Ғылым тарихы және философиясы



бет179/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Цивилизация (өркениет) – (лат. «civilis» – азаматтық) – 1) қоғамдық дамудың, материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, яғни әлеуметтік байланыстар сөзсіз табиғат байланыстарынан басым бола бастайтын және қоғам өзінің меншікті негізінде дами және үстемдік ала бастайтын адамзат өрлеуіндегі осындай кезең; 2) қазіргі заманғы
әлемдік мәдениет. «Цивилизация» терминін алғаш рет 1756 ж. француз ағартушысы Мирабо ғылыми айналымға енгізген. Осы термин арқылы француз ағартушылары ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларына негізделген қоғамды айтатын болған.
Шизоанализ (талдау) – Ж.Делез және Ф.Гваттари ұсынған еуропалық әлеуметтік-мәдени парадигманың түбегейлі тексерілуінің философиялық-саяси бағдарламасы. Олар З.Фрейдті және оның сана- дан тыс терең деңгейді – әлеуметтік инвестицияларды және «қалайтын машиналардың» жұмысын көзге ілмеушілігі үшін оның психо-тал- дау жүйесін сынға ұшыратқан: психоталдау алдын ала белгіленіп қойған кейіпкерлердің (Эдип және басқалары) қатысуымен, театр сахнасындағы санадан тыс әрекетке келтіріп, отбасы қатынастарында шектеліп қалады. Санадан тыс әрекет «театр емес, – фабрика», детер- минация жүйесі емес, – индетерминацияға келтірілген шексіз өндіріс,
«қалайтын машина».
Эвристика – 1) Ертедегі Грекияда – бағыттаушы сұрақтар беру жолымен оқыту жүйесі; 2) теориялық зерттеу және шындықты іздеудің қисынды амалдары мен әдістемелік ережелерінің жиынтығы;
3) тапқырлық, ептілік, белсенділік сияқты қасиеттердің жетілуіне септігін тигізетін оқыту әдісі.
Экспликация – ғылымда кеңінен қолданылатын жекелеген, әдетте, бір емес, бірнеше мағынасы бар терминдердің мағыналары мен мәндерін айқын анықтау немесе нақтылау.
Экстернализм – ғылым философиясы мен тарихын жазудағы бағыт. Оның өкілдерінің ойынша, ғылым білім жүйесі ретінде де, әлеуметтік институт ретінде де әлеуметтік мәдениеттің иммаментті, органикалық бөлігі болып табылады, сондықтан соның тарапы- нан, яғни тұтас жүйенің де, әлеуметтік мәдениетке кіретін қосымша жүйелердің де (экономика, техника, саясат, рухани мәдениет сияқты) айтарлықтай ықпалын сезеді. Әлеуметтік мәдениет ғылыми білімнің қарқыны мен бағыт таңдауына ғана емес, соңғының мазмұнына да осындай ықпалын тигізіп отыр.
Экстраполяция – сипатталатын құбылыстарының қандай да бір тезисін немесе теориясын бір саладан басқа салаларға (тақырыптық салаларға) тарату жолымен білімді сан жағынан көбейту арқылы арт- тыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет