Ғылыми-әдістемелік орталығЫ «Қалалық Әдістемелік кабинет»


Ақпараттық – әдістемелік бөлім



бет10/47
Дата31.12.2019
өлшемі4,46 Mb.
#55062
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

Ақпараттық – әдістемелік бөлім

Бұл бағдарлама негізі 9 сынып оқушыларына орфографиялық заңдылықтарды үйрете отырып, тілдің қарым-қатынас құралы екенін, сонымен қатар олардың тыңдап түсіну мен ой-өрісін шығармашылықпен шыңдау дайындығын қалыптастырады. Айтылмақ ойды жазба түрде дәл, айқын жеткізе білуге, сауаттылықтарын арттыруға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, тілдік талдауларды терең меңгеруге мүмкіндік жасайды. Өз беттерімен іздене білу, зейін-қабілеттерін жетілдіріп, сауаттылықтарын бекіте түсу, білім сапасын арттыру мақсатында әрбір тақырыпқа жаттығу, талдау, тест жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар, диктант түрлері, сатылай кешенді талдау жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бағдарламасы бойынша мұғалім мынадай мәселелерге қол жеткізеді:

- оқушының жалпы фонетика бойынша білімдерін жетілдіруі;

- өзіндік жұмыстар арқылы сатылай талдай білуге дағдыландыру;

- дидактикалық материалдар арқылы сауатты сөйлеудің ұтымды әдіс-тәсілдерін меңгерту;

- тіл білімінің белгілі бір саласы бойынша алған теориялық білімдерін тест жүйесі арқылы тексеру;

- оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оны жүзеге асыру жолдарын үйрету.

Бейімделген бағдарламаны түрлендіре оқыта отырып, оқушылары топқа бөліп, саралап оқытуды ұйымдастыру тиімді. Мұнда оқу үрдісі деңгейлік сипатта жүргізіледі.

Оқушылардың білімін бағалау тапсырманың ілгерілеуіне мүмкіндік беру үшін 5,4,3 бағаларымен өлшенеді. Оқушылар бағаларын жоғарылату мақсатында мұғалімге сұраныс жасай алады. Тиісті тапсырмаларды орындаған жағдайда жоғары бағаларды ала алады.

Оқушылардың жауаптарын бағалау төмендегі шарттарға негізделу қажет: жауаптың дұрыс және нақты болуы; оқушының тақырыпты түсінуін бақылау; ойын еркін, қатесіз жеткізе білуіне назар аудару.

-Өтілген материалды толық меңгеріп, көркем сөйлей отырып, ойын еркін жеткізсе "5" деген баға қойылады;

-Өтілген материалдарды толық түсініп, ішінара қателіктер жіберіп, сұрақ-жауап арқылы қатесін түзеген жағдайда "4" деген баға қойылады;

-Өтілген тақырыптардың мазмұнын түсініп, ойын жеткізе алмаған жағдайда, түзетуді жиі қажет еткен жағдайда "3" деген баға қойылады.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. Б.Қалиев . Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі туралы 1984.

2. Ө.Айтбайұлы, С.Әбдрахманов, Ә.Кекілбай, Е.Қажыбек, Ә.Қайдар, Б.Қалиұлы, М.Құлкенов, Ш.Сарыбаев, М.Серғалиев,

Р.Сыздық, К.Хұсайын. Орфографиялық сөздік. - Алматы, 2007.

3. Ө.Айтбайұлы, С.Әбдрахманов, Ә.Кекілбай, Е.Қажыбек, Ә.Қайдар, Б.Қалиұлы, М.Құлкенов, Ш.Сарыбаев, М.Серғалиев,

Р.Сыздық, К.Хұсайын. Орфоэпиялық сөздік. - Алматы, 2007.

4.Р.Сыздықова. Емле және тыныс белгілері. -Алматы, 1996.

5. Н.Уәлиев, А.Алдашева. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. -Алматы,1988.

6. Диктанттар жинағы (жалпы білім беретін мектептің V-IX сыныптарына арналған).

-Алматы 2007

7. К.Аханов. Тіл біліміне кіріспе. -Алматы, 1989.

8. С.Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. -Алматы, 1993.

9. С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. -Алматы, 1999.

10. Р.Сыздықова. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. -Алматы, 1988.

11. Р.Сыздықова. Емле, тыныс белгілері, сөз сазы. -Астана, 2000.

12. Н.А.Оразахынова. Сатылай комплексті талдау. -Алматы, 2002.

13. Қ.Ибрагимов. Қазақ тілі. ҰБТ-ға дайындық оқулық тесті. -Алматы, 2014.
БАҒДАРЛАМА

оқушы компонеттерінің курсы



КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛІГІ

5-6 сынып оқушыларына арналған

(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)
Г.Р.Бакенова

М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей


Пікір жазғандар: Әбзелбаев М.Н., ҚР-ның Көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының профессоры, Мәдениет қайраткері

Н. Сағындық, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты



ТҮСІНІК ХАТ МАЗМҰНЫ

Сөз сөйлеу өнерін өмір бойы қалыптастырып,

дамытып отыру қажет.

К.С.Станиславский

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында белгіленген негізгі құзыреттіліктердің бірі – коммуникативтілік болып табылады. Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, адамдармен қарым-қатынаста көркем сөйлей білу, ойдың айқын да анық болуы мен сөз дәлдігі, сөздердің орынды қолданылуы мен сөйлеу шеберлігі маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Мысалы, кей адамдардың сөзі жұртты ұйытып, тыңдаушылардың айызын қандырады. Ондай сөзді тыңдай беруден әсте ешкім жалықпайды. Ал қайсыбіреулердің сөзі әсерсіз, нәрсіз болып, тыңдаушысын мезі етіп жібереді. Яғни, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен үн әуезділігі де маңызды орын алады әрі ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Сондықтан болашақта оқушылар дикторлық, актерлік мамандықты таңдап жатса немесе көпшілік алдына шығып сөйлейтін оқытушы не іскер адам болса, түрлі әлеуметтік, ресми, дипломатиялық кездесулерде және т.б. іс-шараларда тыңдаушысын жалықтырмайтын, қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін адам тәрбиелеуіміз керек әрі оқушыларымыздың болашақта кәсібін дұрыс таңдауына жағдай жасауымыз керек. Ендеше, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 

Көркем шығарманы оқуда тек жаттап алып, сылдыратып оқып шығу өнерге жатпайды, ол үшін әдемі үн, шыныққан дем, анық сөз, ырғақ заңдылықтары керек. Бір сөзбен айтқанда, тіл техникасының сан алуан қыр-сырын меңгеру жолдарын оқытатын, сондай-ақ көркем шығармадағы кейіпкердің ойын, жүрек сезімін, толғанысын жеткізе алатын, сөзден өрнек өретін сөз зергерін әзірлейтін пән қажет.

Ұсынылып отырған «Көркемсөз оқу шеберлігі» бағдарламасының басты мақсаты – оқушыны әрбір сөздің мән-мағынасын жете түсініп, оның табиғатын танып-білуге баулу; тілдік сөз қорын байытып, сөйлеу мәнерін жетілдіру; өзін қоршаған өмірден әрқашан жаңа құпиялар іздеуге, одан қандай да бір әсер алуға баулу; шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, жылда дәстүрлі өткізіліп отыратын «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Мағжан оқулары», «Мұқағали оқулары», «І.Жансүгіров оқулары» т.б. көптеген сайыстар бар, осы сайыстарға оқушыларды дайындауда мектеп мұғалімдері (көбінесе қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері) көптеген қиындықтарға кездеседі, себебі бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілмегендіктен, сайысқа баратын оқушы таппай жатады. Осы бағдарламаның негізінде оқушыларды сайысқа іріктеп алуға мүмкіндік туады деп сенеміз.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту.

2. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл туралы білімнің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.

3. Оқушылардың эстетикалық қажеттерін, талғамын қанағаттандыру.

4. Сөйлеу техникасын меңгерту.

5. Тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсарту, яғни дауыс қуатын реттеу.

6. Дикциямен жұмыс жасау.

7.Поэзия оқу нақыштарын үйрету.

8. Оқушыларды әдеби мәтінмен жұмыс жасауға, сондай-ақ сахна өнеріне баулу.

Бағдарламаның күтілетін нәтижесі:

1.Оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылығы артады.

2.Оқушылардың шығармашылық қабілеті артып, сахнаға бейімделеді.

3.Оқушылар сөйлеу техникасын меңгереді.

4.Оқушылардың сөйлеу дикциясы түзеледі.

5.Оқушылардың эстетикалық талғамы артады.



Бағдарлама 2015 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының «Үздік элективті курс бағдарламасы» номинациясы бойынша грамота мен сертификатқа ие болды. Сонымен бірге, 2016 жылы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Әдістемелік калейдоскоп» республикалық интернет-байқауының «Көркем-эстетика бағытындағы сабақтан тыс қызметтің ең үздік бағдарламасы» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

МАЗМҰНДЫҚ БӨЛІМІ

1.Тіл – сөз өнерінің өзегі (1 сағат). «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік Бағдарламасының» орны. Тіл адамның жүрек қылын дөп басып, кез келген жағдайда көпшілікке ой тастап тәрбиелей алады. Сөз өнері өмірді сұлулықпен байытып, адамдардың эстетикалық қажеттерін, талғамын қанағаттандырады. Тілді әдемі жазумен қатар, сөйлей білу де үлкен еңбекті, білімді, ұқыптылықты, жауапкершілікті талап етеді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Адамға таза ауа қандай қажет болса, таза тіл де сондай маңызды. Өйткені, адамзат баласы сол тіл арқылы өмір сүреді, тіл арқылы дамиды, көркейеді, мәдениетін, өнерін байытады, әлемдік руханиятқа үлес қосады.

2. Әдеби тілдің нормалары. Үндестік заңы (2 сағат). Әдеби норма – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйесі. Лексикалық норма. Грамматикалық норма. Орфографиялық норма. Орфоэпиялық норма. Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетінің қандай екендігін көрсетеді. Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, буын жігі, екпіні бұзылмай, сөздің әуені мен ырғағына мән беріп сөйлеу.

3. Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма (1 сағат). Эпос – (грекше ероs – баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі шығармалар. Лирика – (грекше lira – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) әдебиеттің суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш, сүйінішін көрсететін терең психологиялық шығармалардың түрі. Драма – (грекше drama – қимыл, әрекет) шындықты айрықша тәсілдермен, синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі шығармалар. Поэзия, драма, прозалық шығармалар үлгілері.

4. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен жұмысы (3 сағат). Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен жұмысы. Дем мен дауыстың өзара байланыстары. Тыныс дегеніміз – дыбыстың қуат-күші және күре тамыры. Тыныс алу үлгілері. Дауыс сапасы. Дауыстың көркемсөз оқудағы маңыздылығы. Сөйлеу аппаратының қалыптасуына арналған жаттығулар кешені.

5. Дикция – дұрыс сөйлеудің басты кілті (1 сағат). Дикция – дұрыс сөйлеудің басты кілті. Жақсы дикция көп жағдайда дұрыс артикуляцияға байланысты, яғни дыбысты шығару мүшелерінің (тіл, ерін, жақ сүйектері) қозғалысына байланысты. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сәйкес орфоэпиялық норманың сақталуы. Екпін мен сөздегі бунақтарды дұрыс айту. Дикциядағы кемшіліктер және оларды жою жолдары.

6. Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Жуан және жіңішке дауыстылардың айтылу ерекшеліктері (2 сағат). Жуан және жіңішке дауыстылардың айтылу ерекшеліктері. Тіл жаттығулары (1,2-жаттығулар).

7. Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Еріндік және езулік дауыстылардың айтылу ерекшеліктері (2 сағат). Еріндік және езулік дауыстылардың айтылу ерекшеліктері. Тіл жаттығулары (1, 2-жаттығулар).

8. Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Ашық және қысаң дауыстылардың айтылу ерекшеліктері (2 сағат). Ашық және қысаң дауыстылардың айтылу ерекшеліктері. Тіл жаттығулары (1,2-жаттығулар).

9. Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу (6 сағат). Дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы тілдік аппараттың жағдайы (3-15-жаттығулар). Дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы тілдік аппараттың жағдайы. Үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар. Дыбыс үндестігі.

10. Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары (1 сағат). Тілдік қатынаста бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдарының атқаратын қызметі. Вербалды және бейвербалды амалдар.

11. Поэзия оқудың нақыштары (2 сағат). Өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы және ұйқасы белгілі бір қалыпқа түскен, белгілі бір тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңдегі буын, бунақ, тармақ және ырғақ. Мәнерлеп оқу шеберлігі. Ұсынылған өлең үлгілерімен жұмыс.

12. Жұмбақ пен жаңылтпаш оқу өнері (2 сағат). Жылдам әрі түсінікті оқуға арналған жаттығулармен жұмыс.

13. Монолог, диалог оқу өнері (2 сағат). Ұсынылған монолог, диалог үлгілерімен жұмыс.

14. Әңгіме, қарасөз оқу өнері. Абайдың қара сөздері (2 сағат). Ұсынылған әңгіме, қарасөз үлгілерімен жұмыс.

15. Эпостық жыр оқу шеберлігі (2 сағат). Эпостық жырларды тыңдату және оқыту.

16. Сатиралық шығарма оқу шеберлігі (2 сағат). Сатиралық шығарма оқуға үйрету.

17. Қорытынды сабақ (1 сағат). Оқушылар жыл бойы үйренгендері бойынша тапсырма алып, өз өнерін көрсетеді, яғни шығармашылық есеп береді.


НОРМАТИВТІК БӨЛІМІ

5сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Жұмыс түрі

Нәтиже

барлығы

дәріс

Практи-калық сабақ

1

Тіл – сөз өнерінің өзегі

1

1




Дәріс

Конспект

2

Әдеби тілдің нормалары

1

1




Дәріс

Конспект

3

Үндестік заңы

2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

4

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен жұмысы Дем мен дауыстың өзара байланыстары

5

1

4

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

5

Дикция – дұрыс сөйлеудің басты кілті

1

1




Дәріс

Конспект

6

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Жуан және жіңішке дауыстылардың айтылу ерекшеліктері

2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

7

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Еріндік және езулік дауыстылардың айтылу ерекшеліктері

2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

8

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Ашық және қысаң дауыстылардың айтылу ерекшеліктері

2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

9

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу. Дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы тілдік аппараттың жағдайы

6

1

5

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

10

Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары

2




2

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

11

Поэзия оқудың нақыштары

3

1

2

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

12

Жұмбақ пен жаңылтпаш оқу өнері

3




3

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

13

Монолог, диалог оқу өнері

3




3

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

14

Қорытынды сабақ

1




1

Шығармашылық жұмыс

Шығармашы-лық есеп

Барлығы – 34 сағат


6сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Түрі

Нәтиже

Барлы-ғы

Дәріс

Прак-тика-лық сабақ

1

Тіл – сөз өнерінің өзегі

1

1




Дәріс

Конспект

2

Әдеби тіл және оның нормалары Орфографиялық және орфоэпиялық норма

1

1




Дәріс

Конспект

3

Үндестік заңы

Сөздің дұрыс айтылуын жаттықтыру



2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу




Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма

1

1




Дәріс

Конспект

4

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен жұмысы Дем мен дауыстың өзара байланыстары

5

1

4

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

5

Дикция – дұрыс сөйлеудің басты кілті

1

1




Дәріс

Конспект

6

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу

Жуан және жіңішке дауыстылардың айтылу ерекшеліктері



2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

7

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу

Еріндік және езулік дауыстылардың айтылу ерекшеліктері



2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

8

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу

Ашық және қысаң дауыстылардың айтылу ерекшеліктері



2

1

1

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

9

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу

Дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы тілдік аппараттың жағдайы



6

1

5

Дәріс және жаттығу жұмыстары

Конспект және жаттығу

10

Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары

1




1

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

11

Әңгіме, қарасөз оқу өнері

Абайдың қара сөздері



3




3

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

12

Эпостық жыр оқу шеберлігі

3




3

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

13

Сатиралық шығарма оқу

3




3

Жаттығу жұмыстары

Жаттығу

14

Қорытынды сабақ

1




1

Шығармашы-лық есеп

Шығарма-шылық есеп

Барлығы – 34 сағат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет