«антропологиялық тоқырау» деп атайды. Оның мәні жыл сайын техниканың жаңа түрлерін пайдалана отырып, адамның өз өмірін қиындата түсетіндігінде жатыр. Ол, әрине, олардан көбірек рақат ала түскенмен, алайда ол жаңалықтардың теріс зардаптарын байқамайды. Адам табиғатты терең өзгерткен сайын, өмірдің сапасын төмендететін теріс әлеуметтік факторлар көбірек пайда болады.
Қазақстандық қоғамды алып қарасақ, онда бүгінгі күні адамдардың табиғи дарындарын көрсетуге кең мүмкіндіктер туып, әрбір жеке тұлғаның өз шығармашылығының бастамашыл дарынына жол ашылған. Тәуелсіздік жылдары ішінде қаншама жастар спортта, мәдениетте, білім алуда, саясатта, экономикада шығармашылық табыстарға жетті! Алайда егер біз республикада адамның жетілуінің көлеңкелі жақтары туралы айтпасақ, ол шындықтың жартысы ғана болар еді. Мысалы, туберкулез, гепатит сияқты «әлеуметтік аурулар- ды» алып қарасақ, су қорларын, ауаны тазартпай, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартпай, біз ол ауруларды жеңе алмаймыз.
Айтылғандарды қорытындылай келе, әрдайым адамның биоәлеу- меттік табиғатын бір-бірінен ажыратпай қарауымыз керек.
Адам қоршаған ортаны тани отырып, кеңістік пен уақыттың шеңберінен шығуға тырысып, ол туралы түсініктер мен бейнелер ту- дырады, оның заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ашып көрсете алатын қабілеті де бар. Ол барлық мүмкін болатын құндылықтарды жасап, соларды басшылыққа алады, кейде сол құндылықтарды сақтау жолында өзін құрбан етуге де әзір. Адам – өзінің өлетінін білетін тіршілік иесі, осы маңызды факт оның жан дүниесінде өмір мен өлім туралы ойларды тудырады. Осы айтылғандар бізді адамның өмір сүруінің мағынасы туралы мәселеге жақындата түседі. Бұл мәселе бұрынғы өткен ғасырларда да талқыланған, адамзат өмір сүретін болашақта да көтеріле бермек.
Өмірдің басқа формалары сияқты, адам өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Алайда байлыққа, тоқшылыққа жету – адамның барлық мұқтаждықтарын өтемейді, оның өмірінің мәнін құрай алмайды. Оның сыртында рухқа негізделген көптеген әртүрлі қажеттіліктер жатыр. Қажеттіліктерді зерттеуші американдық ғалым А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғарыға қарай орналасқан келесі тәртібін жасаған-ды:
Ең төменгі физиологиялық (тыныс алу, тамақтану, қозғалу, баспана салу, ұрпақ жалғастыру) қажеттіліктер.
Экзистенциалдық (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ертеңге болашаққа сеніммен қарау, өмір шарттарының және айналадағы адам- дармен өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы) қажеттіліктері.
Әлеуметтік (басқа адамдармен байланыста болу, олардың та- рапынан танылу) қажеттіліктер.
Бедел-абыройға жету (өзі үшін маңызы бар адамдардың ор- тасында болу, мансап баспалдағымен көтерілу, өз тұлғасының маңыздылығын басқаларға таныту) қажеттіліктері.
Рухани (тұлғаның шығармашылық дарындарының, қабілет- терінің ашылуы) қажеттіліктер.
А.Маслоу бойынша, егер төменгі қажеттіліктер қанағаттандырыл- маса, онда адам үшін жоғарғылары қызықты емес. Қанағаттандырылған қажеттіліктер сарқылып біткен соң, адамды одан да жоғарырақ қажеттіліктерге итермелейді. Қоғамның даму деңгейіне қарай, егер негізгі қажеттіліктер қиындық тудырса, онда олар адам өмірінің мәніне айналуы мүмкін. Бүгінгі күні қанша адам «нан табу» мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны, сірә, қоғамның тарихи қалыптасқан кемшілігі деп қарау керек шығар.
Сөйтіп, адам болмысының ең жоғарғы мәні – бастау-бұлақтарын да- мытып, сол арқылы өз тұлғасының рөлі мен орнын айқындап, өмірден
қанағат ала отырып, шығармашылық деңгейге дейін көтерілу. Ондай адамдарға тән қасиеттер:
өмірдің әр күнін құрметпен және қуанышпен қарсы алу;
басқаларды өзіңдей бағалау, тәуелді болмау, сонымен бірге айналадағы адамдардың пікіріне құлақ асу;
өзөміріңді арнағаністі сүюжәне мамандығыңды шығармашылық деңгейде меңгеру. Өзіңнің шығармашылық қабілеттеріңді ары қарай дамыту мақсатында өз-өзіңді жетілдірумен шұғылдану;
қашанда Шындыққа, Жақсылыққа және Әсемдікке ұмтылу;
әрдайым қарапайым және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға дайын болу.
Австриялық ғалым В.Франкл адам өмірінің мағынасы жайын- да арнайы кітап жазды. Осы заман адамының өмір қарекетін қарай келіп, ол оның айтарлықтай қиындықтарын көрді. Қазіргі адам жан- жануарлар құсап ырықсыз сезіммен өмір сүре алмайды, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер адам өмірін айқындайтын өткен қоғам да артта қалған. Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм) неме- се жоғарыдағылардың қалағанын істегісі келеді (тоталитаризм). Ол (Батыстың адамы туралы айтылып отыр) рухани тоқырауға ұшыраған, өмір мағынасын іздеумен жүр. Нәтижесінде, адам «экзистенциалдық вакуумға» (ішкі бос қуыс, өмір мәнін жоғалту – В.Франкл енгізген термин) түскен. Ондай адам әлеуметтік ауытқушылыққа (ішімдікке, нашақорлыққа салыну, қылмыс істеу, Құдайды іздеу, өз-өзін өлтіру және т.б.) тап болады (қараңыз: В.Франкл. Человек в поисках смыс- ла. – М., Прогресс, 1990).
Батыс елдерінде адамдардың көпшілігі өмір мағынасын байлықтан іздейді. бұл – жалған өмірлік бағдар. Мысалы, ата-ана баласы үшін барлық қолайлы материалдық жағдайды жасап, қалағанын сатып алып береді де, сонымен өз міндетін атқарғандай болады. Ал бірақ баласының жан дүниесінде не болып жатқанынан, нені армандайты- нынан, кім болғысы келетінінен хабарсыз. Баланың жанын түсінуге және қалыптастыруға олардың уақыты жоқ. Нәтижесінде, жылдар өтіп, бала есейеді, балалық қиялдары артта қалады, бірақ адам тұлға болып қалыптаса да, өмірдегі өз орнын таба да алмайды.
Мәселенің төтенше қиындығы – адамға өмір мағынасын беруге болмайтындығы: ол оны өзі іздеп, өзі табуға тиіс. Осы дүниеге кел- ген әрбір адамның өзінің белгілі орны бар, демек, оның өзіндік «өмір мағынасы» бар. Өмір соқпақтары қандай бұрмалаң болса да, адам өз орнын іздеп табуға тиіс. Біреу өмір мағынасын балаларын тәрбиелеуден
көрсе, екінші бір адам өзінің шығармашылық жетістігінен, ал үшіншісі сүйікті адамы үшін өмір сүруден көреді.
В.Франклдің ойынша, тым жалпылама айтқанда, өмірдің мағына- сын үлкен үш топқа ажыратуға болады. жоғарғы мағына – тұлғаның шығармашылық құндылықтарға жетуі, яғни бұрын өмірде болма- ған өзгеше жаңалық ашу. Ол үшін адам дарыны мен талантын кең ашып қана қоймай, сонымен қатар өз мамандығын терең, кәсіби деңгейде меңгеруге, соның шыңына көтерілуге тиіс. Негізінен, бұл – таңдаулы топ өкілдеріне тән қасиет.
Алайда кең мағынасындағы шығармашылық – адамның тектік қасиеті. Сондықтан әрбір адам сүйікті ісімен айналысып қана шығармашылық деңгейіне көтеріле алады. Мысалы, тиянақты оқушы адамзатқа ежелден белгілі күрделі математикалық есепті шешеді. Алайда ол басқалардың көмегіне жүгінген жоқ, ол берілген есепті өзі үшін жаңадан ашқандай болды. Ол соны іске асырды, енді өзін жа- сампаз адамдай сезінеді! Үй шаруасындағы әйел әсемдік журналдары беттерінде жарияланған өрнектерді үйреніп, көп жыл бойы өз балала- ры үшін жылы киім тоқып келді. Жылдар өте келе, әлдебір сәтті күні ол өз өрнегін ойлап табады. Ол жаңа туындыны дүниеге әкелді! Оның өрнегі журнал беттеріне шықпай-ақ қойсын, бірақ ол бәрібір соның өрнегі ғой! Егер адам кертартпалыққа негізделген әлдебір істі өзінше істеуді қолға алса, бұл да кең мағынасындағы шығармашылық болып шығады.
Бірқатар жағдайларда адам алдына қойған мақсаттарына жете алмайды, ол өзін өмірінің мағынасын жоғалтқандай сезінеді. Он- дай жағдайда ол бұл мақсатқа деген көзқарасын өзгертіп, оны басқа мақсатқа ауыстырса, барлық қиындықтары артта қалады. Бұны В.Франкл «көзқарас құндылықтары» деп атайды. Мысалы, бір сұлу қызға, мысалы, егер құндыз ішік сатып алса, «өмір шыңына» шығатындай көрінеді. Алайда күндер, айлар өткенмен, қыздың арма- ны орындалмайды, ол жүйке ауруына шалдығады, бар ойы – сол ішік. Бірақ ол сол мақсатқа деген көзқарасын (мүмкін, оған аң терілерінен киім кию үшін, аңдарды өлтірудің қажеті жоқ деп есептейтін Джина Лолабриджеден үлгі алу керек шығар) өзгертіп, басқа нәрсені мақсат етсе (мысалы, құндыз ішіктің орнына, жасанды теріден жасалған ішікті сатып алуды ойласа) болды, барлығы да өз орнына келе қалады, ал біздің сұлу бикешіміз қайтадан тыныш ұйықтайтын болады.
Адамдар кейде өмірде қорқынышты түсінде де көрмеген жағдайларға (апаттар, цунами, жер сілкінісі, түрме, қатерлі ісікпен
ауыру және т.б.), сол жағдайлардан шыға алмайтын қиындықтарға тап болады. Өмірінің соңында адамның бәрібір «қасіретті үштік» деп ата- латын азап, кінә және өлімнен құтыла алмасы анық болса да, ол өмір мағынасын жоғалтқандай күй кешеді, кеудесі – бос қуыс, күйзеліс жа- нын жегідей жейді. В.Франкл айтқандай, «тіпті осындай адам төзгісіз жағдайларда да, өмірдің мағынасын жоғалтуға болмайды». Олай болса,
Достарыңызбен бөлісу: |