Ғылым тарихы және философиясы



бет174/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

интерсубъективтілік – кең мағынасында өзара әрекеттесетін субъектілер тәжірибесінің ортақтығы және оның нәтижелерінің ортақ маңыздылығы. Интерсубъектілер деп, әдетте, құрылым субъектілеріне тән, өзара түсінушілік және ортақ маңыздылық мүмкіндігін қамтамасыз ететін ортақтық аталады.
когнитивистика – жақында адамның ойлау қабілетін зерттейтін пәндер тобына арналып жасалған атау. Термин ғылымдар бірлестігіне жатады; бұл – бұрын салыстырылмаған: когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интел- лект теориясы, математика, нейропсихология сияқты ғылымдардың тәсілдерін қамтитын жалпы термин.
когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану – XX ғасырдың 70 жылдары пайда болған ғылым философиясы мен әлеуметтануындағы бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылымның жұмыс істеуі мен серпінінің балама үлгісі әлеуметтік-мәдени факторлардың: ғылыми мәселелер (бағыттар) мен олардың шешілу қарқынына (барын- ша қолайлы қаржылық, материалдық және ұйымдастырушылық
жағдайлар туғызу есебінен) ғана емес, сонымен бірге оларды шешу тәсілдеріне, нәтижелеріне де (ақыр соңында, ғылыми теориялардың мазмұнына да) елеулі ықпалын есепке алуға тиіс.
конвенционализм – конвенциялардың ғылыми танымдағы рөлін дараландырушы әдістемелік тұжырымдама. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, ғылыми ұғымдар мен теориялар объективтік шындықты білдірмейді, ғалымдардың келісуінің нәтижесі, шартты, ерікті белгі- ленген ережелер болып табылады.
коэволюция – адамзат қоғамы мен биосаланың дамуын бөлек қараудан «биосала – адамзат қоғамы» дейтін біртұтас жүйе дамуының жалпы теориясына көшу керек деп санайтын қазіргі заманғы ғылым философиясы тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама өкілдерінің (Н.Моисеев және басқалары) ойынша, осы жолмен ғана осы заманның адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелерінің оңтайлы шешімін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар адамзаттың болашақтағы өмірін сақтауды да қамтамасыз етуге болады.
Қоғам – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, иерархиялық реттел- ген әлеуметтік жүйе. Оның тұтастай өзінің және қосымша жүйелерінің қайта құрылуы және өмір сүруі белгілі бір қағидалар және инсти- туттар (экономикалық, моральдық, құқықтық, саяси және басқадай) арқылы реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет