Ғылым тарихы және философиясы


әлемнің жаңа ғылыми бейнесін қалыптастырудағы химия ғылымының рөлі



бет153/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

әлемнің жаңа ғылыми бейнесін қалыптастырудағы химия ғылымының рөлі


Химия ғылымы заттектердің қасиеттерін, олардың өзара бір- бірлеріне өтуін, нәтижесінде, – құрылымы мен құрамын зерттейді.

Тарихи тұрғыда ол адамның табиғаттағы әлдебір заттектерге, материалдарға мұқтаждығынан пайда болады. Орта ғасырларда ал- химиктер табиғаттың әртүрлі заттектерін алтынға, басқа қымбат бұйымдарға айналдыру мақсатында олармен есепсіз көп тәжірибелер жасап, қорытындысында, химия ғылымының пайда болуына қажетті орасан көп эмпириялық материал бейберекет жинақталды.


Тек XIX ғасырда ғана тарихи жинақталған деректерді біртіндеп теориялық ойластыру орын алғанмен, алайда ғалымдар әлі де атом- дарды табиғаттың аса ұсақ, ары қарай бөлінбейтін бөлшектері деп са- найтын. Нәтижесінде, осындай жағдайда «Атомдардың бір-бірлерімен өзара байланыстарының себебі неде?» деген қасиетті сұраққа жауап табылмады.
Тек XX ғасырда, атомның күрделі құрылымы табылған кезде ғана жоғарыда аталған сұраққа жауап беру мүмкіндігі туды. Атомдардың өзара химиялық байланысы олардың электр зарядтары күшінің көмегімен бір-бірлеріне өзара ықпал етуі болып шықты. Ол күш- тердің атом ядросында және оның электрондық қабыршағында шоғырланатыны анықталды.
Химия ғылымында ұлы орыс химигі Д.и.менделеевтің аты оқшау тұрады. Ол 1869 жылы элементтердің кезеңдік жүйесін жасап, ғасырлар бойы бейберекет жинақталған химиялық деректердің ора- сан көп санын белгілі бір тәртіпке келтірді. Д.И.Менделеевтің ойы бойынша, химиялық элементтер өзара олардың атомдық салмағына қарай ажыратылады. Әлбетте, ол уақытта ғалымдар атомның күрделі құрылымы туралы әлі ештеңе білмейтін. Қазіргі кезде химиялық элементтер арасындағы айырмашылықты ғалымдар атом ядросы зарядының көлемінен көреді. Сол уақыттан бері қарай химия әлеуетті қарқынмен дами бастады.
Бүгінгі күні іс жүзінде адам өмірінде химия енбеген бірде-бір сала жоқ. Химия өнімдері киімімізде, тамағымызда, біз дем алатын ауада бар. Әдебиетте айтылғандай, осы уақытқа қарай адамзат 8 миллиардқа жуық әртүрлі химиялық қосылыстарды дүниеге әкелді. Алайда олар- ды жүйелеу арқылы химия ғылымын төрт бағытқа келтіруге болады:


  • Химиялық қосылыстар туралы ілім (1660-1800 жж).


  • Химиялық құрылымдар туралы ілім (1800-1950 жж).


  • Химиялық үдерістер туралы ілім (1950-1980 жж).


  • Эволюциялық химия (осы уақытта).

Қосылыстар туралы ілімде маңызды орын химиялық элементтер


мәселесіне берілген. Химиялық элемент деп ары қарай өз құрылымын
өзгертпейтін және осы түрінде дененің бір құрамынан екіншісіне өтетін қарапайым заттек түсініледі. Химия ғылымының тарихында ең алдымен осыған назар аударған Р.Бойль болды.
Оттегін ашу, бұл химиялық элементтің су қышқылдарының құрамына кіретінін дәлелдеу және флогистонның (ерекше жанғыш материя) бар екенін теріске шығару – А.Л.Лавуазьенің еңбегі. Егер Д.И.Менделеевтің заманында – 62, XX ғасырдың 30 жылдарына қа- рай 92 химиялық элемент ашылса, осы уақытта олардың саны 110-ға жуықтады.
Ғалымдар күрделі химиялық қосылыстарды жай элементтерден ажыратуды әлдеқашан білген. Алайда тек XX ғасырда ғана химиялық қосылыстардың мәні олардың физикалық табиғатында болатын теория- сы құрылды. Элементтердің ішкі күшіне байланысты, атомдар біріге отырып, молекулаларды – біртұтас кванттық-механикалық жүйені құрайды. Химиялық байланыс валенттік электрондардың толқын күшіне бола орнайды. Соның нәтижесінде молекулалар пайда болады. Молекулалар деп заттектің өздігінен жетілген, аса ұсақ, сол зат- тектің негізгі қасиеттерін құрайтын бөлшектерді түсіну керек. Химия- лық байланыстардың физикалық табиғаты айқындалғаннан кейін, химиялық қосылыстардың табиғатын ашу мүмкін болады. Бұл – бірнеше элементтен тұратын, өзіне тән сапалары мен қасиеттері бар, атомдары бір-бірлерімен өзара әрекеттесіп, осы қосылыстың молекула-
ларын құрайтын заттек.
Өндіргіш күштердің қарқынды дамуы XX ғасырда жаңа химиялық элементтерді пайдалану қажеттігін туғызды. Жер бетінде бар барлық элементтердің ішінен 98,6%-ын сегіз химиялық элемент құрайтын бо- лып шықты. Олар оттегінен (47%), кремнийден (27,5%), алюминий- ден (8,8%), темірден (4,6%), кальцийден (3,6%), натрийден (2,6%), ка- лийден (2,5%) және магнийден (2,1%) тұрады. Алайда жер бетінде кең тараған осы химиялық элементтердің өмірде пайдаланылуы деңгейіне қарай олардың айтарлықтай айырмашылықтары бар. Темірге қарағанда, алюминий қоры екі есе көп, бірақ өмірде пайдаланылуының деңгейі мен кеңдігіне қарай, олар салыстыруға келмейді. Жердің үстіңгі қабаты 97,6% кремнийден тұрады. Біз одан үй саламыз, әртүрлі ыдыс-аяқтар және т.б. жасаймыз. Адамзат өзінің материалдық қажеттіліктері үшін, негізінде, әртүрлі металдар мен керамиканы көбірек пайдаланады. Жыл сайын адамзат 600 млн. тоннаға жуық металл қорытса, осы көлемде кірпіш пен керамика өндіріледі. Керамикамен салыстырғанда, металл өндіру жүз еседен артық қымбат. Сол себепті металдармен бәсекелесе
алатын өзгеше берік керамика өндіру өзекті мәселе болып санала- ды. Бұл жерде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Жапондықтар тұтастай және толығымен керамикадан тұратын қозғалтқыш ойлап тапты, бірақ оны жаппай шығарудың ауылы әлі алыс.
Мұнай-газ саласының өркендеуі көптеген жасанды материал- дар әзірлеуге және енгізуге жеткізді. Бүгінгі таңда жыл сайын 500-ге жуық жаңа жасанды материалдар түзіледі. Адамзат ол материалдардан үлкен пайда көріп отыр, дегенмен олардың кейбірінің қоршаған ортаға тигізетін экологиялық теріс зардаптарын да сезінетінімізді есептен шығарып тастауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет