Ғылым тарихы және философиясы



бет178/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

трансценденттік – адам тәжірибесінің, адамның сезімдік те, ұтымды (трансценденталдық) та танымының шектерінен тыс жатқан
және сол себепті танымның емес, таза сенімнің нысанасы бола алатын әрекет.
трансценденттік апперцепция – И.Канттың, жалпы, кез келген сыртқы тәжірибені мүмкін ете алатын алғышарттар болып табылған ойлау (пайым, ақыл-ес) формалары мен санаттарын белгілеген таным теориясының негізгі санаттарының бірі.
трансценденталистік тұжырымдама (философия мен ғылымның арақатынасы) – тарихи алғашқы, антика дәуірінен біздің заманымызға дейін ұзақ даму жолынан өткен, XIX ғасырдың ор- тасына дейін мәдениетте үстемдік етіп келген, жеке ғылымдарға қатысты философияның гносеологиялық және әлеуметтік-мәдени («метафизиканың», «табиғи философияның») басымдығын негіздеген философия мен ғылым арақатынасы тұжырымдамасы.
универсализм – моральдың жалпыға бірдей ұстанымдарын негіздеуге тырысатын этикалық теориялардың әдістемелік тәсілін белгілеу үшін, көбінесе қазіргі заманғы этикада қолданылатын түсінік. Ұтымды негізделген ұстаным ретінде увиверсализмді этикаға И.Кант енгізген.
Фаллибилизм – ғылыми білімнің философиялық-әдістемелік тұжырымдамасы. Оған сәйкес, философиялық, діни және соған жақын білімдерден басқаларының барлығы эмпириялық тәжірибенің көмегімен әлеуетті (табиғаты бойынша) бұрмаланып (теріске шығарылып) қана қоймайды, сонымен қатар нақты да бұрмаланады, өйткені кез келген ғылыми (әсіресе теориялық) үлгілер қашанда біржақты және өзінің шынайы нысанасына (түптұлғасы – прототип) қатынасы бойынша да жан-жақты емес.
Фальсификация (бұрмалау) – эмпириялық ғылыми болжамдардың немесе теориялардың жалғандығын тәжірибеде (бақылау мен сынақта) одан шығатын қисынды (логикалық) салдарлардың (әлеуетті неме- се өзекті) жалғандығын анықтау негізінде дәлелдеу амалдарының жиынтығы және үдерісі.
Холизм – бүтіннің басымдығын, оның онтологиялық дербестігін және бөлшектер мен олар орындайтын қызметтердің жиынтығына келтірілмейтіндігін оны құрайтын бөлшектер алдында растайтын философиялық тұжырымдама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет