Ғылым тарихы және философиясы



бет175/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

Қорытындылау – білімді ойша жалқыдан жалпыға өту жолымен арттыру әдісі, оған абстракцияның жоғарырақ сатысына өту де сай келеді.
логицизм – XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында пайда болған математика философиясындағы бағыт. Оның мәні математика- ны логикаға (математикалық) келтіруге тырысу, сөйтіп, математиканың шынайылығын және қарама-қайшылықсыздығын негіздеуде жатты.
мәдениет – (лат. – Cultura – тәрбие, білім, жетілу, құрмет тұту) – бұл адам қарекетінің (қызметі, мінез-құлқы және қарым-қатынасы) биоло- гиядан жоғары тұрған, оның барлық көріністерінде әлеуметтік өмірді қайта жасау және өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарламаларының та- рихи дамитын жүйесі.
метатеориялық білім – ғылыми білімнің аса жоғары деңгейі; ғылыми теориялардың негіздерін құрайтын пікірлердің (тұжырым- дардың, ұстанымдардың, әлемнің ғылыми бейнесінің, ғылым зерттеулердің мақсат-мұраттары мен нормаларының және т.б.) көпшілігі. Ғылыми білімнің жүйелі сипатына байланысты мететеориялық білім, бірінші кезекте, тікелей маңызды ғылыми теорияларға (математикада –
арифметика мен геометрияға; физикада – механикаға, биологияда – түрлердің дамуы теориясына және генетикаға және т.б.) жатады.
метафилософия (ғылымның) – философияның: мақсаты әртүрлі логикалық мүмкін болатын және тарихи іске асырылған ғылым фило- софиясы тұрпаттарына (ғылымның айқын философиясы, ғылымның классикалық емес философиясы, ғылымның постмодернистік фило- софиясы), олардың когнитивтік-құндылықтық құрылымына, интер- претативтік мүмкіндіктер мен әлеуметтік-мәдени негіздемелерге, ғылымның нақты тарихы мен оның сана-сезімінің байланысына тал- дау жасау болып табылатын саласы.
номогенез – «заңдылықтар негізінде даму» – орыс географы және биологы Л.С.Берг (1922 ж. туған) ұсынған және сол арқылы Дарвиннің жай генетикалық, яғни заңдарға да, заңдылықтарға да емес, кездейсоқтыққа негізделген сияқты табиғи іріктелу тұжырымдамасына қарсы қойылған тұжырымдама.
номотетикалық әдіс – бұл жаратылыстану әдісі, оның міндеті құбылыстарды қорытындылау негізінде заңдар белгілеу болып табы- лады (ол топтап қорыту әдісі деп те аталады).
ноосала – биосаланың жаңа даму ахуалы. Ноосала барысында адамның саналы қызметі оның дамуындағы шешуші факторға айна- лады. «Ноосала» түсінігін қолданысқа француз ғалымдары Э.Леруа және П.Тейяром де Шарден (1927 ж. туған) енгізген. В.И.Вернадский ноосала туралы көзқарасты адамның ғылыми ойға негізделген әлемді өзгертудегі шығармашылық қызметінің нәтижесінде табиғат пен қоғамның өзара қатынасы барысында пайда болатын ұйымдас- тырушылықтың жаңа сапалы формасы ретінде ары қарай дамытты.
Операционализм – ғылым философиясы мен әдістемесіндегі бағыт. Соған сәйкес, кез келген ғылыми ұғымдардың (әсіресе жаратылыстанудағы) мағынасы әлдебір заттардың (денотаттар), олардың осы түсінікпен аталатын қасиеттерінің көптігі емес, атқары- латын шаралардың (бәрінен бұрын материалдық, табиғи) жиынтығы болып табылады.
өмір – 1) болмыстың қоршаған ортамен заттектерді және энер- гияны таңдап алмасуға, өзінің өмірлік қызметтерін іске асыру үшін оларды өңдеуге және игеруге, шексіз қайта тууға, қоршаған ортаға кең ауқымда бейімделуге қабілетті, жоғары ұйымдасқан формасы (бірлігі де). Өмірдің аса қарапайым формалары болып бактериялар мен микро- организмдер әрекет етеді; 2) мақсатқа сай болмыс; 3) бірбүтін және са- намен ұғынылған болмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет