апостериорлық білім – таным нысанасын сезімдік және эмпирия- лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
апперцепция – кез келген әрекеттің нақты бір субъектінің алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
ар-ождан – моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті, қажыр-қайрат, адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бас- тап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке) дейін әртүрлі деңгейде көрінеді.
әдістеме – 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) әлдебір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
биофилософия – дүниетанымдық, адамгершілік және эпистемо- логиялық мәселелерді шешу барысында бастапқы негізгі ұғымы оның ғылыми-биологиялық түсіндіруінде деген сенімнен шығатын табиғи бағытталған философияның бір нұсқасы. Биофилософия осы мағынасында XIX ғасырдың аяғында-ақ дарвинизмнің әсерімен және соның негізінде жеткілікті дәрежеде адал белгіленген. Қазіргі уақытта биофилософия қалыптасатын, кемінде, үш дербес, бірақ өзара байла- нысты: 1) биологияның немесе биология философиясының филосо- фиялық мәселелерін зерттеу; 2) адамға және адам мәдениетіне байланысты барлық биологиялық негіздер саласындағы зерттеу; 3) өз кезегінде, мүдделердің екі векторын қамтыған бағыт: өмір құбылысын
зерттеу және өмірді зерттеу барысында жинақталған ұғымдарды күрделі табиғи, әлеуметтік және мәдени жүйелердің бүкіл тобына, оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.
биоэтика – биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
бифуркация – жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
буровщина – ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жал- пы атау. Ол басқаша ойлаумен және діни плюрализммен этикалық релявитивизм және бойларын шаттық билеген сенімге төзбеушілік тұрғысында кең көлемді күрес жүргізетіндермен біріккен (үлестес) ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады.
Верификация– дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырым- дардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.