Ғылым тарихы және философиясы


адамзаттың ғаламдық мәселелері және оларды шешу жолдары



бет166/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

адамзаттың ғаламдық мәселелері және оларды шешу жолдары


Пайда болғаннан-ақ бірінші орында ядролық соғыс мүмкіндігі және адамзаттың өзін-өзі құртуы мәселесі тұрады. Бір жағынан, ядролық қару ары қарай жетілдіріліп жатса, екінші жағынан, бүкіл әлемге таралу үстінде. Ядролық қаруы бар айқын бес мемлекет- ке Үндістан мен Пәкістан, Оңтүстік Африка және Исраил қосылды, бірқатар елдер (Иран, Солтүстік Корея) ядролық технологияны қарқынды игеріп жатыр. Мәселенің қиындығы ядролық клубтың жаңа мүшелерінің халықаралық жағдай ушығып тұрған аймақтарда

орналасқанында болып тұр. Үндістан мен Пәкістан арасында 2001 жылғы қақтығыста екі тараптан да ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы жантүршігерлік мәлімдемелер жасалғанына куә болғанымызды айтқан жөн. Ирак соғысы қарсаңында Дж.Буш тактикалық ядролық қару қолданылуы мүмкіндігін жасырмаған.


Мәселені шешудің негізгі жолы – халықаралық бақылау арқылы ешбір елге дара мүмкіндік берместен, ядролық қарудың қорларын қысқарту, ал содан кейін толық жою болуға тиіс. Атом энергиясы АЭС салу арқылы бейбіт мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Алайда ядролық қару иеленуші алып мемлекеттердің «өзімшіл мүдделері» бүгінгі күні аталған мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік бермей отыр. «Соғыс шоқпарын» сүйреткен ядролық қарудың «жайылуын» тоқтату саяса- ты әлемді әлсіздендіріп, ядролық қаруы бар мемлекеттерге біржақты артықшылық тудырады. Бұл мәселе түбегейлі шешілгенше, төніп тұрған қауіп адамзаттың үстінде төнген күйінде қала бермек.
Екінші үлкен мәселе – табиғат ресурстарын осы кездегі қарқынмен жалмай берсе, адамзатты орасан зор апатқа апарып соқтыруы мүмкін экология мәселесі.
Кез келген қоғам дамуға, өсуге қабілетті, құрылысы күрделі жүйе болып табылады. Ал қоғамның «атомы» – ол тәнімен бірге жаны бар, қарама-қайшылықтарға, қуаныш пен мазасыздықтарға, сүйіспеншілік пен мұңға, шабыт пен күйзеліске толы адам болып табылады. Әр адам өзінің алдына нақты мақсаттар қойып, соларды жүзеге асыруға ұмтылады. Адамды алғашқы жаратылған күйіндегідей табиғат енді қанағаттандыра алмайды. Міне, сондықтан да мыңдаған қалалар, ги- дроэлектр станциялары, жасанды теңіздер және т.б. пайда болды. Адам өзін қоршаған табиғатпен өзара әрекетке түседі.
Табиғат түсінігі ұғымы үш мағынада қолданылады. Өте кең мағынасында әлемде табиғаттан басқа ештеңе жоқ – ол тұтас ғарыш. Тар мағынасында бұл термин мән санатымен бірігіп кетеді. Біз: «Бұл заттың табиғаты неде?» – деп сұрасақ, ол оның мәнін анықтауға па- рапар болып шығады. Үшінші мағынасында біз табиғат түсінігін осы кітапта: «Ол – бізді қоршаған орта, яғни қоғаммен өзара әрекеттесуге түсетін орта», – деп қараймыз.
Миллиардтаған жылдарғы дамуы барысында өмірдің барлық формаларының бір-бірлерімен бірігіп кеткені соншалықты, «Үлкен жүйе» деп аталатын жүйе құруға жетті. Ол үлкен үш құрамдас бөліктен тұрады: а) өсімдіктер әлемі; ә) жануарлар әлемі; б) микроорганизмдер әлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет