Ғылым тарихы және философиясы


парадигма – нақты ғылыми қауымдастықта ғылымның белгілі бір саласында жалпыға бірдей қабылданған функционалдық теория. парағылым



бет176/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

парадигма – нақты ғылыми қауымдастықта ғылымның белгілі бір саласында жалпыға бірдей қабылданған функционалдық теория.
парағылым – ғалымдардың тиісті қауымдастығы мүшелері ара- сында ғылыми таным жүйесінің толық құқылы элменттері деп тану- да оларға қатысты мығым консенсус (пәтуа) болмайтын идеялар мен тұжырымдамалар (мысалы, парапсихология, евгеника және т.б.).
принцип (қағида, ұстаным) – танымдық, іс жүзіндегі және руха- ни қызметті жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір талаптан тұратын нормативтік жалпы пікір (салыстырмалылық қағидасы, сәйкестік қағидасы, тиімділік қағидасы, моральдық қағидалар және т.б.).
пролиферация – П.Фейерабендтің ғылым философиясындағы: өзара бір-бірін теріске шығаратын әртүрлі ғылыми болжамдар мен теориялардың көбеюін, мейлінше ұлғаюын ғылымның табысты өркендеуінің қажетті шарты деп санайтын негізгі ұғымдардың бірі.
Редукционизм – ғылыми білім синтезін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы зерттеу стратегияларының бірі. Таным теориясында редукцио- низм түсіндірудің тиісті қағидасы ретінде қолданылады.
Релятивизм – білімнің объективтік мазмұнын терістейтін адам танымының салыстырмалылығы, шарттылығы және субъективтілігі туралы ілім; этикалық релятивизм – міндетті адамгершілік нормалар- ды және адамгершіліктіктің объективті әлеуметтік белгісін терістеу.
Релятивтілік – салыстырмалылық, «абсолюттік» деген түсініктің қосарлы қарсыласы.
Рефлексия – 1) ойға шому, өз-өзін бақылау, өз-өзін тану. 2) фило- софияда – адамның өз іс-әрекеттерін және оның заңдарын ұғынуға бағытталған теориялық қызметінің формасы. 3) философиялық- әдістемелік рефлексия – ойға бату, толық күмәндану, қарама- қайшылықтар.
Руханилық – адамда дүниетанымдық құлшыныстарға тәуелсіз тұлғаны айқындайды, оған: ақыл-парасат, өз қадір-қасиетін сезіну, белсенді өмірлік қағида, жан дарқандығы, белгілі бір адамгершілік- этикалық мұраттарды ұстану, отбасы, туыс-жақындары, қоғам алдындағы іс-әрекеттері үшін жоғары жауапкершілік көтеру, борышын түсіну, ізгілік, пайда көздемеу, аяушылық таныта білу, жәрдемдесу, сүю сияқты қасиеттер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет