тарихи процесстің көпнұсқалығы идеясы, «тарихтағы адам» және «адамдағы тарих» проблемасы, тарихи танымдағы мәдениеттану мәселелері, тарихи зерттеулерде сандық әдіс пен тарихи моделдеу сияқты бірқатар жаңалықтарға интеграциялану әрекетіне алып келді.



Нәтижесінде 80-ші жылдардың соңында тарихқа марксистік монистік көзқарас догмасын қақ жарып, методологиялық плюрализм идеялары және оны плюралистік тұрғыда түсіндіру мүмкіншілігі табысқа жетті.

9. Тарихтың обьективті және субьективті диалектикасы.

10.Болмысты анықтаудың методологиялық принциптері, ғылыми танымның логикалық жүйесі мен әдістері.

11.Пәнаралық және арнаулы тарихи методология.

12.Тарихты зерттеудің методологиясы.

13.Тарихи әдістің мазмұны және мәні.

14. Тарихтың методологиялық принципі (қағидаттары).

15.Тарихилық принципінің түрлері (формалары).

16. Тарих методологиясы және неопозитивизм.

17. «Тарихи факт» және оның гносеологиялық мазмұны.

18. Тарихи факт және теория.

19. М.Вебердің идеал аясындағы теориялық ұстанымдары.

20. В.Шуберт пен П.Сорокиннің мәдени- тарихи методологиясы.

21. О.Шпенглердің мәдени-тарихи концепциясы.

22. А.Тойнбидің локальды өркениеттер туралы теориясы.

23. Эпистимеология және методологиялық мәселелер.

24. Тарих методологиясы аясындағы Поппердің ой-ұстанымдары.

25. Тарихи методология және тарихи таным теориясының эволюциясы.

26. Методология туралы А.Ковальченко зерттеулерінің сипаты.

27. Г.Гегель және тарих философиясы.

28. Гегельдің жалпы дүниетанымдық көзқарасы сипаты.

29. Гегель мектебі және оның тарихи концепциясы.

30. Тарих пен философия, әлеуметтанудың ара-қатынасы туралы теориялық қағидаттар.

31.Тарих пен философия ара-қатынасы.

32.Тарих пен әлеуметтанудың ара-қатынасы аясындағы теориялық ұстанымдар.

33. Тарихи үрдістегі обьективтілік пен субьективтілік диалектикасы.

34.Тарихи обьекті және субьекті туралы ғылыми тұжырымдар.

35. Тарихи оқиғалар мен құбылыстар.

36. Методологиядағы «Тарихи оқиға» ұғымы.

37. Методология және «Тарихи құбылыстар» туралы түйін-түсінік.

38.Осы ұғымдар жөніндегі теориялық көзқарастар мен тұжырымдар.

39. Методология және тарихи уақыт категориясы.

40.Тарихи үрдістің толқындық сипаты.

42.Методология аясындағы тарихи уақыттың теориялық сипаты.

43.Тарихи дтанымдағы дәуір және өтпелі кезеңдер.

44. Тарихи танымдағы неопозитивизм және оның сипаты.

45.Тарихилық қағидаттапрдың негізгі идеялары.

46.Тарихи таным төңірегіндегі неопозитивистік көзқарастар.

47. Тарих методологиясындағы пәнаралық байланыс әдістер заңдылығы.

48. Тарихи зерттеудің сандық әдістері.

49. Тарихты зерттеудің дәстүрлі емес әдістері тәжірибесы.

50. Тарихты танудағы сандық әдістердің методологиясы.

51. Позитивизм және тарих таным теориясы.

52. Тарих танымының негізгі белгілері.

53.Тарих теориясының құрылымы мен негізгі міндеттері.

54.Тарихи таным туралы теориялық ұстанымдар.

55. Тарихи танымның компоненттері заңдылығы.

56.Әлеуметтік ұстаным заңдылықтары.

57.Тарихты танудың ақиқаты аясындағы заңдылықтар.

58. О.Шпенглердің теориялық мұралары.

59.Концепция және оны дәлелдеудің негізгі тұжырымдары.

60. Дж.Тойнбидің тарих методологиясы аясындағы ұстанымдары.

61. К.Ясперстің өзекті уақыт аясындағы теориялық ұстанымдары.

62.К.Ясперс және адамзат болашағы жөніндегі ойлары.

63. К.Ясперс теориясының замануи құндылығы.

64.К.Ясперстің өзекті уақыт теориясы.

65.К.Ясперстің ғылыми ортасы.

66. Ф.Фукуяманың адамзат болашағы туралы теориясы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет