когеренттік шындықты айтар болсақ, сол деп жаңадан алынған білімдердің бұрыннан бар, соңғыларды нақтылауға және толықтыруға келтіретін теорияларға сәйкестігі ұғынылады. Егер жаңа білімдер ескі теорияларға қайшы келсе, онда ғылымда тоқырау басталып, зерттеудің жаңа үлгілерін жасау орын алады.
Батыс (американдық) философияда прагматикалық шындық ұғымы бар. Егер бір немесе басқа тұжырымдамалар мен теориялар- ды басшылыққа алып, біз табысқа, пайдалы нәтижелерге жетсек, онда бұл шындық болады. Сөз жоқ, бұндай тұжырымдар шындықты субъектілеуге, ал саясатта шындық жалауын жамылып, өз мүдделерін күшпен таңуға әкеліп соқтырады.
Мәселені талқылай отырып, шындықтың нақтылығы туралы да ұмытпау керек. Әлемде жалпылама, барлық уақыттар мен жағдайларға жарамды шындықтар болмайды. Бұл ойды Г.Гегель, егер естеріңізде
болса, жазалауға апара жатқан адамды өлтірген жас жігітті мысалға келтіріп айтқан. Тобыр оның сол жерде пайда бола кетуіне әртүрлі қараған. Болып жатқан оқиғаға дерексіз көзқарас деген – осы, өйткені жиналғандардың ешқайсысы да адам өлімінің егжей-тегжейін білмейді. Тағы бір мәселе – ол шындық пен сенімнің арақатынасы. Кезінде Инб-Рушд бір заттың екі шындығы болмайтынына сендірген. Ал егер шындық біреу болса, онда ол ақылға қонымды болуға тиіс. Екінші бір ортағасырлық ойшыл Ф.Аквинский оған қарама-қарсы пікір ұстанған: ол ақыл-парасат алдында сенімнің басым екені туралы ұстанымынан қайтпайды. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл – ғылым
мен этиканың мәселесі.
Ал бізге Ф.Аквинскийдің пікірі дұрыс көрінеді, өйткені адамзаттың ары қарайғы тағдыры моральдық сананың тұрақты бақылауындағы ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Басқа жағдайда ғылым өзінің мағынасын жоғалтып, адамға қарсы тұратын зұлым күшке айна- луы мүмкін. Оның әлдебір белгілерін: климаттың өзгергенін, ядролық апаттан келетін «ақырзаман» мүмкіндігін және т.б. біз қазір-ақ көріп жүрміз.
ғылыми таным деңгейлері туралы
Таным үдерісінің екі: тәжірибеге ғана негізделген (эмпириялық) және теориялық деңгейі бар. Сөйтіп, ғылыми танымның тәжірибеге негізделген деңгейі, бір қарағанда, сезімдік танымға теңдестірілген болып көрінеді. Алайда бұл тіпті де олай емес, олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сезім органдары арқылы алынған деректер қаншалықты толық және жан-жақты болса да, әлі де ғылыми білім болып табылмайды. Тіпті ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер де, – егер олар оймен өңдеуден өтпесе, – ғылыми білім бола алмайды. Сезім органдары арқылы алынған деректер тек тәжірибеге негізделген деңгейде оларды дерексіздендіру, талдау, салыстыру, жалқыдан жалпыға шығу (индукция) және басқа шаралар арқылы ғана, шын мәнінде, білімге айналады. Тәжірибеге негізделген білімдер қашанда сезім органдары көмегімен алынған мағлұматтардың логикалық түсіндіру формасы болып табылады.
Эмпириялық білімнің өзі көпдеңгейлі күрделі білім болып та- былады (Ол туралы кеңірек оқыңыз: С.А.Лебедев. Философия на- уки. – М.: Академический проект, 2006. – 137-147-беттер). Оның ең төменгі деңгейіне сезім органдары арқылы алынған мағлұматтардың
көмегімен қандай да бір зат туралы қарапайым пікірлерді жатқызуға болады. Кейде олар хаттамалық сөйлемдер деп аталады. Көпшілік жағдайларда оларда зерттелетін нысанға бақылау жасау барысында алынған қорытындылар беріледі.
Келесі деңгей ғылыми фактілерді жинауға және өңдеуге тығыз байланысты. Олар индуктивтік жолмен алынған хаттамалық сөйлемдерді қорытындылау негізінде жасалады. Оларда зерттелетін нысандардың жалпы қасиеттері мен сапалары және солардың негізінде пайда болатын тәуелділік қатынастар анықталады.
Үшінші деңгейге эмпириялық заңдарды (құрылымдық, статис- тикалық, динамикалық, себеп-салдарлық және т.б.) ашу жатқызылады. Мысалы, «Барлық металдар ток өткізеді», «Барлық планеталар Күнді айналып жүреді» деген мысалдарды айтуға болады. Оларға да қорыту арқылы жета аламыз және олар зерттеліп жатқан құбылыстардағы әлдебір орнықты байланыстарды және қатынастарды білдіреді.
Эмпириялық танымда қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі құбылыстық теорияларды құру болып табылады. Олар эмпириялық заңдар мен бір-бірімен өзара ұштасып жатқан фактілерден тұрады (мы- салы, Кеплердің «Аспан механикасы»).
Эмпириялық білімдердің көп жағдайда ықтималдық сипаты бар, өйткені зерттелетін құбылысқа жататын барлық фактілерді түгел қамту мүмкін емес. Бірақ ол кезде ғылым зерттеудің эмпириялық деңгейінсіз бола алмайды.
Кез келген зерттеу эмпириялық (тәжірибелік) сатыдан, яғни ғылыми фактілер мен мағлұматтарды жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін затты (нысанды) немесе құбылысты (феномен) бақылауға алу қажет. ғылымдағы бақылаудың өзіне тән өзгешелігін ерек- ше атап айту керек, өйткені ол «tabula rasa» – таза тақта емес. Та- ным субъектісі, – ол нақты тұлға немесе ғылыми қауымдастық бол- са да, – қашанда зерттелетін нысанға қатысты белгілі бір пікірге, тұжырымдамаға немесе идеяға жақын бірдеңесі болады және мақсатқа сай бағытталған бақылауын бастайды. Тәжірибелік таным барысында ғылыми фактілерді жинау, өңдеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру орын алады.
Ары қарай таным теориялық деңгейге көтеріледі, онда зерттеу нысанасының ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын ашу мақсатында, жинақталған және жүйеге келтірілген фактілер ұғымдар, тұжырымдар, заңдар сияқты түсініктерге жіктеледі. Сөз жоқ, С.А.Лебедев: «Теориялық білімдер пайым-парасаттың емес, сананың
ақыл-ес секілді құрылымдық бөлігі қызметінің жетістігі», – дегенді дұрыс айтқан (С.А.Лебедев. Философия науки. – М.: Академический проект, 2006. – 140-бет). Шындығында, пайым фактілерді салысты- рады, есептеп шығарады және қорытындылайды. Пайым қызметінің қарапайым түрлері «ақылды жануарлар» дейтіндерде де болғанмен, алайда ақыл-еске тек адам ие. Ақыл-естің нәтижесінде біз терең құрылымдарға ену мүмкіндігін аламыз, зерттелетін нысандардың байланыстары мен қатынастарын анықтаймыз. Алайда «ақыл-естің қызметі санадан тыс нәрсеге де, оның сыртқы болмыспен байланысы- на да бағытталмай, сананың ішіндегіге, өзінің меншікті мазмұнының ішкі ашылуына бағытталғанына» сендіруге тырысатын пікірмен келісуге бола қояр ма екен (С.А.Лебедев. Философия науки. – 140-бет). Бұндай жағдай батпақтан өзін шашынан тартып шығаратын барон Мюнхгаузенді немесе әлемді жарату алдындағы Құдайдың ғажап жо- басын (Ф.Аквинский), әлемдегі Дара идеяның ашылуын (Гегель) және т.б. еске түсіреді. Бірақ тек бұл жағдайда Құдайдың орнына адамның өзі үміткер болып тұр. Ал іс жүзінде мәселе теориялық білімнің да- митын бастауларына тіреледі. Экстерналистер сыртқы факторларға назар аударса, ал ол кезде интерналистер сананың ішкі құрылымдық қуатына көңіл бөледі. Іс, шамасы, ақыл-есте оның әлдебір мистикалық
«өзінің меншікті мазмұнының ішкі (имманенттік) ашылуын» емес, ішкі әлемнің өз мазмұнының ашылуын үнемі ескере отырып, теориялық білім дамуының екі факторын есепке алуда болса керек.
Адамның ақыл-есінің ғажап қабілеті – оның мақсат-мұратқа сай нысандарды құру, яғни егер өз мазмұндарын кедергісіз ашқанда, бір немесе басқа зерттелуші зат немесе құбылыс бола алатынды құру қабілеті болып табылады. Бұл жерде ерте замандарда «заттың жаны» деп аталғанды, ал кейіннен Аристотель «заттың энтелехиясы» деп атағанды, яғни заттың логикасын таза түрінде толық көрсету тура- лы айтылып отыр. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұның бәрін заттың
«ішкі бағдарламасы» деп атауға болады. Алайда бар қиындық сан жетпейтін заттар мен құбылыстар өзара әрекеттесіп жататын әлемде ештеңенің де өзінің мүлтіксіз жай-күйіне жете алмайтындығында болып тұр ғой. Заттар мен құбылыстар, өздеріне түскен кездейсоқ факторлардың есепсіз санын сезіне, олармен өзара әрекеттерге түсе отырып, өз мазмұнын өзгертеді де, ақыр соңында, мүлтіксіздікке жету бұйырмаған басқа бір затқа айналады. Бірақ соның нәтижесінде өмірдің болатынын, әлемнің өзінің мүлтіксіз күйіне жетуге деген жойылмай- тын «ұмтылысын» естен шығаруға болмайды. Мүлтіксіз жетілген әлем
ахуалын, бір сәтке болса да, ойша көз алдымызға елестетіп көрейікші: бұл жерде қозғалыс та, өзгеріс те, өзара әрекет те, басқаға өту де бол- мас еді. Бірақ онда әлем өз-өзін жойған болар еді. Үнемі аяғына дейін жетпеу және сонымен бірге өзінің ішкі бағдарламасын іске асыруға ұмтылу – әлемдегі бар заттар мен құбылыстардың ішкі қозғаушы күшін құрайды.
Қазіргі заман ғылымында мақсат-мұратқа сай нысандар құруда математика мен логика ерекше табысты болды. Өздерінің зерттеу нысандарын негіздеуде олар анықтамалар жасау арқылы назарларын ойдағы нысандарды құруға аудара отырып, тәжірибелік-индуктивтік бастаулардан бас тартты. Соның нәтижесінде XX ғасырда математи- ка үлкен тамаша жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, осындай жолмен неевклидтік геометриялардың әртүрлі тұрпаттары құрылды. Қазіргі заманғы математикаға «дерексіз құрылымдар» немесе «мүмкін бо- латын әлемдер» туралы ғылым деп анықтама берілген кезде, аталған жағдай ескеріледі.
Алайда бұл жерде: «Егер кейбір мақсат-мұратқа сай нысандар шығу тегі бойынша тәжірибелік болмаса, олардың шынайы екенін қалай анықтауға болады?» – деген «қитұрқы» сұрақ туады. Әдебиетте он- дай тексерулердің сыртқы және ішкі белгілері көрсетіледі. Сыртқы факторларға таным теориясында дәстүрлі болған адамзат тәжірибесі жатады. Егер ғылыми теорияны нақты өмірде қолдана отырып, біз белгілі бір оң нәтижелерге жетсек, бір немесе басқа пайда алсақ, онда ол – шынайы. Ішкі факторларға келсек, онда мұратты нысандар
«теориялық әлемнің» ары қарайғы жетілуіне, теориялық қағидалардың қисынды үйлесімділігіне келтірсе, ғылыми мәселелердің тиімді шешіміне жол ашық деп есептеуге болады. Нәтижесінде, зерттеудің жаңа идеялары, мақсаттары, бағдарламалары дүниеге келеді. Олай бол- са, демек, олар – шынайы. Мысалы, «А.Больцманның анықтау арқылы әзірлеген «тамаша газ» ұғымы барлық термодинамикалық үдерістерді,
«жабық жүйелердегі» энтропияның артуы үдерістерін түсінуге мүмкіндік туғызды.
Егер эмпириялық және теориялық жолдармен алынған білімдерді өзара салыстырсақ, онда төмендегіні байқауға болады. Эмпириялық білімдер «ерекше құбылыс әлемін» зерттеу, яғни әлемнің үстіңгі бетінде болып жатқан үдерістерді зерттеу арқылы алынады. Теориялық білімдерді айтсақ, ол «ноуменалдық әлемге», яғни онда болып жататын маңызды өзара әрекеттерді аша отырып, әлемнің терең қабаттарында жатқандарды зерттеуге апаратын жолды тазартады.
Егер эмпириялық білімнің мазмұнын тәжірибелік жолмен алынған ақпарат құрайтын болса, онда теориялық білімнің мазмұнын құрайтын мұратты нысандар адам санасының күш-қуатын, шығармашылық- жасампаз әлеуетін көрсетеді.
Аса маңызды бір көзқарасқа ерекше назар аударған жөн: пайда болған соң, теориялық әлем өзін туғызған санаға қатысты объективтік шындықтың нақ өзі сияқты объективті көзқарас ретінде әрекет етеді. Сол себепті де ғалым өзінің зерттеулерінде онымен санаса алмайды, өйткені ол – ары қарай зерттеудің сипатына ықпал ететін, жетілуге мүмкіндіктері бар шындық (болмыс).
Егер эмпириялық білімдегі әлдебір өзгерістерді бақылау және әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы тексеруге болса, ал теориялық білімдегі өзгерістер қисынды жолмен және түйсік арқылы тексеріледі. Егер эмпириялық білімнің мазмұны жартылай адам санасына тәуелді болса, ал теориялық білімнің мазмұны адам рухының шығармашылық әлеуетін құрайды.
Сөйтіп, бұл жерде біз екі онтологияға тап болғандаймыз. Біріншісінде – қоршаған әлемнің: санаға тәуелсіз өмір сүретін, танымға бақылау және әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы ашылатын заттары мен құбылыстары болса, ал екіншісінде адамның ақыл-есінің күш- қуатының шеруі болып табылатын теориялық білім болмысы бар.
Алайда біздің пайымдауымызша, соңғыны даралауға болмайды. Осы екі деңгейдің арақатынасы және өзара байланысы туралы мәселе бойынша әдебиетте, негізінен, екі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі кез келген теориялық құрылымдардың бастауы болып табылатын ең объективті шындықтың басымдығын растаса, екінші көзқарас теориялық білімді шындықтың эмпириялық танымынан қисынды түрде шығарудың мүмкін еместігін растаудан танбайды.
Біздің ойымызша, «немесе-немесенің» орнына бұл жерде
«және» деген шылауды қою қажет. Бір жағынан, жаңа теориялық тұжырымдарды туғызып жатқан ғалымдардың шығармашылық қуатын, шығармашылық белсенділігін жете бағаламауға болмайды, екінші жағынан, әр ғалымның «өз заманының түлегі» екенін де естен шығармаған абзал. Ал бұл оның әлеуметтік-саяси, діни, моральдық құндылықтар және өзара қарым-қатынастармен жанаса отырып, толық көлемде өз заманының рухын сезінетінін, оның барлық ойлары мен шығармашылық ізденістері құрылымына әсер етпей қоймайтын осы және басқа факторлар түйінінде әрекет ететінін білдіреді.
Кез келген қарым-қатынастарда әйтеуір бір жағының басымдығы орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, ішінде адамзат орын тепкен шындық-болмыстың өзінің басымдығын тану керек. Ақыр соңында,
«Ұлы Мәртебелі Табиғат» адамды жаратқан соң, сол арқылы Өз-өзін танып білуге және сезінуге тырысады. Л.Фейербахтың бұл белгілі ойы бізді шектен шыққан тәкаппарлықтан қорғайды, өйткені бүгінгі күннің өзінде шындықтың барлық жаңа тұңғиықтарына ене, Табиғаттың алапат Күштерін игеруге тырыса отырып, оның қойнауларында адасып қалып, сонымен бірге біз өзімізді де жоғалтып алмаймыз ба? Климаттың қазіргі заман адамының көз ал- дында болып жатқан өзгерістері, әлі де күн тәртібінен түспей тұрған термоядролық ақырзаманның болуы мүмкіндігі және басқа да теріс факторлар осыны көрсетіп тұрған жоқ па?
Алайда қайтадан ғылыми таным деңгейіне оралайық. Жоғарыда аталғандармен бірге, әдебиетте шындықты танып білудің үшінші – метатеориялық (бір немесе басқа теориялық құрылыстардың шектерінен асып кететін) деңгей танылады. Бір жағынан, жалпы- ғылыми білім туралы, екінші жағынан, қазіргі заман ғылымының философиялық, мейлінше жалпы негіздері жайында сөз болып отыр.
Жалпығылыми білімдер туралы сөз болғанда, біз әлемнің жеке ғылыми да, жалпығылыми да көрінісі болатынын айтамыз. Екіншіден, білімнің гносеологиялық (танымдық), логикалық, әдістемелік, құндылықтық негіздері ескеріледі. Танымның үшінші деңгейінің маңызы логика мен математикада айқын көрінеді. Қазіргі заманғы ғылымда метаматематика және металогика деп аталатын мүлде жаңа пәндер пайда болды. Олар әртүрлі математикалық және логикалық теориялардың толықтығын және бір-біріне сәйкестігін, алға шығарылған тұжырымдардың және басқаларының тәуелсіздігін зерттейді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерде метатеориялық білімдер алға тартылып отырған бір немесе басқа жалпығылыми тұжырымдамалар түрінде болады. Дегенмен бүгінгі таңдағы ғылымда бәрін қамтитын ауқымды метатеориялық білімге әлі қол жеткен жоқ.
Жеке ғылымдар құруға ұмтылатын ғылыми көрініс туралы ай- тар болсақ, олар, әлбетте, олардың іргелі, маңызды жетістіктерін қорытындылау негізінде қалыптасады. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде, мысалы, әлемнің физика мен механиканың іргелі жетістіктері негізінде жүзеге асырылған табиғи көрінісі басымдық алған. Оның негізінде төмендегі постулаттар, яғни дәлелдеусіз қабылданатын негізгі пікірлер жатқан-ды:
а) әлемде бір-бірінен бөлінген есепсіз көп заттар өмір сүреді; олар әртүрлі күштерге (тартылыс, тебу және т.с.с.) бола, бір-бірімен өзара байланысқан;
ә) әлемде болып жататын барлық үдерістер дара кеңістік пен уақыт шектерінде жүзеге асырылады;
б) әлемдегі барлық өзгерістер бірбағытты заңдылықтар негізінде орын алады;
в) бір дененің басқа денеге әсері шапшаң болады;
г) әлемде барлығы да қажеттілікке бағынады, кездейсоқтық – әлі де терең танылып болмаған құбылыс.
Бұл постулаттардың барлығының да И.Ньютонның механикасынан шыққанын түсіну қиын емес.
Әлемнің жалпығылыми көрінісіне келсек, әдетте, оның негізінде әлемнің басымдық алған бір немесе басқа жеке ғылыми көрінісі жатқанын көреміз. Ньютон физикасы мен механикасының жоғарыда аталған постулаттарын сол заманның ғылымы әлемнің жалпығылыми көрінісі ретінде таныған. А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының классикалық емес жаратылыстануында да физи- ка аясында жасалып шығарылған кванттық механика постулат- тары әлемнің жалпығылыми көрінісінің негізіне алынған. Шын мәнінде, әлемнің ғылыми көрінісінде ғылыми жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық көрнекті жетістіктері қорытындыланған, бұл енді философияның ерекше құқы, басымдығы болып табылады.
Метатеориялық білімнің гносеологиялық көзқарастары әртүрлі ғылымдар аясында жасалып шығарылған таным ұстанымдарын біртұтас жүйеге келтіруге байланысты. Мысалы, сәйкестік пен қосымшалықтың, физикада жасалған бақылау нәтижелерінің таным ахуалына тәуелділігінің, ғылыми теорияларды математикада толықтай түрге келтірудің мүмкін еместігінің ұстанымдары қазіргі заманғы метатеориялық құрылымдарда кеңінен пайдаланылады.
Метатеориялық білімде оның аксиологиялық (құндылықтық) көзқарастарына ерекше маңызды рөл бөлінеді. Егер ғылымның ішкі құндылықтарына білімнің шынайылығы, оның нақтылығы, дәлелділігі, жүйелілігі және т.с.с. жатқызылса, ал сыртқы құндылықтарына алынған білімнің пайдалылығы, тиімділігі, қоғамның зияткерлік әлеуетінің артуы және т.б. жатады.
Метатеориялық білімнің философиялық негіздемелері тура- лы айтқанда, ғылым ғылыми қауымдастықтың тұтқынына түсіп
қалатын кезекті метафизикалық жүйе құрудан сақтандыра отырып, философияның білімнің жалпығылыми жиынтығына араласуына позитивизмнің қарсы шығатынын атап өткен жөн.
Екінші бір көзқарас, керісінше, философияның маңыздылығын, әсіресе ғылым тоқырауы және жаңа әдістемелік негіздемелер іздеу кезеңдеріндегі маңыздылығын баса көрсетеді. Бірақ тоқыраудан шыққаннан және зерттеудің жаңа жүйелерін құрғаннан кейін, ғылымның философиялық негіздемелері өзінің айқындаушы рөлінен айырылады.
Философия болмыстың мейлінше жалпы заңдылықтарын зерттейтін болғандықтан, жеке ғылымдардың жетістіктерін қорытындылау арқылы ғана ол өз мақсаттарына жете алмайды. Екінші жағынан, фило- софия постулаттарына сүйене отырып, қисынды жолмен жеке ғылымдар қағидаларын туғызу мүмкін емес. Алайда ғылымның философиялық негіздемелерінсіз біз білімдер мен мәдениет арасындағы жалғаушы жіпті үзіп алуымыз мүмкін. Зерттеудің жаңа ғылыми теорияларын, үлгілері мен амалдарын құру барысында мәдениеттің тұтастығын естен шығармаған абзал.
|