Ғылым тарихы және философиясы



бет116/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

«Архетип» ұғымына Юнг мынадай түсініктеме береді: бұл – әлдебір
«байырғы бейне», онда «санадан тыс ұжымдық әрекеттің мазмұны санада айқын көрсетілген бейімділік және орныққан пікір арқылы берілген». Көбінесе жеке адамға олар сыртқы факторлармен байланыс- ты болып көрінеді, ал олар «жанның санадан тыс құрылымынан» бола- ды. «Санадан тыс ұжымдық әрекеттің» бұл үстемдігі тәжірибелерден бұрын болған және объективтік деректерден жоғары тұр.
«Санадан тыс ұжымдық әрекет» – ол айнада бейнеленген- дей психикалық әлем, миллион жыл болғандай сана. Ондай сана бір мезгілде қазіргі және нағыз болмысы бар заттың пайда болу- ын да, жоғалуын да, сондай-ақ ол пайда болғанға дейінгіні және ол жоғалғаннан кейін де бола беретіннің бәрін көрді.
Архетип нәтижесінде, Юнгтің пікірінше, тәжірибеден бұрын, сана- дан тыс рухтың бар негіздерін мұра етуі себепті халықтың психикалық өмірінде тиісті тип (тұрпат) туады.
Юнг енгізген екінші бір ұғым – «психологиялық тұрпаттар». Юнг оларды психикалық қызметтеріне қарай: интроверт және экстраверт деп ажыратады.
Интроверсия – ішке қарай бағытталу. Ол тұлға теориясын- да әлеуметтік қақтығыстардан аулақ болу және өзіндік ойларының қамымен жүру үрдістерін белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл, мүмкін,
«қалыпты» сипаттама болғанмен, көпшілік адамдар интроверсияның шектен асқан формаларының патологиямен1 шектесіп жатқанын сезеді. Экстраверсия – сөзбе-сөз сыртқа бағытталу дегенді білдіреді.
Бәрінен бұрын, тұлға теориясында өз энергиясын сыртқа бағыттау, ай- нала қоршаған және әлеуметтік орта үшін қам жеу және сол ортадан жанына рақат табу үрдісін белгілеу үшін пайдаланылады.
Интраверсия мен экстраверсия – екі теориялық полюсі бар тұлғаның болжаммен алынған өлшемі. Бірақ қазіргі уақытта көпшілік теоретик- тер жекелеген тұрпаттардың бар екеніне шүбә келтіреді және оның орнына екі тұрпатты да бірқатар әртүрлі мінез-құлық, іс-әрекеттердің жиынтығы деп қарайды. Одан өзге, екі полюстің де қарама-қайшы ретінде қаралуы күмәнді, өйткені көптеген адамдарда екеуі де көрініс беріп, бір полюстің іс-әрекетте күшеюі мүмкін болса, ал екіншісінде азаюы міндетті емес.
Юнг сол заманғы техникалық өркениетті және бұқаралық қоғамды күрт сынға алды, рас, оның себебін ол Батыс адамының құдайсыз әлем құрғанынан, өздерінің төл дінін ұмытқанынан және бүкіл жер
1 Бұл жерде: патология – қалыптан ауытқушылық.

шары бойынша басқа дәстүрлердің түп-тамырларына балта шауып жатқанынан көрді. Оның пікірі бойынша осының барлығы әлеуметтік- саяси деңгейде тоталитарлық идеологияның таралуына әкеліп соқтырады. Егер шіркеу дәстүрінің архетиптерге жұмсалған энер- гияны ғажап символикалық ғарышқа айналдыру арқылы солар үшін жеткілікті құралдары болса, ал протестантизмнен басталған «қасиетті қабырғаларды батыл әрекетпен алу» – сол тектегі универсумға ие, сондықтан да санадан тыс ұжымдық әрекет энергиясының күтпеген


«олқылықтарының» болуы салдарынан ерекше әлсіз материалистік өркениетке келтірді.
З.Фрейдтің өзге ізбасарлары: а.адлер (1870-1937), к.Хорни (1888-1959), Э.Фромм (1900-1980), г.маркузе (1898-1979) фрейдизмнің негізгі қағидаларын қоғам өмірімен ұштастыруға әрекеттенді.
Сөйтіп, австриялық дәрігер-психиатр және психолог, дербес психологияның негізін салушы Альфред Адлер «компенсация» (тол- тыру, өтем) ұғымын енгізеді. Адам өзінің дене бітіміндегі кейбір кемшіліктерге және кейбір табиғи дарындарының осал дамығанына бола, өзін кемтар, жетілмеген деп сезінуі мүмкін. Нәтижесінде, өз мүмкіндіктеріне сенбеу, бейшаралық күй кешу пайда болады. Осының бәрін жеңу үшін, адам шығармашылық тұрғыда жан-жақты ашылып, жетілуге бар күш-жігерін жұмсайды. Адамның нақ осы белсенділігі орасан артқан, болмысқа деген өжет құлшынысын Адлер өтем деп атайды. Ойшылдың пікірінше, егер адам осы жолда асқан белсенділік танытса, онда ол өзінің кемшіліктерінің орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге ұлылыққа да жетеді. Ондай ахуалды ол үстеме өтем деп атайды. (Әдебиетте Гитлер бір аяғын сылтып басқандықтан, өзін суретші ретінде таныта алмады дейтін пікір бар. Нәтижесінде, ол өзін саясат саласына бұрып, асқан белсенділік танытқаннан заң жүзінде кан- цлер лауазымына қол жеткізген, ал Наполеон бойының қысқалығынан өзін кемтар сезініп, үстеме өтем есебінен императорлыққа жеткен).
Адлер идеяларының неофрейдизмге ықпалы зор болды. Неофрейдизмнің негізін салушылардың бірі – американдық пси-
холог және психопатолог Карен Хорни болды. Ол неврозды (жүйкенің тозуын) адамның мінез-құлқының өзіне дұшпан әлеуметтік ортадағы үйлесімсіз қорғаныс формалары деп түсіндіреді. Соған байланысты ол адамның жетіліп дамуын қалыпты және қалыптан ауытқыған түрінде көрсетеді. Қалыпты күйде адам өзінің дарындылықтарын көрсетуге және ойлағандарын іске асыруға тырысады. Қалыптан ауытқыған кез- де адамның психикасында теріс құбылыстар жинақталып, неврозға әкеліп соқтырады. Адам өміріндегі қалыптан ауытқудың себептерін
К.Хорни: әлеуметтік факторлардан (қоғам ауруынан), ата-ана мен балалардың өзара қарым-қатынастарының теріс қырларынан, адамның дұрыс жолын таппай, теріс жолға түсіп, енді мағыналы-өмірлік бағдарларды іздеуінен көреді.
Оның пікірінше, әлеуметтік қалыптан ауытқу жүйкесі тозған адамның төмендегідей тұрпаттарын қалыптастырады:
  • икемделушілік, бейімделушілік – яғни адам еш мақсатсыз, қалай болғанда да, айналасындағылардың құптауына, мақұлдауына лайық болуға ұмтылады;


  • ұятсыз, басқыншылық әрекетпен, тіпті кезде қылмыстық жол- мен де, қалай да билік пен күшке қол жеткізуге ұмтылу;


  • оқшаулану арқылы қоғам мәселелерінен теріс айналу.


Әлеуметтік нормалардан ауытқушылық иіріміне түсіп кетіп, адам сол тұңғиыққа тереңдеп бата береді. Ол шырғалаң шеңберден шығу үшін, қоғамның қолдауымен адам тарапынан көп күш жұмсалуы ке- рек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет