Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»


Қолданылған әдебиеттер тізімі



бет4/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. З.Қабдолов «Сөз өнері» «Жазушы», 1983 ж.

  2. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» «Атамұра», 2003 ж.

  3. Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» «Санат», 2006 ж.

  4. М.Жұмабаев 3 томдық шығармалары, «Жазушы» 2003 ж.

  5. С. Ержанова «Қазақ поэзиясы ТӘУЕЛСІЗДІК тұсында» «Білім» 2010 ж.

  6. Қ.Әбдезұлы «Қазақ прозасы және ұлттық идея» «Қазақ университеті», 2005 ж.

  7. Т.Молдағалиев «Шақырады көктем» «Атамұра», 2003 ж.

  8. К.Ахметова «Құт» «Дәуір» 2005 ж.

  9. М.Шаханов «Эверестке шығу» «Атамұра», 2003 ж.

БАҒДАРЛАМА



СӨЗ, СӨЙЛЕМ ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТИЛЬ

5-9 сынып оқушыларына

(аптасына – 1 сағат, жылына 34 сағат)
Нусупбекова Мейрамгуль Барказатовна

«Д.Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектеп» КММ

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір жазған: Қосымова Гульбану, Абай атындағы Қаз ҰУ-нің профессоры, филология

ғылымдарының докторы


Түсінік хат мазмұны

Бағдарламаның негізгі мақсаты. Қазіргі таңда оқушыларға қазақ тілін терең үйрету мақсаты көзделіп отырған кезде, оны жеделдетіп сауатты оқытудың әр түрлі жолдары қарастырылып отыр. Оқушы ана тілін жетік меңгеруді мектептен үйренеді. Сөздің сыртқы қабаты ғана емес, ішкі мағынасын, астарлы ойдың берілу жүйесін талдауға 45 минуттағы жұмыстар жеткіліксіз. Жыл сайын тапсырылатын мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеу де қазақ тілін сауатты меңгеруге, әсіресе, грамматикалық сауаттылықты бақылауға басымдылық беріп отыр. Бағдарлама оқушының қосымша сағатта тәжірибелік жұмыс жасауына, сөз, сөйлем талдауына мүмкіндік береді. Сөздің сыртқы қабатын жақсы меңгерген оқушы, ішкі мағынаға да мән береді, сөз, сөйлем талдау – оқушының өз сөздік қорын тиімді пайдалана білуге септігін тигізетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Талдау арқылы оқушының өз стилін, сөйлеу стилін қалыптастырып әрі әдеби тіл нормасында ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәдениетін дамытуды көздедік.

Бағдарламаның міндеті. Қазақ тілін тереңірек меңгерту үшін Сыздықова Р. «Сөз сазы», Сыздықова Р. «Қазақ тілінің анықтағышы», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі». «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», Бейсенбаева К. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика». Қалиев Б. «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы», Мырзабеков С. «Қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі», Г.К.Қажыбаева «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні әдістемелік оқу құралы, Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми - әдістемелік негіздері» оқу -әдістемелік еңбегі, сонымен қатар 5-11 сынып («Атамұра», «Мектеп» баспасынан шыққан) оқулықтар материалдары негізге алынды.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, тіл байлығын байыту мақсатында, көркем шығармаларды оқыта отырып, мәтіннен қажетті тілдік материалдарды тауып, талдау ұсынылады. Бағдарламаны құрастырған кезде М. Әуезовтің әңгімелері, Ы. Алтынсариннің шағын әңгімелері, ертегілер, мақал-мәтелдер, т.б көркем туындылардан мысалдарды талдауға, теорияны тәжірибеде дәлелдеуге міндеттелінеді.



Бағдарламаның өзектілігі: «Сөз, сөйлем талдау және стиль» бағдарламасы оқушыларға тілдік материалды терең талдауға, зерделеуге және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер – оқушылардың тілі білімі салаларындағы ғылыми жаңалықтарды оқулықтағы материалдармен салыстыра үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына жағдай жасайды әрі толыққанды білім алуын қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны құрастырғанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектептерге арналған білім беру стандарттары мен типтік бағдарламаларының талаптары басшылыққа алынды. Бағдарламадағы ұсынылып отырған тақырыптар негізінен оқушылардың мектепішілік бақылау сынақтарынан кеткен кемшіліктерін ескере отырып, іріктелініп алынды. Талдау көрсеткендей, тест тапсырмасының бір нұсқасында 9, 10 сұрақ – морфологиядан, 5, 6 сұрақ – синтаксистен,

4,6 сұрақ – лексикалық тақырыптардан, 3-4 сұрақ – фонетикадан және стиль, пунктуация сұрақтары, сонымен қатар мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер де кездеседі. Оқушылардың логикалық сұрақтар мен тапсырмаларды орындағанда қиналатынын ескере отырып жасалынды.

Бағдарламаның жаңалығы. Көркем әдебиеттен оқушыларға тақырыпқа байланысты мысалдар жинатып, әр түрлі мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне талдау жасату, сол арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыста стильдік қате жібермеулеріне қол жеткізу көзделді.

Талдауға ұсынылған жеке сөздерді қатыстырып сөйлем құрау, сөйлемдердегі сөздердің мағыналық қатысын сақтап мәтін құрау, оқушы логикасын жүйелеуге, логиканы жеткізе білуге дағдыландырады, өзіндік сөйлеу стилін, жазу стилін мәденитетті етуге жетелейді. Байыпты сөйлеуге тәрбиелеейді. Бағдарламаны құрастырудағы басты мақсат – осы.

Сөйлемді дұрыс құрау үшін, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем мүшелерін дұрыс қарым-қатынаста жұмсай білу керектігі ескерілді. Орфоэпиялық нормалардың, лексикалық қолданыстардың стильдік ерекшеліктерін оқушылар білуге тиіс. Грамматиканы стилистикамен қатар игерудің мәні зор. Тіл біліміне қатысты мектеп бағдарламасында қарастырылмайтын протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология, т.б. ұғымдарды оқушыларға таныстыру көзделді.

Грамматика мен стилистиканы байланыста ала отырып, экспрессивті сөз қолданысын, синтаксистік бірлікті әдеби тіл нормасында қолдану үшін лексикалық тәсілдерді игерту; оқушыларды талаптандыру, іздендіру; жазба жұмыстарына, көпшілік алдына сөйлеу мәдениетіне стильдік тұрғыдан мән беруге дағдыландыру.

Тіл білімінің барлық саласын қамтыған сабақтарда оқушылармен әңгіме, талдау, өздік жұмыстар кеңінен қолданылып, тұлғалық жағынан дамуына жағдай жасалады. Мектеп бағдарламасында стилистика арнайы оқытылмайды, бірақ тереңдетіліп оқытылуы оның грамматикамен қатыстылығы аса қажет ететін сала екендігі тәжірибе барысында белгілі болып отыр. Бұл бағдарламаны жасау ұлттық тілдің дамуына әсер етіп, оқушының әдеби тіл ортасын қалыптастыру сияқты заманауи сұраныстан туындады.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

5 – 6 сынып оқушыларына арналған

/аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат/
Курс бағдарламасында тіл білімінің фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика салалары жайындағы тақырыптар белгілі бір тәртіппен жүйеленіп берілген:

1-тақырып. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Тіл Заңы. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары.  Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні. Түркі халықтарына ортақ ескерткіштері мен әдеби мұралары жайында түсінік (1 сағат) 



2-тақырып. Фонетика. Қазақ тіл білімі. Тіл білімінің салалары. Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары (2 сағат)

3-тақырып. Дыбыс және әріп. Әліпби. Дауысты дыбыстар. Әліпбидегі әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы – ты, сы, ый, ұу, ыл және т.б.); дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны болатындығы. Сөздің негізі мағынасы – лексикалық мағына. Сөздің негізгі қызметі – атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздің грамматикалық мағынасы. Сөздің грамматикалық мағынаның сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасынан туындайтындығы (1 сағат)

4-тақырып.Дауысты дыбыстың түрлері, жасалуы, емлесі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауысты дыбыстардың негізінен не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатындығы. Дыбыстың физикалық қасиеттері, фонема мен дыбыстың ұқсастықтары (2 сағат)

5-тақырып. Дауыссыз дыбыс, түрлері, жасалуы, емлесі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері; басқа тілден енген сөздердің жазылуы. б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі. Жасалым (артикуляция). Айтылым (акустика). Естілім. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесіммен байланысы. Айтылым, жасалым, естілім және фонология. Дыбыстық құбылыстар: сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында қыстырылған дыбыстар туралы түсінік. Дыбыстық құбылыстар: протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология (3 сағат)

6-тақырып. Буын. Буынның түрлері. Емлесі. Буынның анықтамасы, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын (1 сағат)

7 - тақырып.Тасымал. Тасымалданбайтын сөздер. Емлесі. Сөздерді тасымалдау тәсілдері. Қазақ тілінде сөздер айтылуы бойынша буынға бөлінетіндігі, ал жазылуы бойынша тасымалданатындығы (1 сағат)

8 - тақырып. Екпін. Екпінің түрлері. Екпін түспейтін буындар. Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембрі, қарқын, кідіріс. Сөйлеу мәнері (1 сағат)

9 - тақырып. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы (1сағат)

10- тақырып. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі (1 сағат)

11– тақырып. Дыбыс үндестігі. Ілгерінді ықпал. Кейінді ықпал.Дыбыс үндестігі – қазақ тілінің тұрақты сипаты (1сағат)

12-тақырып. Кейінді ықпал, кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары, кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары, сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігі, тіл мәдениетімен байланысы (1сағат)

13-тақырып. Орфоэпия мен орфография. Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары. Орфоэпиялық және орфогра- фиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды пайдалану тетіктері (1 сағат)

14-тақырып. Фонетикалық принцип. Дәстүрлі принцип. Морфологиялық принцип (1сағат)

15 – 16 - тақырып. Тіл ұстарту. Дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру. Үнтаспадан немесе арнайы дискілерден, электронды тасымалдағыштардан әртістер мен дикторлардың көркем оқыған үзінділерін тыңдату, салыстыра талдау жасату (1 сағат)

17-тақырып. Тест сынағы.Оқушылардың алған білімін тексеру, бақылау (1сағат)

18- тақырып. Қорытынды

Нормативті бөлім

5-6 сынып оқушыларына арналған

/аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат/


р/с

Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізілу түрі

Білімдік қазынасы

Бар

лы

ғы



Лек

ция


Прак тика

1

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Тіл Заңы

1

1




Әңгіме

ҚР «Тіл туралы» Заңы

2

Фонетика. Қазақ тіл білімі. Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Қазақ тілі фонети- касының зерттелуі. Тіл дыбыс- тары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыста рының сөз мағына- сымен арақатынасы. Тіл дыбыс тарының жасалуы

2




2

Оқушының өздік жұмысы

Тіл білімінің фонетика саласы бойынша постер қорғау

3

Дыбыс және әріп. Әліпби. Дауысты дыбыстар

2




2

Фонологиялық талдау

Әліпби тарихын зерттеу

4

Дауысты дыбыстың түрлері, жасалуы, емлесі. Дыбыстың физикалық қасиеттері, фонема мен дыбыстың ұқсастықтары

2




2

Фонологиялық, математикалық талдау

Дыбыстардың жасалу, жазылу, айтылу жолдары

5

Дауыссыз дыбыс, түрлері, жасалуы, емлесі. Жасалым (артикуляция). Айтылым (акустика). Естілім. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесіммен байланысы. Айтылым, жасалым, естілім және фонология. Дыбыстық құбылыстар: сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында қыстырылған дыбыстар туралы түсінік. Дыбыстық құбылыстар: протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология

3

1

2

Фонологиялық талдау

Дыбыстардың жасалу, жазылу, айтылу жолдары

6

Буын. Буынның түрлері. Емлесі

2




2

Фонетикалық талдау

Буын түрлерінен алған білімдерін талдауда қолдану

7

Тасымал. Тасымалданбайтын сөздер. Емлесі

2




2

Фонетикалық талдау

Тасымалдан алған білімдерін талдауда қолдану

8

Екпін. Екпінің түрлері. Екпін түспейтін буындар

2




2

Фонетикалық талдау

Сөз екпінін, ой екпінін,тіркес екпінін, дыбыс екпінін айыра білуі

9

Үндестік заңы

Буын үндестігі



2




2

Фонетикалық талдау

Үндестік заңы, буын үндестігін қайталау

10

Буын үндестігіне бағын байтын қосымшалар. Кірме сөздердің буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлары

2




2

Фонетикалық сатылай кешенді талдау

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды

көркем шығарма мәтінінен табу



11

Дыбыс үндестігі. Ілгерінді ықпал. Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары, емлесі

2




2

Фонетикалық сатылай кешенді талдау

Дыбыс үндестігін қайталау. Көркем шығармалардағы үзіндіден табу

12

Кейінді ықпал, кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары, кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары

2




2

Фонетикалық сатылай кешенді талдау

Кейінді ықпалдың ескерілетін орындарын сөз, сөйлем талдау арқылы анықтау

13

Орфоэпия мен орфография

Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары Орфоэпиялық және орфогра фиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды пайдалану тетіктері

2




2

Фонетикалық сатылай кешенді талдау

Сөзді сөйлеуде нақышына келтіріп айтуға дағдыландыру

14

Фонетикалық принцип

Дәстүрлі принцип Морфологиялық принцип



2




2

Сатылай кешенді талдау

Сөз, сөйлем талдау арқылы, әдеби тілде сөйлеуге, жазуға дағдыландыру

15-16

Тіл ұстарту

2




2

Шығармашылық жұмыс

Ауызша, жазбаша тіл ұстарту

17

Тест сынағы

2




2

Тест

Фонетика саласы бойынша

18

Қорытынды

2




2




Қорытынды




Барлығы

34

2

32








Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

7 -8 сынып оқушыларына арналған

/аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат/
1-тақырып. Лексика. Лексиканың салалары. Лексикология – тілдің лексикасын және оның тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейді. Семасиология– сөздің мағыналарын зерттейді. Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын зерттейді. Фразеология – тұрақты тіркестерді зерттейді. Диалектология – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала Лексикография– сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.Ономастика – жалқы есімдерді зерттейтін сала. Топонимика – жер-су аттарын зерттейтін сала. Антропонимика –кісінің тегі, әкесінің аты, кісінің шын аты мен лақап атын зерттейтін сала. Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі сала (3 сағат)

2-тақырып. Сөз мағынасы. Тура және ауыспалы мағына.Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы; сөздің ауыспалы мағынасында қолданылуы (1 сағат)

3-тақырып. Көп мағыналы сөздер. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы (1 сағат)

4-тақырып. Омоним. Антоним. Синоним (1 сағат)

5-тақырып. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да болатындығы. Омонимдер сөздігі (1 сағат)

6 - тақырып. Антоним қолданылатын орындар. Антоним бола алмайтын мағыналар. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі. Мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздердің жарыса қолданылуы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні. Антонимдер сөздігі (1 сағат)

7-тақырып. Синоним сөздердің белгілері. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдер сөздігі (1 сағат)

8-тақырып. Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиеттегі түрлерін мәтіндерде қолдана білуі; метафора, метонимия ,синекдоха, әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы. Мұнда сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің бейнелі қолданылатындығы (1 сағат)

9-10 -тақырып. Тіл ұстарту. Ұсынылған тақырыптар мен пайдаланған оқу материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытында мәтіндер құрату. Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып және т.б. (2 сағат)

11-тақырып. Тест сынағы.Оқушы білімінің меңгерілуін байқау (1 сағат)

12-тақырып. Сөздік құрам. Жалпы қолданыстағы сөздер. Сөздік қор. Қолдану өрісі тар лекика.Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив (жиі қолданылатын сөздер) және пассив (сирек қолданылатын сөздер) (1 сағат)

13-тақырып. Көнерген сөздер:архаизм және тарихи сөздер.Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөз емлесі, орфоэпиялық нормасы (1 сағат)

14-тақырып. Жаңа сөздер, кәсіби сөздер. Тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдардың қолданылуы (1 сағат)

15-тақырып. Диалект сөздер және әдеби тіл, кірме сөздер, басқа тілден енген сөздердің жазылу емлесі (1 сағат)

16-тақырып. Термин, терминнің жасалу жолдары, интернационалдық терминдер. Терминология (1 сағат)

17-тақырып. Грек тілінен енген сөздер, латын тілінен енген сөздер, араб тілінен енген сөздер. Басқа тілден қазақ тіліне аударылған терминдердің төл терминдер деп аталатындығы. Басқа тілден өзгертілмей, сол қалпында алынған терминдердің интернационалдық терминдер деп аталатындығы. Терминдер сөздігі (1 сағат)

18-тақырып. Эфемизм және дисфемизм. Табу. Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты кейбір зат-құбылыстардың атауын тура айтуға тыйым салынған сөздер екендігі (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет