Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»


Ақпараттық - әдістемелік бөлім



бет9/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47

Ақпараттық - әдістемелік бөлім

Қазақ тілі – эстетикалық талғамы зор тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөздері мен даналық талғамын нұрландырып тұрған нәрлі тіл – қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі. Осылардың бәрін шәкірттерге танытып, бойларына сіңіру үшін бүгінгі күннің қазақ тілі мұғалімі ретінде ұлт рухын асқақтататын, аспандататын нағыз шебер болуы хақ. Яғни, тілді басқа ұлт оқушыларына оқыту – негізгі мәселелерді шешудің басты тетігі.Бүгінгі таңда оқытудың түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың туындауы да осының дәлелі. Осыны басшылыққа ала отырып, тілді тиімді әрі оңтайлы үйрете отырып, келешек ұрпақтың біздің ана тіліміздегі шығармашылық қабілеттерін дамытуды оңтайлы жүргізу жолы. Ол, әрине , ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты- қатынастық технология құралдарымен етене байланысты. 

Білімі, икем дағдылырына қойылатын талаптар:



- грамматикалық материалды жан-жақты зерттеп, жаттығулар түрін және санын көбірек дайындау; оқушыларға тілдің теориялық жағын жақсы меңгертумен қатар оқу көрнекі-құралдарын жүйелі пайдаланып, оқушыларды пәнге қызықтыру;

- жан-жақты білім бере отырып, ізденгіштік қабілеттерін дамыту, оқушының білімін тексеру, бақылау; шығармашылық қабілетін арттыру; үйретудің әдіс - тәсілдеріне төселдіру, сөздік қорын байыту, тіл дамыту.

Қазақ тілі сабағында оқушыларға өздігінен орындалуына берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттыруға, берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен шешім қабылдауға талпындыратындай болуы тиіс.

« 5 » деген баға –



оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сауатты, қатесіз жауап беретін, қосымша материалдарды орынды қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.

« 4 » деген баға –



ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір теориялық материалдарды нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

« 3 » деген баға –



оқу материалындағы негізгі ережелерді, қосымшалардың жалғану ретін үстірт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

« 2 » деген баға –



білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі төмен, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазіргі қазақ тілі» Мәулен Балақаев ,Талғат Сайрамбаев

2. «Сөз жасамды оқыту» Зәмзәмия Бейсенбаева «Республикалық баспа кабинеті» Алматы 1998 ж, 216 бет.

3.«Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар» Тыныштық Ермекова «Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспасы» Алматы, 1999 ж, 98бет.

4. «Қазіргі қазақ тілі жайындағы ойлар» С.М. Исаев «Атамұра» Алматы 1997ж, 221 бет .

5. «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалануы процесі» Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. «Санат» Алматы 1997ж , 320 бет.

6. «Қазіргі қазақ тілі» М. Балақаев, Т.Сайрамбаев Алматы, «Білім» 2004 ж

7. «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» Алматы «Мектеп» 1986ж

8. «Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы» К. Шәукенов Алматы «Қазақ университеті» 1991ж, 112 бет.

9. Б.Қ.Ерғалиева, Ж.Б.Жақсыбаева «Қызықты қазақ тілі» 2011жыл

10. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына түсушілер үшін тесттер жинағы Алматы.,2013ж

11. Интернет желісі www.45 minut.kz.



Қосыша

Курс бойынша оқушылардың білімдерін мүмкіндік беретін репродуктивтік танымдық тапсырмалар жүйесі құрылды .



«Тіл білгірі» бағдарламасы бойынша талап

Оқушы меңгеретін талаптар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың тілдік талдауларды қолдану арқылы теориялық, материалдарды сауатты, терең меңгереді, логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады

Білім беру үрдісін ақпараттандыру-жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын тиімді қолдану 

Ойды сөзбен дәл, анық, қисынды жеткізуде теорияны практикалық тұрғыдан қолдана біледі

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз ете білу жолдарын шешу

Алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану

Оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін- өзі жан-жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасау

Оқушылардың тақырып туралы не білетіндігі туралы қызығушылықтары оянып, анықталады, белсенділігі артады

Сөз табуға,қисынмен қолдануға қажетті талғампаздықты, шеберлікті, шешендікті меңгеруі

Шығармашылық шеберліктері қалыптасып, олардың бір-бірімен пікір таластырып , ашық, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолдану

Оқушылар өз ойлары мен жинаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара пікір алмасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады

Әдеби шығарманың сапасына қойылатын талапты меңгеру, сөзбен бейнелеу тәсілдерін талдай білуі

Көркем әдебиет стилі мен ауызша сөйлеу стилі мәдениетін меңгереді



БАҒДАРЛАМА

Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы

9 сыныптарға арналған

(аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)
Толкинбекова Г.С., Абилдаева Э.О .

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімдері
Пікір жазған: Мұхтарова А., «Қайнар» университеті, филология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Түсінік хат мазмұны

«Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы» элективті курсының бағдарламасы 9сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарлама қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен фонетикалық заңдылықтары, орфографиялық принциптер туралы теориялық білімді жүйелі әрі сапалы меңгертуге негіз болады. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшеліктерін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары: сөздің айтылуы мен жазылуына тоқталу. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап, оның ішкі құрылыс жүйесін сипаттай отырып, дыбыс өзгерістерін талдау. Дыбыстың жасалым, естілім, айтылым сәттерінің әрқайсының өзіне тән ұғымдар мен атауларын жеке-жеке талдауға үйрету, фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтарды меңгерту болып табылады. Қазіргі қазақ тілінің орфографиясына буын, оның түрлері мен дыбыстық құрамы, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ассимилияция, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал, дыбыстық құбылыстар: протеза, метатеза, элизия, стиль және тіл мәдениеті, емле ережелері, жазуда қойылатын тыныс белгілері тағы басқа да тақырыптар кіреді. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасату да оларды өз беттерінше жұмыс жасауға төселдіреді. Мәселен, дәстүрлі-тарихи принцип бойынша жазылатын сөздерді көркем шығармалардан тергізіп, мысал жинатуға, орфоэпиялық заңдылықтан ауытқып айтылған сөздерді талдату/ себебін дәлелдету/ т.б. тапсырмаларды орындату өз нәтижесін берері сөзсіз.

Бағдарламада оқушыларға орфографиялық ережелерді белгілі бір принциптерге негіздей отырып үйрету оның сауатты сөйлеп,сауатты жазуына ықпал етеді. Орфографиялық норма сауаттылығын қалыптастыру – оқытудың маңыздылығы мен адамның жалпы тілдік мәдениетін дамытудың ерекше жолдары болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты: сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде оқушыларға тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.

Бағдарламаның міндеті:

- тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру; фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру; қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау; тіл дыбыстарын игеру; дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;

- буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру; дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлерімен таныстыру; орфография принциптерімен таныстыру; - қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсінік беру; дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;

- оқушылардың тілдік сауаттылығын аттыру; тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету; шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру.

Оқу жүктемесінің көлемі: 9 сынып, аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.



Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

9сынып. Барлығы – 68 сағат. Аптасына – 2 сағат.

1-сабақ

Кіріспе. Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы , оның мақсаты мен міндеттері туралы мәлімет беру. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дыбыс, әріп, фонема. Орфографиялық принциптер: фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік принциптер туралы ұғым түсінік (2 сағат )



2-сабақ

Дыбысты қарастырудың үш аспектісі:анатомия-физиологиялық, акустикалық және лингвистикалық аспект туралы түсінік. Қазақ дыбыстық жазуының даму кезеңдері туралы мәлімет

(2 сағат)

3-сабақ


Дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Дауысты дыбыстардың ерекшелігі, дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға тән басты ерекшелік, жазылу емлесі (2 сағат)

4-сабақ


Үндестік заңы. Айтылымдағы және жазылымдағы үндестік заңдарының қызметі. Ерін үндестігі. Үндестік заңы – қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселесі. Ерін үндестігінің сөз мағынасына тигізетін әсері (2 сағат)

5-сабақ


Ықпалдың түрлері. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың жазуда ескерілетін және ескерілмейтін орындары туралы түсінік (2 сағат)

6-сабақ


Тілдегі әр түрлі дыбыстық құбылыстар (протеза, редукция,метатеза, элизия). Сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер туралы түсінік (2 сағат)

7-сабақ


Бақылау диктанты. Сауатты жаза білу дағдыларын қалыптастыра білу(1 сағат)

8-сабақ


Тест. Тест тапсырмаларымен жұмыс. Білімдерін тереңдету (1 сабақ)

9-сабақ


Айтылымның негізі ережелері. Жер-су атауларының, кісі аттарының, кірме сөздердің, араб-парсы сөздерінің, орыс тілінен енген сөздердің айтылуы. Айтылымның негізгі ережелері туралы түсінік беру (2 сағат)

10-сабақ


Қазақ тілінің айтылым (орфоэпиялық), жазылым (орфографиялық) сөздіктері. Айтылымдағы екпін, интонация жүйесі. Орфоэпиялық норма. Сөздердің бірізді айтылуының тілдік қатынастағы рөлі. Орфографиялық норма – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы. Емле ережелері туралы түсінік

(2 сағат)

11-сабақ

Сөз, ой, дыбыс, логикалық екпін. Екпін түрлерінің сөз мағынасына әсері. Бунақ, ырғақ туралы түсінік (2 сағат)

12-сабақ

Орфоэпиялық норманы сақтауда ұсынатын негізгі критерийлер. Жазу мен сөйлеудің арақатынасы. Орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды сақтап оқу, жазу ( 2 сағат)

13-сабақ

Орфоэпия мен орфографияның зерттелуі мен қалыптасуы. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Қазақ жазуын жетілдіруге қатысты ұсыныстар (2 сағат )

14-сабақ

Жеке сөздер орфоэпиясы.Орфоэпиялық деңгейдегі қателерді ескеру (1 сағат)

15-сабақ

Орфоэпиялық сөздік. Сөздіктің құрамы мен құрылысы. Сөздіктегі әріп тіркестерінің дыбыстық мәндері (2 сағат)

16-сабақ

Стилистика және тіл мәдениеті. Стиль түрлері. Сөз бедері. Стильдердің қолданылу аясы,мақсаты мен ерекшеліктері (2 сағат)

17-сабақ

Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым және жазылым үлгілері.Стильдердің тілдік құралдары(2 сағат)

18-сабақ

Бақылау диктанты. Сауатты жаза білу дағдыларын қалыптастыру (1 сағат)

19-сабақ

Тест. Тест тапсырмаларымен жұмыс. Білімдерін тереңдету. (1 сағат)

20-сабақ

Түбір сөздердің жазылуы. Басқа тілден енген түбір сөздердің жазылу емлесі. Түбір сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік (2 сағат )

21-сабақ

Қосымшалардың жазылуы. Қосымшалардың жалғану ерекшеліктері. Қосымшалар туралы түсінік

(2 сағат)

22-сабақ


Бөлек жазылатын сөздер. Сөз таптарының жазылу емлесі. Күрделі атаулардың жазылу емлесі туралы түсінік ( 2 сағат )

23-сабақ


Бірге жазылатын сөздер. Біріккен және кіріккен сөздердің емлесі. Сөздердің бірге жазылу ережесі туралы түсінік (2 сағат)

24-сабақ


Дефис арқылы жазылатын сөздер. Қос сөздердің жазылу емлесі. Дефис арқылы жазылатын күрделі атаулар. (Термин мәнді күрделі атаулар, өлшем атаулары, жер-су, кісі аттары, реттік сан есімдердің жазылу емлесі). Дефис арқылы жазылатын күрделі сөздер туралы түсінік (2 сағат)

25-сабақ


Шылаулардың жазылуы. Бөлек, бірге, дефис арқылы жазылатын шылаулардың емлесі. Тілдегі шылаулардың қызметі (2 сағат)

26-сабақ


Одағайлардың жазылуындағы ерекшелік (1сағат)

27-сабақ


Бас әріптің қолданылуы. Тасымал. Бас әріптің қолданылуы мен тасымал жөнінде түсініктерін кеңейту (2 сағат)

28-сабақ


Бақылау диктанты. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру (1 сағат)

29-сабақ


Тест. Тест тапсырмаларымен жұмыс. Білімдерін тереңдету (1 сағат)

30- сабақ

Пунктуация. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны. Пунктуация ережелері туралы түсінік. Тыныс белгілердің қойылатын орындары (2 сағат)

31-сабақ


Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте) туралы түсінік (2 сағат)

32-сабақ


Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері (бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге, қыстырма сөздерге, одағайға, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір) туралы түсінік (2 сағат)

33-сабақ


Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері. Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері (2 сағат)

34-сабақ


Төл сөздің тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылатын тыныс белгілері туралы түсінік (2 сағат)

35-сабақ


Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы (2 сағат)

36-сабақ


Бақылау диктанты. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру (1 сағат)

37-сабақ


Тест. Тест тапсырмаларымен жұмыс. Білімдерін тереңдету (1 сағат)

38-сабақ


Орфоэпия мен орфографияға әлеуметтік көзқарастың қалыптасуы. Орфоэпиялық және орфографиялық сөздіктердің жұртышылықтың оқу, жазу мәдениетін көтерудегі рөлі. Пікір алмасу (1 сағат)

39-сабақ


Бақылау диктанты. Тест жұмысы (2 сағат)

40-сабақ


Жыл бойы өткен материалдарды қайталау. Өтілген материалдарды қайталау, қорытындылау. Сынақ тапсырма (1 сағат )

Нормативті бөлім

9 сынып. (сағат саны 68, аптасына 2 сағат)

р/с

Тақырыптың аты



Сағат саны


Өткізілу түрі



Білімдік қазынасы



барлығы

Лекция

Практика

1

Кіріспе. Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы, оның мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дыбыс, әріп, фонема. Орфографиялық принциптер



2

1

1

Кіріспе сабақ

Лекция


Конспект. Курс мақсатымен танысу. Қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы туралы мәлімет. Эссе жазу

2


Дыбысты қарастырудың үш аспектісі. Қазақ дыбыстық жазуының даму кезеңдері

2

1

1

Лекция

Практикалық сабақ



Конспект. Қосымша материалдармен жұмыс.

Терминдермен жұмыс



3


Дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Дауысты дыбыстардың ерекшелігі, дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі

2

1

1

Лекция Жаттығу, талдау жұмыстары

Сатылай-кешенді талдау және салыстыру

4


Үндестік заңы. Айтылымдағы және жазылымдағы үндестік заңдарының қызметі. Ерін үндестігі

2

1

1

Лекция

Практикалық сабақ



Тақырыпқа байланысты талдау жұмыстары

Деңгейлік тапсырмалар



5

Ықпалдың түрлері. Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың жазуда ескерілетін және ескерілмейтін орындары

2

1

1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Тірек кестесі. Фонологиялық талдау. Мәтінмен жұмыс

6



Тілдегі әр түрлі дыбыстық құбылыстар (протеза, редукция, метатеза, элизия)

2

1

1


Лекция

Топтық жұмыс



Конспект. Тақырыпқа байланысты талдау жұмыстарын үйрену

7

Бақылау диктанты

1




1

Бақылау сабағы

Сауатты жаза білу

8

Тест

1




1

Бақылау сабағы

Тест тапсырмаларымен жұмыс

9


Айтылымның негізі ережелері. Жер-су атауларының, кісі аттарының, кірме сөздердің, араб-парсы сөздерінің, орыс тілінен енген сөздердің айтылуы

2



1



1


Лекция

Жаттығу, талдау жұмыстары



Көркем әдебиетпен жұмыс

Фонологиялық талдау


10


Қазақ тілінің айтылым (орфоэпиялық), жазылым (орфографиялық) сөздіктері. Айтылымдағы екпін, интонация жүйесі

2


1


1

Мәтінмен жұмыс

Орфографиялық және орфоэпиялық сөздікпен жұмыс

Шығармашылық жұмыс



11

Сөз, ой, дыбыс, логикалық екпін

2

1

1

Лекция Мәтінмен жұмыс

Талдау

Мәнерлеп оқу



12



Орфоэпиялық норманы сақтауда ұсынатын негізгі критерийлер. Жазу мен сөйлеудің арақатынасы

2

1

1

Лекция Жаттығу, талдау жұмысы

Орфоэпиялық сөздікпен жұмыс

13

Орфоэпия мен орфографияның зерттелуі мен қалыптасуы. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Қазақ жазуын жетілдіруге қатысты ұсыныстар

2

1

1

Практикалық сабақ

Пікір алмасу



Реферат жазу

Ойларын жеткізе білу, әңгімелей алу

Баспасөз материалдарымен жұмыс


14

Жеке сөздер орфоэпиясы

1




1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Орфоэпиялық сөздікпен жұмыс

15

Орфоэпиялық сөздік. Сөздіктің құрамы мен құрылысы. Сөздіктегі әріп тіркестерінің дыбыстық мәндері

2

1

1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Орфоэпиялық сөздікпен жұмыс

Коммуникативті оқыту



16

Стилистика және тіл мәдениеті. Стиль түрлері. Сөз бедері

2

1

1

Лекция Практикалық сабақ

Хабарлама дайындау

17

Қазақ тілі функционалды стильдеріндегі мәтіндердің айтылым және жазылым үлгілері

2

1

1

Лекция Шығармашы-лық жұмыс

Мақала жазу

Көркем әдебиетпен жұмыс Эссе жазу



18

Бақылау диктанты

1




1

Бақылау сабағы

Сауатты жаза білу

19

Тест

1




1

Бақылау сабағы

Тест тапсырмаларымен жұмыс

20


Түбір сөздердің жазылуы Басқа тілден енген түбір сөздердің жазылу емлесі

2




2

Жаттығу, талдау жұмыстары

Деңгейлік тапсырмалар

21


Қосымшалардың жазылуы Қосымшалардың жалғану ерекшеліктері

2




2

Жаттығу, талдау жұмыстары

Орфографиялық сөздікпен жұмыс

Сөздік диктант



22


Бөлек жазылатын сөздер

Сөз таптарының жазылу емлесі



2

1

1

Лекция Жаттығу, талдау жұмыстары

Тірек кестесі. Орфографиялық сөздікпен жұмыс. Терме диктанты. Морфологиялық, лексикалық талдау жұмыстарын меңгеру

23


Бірге жазылатын сөздер

Біріккен және кіріккен сөздердің емлесі



2

1

1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Тірек кестесі. Өзіндік жұмыс. Сөз құрамына сатылай кешенді талдау

24



Дефис арқылы жазылатын сөздер. Қос сөздердің жазылу емлесі. Дефис арқылы жазылатын күрделі атаулар. (Термин мәнді күрделі атаулар, өлшем атаулары, жер-су, кісі аттары, реттік сан есімдердің жазылу емлесі)

2

1

1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Орфографиялық сөздікпен жұмыс

Тест жұмысы

Сөз құрамына сатылай-кешенді талдау


25



Шылаулардың жазылуы Бөлек, бірге, дефис арқылы жазылатын шылаулардың емлесі

2

1

1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Деңгейлік тапсырмалар

26

Одағайлардың жазылуындағы ерекшелік

1




1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Өзіндік жұмыс


27



Бас әріптің қолданылуы

Буын


Тасымал

2

1

1

Жаттығу, талдау жұмыстары

Тест жұмысы

28

Бақылау диктанты

1




1

Бақылау сабағы

Сауатты жаза білу

29

Тест

1




1

Бақылау сабағы

Тест тапсырмаларымен жұмыс

30

Пунктуация. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны

2

1

1

Лекция Практикалық сабақ

Тірек кестесі

Конспект


Өзіндік жұмыс

31

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер

2




2

Практикалық сабақ

Жаттығу, талдау жұмыстары

Сатылай кешенді талдау



32

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер

2




2

Практикалық сабақ.

Жаттығу, талдау жұмыстары.Сатылай кешенді талдау

33

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері

2




2

Практикалық сабақ

Сатылай кешенді талдау жұмыстары

34

Төл сөздің тыныс белгілері

2




2

Практикалық сабақ

Жаттығу, талдау жұмыстары. Көркем әдебиетпен жұмыс

35

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы

2




2

Практикалық сабақ

Жаттығу, талдау жұмыстары

36

Бақылау диктанты

1




1

Бақылау сабағы

Сауатты жаза білу

37

Тест

1




1

Бақылау сабағы

Тест тапсырмаларымен жұмыс

38



Орфоэпия мен орфографияға әлеуметтік көзқарастың қалыптасуы

1




1

Сұхбат

Шығармашылық жұмыс

39


Бақылау диктанты. Тест жұмысы

2




2

Сауаттылы-ғын тексеру

Сауаттылығын ,білімдерін тексеру

40


Жыл бойы өткен материалдарды қайталау

1




1

Қайталау, қорытынды-лау сабағы

Қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білудің шарттарын білуі тиіс



Барлығы

68

20

48








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет