Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі



бет6/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

9 сынып оқушыларына арналған

/аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат/
1-тақырып. Сөзжасам. Сөзжасамның зерттелуі. Түбір: дара сөз, күрделі сөз. Қосымша: жұрнақ, жалғау. Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы, мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы

(2 сағат)



2-тақырып. Сөз құрамы: дара сөз, түбір сөз,туынды түбір; күрделі сөз (1 сағат)

3-тақырып. Біріккен сөз, оның емлесі. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер(1 сағат)

4-тақырып. Қос сөз,оның түрлері, жасалуы, емлесі (1 сағат)

5-тақырып. Қысқарған сөздің жасалуы, емлесі (1 сағат)

6-тақырып. Тіркескен сөз.Еркін тіркес, тұрақты тіркес. Емлесі (1 сағат)

7-тақырып. Жұрнақ. Жұрнақтың түрлері (1 сағат)

8-тақырып. Жалғау, оның түрлері. Көптік жалғау, оның мағыналары, көптік жалғаудың жалғанбайтын орындары (1 сағат)

9-тақырып. Тәуелдік жалғау. Ортақ және оңаша тәуелдеу (1 сағат)

10-тақырып. Септік жалғаулары. Жай және тәуелді септеу. Септік жалғауларының мағыналары (2 сағат)

11-тақырып. Жіктік жалғау. Есім сөздің жіктелуі. Жай жіктелу, бұйрық райдың жіктелуі, шартты райдың жіктелуі, жедел өткен шақтың жіктелуі (1 сағат)

12-тақырып. Қосымшаның емлесі: нд, мп, кт, ск, фт, сс, лл, мм, тт, сть, ст, зд, к,г, ог, уг, рк, рг, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль қосымшаларының жазылу емлесі (2 сағат)

13-14-тақырып.Тіл ұстарту. Тіл мәдениетінің білім беру, ғылым, әдебиет, өнер жалпы рухани өмірдің барлық саласында қызмет ететіні туралы. Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті. Сөйлем мүшелерінің орын алмасуымен сөздердің тіркесіп жұмсалуда нормадан ауытқитын жағдайларды тапқызу (2 сағат)

15-тақырып. Тест сынағы, тест материалдарын талдау (1 сағат)

16- 17- тақырып. Морфология. Морфологияның зерттелуі. Сөз түрлері. Сөз таптарының сызбасы (1 сағат)

18-тақырып. Сөз таптары: Зат есім. Негізгі, туынды, дара, күрделі, деректі, дерексіз. Сөйлемдегі қызметі (2 сағат)

19-тақырып. Сын есім: негізгі, туынды, дара, күрделі, сапалық, қатыстық. Сөйлемдегі қызметі (1 сағат)

20-тақырып. Сан есім: негізгі, туынды, дара,күрделі. Есептік, реттік, топтау, жинақтық, болжалдық, бөлшектік. Сөйлемдегі қызметі (1 сағат)

21-тақырып. Есімдік: дара, күрделі. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері. Сөйлемдегі қызметі (1 сағат)

22-тақырып. Етістік. Негізгі, туынды, дара, күрделі, сабақты, салт етістік. Сөйлемдегі қызметі (1 сағат)

23-тақырып.Үстеу: негізгі, туынды, дара, күрделі. Мекен, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат, мөлшер, күшейткіш үстеулер. Сөйлемдегі қызметі (2 сағат)

24-тақырып. Еліктеу сөз: негізгі, туынды, дара, күрделі. Еліктеуіш, бейнелеуіш. Сөйлемдегі қызметі (1 сағат)

25-тақырып. Шылау. Септеулік,жалғаулық, демеулік (1 сағат)

26-тақырып. Одағай. Көңіл-күй, шақыру, жекіру. Ерекшеліктері (1 сағат)

27-28-тақырып. Тіл ұстарту. Қоғам, ұлт, өнер, махаббат тақырыбындағы мәтіндердің ой түйіндерін анықтату. Ойдың желісін сақтап, қайта әңгімелету. Лексикалық тіркестер мен грамматикалық тіркестердің, жаңа тіркестердің тіркесімдік мүмкіндіктеріне талдау жасау (2 сағат)

29-тақырып. Тест сынағы, тест материалдарын талдау (1 сағат)

30-тақырып. Қорытынды сабақ (1 сағат)

Нормативті бөлім

9 сынып оқушыларына арналған

/аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат/


р/с

Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізілу

түрі


Білімдік қазынасы

Бар-

лы-


ғы

Лек-

ция


Прак- тика

1-2

Сөзжасам. Сөзжасамның зерттелуі. Түбір: дара сөз, күрделі сөз. Қосымша: жұрнақ, жалғау

2

1

1

Сатылай кешенді талдау

Сөзжасам таруы бойынша

3

Сөз құрамы: дара сөз,түбір сөз,туынды түбір; күрделі, қосар ланған, тіркескен, қысқарған

1




1

Сатылай кешенді талдау

Берілген мысалдың дара сөз,түбір сөз,туынды түбір; күрделі, қосарлан ған, тіркескен, қысқарған сөз екенін дәлелдеу

4

Біріккен сөз, оның емлесі

1




1

Сатылай кешенді талдау

Біріккен сөздің жасалуын дәлелдеу




Қос сөз,оның түрлері, жасалуы,емлесі

1




1

Сатылай кешенді талдау

Қос сөздердің жасалуын, емлесін дәлелдеу

5

Қысқарған сөздің жасалуы, емлесі

1




1

Сатылай кешенді талдау

Қысқарған сөз жасалуын, емлесін дәлелдеу

6

Тіркескен сөз. Еркін тіркес, тұрақты тіркес. Емлесі

1




1

Сатылай кешенді талдау

Еркін тіркесті, тұрақты тіркесті сөз құрау

7

Жұрнақ. Жұрнақтың түрлері

1




1

Сатылай кешенді талдау

Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақты дәлелдеу

8

Жалғау, оның түрлері. Көптік жалғау, оның мағыналары, көптік жалғаудың жалған -байтын орындары

1




1

Сатылай кешенді талдау

Көптік жалғау,оның мағыналары, көптік жалғауды

білу


9

Тәуелдік жалғау. Ортақ және оңаша тәуелдеу

1




1

Сатылай кешенді талдау

Сөздерді тәуелдеп үйрену

10

Септік жалғаулары. Жай және туелді септеу. Септік жалғауларының мағыналары

2




2

Сатылай кешенді талдау

Сөздерді септеу

11

Жіктік жалғау. Есім сөздің жіктелуі. Жай жіктелу, бұйрық райдың жіктелуі, шартты райдың жіктелуі, жедел өткен шақтың жіктелуі

1




1

Сатылай кешенді талдау

Сөздерді жіктеу

12

Қосымшаның емлесі: нд,мп,кт,ск,фт, сс,лл, мм, тт, сть,ст,зд,к,г, ог, уг,рк,рг, нг,кс,кт,ск,нкт, кль,брь,бль қосымшаларының жазылу емлесі

2




2

Сатылай кешенді талдау

Қосымшалардың емлесін ескере отырып, жатқа жазу

13-14

Тіл ұстарту

2




2

Шығармашылық жұмыс

Ауызша, жазбаша

мәтін құрау



15

Тест сынағы, тест материалдарын талдау

1




1

Тест

Сөзжасам тарауы бойынша

16-17

Морфология. Морфологияның зерттелуі. Сөз түрлері. Сөз таптарының сызбасы

2

1

1

Оқушының өздік жұмысы

Морфология саласы бойынша постер қорғау

18

Сөз таптары: Зат есім. Негізгі, туынды, дара, күрделі, деректі,

дерексіз.Сөйлемдегі қызметі



1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Сөз таптарын қайталау. Зат есім

19

Сын есім: негізгі, туынды, дара, күрделі, сапалық, қатыстық. Сөйлемдегі қызметі

1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Сын есім сөздерге мысал

20

Сан есім: негізгі, туынды, дара, күрделі. Есептік, реттік, топтау, жинақтық, болжалдық, бөлшектік. Сөйлемдегі қызметі

1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Сан есім сөздерге мысал

21

Есімдік: дара, күрделі. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік,белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері. Сөйлемдегі қызметі

1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Есімдіктерге мысал жазу

22

Етістік. Негізгі, туынды, дара, күрделі, сабақты, салт етістік. Сөйлемдегі қызметі

1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Етістіктерге мысал жазу

23

Үстеу: негізгі, туынды, дара, күрделі. Үстеудің мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі

2




2

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Үстеулерге мысал жазу

24

Еліктеу сөз: негізгі, туынды, дара, күрделі. Еліктеуіш, бейнелеуіш. Сөйлемдегі қызметі

1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Еліктеу сөздерге мысал жазу

25

Шылау. Септеулік, жалғаулық, демеулік

1




1

Морфологиялық сатылай талдау

Шылаудың мағыналық түрлерін, жазылу емлесін дәлелдеу

26

Одағай. Көңіл-күй,шақыру, жекіру. Ерекшеліктері

1




1

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

Одағай сөздердің тыныс белгісін мысал арқылы дәлелдеу

27-28

Тіл ұстарту

2




2

Шығармашылық жұмыс

Ауызша, жазбаша тіл ұстарту

29

Тест сынағы, тест материалдарын талдау

1




1

Тест

Морфологиядан өткенді қайталау

30

Қорытынды сабақ

1




1

әңгімелесу

Рефлексия




Барлығы:

34

2

32








Ақпараттық - әдістемелік бөлім

«Сөз,сөйлем талдау және стиль» бағдарламасын жүргізе отырып, күтілетін нәтиже –оқушылардың жеке тұлғалық дамуы, олардың көпшілік алдында сөйлей білуі, баспасөз, ақпараттық құралдарда өз шығармашылықтарын жариялап көрсете білуіне қол жеткізу. Оқушылар кері байланыс әдісімен 1-ден 10-ға дейінгі ұпаймен бағаланады. Оқушының ізденуге, білімін кеңейтуге деген жауапкершілігі артады, дайындықтары күшейеді.

Оқушылардың білімі төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:



  • оқушының тіл анықтылығы мен дәлдігіне қарай;

  • дұрыс жазу мен сөйлеу дағдыларын игеруіне қарай, көркем шығармадан жинаған мысалдарына қарай;

  • ойды әсерлі айтудың ұтымды амалдарын игерулеріне қарай;

  • шешендік күрделі оралымдар, үстемеленген сұраулы сөйлемдерді қолдана білулеріне қарай;

  • көркем әдебиеттерден қажетті мысалдар жинап, өзіндік пікір, қорытынды шығаруына қарай;

  • айтайын деген ойын анық, дәл жеткізе білуіне қарай;

  • стилистиканы меңгеруіне, жан-жақты ізденуіне, өз ойын дәлелдеуіне, қорытынды жасай білу қабілеттеріне қарай отырып оқушылар білімі бағаланады.

Оқушылар стиль түрлеріне сәйкес жазба жұмыстарды сауатты орындай білуге тиіс. Оқушылар ақпарат, баспасөз беттерінде жазбаша, көпшілік алдында ауызша сөйлеу мәдениетін игеріп, стилистика талаптарын меңгеруі тиіс.
Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптар

Педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың білімі деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында біліміне қарай бағаланады.



  • 1-деңгей, төменгі деңгей – (1-3 ұпай);

  • 2-деңгей, орта деңгей (4-6 ұпай);

  • 3-деңгей, жеткілікті деңгей (7-9 ұпай);

  • 4-деңгей жоғары деңгей (10-12 ұпай);

Сұрақтарға берілген жауаптар ұпайлар шкаласы бойынша бағаланып, пайыздық қатынастары шығарылады.

Ауызша, жазбаша талдауды бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:

  • фонетикалық талдауды білуі;

  • сөз құрамына талдауды білуі;

  • сөз табына талдауды білуі;

  • сөйлемді талдауды білуі;

  • сөйлем мүшесіне талдауды білуі;

  • морфологиялық талдауды білуі;

  • синтаксистік талдауды білуі;

  • лексикалық талдауды білуі.

«5» деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін, қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
«4» бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
«3» бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
«2» бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері:

«5» деген баға – еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (0/1) талдауларға қойылады.

«4» деген баға – емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5) жұмыстарға қойылады.

«3» деген баға – емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5) немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате бар (5/6) немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) тапсырмаларға қойылады.

«2» деген баға – емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (9/5) талдауларға қойылады.

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

Ойтолғау мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 ұпайға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.

Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.

Шығармашылық жұмыс тақырыптары:



«Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі». «Мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін»ойтолғау жазу. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жаңылтпаштар мен жұмбақтарды жатқа айту. «Ұлттың ең басты белгісі – ана тілі». «Тіл тазалығы – ой тазалығы». «Алматы – ару қала». «Астана – арман қала»

«Әсемпаз болма әрнеге». «Менің сүйікті жазушым». «Маған ұнаған кейіпкер». «Өлең - сөздің патшасы». «Драмадағы тартыс».«Сөйлеп тұрған – Алматы».



Ойтолғау, эссе, шығармашылық мәтін құру тапсырмаларын орындағанда шартты белгі лерді ескеру керек:

/ - емле қатесі белгіленеді. V – тыныс белгі қатесі белгіленеді. Z – азат жол (абзац) керек деген белгі. - артық қойылған азат жол (абзац). ? – дүдамал,екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі. ?! – пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

! – осы жерге көңіл бөл. ~~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер. ---- - стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.

.... – сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Оразахынова Н. «Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми - әдістемелік негіздері» Алматы, 2007 ж.

2. Әлімжанов Д., Маманов Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.
3. Алтынсарин Ы.Таңдамалы шығармалары. А., 1957 ж., 7 б. 
4. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары (қазақ тілі)
5. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары (қазақ тілі)
6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика,
7. Исабаев А. Мектепте қазақ тілі фонетикасын оқыту методикасы.
8. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954 ж., 18 б. 
9. Дүйсенбаева М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері.
10. Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы.
11. Жиенбаев С. Қазақ тілінің методикасы. А.,Қаз.біріккен мемл. баспасы.
12. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының очерктері.
13. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.А., Мектеп.
14. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика,
15. Исабаев А. Мектепте қаза тілі фонетикасын оқыту методикасы. Алматы,
16. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954 ж., 18 б. 
17 . Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Алматы,

18. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. «Мектеп» баспасы, 1973, 227-бет.

19. І.Кеңесбаев Қазақ тіл білімінің мәселелері. «Арыс» баспасы. Алматы, 2008

20. М. Әуезов. Әңгімелері. Қорғансыздың күні.


Қосымша

№1 тест тапсырмалары, қатемен жұмыс

№2 тест тапсырмалары, қатемен жұмыс

№3 тест тапсырмалары, қатемен жұмыс

№4 тест тапсырмалары, қатемен жұмыс

№5 тест тапсырмалары, қатемен жұмыс

БАҒДАРЛАМА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет