Ақпараттық – әдістемелік құрал
«Сәкен Сейфуллиннің әсемдік әлемі» бағдарламасы түсінік хатта көрсетілгендей, мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында
оқушылардың ақын шығармаларының ақындық әлеміне тереңірек үңіліп түсіне түсуі үшін танымдық, шығармашылық, реферат, әр түрлі өз бетінше ізденістер, арнайы тапсырмалар, бақылау сұрақтары арқылы білім көкжиегін толықтыру жұмыстарын жоспарладым. Себебі түсінікті, мектеп бағдарламасында ақынның барлық еңбектерін оқып үлгереміз деу артықтау. Жаңашыл ақын, зерттеуші, ғалым, тілші, қоғам қайраткері, публицист, тіпті композиторлығы т.б. қырларын тану үшін бұл бағдарламаның берері, оқушының алары мол болар деп ойлаймын.
Әрі ақынның мерейтойы қарсаңында оқушылардың назарын аударып,
тіпті «Әли», «Жаңалық» атты мекенде жатқан үш бәйтерегімізге тағзым еткізсек, артық болмас еді.
Ұғына түсері: сол кезеңдегі тарихи жағдайды жаңғырту; Сәкен Сейфуллиннің әдеби, мәдени, тарихи шығармаларынан қуат алу; Сәкеннің Әлихан, Мағжан, Міржақып сынды азаматтармен шығармашылық үндестігін тани алуы; қандай жағдайда да Отанына адал болу, елін сүюі.
Беріліп отырған бағдарлама 34 сағатқа құрылды. Оның 23 сағаты – дәріс, 5 сағаты– практика, 3 сағаты – ойтолғау, 3 сағаты – пікірталас .
Курсты меңгеру деңгейі:
Сұрақ-жауап, бақылау жұмыстары, реферат, ойтолғау жұмыстары, өз пікірін, көзқарасын білдіріп отыру, өз ойына түйін жасай білулеріне қарай бағаланады.
«Сәкен Сейфуллиннің әсемдік әлемі» бағдарламасына байланысты білімдерін не реферат жұмыстарын, не емтихан алып бағалауға болады.
1. Сәкен – әдебиеттанушы
2. Сәкен Сейфуллин – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
3. Прозадағы Сәкен образы
4. Сәкен – поэмалар кейіпкері
5. Сәкен – жаңашыл ақын
6. М.Базарбаев Сәкен туралы
7. Сәкен және Мағжан
8. Сәкен қазақ тілі туралы
9. Сәкен – публицист
10. Сәкен және Ахмет Байтұрсынов
11. Сәкентанушылар әлемінен ...(Т.Кәкішев, С.Қирабаев т.б, С.Мұқанов....)
12. Сәкен және Әлихан Бөкейханов
13. Сәкеннің қоғамдық қызметі
14. Сәкен шығармаларындағы әйел бейнесі т.б.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Сәкен Сейфуллин . Шығармалары 1–6 том(1960-1964) Алматы
2. Сәкен Сейфуллин . Шығармалары 1–5 том(1986-1988) Алматы
3. Сәбит Мұқанов «Өсу жылдарымыз» (С.Сейфуллин туралы.«Достыма хат») Алматы, 1960
4. Есмағанбет Исмайлов Ақын және революция Алматы 1965 ж
5. Серік Қирабаев Сәкен Сейфуллин Алматы 1962 ж
6. Тұрсынбек Кәкішев « Қызыл сұңқар» Алматы 1968 ж
7. Тұрсынбек Кәкішев Сәкен Сейфуллин 1972 , 1976 ж.
8. Тұрсынбек Кәкішев Мағжан– Сәкен 1999 ж
9. Тұрсынбек Кәкішев Сайыс 2001 ж
10. Тұрсынбек Кәкішев Дала дауылпазы 2005 ж
11. Мүсілім Базарбаев Сәкеннің сағынышы (Сәкеннің поэзиясы туралы) Егемен Қазақстан. 1994ж,30 09.
12.Тұғыры биік тұлға (С.Сейфуллин туралы зерттеулер, естеліктер, мақалалар). Құрастырған: Сейфуллина Р.,Құсайынов Қ.) Алматы «Үш қиян»2000ж
13. «Әдебиеттану оқу құралы» ( С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ә.Мәметова, І.Жансүгіров) хрестоматия 1932ж алғашқы (ізденіс)
14. Сәкен Сейфуллин (Құрастырған А.Бекетаева ) Алматы 1984 ж
15. Н.Төреқұлов «Сәкен Сейфуллин шығармашылығы» Шымкент 1996 ж
16 . Сәкен Сейфуллин « Сәкен – тіл майданында» Сәкен Сейфуллиннің кеңсе ісін қазақша жүргізу жолында атқарған қызметі Егемен Қазақстан 2001 .
17. Серік Қирабаев , Әбдірахманова Т. «Тар жол, тайғақ кешу» романына талдау 1997 ж 10 желтоқсан Социалистік Қазақстан.
18. Т.Кәкішев: «Сәкеннің ұлтжандылығы» Саясат, 1997 ж №6 99-108 бет.
«...Сәкен өз заманының саясатына қызмет етті, сол кездегі жаңа құрылған қоғамның болашағына сенім артты.Бірақ ол – өз халқының болашағына деген сенім еді» Н.Ә Назарбаев.
С.С. халық жадында сақталар жан,асылдардың асылы,аяулылардың аяулысы. Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіккен қазақ еліне Сәкеннің үздік үлгісі, өрелі өнегесі өте керек» Н.Ә Назарбаев.
«Мен Сәкенді жақсы білдім, дос тұттым, бұны өзіме мәртебе көремін. Мен таныған Сәкен Қазақстанның бір бөлшегі сияқты. Сәкен бар жан-тәнімен туған елінің, өз халқының бел баласы еді, халқына жаны пида жақсылардың бірі еді» Г.Серебрякова.
«Сәкен сынды алыптың өмірі – мәңгілік өмір, оның тындырған ісі, артында қалдырған мұрасы – бүгінгі және келер ұрпаққа өшпес өнеге» Тұрсынбек Кәкішев.
Бағдарлама
элективті курс
Мұқағалитану
5-9 сынып оқушыларына арналған
(жылдық сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат)
Тогузбаева А.У.
«Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Пікір жазған: Тебегенов Т.С., филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Түсініктеме хат мазмұны
Бағдарламаның өзектілігі: «Мұқағалитану» бейінді курсының бағдарламасы
5-9 сынып оқушыларының білімін тереңдетіп оқыту курсы болып табылады.
Бағдарлама ҚР жалпыға бірдей білім беру стандартына негізделіп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жазылды.
Бағдарламада қазақ әдебиетінің абыройын асырып, мәртебесін биіктеткен халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлының өмірі мен шығармашылық жолына жан- жақты шолу жасалды. Ақын өлеңдерінен терілген афоризм сөздерді және жырларындағы халықтың салт-дәстүрлері, жырларындағы имандылық, поэзиясындағы соғыс тақырыбы мен қазақ әйелінің бейнесі, монологы (лирикалық поэмасы) сияқты тәрбиелік мәні зор мұрасын оқуға арналған.
Мұқағали халқының даналығын жырға қосқан өлеңдері ұрпақ тәрбиесінің тұмар етіп тағар маржаны деп түсінемін.
Тарлан талант туралы ақын- жазушылардың тобықтай түйін сөздері де, қазіргі уақытта сахна төрінде жырланып,елдің құлағына жағымды, жылы әндері мен ақынның зайыбы Лашын Әзімжанованың естеліктерімен толықтырылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама әдебиетті жалпы және мамандық бойынша оқытуды есепке ала отырып,талданып жасалған.Оқушының қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жүрегінен жұлдызша тұмар ойған ақынның шығармалары арқылы музыка мен ақындық өнердің өзара үндестігін, өлең жолдары арқылы өмірді терең түсінуге, лирика арқылы әсемдікке, Отанға адал, досқа сенімді болуды оқушылар үйренсе деген оймен ұсынып отырмын.
Бағдарламаның мақсаты:
Мұқағали мұрасымен танысу арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына жол ашылуына мүмкіндік тудыру әрі болашақ әдебиетшілерге теориялық дайындықты қалыптастыру. Оның ақын, сатирик, аудармашы, ұстаз және отбасында қамқор әке екенін ұрпақ көзқарасымен таныту;
оқушылардың өзіндік көзқарасының дұрыс қалыптасуына бағыт беру, ой өрісін дамыту;
ақын шығармаларының адам өміріне әсерін,рухани тәрбиені оқушылардың бойына сіңіру;
оқушылардың сөздік қорын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
білім- білік дағдыларын қалыптастыруға негіз қалау;
ақынның поэзиясына талдау, өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру.
Бағдарламаның міндеті:
Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығын тану.
Мұқағалидың әдеби мұрасын насихаттау.
Шығармашылықпен жұмыс жасауға,әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, Мұқағали мұрасын жетік білуге үйрету.
Өлең жырларын молынан жаттату, көркемдеп оқуға дағдыландыру.
Өлең, поэмаларының идеялық мазмұнын талдау.
Мұқағалидың өлеңдері мен поэмаларын, нақыл сөзге айналған тәрбелік мәні мол сөздерін, естеліктерін жинақтайды.
Өз елінің мәдениетін, әдебиетін сүйетін азамат тәрбиелеу.
Бағдарламада қолданылатын оқытудың белсенді формалары:
Пікірталастық және рөлдік оқыту
Жеке,топтық, жұптық жұмыс түрлері
Өлеңдерін талдау және шығармаларының мазмұнын ашу
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
5-9 сынып оқушыларына арналған
(жылдық сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат)
1-сабақ Кіріспе
Бейімделген курс пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Жас мұқағалитанушылардың ізденіс жұмыстарына бағыт- бағдар беру. (1сағат)
І бөлім. Ақын өмірі (5 сағат)
Ақын өмірі мен қызметі және шығармашылығы туралы.
2-сабақ. «Қайран Қарасазым-ай, үйрек ұшып,қаз қонған...». Мұқағалидың өмірінен деректер. Әкесі – Сүлеймен, соғыс зардабы. Ана тәрбиесі.
3-сабақ. Қайсар бала Мұхаметқали. Білім алуы мен қоғамдық өмірге араласуы. Жыр жинақтары. Ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы: «Бала күнін еске түсіру әкеме өте ауыр еді. Кәдімгідей мұңайып қалатын. Бізде балалық жоқ,соғыс жалмап кетті дейтін». «Сәби болғым келеді».
4-сабақ. Әже, сен бірге жүрсің меніменен.Мұқағалидың ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеуі. «Сөнбейді әже шырағың», «Ақ кимешек көрінсе».
5-сабақ. Мұқағали – сырласым, мұңдасым. Ақынның жары Лашын Әзімжанованың Мұқағалимен танысуы,бірге жүрген өмірлік жолы, естеліктері.
6-сабақ. Сынақ сабағы. Мұқағали өмірінен білгендерін тестпен қорытындылау.
ІІ бөлім. Мұқағали естеліктері (1 сағат)
7-сабақ. Халық мақтанышы – Мұқағали. Мұқағали отбасымен бірге болған суреттер топтамасы мен естеліктері.
ІІІ бөлім. Мұқағали мұрасы (2 сағат)
8-сабақ. Мұқағали мұрасы – сөз маржаны.Мұқағали өлеңдерінен терілген афоризмдер.
Рахатқа бола бес күнгі,
Ренжіте көрме ешкімді. («Өмір-өзен», 26-бет).
Өмірді қалай сыйласаң,
Өлімді сондай жат көрме.(41-бет).
9-сабақ. Қастерлеп- қадірлейтін қазына. Ақын ағалар мен апаларымыз айтқан ақиқат нақыл сөздері.
ІV бөлім. Лирикалық шығармалары (15 сағат)
Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы.
10-сабақ. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!». Шынайы таланттың ел сезбегенді сезіп,ел арқаламаған азапты арқалауы. Жалаң аяқ жар кешіп, қиямет- қайым қыр асуы. Ақынның поэзиямен біртұтас ұғымға айналғандығы. Ақынның қасиетті де, киелі өлең-жыр арқылы халқына мінсіз қызмет жасауы. Сол үшін түн ұйқысын төрт бөліп өлең жазуы. «Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Өлең деген тумайды жайшылықта», «Жырлар жазам», «Өміріммен өтер болды бұл өлең» т.б. осының айқын дәлелі.
11-сабақ.Туған жер сағындырды, келді есіме... Ақынның кіндік қаны тамған туған жері, керемет өлкесі туралы толғанысы. Оның адамға барша болмысымен таныстығы, ыстықтығы. Ақынның өлшеусіз махаббатын маздатуы мен тәттілігі. Қалаға қоныстанған ақынның өзін тар қапасқа қамалғандай сезінуі, сағынышын өлең өрнегіне түсіруі. «О, туған жер!..», «Туған жер-ай», «Қайран Қарасазым-ай», «Қазақ жері» т.б.өлеңдерін оқыту, идеясын ашу.
12-сабақ. Сен менің еліме бар, жерімді көр. Туған жер тақырыбымен іштей астасып, тамырланып жатқан өскен ел тақырыбы екендігі. Ауыл бейнесі ақынның көз алдында, көңілінде. Балалық шағы өткен ескі лашық, бұзылған там үйі, оның бүгінде ажары да, адамы да өзгергендігі. Өз елінің бейнесін сомдауы. «Бұзылған үй», «Сағынып аңсап барғанда», «Мен өскен лашық бір бөлме», «Сен менің еліме бар», «Жұтайыншы елімнің таза ауасын...», «Алыс тартып барасың ауыл маған», «Халқым барда» т.б.өлеңдерін көркемдеп оқып, идеясын ашу.
13-сабақ. Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Ақынның бірнеше өлеңдері сырлас дос-жарандарына арналатындығы. Арнау өлеңдерін озық көрсете білгендігі. «Әбділдаға», «Фаризаға», «Сабырханға», «Төлегенге», «Ғабаңа», «Сергей Есенинге», «Шәмілге жазған хаттардан», «Ақынға» т.б.
14-сабақ.Табиғат лирикасы. Мұқағали – шебер суреткер. Жыл мезгілдерін ерекше шеберлікпен өлең кестесіне түсіріп жазған. «Біздің көктем», «Қаздар қайтты мекеніне», «Мына келген мамыр ма?», «Күрең күз», «Көктем де келер», «Айхай, көктем», «Жаз да жетті» өлеңдері.
15-сабақ. Арулар – асыл жандар. Ана – өмір сыйлаушы, бала бағбаншысы. Арулар – асыл жандар, азаматының қамқоршысы, баласының тәрбиешісі. Ақынның махаббат, сүйіспеншілік сезімі мынадай жырларында байқалады. «Арулар», «Анашым», «Әйелдер-ай», «Шеше, сен бақыттысың», «Қайран жеңгем» өлеңдерін талдау.
16-сабақ. Мен нағыз махаббатты армандаймын.Бұл тақырыпта ақын махаббат идеал екендігін саралайды «Махаббат монологы», «Махаббатым өзімде», «Ғашықпын», «Хат», «Ақ қайың әні»т.б.өлеңдерін оқып,талдау арқылы адамдар арасындағы осы бір сезімнің қалай көрініс табатындығымен таныстырылады.
17-сабақ. Жырласам ба екен... Ақынның 45-ке тарта әнге арналған жырлары.Терең сырлы, халық көңілінен шығып жүрген өлеңдерін талдау. «Сарыжайлау», «Күрең күз», «Есіңе мені алғайсың», «Тоқта, ботам», «Дариға, домбырамды берші маған...», «Аққулар, қош болыңдар», «Отыздан асып барамын» т.б.өлеңдерін тыңдау,жаттау.
18-сабақ. Ашу келіп, алқымыма тығылды. Ақын өлеңдеріндегі адамгершілік тақырыбы қарастырылады. Қолдан келсе жақсылық жасау, бір-біріне көмектесу, адамгершілік қасиетті арқау ету. «Санаулы күн», «Қарыз деп айтпа, жарқыным», «Міне,тағы ашу келіп,алқымыма тығылды» т.б.
19-сабақ. Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай. Сыйластықтың биік тұғыры – достық, жолдастық. Ақынның үлкен жүректі жан ретінде танылуы. «Боз орамал», «Досым саған сенемін», «Жігіттер, демалайық тауға барып...» т.б.
20-сабақ. Тоқта,ботам!.. Сәбиге деген мейірім. Әкелік махаббат, оның қайғы-мұңсыз өсуі, ұйқысының бұзылмауы туралы өлеңдері. «Бұлқынып жатыр», «Майгүлге», «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда», «Майгүліме» өлеңдерінен көрінеді.
21-сабақ. Өмір жайлы білгің келсе... Ақын өлеңдерінде өмір – тіршілік пердесі. Өмір сыйы, оның қуанышы мен қайғысы, шаттығы мен уайымы. Өмір мәні – артына ұрпақ қалдыруы. «Жарық дүние-ай», «Ей,өмір», «Өлімнен қорқам», «Өміріме», «Отыздан асып барамын» өлеңдері осы тақырып ауқымына кіретіндігі.
22-сабақ. Мұқағали монологы. Монологтік өлеңдерін рөлге бөліп оқу ұсынылады.
23-сабақ. Күндерім менің не дейді? Ақынның күнделік пен естеліктерінен сыр шерту.
24-сабақ. Шығарма «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек». Ақынға және өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін шығарма жазу арқылы жеткізеді.
V бөлім. Мұқағали – аудармашы (2 сағат)
25-сабақ. Данте Алигерьи «Құдіретті комедия» («Тамұқ» бөлімі) Шекспир «Сонеттері».
26-сабақ. Мұқағалидың музыкалық мұрасы. Музыкалық сазды кеш немесе поэзия минутын ұйымдастыру.
VІ бөлім. Мұқағали поэмалары (4 сағат)
27-сабақ. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Жетім көл қайғысы. Әйел мен күйеуінің арасындағы диалог. Қарт пен ана арасындағы диалог. Сахналық қойылым.
28-сабақ. «Райымбек! Райымбек!» поэмасы. Тарихпен байланыстыра отырып, әңгімелеу.
29-сабақ. «Өмірдастан» поэмасы. «Мен өмір сүрген орта».
30-сабақ. «Атамекен» поэмасы. Кейіпкерлерге мінездеме. Туған жерге деген сағыныш.
VІІ бөлім. Мұқағали жырларындағы халықтық дәстүр (1 сағат)
31-сабақ. «Бесік басында», «Қырықыншы жылдардағы бесік жырынан», «Қара шалғы»,«Бауыржан Момышұлына» өлеңдеріндегі салт-дәстүрді насихаттау.
VІІІ бөлім. Мұқағалидың имандылықты жырлауы (1 сағат)
32-сабақ. «Дін – ғылымның анасы», «Бүкіл дүние мұсылмандарына хат» өлеңдерін оқып,талдау.
33-сабақ. «Мұқағали – мәңгілік жыр» шығармашылық жұмыс (ойтолғау).
34-сабақ. Қорытынды. Өтілген материалдарды пысықтау.
Нормативті бөлім
5-9 сынып оқушыларына арналған
(жылдық сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат)
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Лек-
ция
|
Прак-
тика
|
Тексеру әдісі
|
Білім беру әдісі
|
Білімділік қазынасы
|
|
І жартыжылдық
|
16
|
|
|
|
|
|
1
|
Кіріспе бөлім
|
1
|
1
|
|
Лекция
|
Тақырыптың
мақсат пен міндеттерін таныстыру
|
Конспект,
сұрақтар
|
І бөлім. Ақын өмірі (5 сағат)
|
1
|
«Қайран Қарасазым -ай, үйрек ұшып, қаз қонған...»
|
1
|
1
|
|
Әңгіме
|
Ақын өміріне шолу, үнтаспадан ақынның даусын тыңдату
|
Хронология-лық кесте
|
2
|
Қайсар бала Мұхаметқали
|
1
|
|
1
|
Пікірлесу
|
Мен өскен лашық – бір бөлме
|
Слайд
|
3
|
Әже,сен бірге жүрсің меніменен
|
1
|
|
1
|
Әңгіме
|
Бала Мұқағали қандай еді?
|
Реферат
|
4
|
Мұқағали – сырласым, мұңдасым
|
1
|
1
|
|
Әңгіме
|
Жары Лашын естелігі
|
Слайд
|
5
|
Сынақ сабағы
|
1
|
|
1
|
тест
|
|
|
ІІ бөлім. Мұқағали естеліктері (1 сағат)
|
1
|
Халық мақтанышы – Мұқағали
|
1
|
1
|
|
Пікірлесу,
әңгіме
|
Суреттер топтамасы
|
Ойтолғау
|
ІІІ бөлім. Мұқағали мұрасы (2 сағат)
|
1
|
Мұқағали мұрасы – сөз маржаны
|
1
|
1
|
|
Әңгіме
|
Қуат алып Абайдың тіл- күшінен
|
Өлеңдерінен терілген афоризмдер
|
2
|
Қастерлеп- қадірлейтін қазына (Ағалар айтқан ақиқат)
|
1
|
1
|
|
Іздену
|
Мұқағали туралы айтылған лебіздер
|
Слайд
|
ІV бөлім. Лирикалық шығармалары (15 сағат)
Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы
|
1
|
«Поэзия, менімен егіз бе едің?!»
|
1
|
|
1
|
Әңгіме
|
Талдау
|
Мәнерлеп оқу
|
2
|
Туған жер сағындырды,келді есіме...
|
1
|
|
1
|
Лекция
|
Талдау
|
Ойтолғау жаздырту
|
3
|
Сен менің еліме бар, жерімді көр
|
1
|
|
1
|
Әңгіме
|
Талдау
|
Слайд
|
4
|
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз
|
1
|
|
1
|
Топтық
|
Талдау
|
Мәнерлеп оқу
|
5
|
Табиғат лирикасы
|
1
|
|
1
|
Жұптық
|
Талдау
|
Суреттеу
|
6
|
Арулар – асыл жандар
|
1
|
|
1
|
Әңгіме
|
Талдау
|
Ойтолғау
|
7
|
Мен нағыз махаббатты армандаймын
|
1
|
|
1
|
Топтық
|
Талдау
|
Мәнерлеп оқу
|
|
ІІ жартыжылдық
|
18
|
|
|
|
|
|
8
|
Жырласам ба екен...
|
1
|
|
1
|
Топтық
|
Үнтаспадан әндерін тыңдау
|
Мәлімет жинақтау
|
9
|
Ашу келіп, алқымыма тығылды
|
1
|
|
1
|
Әңгіме
|
Талдау
|
Мәнерлеп оқу
|
10
|
Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай
|
1
|
|
1
|
Әңгіме
|
Талдау
|
Ойтолғау
|
11
|
Тоқта, ботам!..
|
1
|
|
1
|
Топтық
|
Талдау
|
Жаттау
|
12
|
Өмір жайлы білгің келсе...
|
1
|
|
1
|
Жұптық
|
Талдау
|
Ойтолғау
|
13
|
Мұқағали монологы
|
1
|
|
1
|
Рөлдік оқу
|
Іздену
|
Реферат
|
14
|
Өмірім менің не дейді?
|
1
|
|
1
|
Жұптық
|
Іздену
|
Күнделік, естеліктері
|
15
|
Шығарма «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек»
|
1
|
|
|
Шығармашылық
|
Тіл дамыту
|
Шығарма жазу
|
V бөлім. Мұқағали – аудармашы (2 сағат)
|
1
|
Данте Алигерьи «Құдіретті комедия» («Тамұқ» бөлімі) Шекспир «Сонеттері»
|
1
|
1
|
|
Лекция
|
Іздену
|
Ойтолғау
|
2
|
Мұқағалидың музыкалық мұрасы
|
1
|
|
1
|
Әдеби кеш
|
Семинар
|
Музыкалық сазды кеш
|
VІ бөлім. Мұқағали поэмалары (4 сағат)
|
1
|
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
|
1
|
|
1
|
Әңгімелеу
|
Талдау,өнер сабағы
|
Сахналық қойылым
|
2
|
«Райымбек! Райымбек!» поэмасы
|
1
|
|
1
|
Әңгімелеу
|
Тарихпен байланыс-тыру
|
Ойтолғау
|
3
|
«Өмірдастан» поэмасы
|
1
|
1
|
|
Әңгімелеу
|
Талдау
|
Мен өмір сүрген орта
|
4
|
«Атамекен» поэмасы
|
1
|
1
|
|
Әңгімелеу
|
Талдау
|
Кейіпкер-лерге мінездеме
|
VІІ бөлім. Мұқағали жырларындағы халықтық дәстүр (1 сағат)
|
1
|
«Бесік басында», «Қара шалғы», «Бауыржан Момышұлына»
|
1
|
|
1
|
Іздену
|
Талдау
|
Халықтық дәстүрлі өлеңдері
|
VІІІ бөлім. Мұқағалидың имандылықты жырлауы (1 сағат)
|
1
|
«Дін – ғылымның анасы», «Бүкіл дүние мұсылмандарына хат»
|
1
|
|
1
|
Іздену
|
Талдау
|
Имандылық туралы өлеңдері
|
2
|
«Мұқағали – мәңгілік жыр»
|
1
|
|
1
|
Шығармашылық
|
Тіл дамыту
|
Ойтолғау
|
3
|
Қорытынды
|
1
|
|
1
|
|
Пысықтау
|
|
Ақпараттық - әдістемелік бөлім
5-9 сыныпқа арналған бағдарлама мазмұны 34 сағатты құрайды. Оның ішінде дәріс – 9 сағат, семинар – 1, практика – 18, іздену жұмыстары – 4 сағат, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс – 2 сағат. Практикалық жұмыстарда мұражайлар мен ескерткіштерге, М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов атындағы театрындағы қойылымдарға апару. «Мұқағали оқуларына» қатыстыру. Мұқағали өлеңдерін, әндерін, афоризмдерін жаттату, реферат, шығарма, ғылыми іздену жұмыстарына жетелеу, жаздыру. Әдебиет, өнер қайраткерлерімен кездесу кештерін өткізу негізге алынған.
Бағалау
Курста оқушы білімін бағалау тапсырманың түріне және оның орындалу шамасына қарай бағаланады. Бағалау «5» балдық жүйеде бағаланады.
«5» деген баға – тақырыпты терең ұғынып, өте жақсы түсінген, өзіндік ой-пікірін талдай білетін, ойын жүйелі баяндай алатын жағдайда қойылады. Сонымен қатар ол қосымша материалдарды терең пайдалана алатын, жеке тапсырмаларды еркін орындайтын, басқа оқушылардың жауабына толықтырулар енгізе алады.
«4» деген баға – тақырыпты дұрыс аша білетін, қажетті түйінді жасай алатын, бірен-саран қателіктер жіберген жағдайда қойылады.
«3» деген баға – негізгі тақырыптан ауытқып отыратын, сөздік қоры аз, жеке жұмыстарды орындағанда кемшіліктер жіберетін және негізгі ойды толықтыра алмаған жағдайда қойылады.
«2» деген баға – тақырып мазмұнын аша алмаған, көптеген фактілерге қателік жіберген, жеке тапсырмаларды орындауда қиналатын оқушыға қойылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мұқағали Мақатаев «Өмір- өзен» өлеңдер мен дастандар жинағы, 2005 жыл
Мұқағали Мақатаев «Аманат» жыр жинағы, 2002 жыл
М.Мақатаев «Күнделік» 2013 жыл
М.Мақатаев «Қош,махаббат» прозалық шығармалары. 1988 жыл
М.Мақатаев «Жырлайды жүрек»
М.Мақатаев «Аққудың қанатына жазылған ән»
«Армысыңдар, достар!» кітабы
«Қарлығашым, келдің бе?» кітабы
«Мавр» кітабы
«Аққулар ұйықтағанда» кітабынан
«Шуағым менің»
«Шолпан»
«Мұқағали»Республикалық әдеби- мәдени журнал №2-3.2006 жыл
« Мұқағали»Республикалық әдеби- мәдени журнал №1.2006 жыл
«Жетісу» газеті.2002 жыл.
«Аңыз адам» журналы.2011жыл.
«Ұлан»газеті.2001 жыл.№6
«Мұқағали» журналдары
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары
Үнтаспалар
Қосымша
«Мұқағалитану» бағдарламасы бойынша талаптар
|
Оқушы меңгеретін талаптар
|
Шығарма, өлең жазуға дағдыландыру
|
Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері дамиды
|
Ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін кең көлемде қолдана білуге үйрету
|
Жазба жұмыстарын әдеби тілде жеткізе білу дағдылары қалыптасады
|
Тіл тазалығына,сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару
|
Ана тілінде таза сөйлеуге машықтанады
|
Көркемсөз өнеріне баулу
|
Мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып,білімдерін шыңдайды
|
Бағдарлама
Асыл сөз
11 сынып оқушыларына арналған
Темурбаева С.С.
№140 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікір жазған: Тебегенов Т.С., ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Түсініктеме хат мазмұны
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. А.Байтұрсынұлы оған “бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, “Сөз өнері” деп баға берген. Әдебиет — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ ол қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттеп көрсетеді.
«Асыл сөз» бағдарламасының мақсаты: 11сыныпта тереңірек таныту арқылы оқушылардың қазақ әдебиетін тереңірек тануына ықпалдастық ету.
Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның “өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), “Өнердің ең жоғарғы түрі” (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та “Өнер алды — қызыл тіл” деп тегін айтпаған. Әдебиеттің суреттейтіні — адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) дәрежесіне көтере даралап көрсетеді. Адам қашан да бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді, сол ортада өзін жан-жақты таныта, көрсете біледі. Сондықтан әдебиетті адамды “қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы” (Карл Маркс) ретінде, өз ортасының шындығымен жан-жақты байланыста бейнелейді. Дара тұлға айналасындағы тіршілікпен тұтастықта ашылады.
Адам бейнесін жасауда жеке бір адамға тән мінез-құлықты да, көпке ортақ сипаттарды да жинақтау тәжірибесі пайдаланылады. Типтік бейне қашанда жинақтау жолымен жасалады. Өмірде сирек ұшырасатын не жиі кездесетін деректердің қайсысы болса да типтік бола алады. Ең бастысы — шындықтың адам табиғатына сиымдылығы және нанымдылығы. Сондықтан да әдебиет нақты адаммен бірге сол адам өмір сүрген дәуірдің шежіресі, көркем тарихы болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихы — белгілі мөлшерде қазақ халқының тарихы да, онда халық бастан кешкен әрқилы дәуірлер мен оның адамдарының бейнесі жасалған, ой-арманы бейнеленген. Осының бәрін көркемдікпен суреттеп танытуда әдебиет тілінің маңызы үлкен. Ол — жазушылық шеберліктің негізі. М.Горькийше айтқанда, «Әдебиетші қаламымен ғана жазбайды, сөзбен сурет салады, адамды бір қалыпта ғана суретке түсіретін сурет өнері сияқты емес, үнемі қозғалыс, әрекет үстінде, таусылмайтын кездесулер мен қақтығыстардың жағдайында… суреттейді».
Әдебиеттің өткенін таныған шәкірттің Тәуелсіз Қазақстанның әдебиетін тануға деген ынта -ықыласы қалыптасары анық. Бұл тақырып өзектілігін танытады.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
11 сыныпқа арналған «Асыл сөз» курсының бағдарламасы
(аптасына – 2 сағат, барлығы – 68 сағат)
Әдебиет (асыл сөз) жайлы мәлімет – 1 сағат. Әдебиет ғылымы жайлы мәлімет беру.
Қазақ әдебиеті кезеңдері – 1 сағат. Қазақ әдебиеті кезеңдеріне жалпы шолу жасау.
Ауыз әдебиеті. Ертегілер. Тұрмыс- салт өлеңдері – 1 сағат. Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері мен түрлерін меңгеру.
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар – 2 сағат. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар жайлы білімдерін толықтыру.
Батырлық жырлар. Ғашықтық жырлар. Аңыз әңгімелер – 2 сағат.
Батырлық жырлар. Ғашықтық жырлар. Аңыз әңгімелер жайлы білімдерін толықтыру.
Ежелгі дәуір әдебиеті. V ғасыр әдебиеті – 2 сағат.
Орхон Енисей, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған секілді жазба ескерткіштермен таныстыру.
VIII ғасыр әдебиеті – 2 сағат. Қорқыт ата кітабының мазмұнын талдау.
IX ғасыр әдебиеті – 1 сағат. Оғызнама дастанын талдау.
X-XII ғасыр әдебиеті – 1 сағат. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрк», Баласағұнның «Құдатғу білік», Йассауидің «Диуани хикмет», Йүгенікидің «Ақиқат сыйы», әл-Фарабидің «Риторика», «Музыканың ұлы кітабы», әл-Бирунидің Хикметтер, Бақырғанидің Бақырғани туындыларымен таныстыру.
XII-XIV ғасыр әдебиеті – 1 сағат. Хорезмидің «Мұхаббат-Наме»,Сараидің «Гулистан бит турки», Құтыптың «Хұсрау-Шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», Рабғузидің «Қисассул әнбия», «Кодекс куманикс» шығармаларымен таныстыру.
Талдау жұмысы – 1 сағат. Шығармадағы көркемдегіш құралдарға талдау.
Тест жұмысы – 1 сағат. Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу.
Шығармашылық жұмыс – 2 сағат.
Тақырыпты ашатын шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасау.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет – 2 сағат. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетке кіретін жыраулар әдебиетін меңгеру.
Кетбұға жырау, Сыпыра жырау, Марғасқа жырау – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Асан қайғы Сәбитұлы, Қазтуған жырау Сүйіншіұлы, Шалкиіз жырау Тіленшіұлы – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Доспамбет жырау, Жиембет жырау Бортоғашұлы – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Қожаберген жырау Толыбайұлы, Тәтіқара ақын, Бұқар жырау Қалмақанұлы, Ақтамберді жырау Сарыұлы, Үмбетей жырау Түлеуұлы, Шал ақын – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Талдау жұмыстары – 2 сағат. Тақырыпты ашатын шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасау.
Сынақ сабақ – 1 сағат. Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу.
XIX ғасыр әдебиеті – 1 сағат.
Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы – 2 сағат.
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Сүйінбай Аронұлы, Шортанбай Қанайұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жамбыл Жабаев – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Шеңгерей Бөкеев, Мұса молда Байзақов – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Сара Тастанбекқызы, Шәді Жәңгіров, Әріп Тәңірбергенов – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Ғұмар Қарашаев, Сәбит Дөнентайұлы – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Кенен Әзірбаев, Әсет Найманбаев – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Талдау жұмыстары – 2 сағат. Шығармадағы көркемдегіш құралдарға талдау.
Сынақ сабақ – 1 сағат. Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу.
XX ғасыр басындағы әдебиет. Сапарғали Бегалин, Мұхтар Әуезов, Бернияз Кулеев, Иса Байзақов – 1 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Әбу Сәрсенбаев, Әлжаппар Әбішев, Хамза Есенжанов, Әбділда Тәжібаев – 2 сағат.
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Бауыржан Момышұлы, Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин – 2 сағат.
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Қалижан Бекхожин, Саттар Ерубаев, Ілияс Есенберлин, Баубек Бұлқышев – 2 сағат.
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Хамит Ерғалиев, Қасым Қайсенов, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов – 2 сағат.
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Әзілхан Нұршайықов, Тахауи Ахтанов, Мұзафар Әлімбаев – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Әбдіжәміл Нұрпейісов, Бердібек Соқпақбаев – 2 сағат. Өмірі мен шығармашылығын меңгеру.
Сынақ сабақ – 1 сағат. Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу.
Қорытынды сабақ – 1 сағат. Өтілген тақырыптар аясында әдеби сазды кеш өткізу.
Нормативті бөлім
11сынып
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Өтілу түрі мен білімдік
қазына
|
|
Барлығы
|
Лекция
|
Практикалық жұмыс
|
|
Әдебиет (асыл сөз) жайлы мәлімет
|
1
|
1
|
|
Әдебиет ғылымы жайлы мәлімет беру
|
Қазақ әдебиеті кезеңдері
|
1
|
|
1
|
Қазақ әдебиеті кезеңдеріне жалпы шолу жасау
|
Ауыз әдебиеті. Ертегілер. Тұрмыс-салт өлеңдері
|
1
|
|
1
|
Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері:
Шығарманың авторы ауыздан ауызға көшу барысында біртіндеп ұмтылады.
Бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады.
Синтаксистік, лексикалық қайталаулар жиі кездеседі.
|
Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар
|
2
|
|
2
|
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар жайлы білімдерін толықтыру
|
Батырлық жырлар. Ғашықтық жырлар. Аңыз әңгімелер
|
2
|
|
2
|
Батырлық жырлар. Ғашықтық жырлар. Аңыз әңгімелер жайлы білімдерін толықтыру
|
Ежелгі дәуір әдебиеті.
V ғасыр әдебиеті
|
2
|
|
2
|
Орхон Енисей, Күлтегін, Тонықұқ, Білге қаған секілді жазба ескерткіштермен таныстыру
|
VIII ғасыр әдебиеті
|
2
|
|
2
|
Қорқыт ата кітабының мазмұнына талдау
|
IX ғасыр әдебиеті
|
1
|
|
1
|
Оғызнама дастанын талдау
|
X-XII ғасыр әдебиеті
|
1
|
|
1
|
Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрк», Баласағұнның « Құдатғу біліг», Йасауидің «Диуани хикмет», Йүгенікидің «Ақиқат сыйы»,әл- Фарабидің «Риторика», «Музыканың ұлы кітабы», әл-Бирунидің «Хикметтер», Бақырғанидің « Бақырғани» туындыларымен таныстыру
|
XII-XIV ғасыр әдебиеті
|
1
|
|
1
|
Хорезмидің « Мұхаббат-Наме», Сараидің «Гулистан бит турки», Құтыптың «Хұсрау-Шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», Рабғузидің «Қисассул әнбия», « Кодекс куманикс» шығармаларымен таныстыру
|
Талдау жұмысы
|
1
|
|
1
|
Шығармадағы көркемдегіш құралдарға талдау
|
Тест жұмысы
|
1
|
|
1
|
Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу
|
Шығармашылық жұмыс
|
2
|
|
2
|
Тақырыпты ашатын шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасау
|
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
|
2
|
2
|
|
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет жыраулар әдебиетін ескереді
|
Кетбұға жырау, Сыпыра жырау, Марғасқа жырау
|
2
|
|
2
|
Бұл әдебиет кезеңі XV-XVIII ғасырларды қамтиды
|
Асан қайғы Сәбитұлы, Қазтуған жырау Сүйіншіұлы, Шалкиіз жырау Тіленшіұлы
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Доспамбет жырау, Жиембет жырау Бортоғашұлы
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Қожаберген жырау Толыбайұлы, Тәтіқара ақын, Бұқар жырау Қалмақанұлы, Ақтамберді жырау Сарыұлы, Үмбетей жырау Түлеуұлы, Шал ақын
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Талдау жұмыстары
|
2
|
|
2
|
Тақырыпты ашатын шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасау
|
Сынақ сабақ
|
1
|
|
1
|
Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу
|
XIX ғасыр әдебиеті
|
1
|
|
1
|
|
Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы
|
2
|
2
|
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Сүйінбай Аронұлы, Шортанбай Қанайұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жамбыл Жабаев
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Шеңгерей Бөкеев, Мұса молда Байзақов
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Сара Тастанбекқызы, Шәді Жәңгіров, Әріп Тәңірбергенов
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Ғұмар Қарашаев, Сәбит Дөнентайұлы
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Кенен Әзірбаев, Әсет Найманбаев
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Талдау жұмыстары
|
2
|
|
2
|
Шығармадағы көркемдегіш құралдарға талдау
|
Сынақ сабақ
|
1
|
|
1
|
Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу
|
XX ғасыр басындағы әдебиет. Сапарғали Бегалин, Мұхтар Әуезов,Бернияз Кулеев, Иса Байзақов
|
1
|
|
1
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин
|
2
|
2
|
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Әбу Сәрсенбаев, Әлжаппар Әбішев, Хамза Есенжанов, Әбділда Тәжібаев
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Бауыржан Момышұлы, Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Қалижан Бекхожин, Саттар Ерубаев, Ілияс Есенберлин, Баубек Бұлқышев
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Хамит Ерғалиев, Қасым Қайсенов, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Әзілхан Нұршайықов, Тахауи Ахтанов, Мұзафар Әлімбаев
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Әбдіжәміл Нұрпейісов, Бердібек Соқпақбаев
|
2
|
|
2
|
Өмірі мен шығармашылығын меңгеру
|
Сынақ сабақ
|
1
|
|
1
|
Өтілген тақырыпқа байланысты тест жұмыстарын алу
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
1
|
Тақырыпты ашатын шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасау
|
Ақпараттық - әдістемелік бөлім
11сыныпқа арналған бағдарламаның мазмұны 68 сағатты құрайды, оның ішіндегі дәріс – 8 сағат, 60 сағат – практика, сынақ, шығармашылық жұмыстарына арналған.
Бұл сабақтарда оқушы білім-білік дағдыларының деңгейіне қарай бағаланады. Әр оқушы тақырыптан тыс өз білімін тереңдете алады.
Бағдарлама барысында суммативті бағалауда төмендегідей критерийді басшылыққа алуға болады.
«5» деген баға:
өтілген материалдарды толық меңгеріп, іздену жұмыстарын жасап, тақырыптың мазмұнын аша біліп, тесттік тапсырмаларды өте жақсы деген дәрежеде орындаса;
«4» деген баға:
оқушы қойылған талаптарға толық жауап беріп, 1-2 жеңіл қателіктер жіберсе;
«3» деген баға:
оқушы өтілген материалдың негізгі мазмұнын түсініп, бірақ ойын толық жеткізіп бере алмаған жағдайда қойылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
"Қазақ энциклопедиясы"
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
Ауыз әдебиеті. М.Мағауин
Ежелгі дәуір әдебиеті. Н.Келімбетов
Достарыңызбен бөлісу: |