Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»



бет8/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47


Шығармашылық жұмыс - 3

Мәтінмен жұмыс - 1

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

11сыныптарға арналған бағдарлама мазмұны 34 сағатты құрайды. Соның ішінде дәріс – 14 сағат, 20 сағат – семинар, іздену жұмыстарына арналған. Іздену, практикалық жұмыстарда ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, поэзиялық шығармаларды салыстыра отырып талдау жолы қарастырылған. Заман сұранысы, заман ағымына қарай жаңа түрге ие болып отырған қазақ поэзиясының мәнін түсіну үшін тақырыптар топталып беріліп, шығармашылық, ізденіс, салыстыру тапсырмаларымен оқушылардың білімі бекітіліп отырады.

Практикалық жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қабілеті шыңдалып, әдеби-теориялық ұғымдарды терең меңгеріп, оны дағдыға айналдыруы көзделеді. Өлең, эссе, ойтолғау жазуға бейімделеді.

«5» деген баға – өтілген материалдарды толық меңгеріп, поэзиялық шығармаларды толық талдай білетін, теориялық ұғымдарды өз тәжірибесінде қолдана білетін, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өлең, әңгіме жаза білетін, мәнерлеп оқуда өз дағдысы қалаптасқан оқушыға қойылады;

«4» деген баға – оқушы берілген тапсырмаларға толық жауап беріп, жеңіл емлелік немесе тыныс белгіден қате жіберген жағдайда қойылады;

«3» деген баға – оқушы өтілген материалдың негізгі мазмұнын түсініп, бірақ ойын толық жеткізе алмаған жағдайда, емлелік және тыныс белгісі қателерін жиі жіберген жағдайда қойылады;

«2» деген баға – өтілген материалды толық меңгере алмаса, өлеңдерге теориялық, салыстыра отырып талдау жасай алмаса қойылады.

Қосымша

Курс бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беретін репродуктивтік танымдық тапсырмалар берілді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Энциклопедия. Алматы.Атамұра 2006ж.

2. Абай Энциклопедия .Алматы.2006 ж.

3. Биекенов К., Садырова Ш. «Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі» Алматы 2007 ж.

4. Ш.Құдайбердиев «Өлеңдер мен поэмалар». Алматы «Жалын» 1988 ж.

5.Айтбаева А. Ш.Құдайбердіұлының діни-этикалық көзқарасы Алматы 1996 ж.

6.Әбдіғазиев Б. Асыл арна Алматы 1996 ж.

7. «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинақ 1,2,3 том құрастырған Т.Шаңбай – Алматы 376 б. 2007 ж.

8.Бес ғасыр жырлайды ІІ том Алматы «Жазушы» 1999ж.

БАҒДАРЛАМА



ТІЛ БІЛГІРІ

8-9 сынып оқушыларына арналған

(аптасына –1 сағат, барлығы – 34 сағат)
Қойгелдинова Ж.Н., Турсунова А.Р.

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы


Пікір жазған: О. Жұбаева, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
Түсініктеме хат мазмұны

«Тіл білгірі» таңдамалы курсының бағдарламасы 8-9 сыныптарға арналған . Бағдарламаға жылдар бойы орта мектеп бағдарламасынан аз ғана уақыт бөлініп келген жаттығу жұмыстарының деңгейлік түрлеріне қатысты материалдарды іріктеп алып отырмыз.

Бұл курсты жүргізудегі мақсатымыз – оқушылардың тіл байлығын молайтуға, тілдік жаттығуларды орындау барысында деңгейлік тапсырмалар мен шығармашылық жұмыс түрлерін өздігінен орындай білуге, сондай - ақ топтық, жұптық жұмыстарына қызыға ден қоя білуге, көркем мәтінді талдай білуге дағдыландыру.

«Тіл білгірі» таңдамалы курсында қазақ тілін оқытудағы басты мақсат, бір сөзбен айтқанда, оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ол оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық компетенцияларын қалыптастырудан басталады. Ал мұның бәрі  оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады.



Бағдарламаның ерекшелігі.  Оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде  тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа  байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білу аз, оқушылар қазақ тілін практикада қолдана  алу дәрежесіне жетулері керек.

«Тіл білгірі» арнайы курсында қазақ тілі пәнінің барлық саласы оқушы деңгейіне сай қамтылады. Күрделі тақырыптарға баса назар аударылып, сол тақырыптардың мазмұнын пысықтау мақсатында сабақ соңында, бөлім соңында жаттығу жұмыстары мен тест сұрақтары беріледі.

Бұл курстың 8-9 сыныптарда қазақ тілден алған білімдерін жүйелеп қайталау, талдау, одан әрі тереңдете түсуде маңызы зор болмақ.АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушының ғаламдану, жаһандану кезеңіндегі қалыптасқан тілдік қабілеті жоғары тұлғаны қалыптастыру. 
1. Оқу үдерісінде ақпараттық технологиялардың орнын, тәсілі мен рөлін анықтау. 

2. Интербелсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру.
3. Интерактивті тақтаның қызметі, түрлері, тақтаны сабақта тиімді қолдану. 
4. Интерактивті тақтаның тиімді құрал-саймандарын қолданудың мүмкіндіктерін нақты мысалдар арқылы көрнекі түрде көрсету.
5. Интерактивті құралдарды қолданудың қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізу. 
Болжам: 
Егер әрбір мұғалім интербелсенді әдістер мен ақпаратты-техникалық құралдарын жетік меңгерсе, онда олар өз тәжірибелерінде (сабақтарында) интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды тиімді де пайдалы түрде қолдану мүмкіндігіне ие болар еді. 
Күтілетін нәтиже: 

Оқу үдерісінде үнемі қолданыста жүрген интербелсенді әдісті тиімді қолдана алады.

Заман талабына сай ақпараттық технологиялармен танысады. Интерактивті тақтаны қолдануды үйренеді. Интерактивті тақтаны, интерактивті тақтаның тиімді құрал-саймандарын сабақта тиімді қолданады, мәліметтерді өз бетінше жинақтап, өңдей алады. Интерактивті құралдарды қолданудың қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізеді. Туындаған қиындықтардың жолын іздеуге машықтанады.


Тұрақтылау ( мазмұндық ) бөлімі

1.Кіріспе –1 сағат. «Тіл білгірі» арнайы курсының мақсаты, міндеті. Қазақ тілі туралы түсініктерін білімдерімен ұштастыру.

2. Қазақ тіл білімі – 1сағат. Қазақ тіл білімінің өзге тілдерден ерекшелігі, салалары туралы мағлұмат алу.

3. Терминдер – 1сағат. Терминдердің қазақ тіліндегі маңызын, өзіндік ерекшелігін, емлесін ұғыну.

4. Фонетика – 5 сағат. Фонетикалық түсініктерін қайталату, толықтыру, талдата отырып білім беру. Дыбыстардың ерекшелігін ашып көрсету. Орфоэпия, орфографиялық нормаларды дұрыс сақтап айтуға дағдыландыру.

5. Лексика – 3 сағат. Лексикалық бірліктердің маңыздылығын, сөз, сөйлем талдаудағы сөз мағынасының маңыздылығын ұғыну, пайымдау.

6. Морфология – 14 сағат.

Сөз таптарының өзіндік тұлғаларын, қолданылу ерекшеліктерін, талдау, жинақтау барысында түсіну, қорытынды шығару.

7. Синтаксис – 7 сағат. Сөз тіркесі, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін, сөйлем туралы білімдерін дамыту, кеңейту, қолдана білу, қатемен жұмыс арқылы білімдерін дамыту.

8. Стиль –1 сағат. Стильдік ерекшеліктерді ұғыну.



Қорытынды – 1 сағат. Бастапқы (қыркүйектегі) білім сапасымен салыстыру, қорытынды жасау.

Нормативті бөлім

Р/С


Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізілу түрі

Білімдік қазынасы




Барлы -

ғы


Лек-

ция


Практика


1.

Кіріспе

1

1




Лекция

Конспект

2.

Қазақ тіл білімі

1

1




Лекция

Конспект

3.

Қазақ тіл біліміне енген термин сөздер

1




1

Семинар

Талдау

4.

Фонетика, дыбыс, әріп

1

1




Лекция

Конспект

5.

Дыбыстың өзіндік ерекшелік тері

1




1

Семинар

Жаттығу

6.

Дауысты дыбыстар ерекшелігі

1

1




Лекция

Конспект

7.

Дауыссыз дыбыстар несімен бөлек

1




1

Семинар

Жаттығу жұмысы

8

Буын. Үндестік заңы. Тасымал. Орфография, орфоэпия

1




1

Семинар

Талдау

9.

Лексика, зерттеу саласы

Сөздің ішкі, сыртқы қабығы



1

1




Лекция

Конспект

10.

Қолданылуы шектеулі сөздер

1




1

Семинар

Практикалық жұмыс

11.

Қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркестердің өзіндік ерекшеліктері

1




1

Семинар

Мәтінмен жұмыс

12.

Сөзжасам, морфология, сөз құрамы

1

1




Лекция

Талдау

13.

Қосымша, жұрнақ, жалғау. Омонимдес қосымшалардың айырмашылығы, өзіне тән белгілері

1




1

Семинар

Мәтін талдау

14.

Сөз таптары. Зат есім

1

1




Лекция

Конспект

15.

Сын есім, сан есім

1

1




Лекция

Конспект

16.

Есімдік, жасалуы, түрлері

1

1




Лекция

Конспект

17.

Бақылау тесті

1




1

Тест жұмысы

Тест жұмысы

18.

Етістік, жасалуы, түрлері

Етістіктің заттануы (субстантивтену)



1

1




Лекция


Конспект

19.

Етістіктің мағыналық ерекше түрі. Етіс түрлері

1




1

Семинар

Практикалық жұмыс


20.

Етістіктің түрлену категориясы (Шақ, рай категориясы)

1

1




Лекция

Конспект

21.

Орындаушының іс- қимылға байланысты ой -пікірі, қатынасы

1

1




Лекция

Конспект

22.

Тұйық етістік, емлесі

1




1

Семинар

Жаттығу жұмысы

23.

Үстеу, түрлері, жасалуы

1

1




Лекция

Конспект

24.

Шылау сөздер және еліктеу сөздер, одағай сөздер

1




1

Семинар

Практика

25.

Қорытынды тест

1




1

Тест

Тест жұмысы

26.

Синтаксис, сөз тіркесі, сөйлем

1

1




Лекция

Жаттығу

27.

Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері

1




1

Семинар

Практикалық жұмыс

28.

Сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері

1




1

Семинар

Практика

29.

Жалпылауыш сөздер

1




1

Семинар

Мәтінмен жұмыс

30.

Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз

1

1




Лекция

Талдау

31.

Құрмалас сөйлем . Салалас құрмаластың жасалуы, тыныс белгілері

1




1

Лекция

Жаттығу жұмысы

32.

Сабақтас құрмалас. Сабақтастардың тыныс белгісі

1




1

Семинар

Жаттығу жұмысы

33.

Қазақ стильдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы

1

1




Лекция

Талдау

34.

Қорытынды

1




1

Бақылау тест

Тест жұмысы




Барлығы

34

16

19








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет