«Homo Aesteticus» та адамның маңызды анықтамасы болып табы- лады. Қапырық ыстық күндердің бірінде батып бара жатқан Күн аса үлкен және қызыл күрең жарты аспанға айналады. Бұл ешбір адамды жайбарақат қалдыра алмайды. Ал кез келген жануар бұны байқай ал- майды. Адам әсемдікке таңданғаннан шабыттана отырып, Табиғаттың ұлылығы туралы тұтас поэма жазып тастауы мүмкін. Сонымен, адам – әсемдікке ұмтылған тіршілік иесі.
Голландиялық философ И.Хейзинга адамды «Homo Ludens» – ойын ойнайтын адам деп айқындады. Өлім халінде жатып та, адам
«өлетін адамның» рөлін ойнайды. Ойын арқылы ғана жануарлардың төлдерінің ырықсыз сезімдері оянады, ересек жануарлар ойын ойна- майды. Ал адам өмірінің ақырына дейін әртүрлі рөлдерді ойнайды.
«Homo Electus» – тік жүретін адам дегеннің де терең мағынасы бар. Бізді тудырған архантроптар ағаштардан жерге түсіп, артқы аяқтарына тұрғанда, бұл нағыз революция болды, өйткені олардың босаған алдыңғы аяқтары құрал жасау барысында адамның шебер қолдарына айналды: олар көз микрохирургиясынан бастап, өзі жүретін экскаваторға дейін барлығын да жасай алады. Мынадай жағдайды көз алдыңызға елестетіп көріңіз: жер бетінде барлық адамдар ғайып бо- лып, адамның бір ғана қолы қалған дейік. Сонда жерден тыс ақыл оны көрген бойда жер бетінде ақыл болғанын түсіне қояр еді, өйткені қол – адамның ақылынан туған туынды.
Француз философы Э.Кассирер адамды «Homo Simbolicus» деп атады, өйткені адам өзін символдардың – нышан-белгілердің әлемімен қоршады. Сіз машинада келе жатқаныңызды және алдыңыздан ор- тасында кірпіш бейнеленген дөңгелек белгіні көргеніңізді елестетіп көріңіз. Сіз дереу тежегішті басасыз, өйткені ары қарай жүруге болмай- ды. Мысалы, Прометейдің бейнесі – адамды сүюдің, адамгершіліктің белгісі болса, Сизиф бейнесі – ауыр да мағынасыз тер төгудің белгісі. Ал Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу – мөлдір де таза романтикалық сүйіспеншіліктің бейнелері.
Ф.Ницше адамды «уәде беруші хайуан» десе, Ж.Ж.Руссо «бұзылған хайуан» деп атайды.
Адам өзгеше күрделі тіршілік иесі болғандықтан, ондай анықтамалардың санын ары қарай да көбейте беруге болар еді. Біз өз тарапымыздан: «күлетін адам», «адам – жылай білетін тіршілік иесі», «адам – өлетінін білетін тіршілік иесі» және т.б. дер едік. Бірақ
«У.Оккама ұстарасы» бізге мәндерді қажеттіден жоғары өсіре беруге болмайтынын айтады. Осыны есімізде ұстап, адамға кең анықтама беріп көрейік: адам – қоршаған ортаны танып білуге қабілетті және соның негізінде еңбек құралдарын жасай алатын, еңбек ету бары- сында өзінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қоршаған әлемді өзгерте алатын саналы тіршілік иесі. Адамның біз жоғарыда айтып өткен барлық қалған қасиеттерін осы анықтамадан шығаруға болады.
Адам – қарама-қайшы тіршілік иесі. Бір жағынан, ол – дене және оған, басқа тірі тіршілік иелері сияқты, ауа, су, азық, ұрпақ жалғастыру және т.б. қажет. Екінші жағынан, ол рух та болып табылады: ол әлем туралы ойға шомады, қоғамда өз орнын табуға тырысады, қуанады, ренжиді, жаңа бірдеңе ойлап табады, жақсы көреді немесе жек көреді және т.б. Егер хайуандар ырықсыз сезімдер арқылы қозғалса, ал адам өзін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол өз-өзін бақылауда ұстауға қабілетті.
Әйткенмен адамның бұл ішкі қарама-қайшылығы әртүрлі философиялық ілімдерде түрліше ұғынылады. Мысалы, ортағасырлық философия, бір жағынан, рух иеленуші адамды тіпті Құдайдың деңгейіне дейін жеткізсе, ал тән ретінде хайуаннан да төмен бағалайды. жаңа дәуір философиясында бұл мәселеге қатысты қарама- қайшы екі: биологиялық және әлеуметтік редукционизм (мағлұмат)
көзқарасы пайда болады.
Биологиялық редукционизм адамның мәнін оның тәнімен байла- ныстырады. Оны нәсілшілдіктен, ломброзиандықтан,1 әлеуметтік дар- винизмнен, әлеуметтік биологиядан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |